Қоғамдық сананы қалыптастыруда, бала тәрбиесінде бұқаралық ақпарат құ



жүктеу 0.65 Mb.

бет5/6
Дата20.04.2017
өлшемі0.65 Mb.
1   2   3   4   5   6

Серік САҒЫНТАЙ,

Қарағанды

Қарқаралы – 

қиқулының 

қырық бөрісі

Басы 1-бетте

Басы 1-бетте

ДЕРЕК

Алматы – Куала-Лумпур әуе 

жолы 2009 жылдың 1 қазанында

ашылды. Осы уақыт ішінде әуе рейсі 

13 393 адамға қызмет көрсетіп, 30

809 тонна жүк тасымалдады. 

Алматыдан Куала-Лумпурға жүру 

уақыты – сегіз сағат. 

Айгүл ЖҮНІСБАЕВА, Мағжан Жұмабаев 

мұражайының директоры:

– Облыс орталығынан 150 шақы-

рым дай қашықтықта жатыр демесеңіз, 

келушілер тым аз дей алмас едім. Тек 

осы ауыл мектебінің ғана емес, аудан-

ның өзге де ауылдарынан экскурсияға 

балалар келіп жатады. Сонау Астана, 

Алматы, Семейден келгендер де болды. 

Мұражайға бас сұққан адамдардың 

тізімін жасап отырамыз. Жыл басынан 

бергі тоғыз ай ішінде мұражайға 451 

адам келді. Билет сатудан түскен пайда 

32840 теңге болды. Ал 2009 жылы 

841 кісі келіп, кассаға 32 880 тенге түс-

ті. Бұл менің ойымша, аз емес сияқты. 

Мұнда бүгінде алты адам еңбек етеді. 

Ауылды жұмыссыздық жайлаған бүгінгі 

Социал ЖҰМАБАЕВ, өлкетанушы, 

«Асыл мұра» орталығының мүшесі:

– Ақын-жазушыларымыздың ауыл-

дар 

дағы мұражайларын облыс, тым 

бол ма са, аудан орталықтарына көшіру 

мәселесін соңғы үш-төрт жыл бойы 

көтеріп келеміз. Себебі ұлыларымыздың 

мол мұрасынан сусындай алмай отыр-

мыз. Әсіресе бұл жастар жағына қажет 

екені белгілі. Мағжан, Шоқан, Сәбит 

пен Ғабит төртеуінің де мұражайлары 

құн 

ды жәдігерлерге өте бай. Бірақ 

төртеуі де не темір жолы жоқ, не автобус 

қатынамайтын, ал автокөлік жолдары-

ның тозығы жеткен ауылдарда орналас-

қан. Облыс орталығына ең жақыны – 

150, ал алысы 200 километрден астам 

жерде. Еліміздің өзге өңірлерінен келген 

қонақтар Қызылжардың ғана емес, бар 

қазақтың мақтанышына айналған ға-

лым-жазушыларымыздың мұражай ла-

рына бас сұға алмай, «қап» деп қайтып 

жатады. Сондықтан біз облыс орталы-

ғын да осы төрт алыбымыздың артына 

қалдырған мұраларының басын қосып, 

үлкен мұражай кешенін ашуды ұсынып 

отырмыз. 

СӘБИТ МҰРАЖАЙЫН 

30 ОТБАСЫ ТАМАШАЛАЙДЫ

Тарихшы-өлкетанушылардың бұл 

ұсынысына аталмыш ауылдардың тұрғын-

дары үзілді-кесілді қарсы шығып отыр. 

Айтатын уәждері: егер мұражайды көшіріп 

әкетсе, ауылдың жұртын сипап қалуымыз 

мүмкін. Сөздерінің жаны бар, себебі бұл 

мұра жайлар Алаш арыстары туған ауыл-

дар да қалған бірден-бір мәдениет оша ғы. 

Нұрдәулет КӘЛЕНОВ, мұғалім, Сәбит 

ауылының тұрғыны:

– Сәбит ауылындағы мұражай – 

Сәбеңнің бұрынғы үйі. Оны 1936 жылы 

немере інісі Шәкен Мұстафинмен бірге 

өзі тұрғызған екен. Кейін 1990 жылы 

жазушының 90 жылдық мерейтойына 

орай, мұражайға айналдырылған. Бұл 

жазушының өзі салған үй, оны қалай 

көшірмекші? Ауылда қазір 30 шақты 

шаңырақ қалды. Сәбеңнің көзі жоқ 

болса да шапағаты ауылға тиюде дер 

едім. Себебі мерейтойлары қарсаңында 

ауылды көріктендіреді, жолды жөндей-

ді дегендей. Ауылда клуб, кітапхана 

дегендер атымен жоқ. Тоғыз жылдық 

ТҮЙТКІЛ


мек теп және атамыздың мұражайы. 

Мұғалімдер мұражайға оқушыларды 

апарып, сабақ та жүргізеді. Меніңше, 

Сә бит ауылының тірегі болып тұрған 

– осы мұражай. Мұражайды көшіру –  

ауы л ды тірегінен айырумен тең. 

МАҒЖАН МҰРАЖАЙЫНА 

БАРСАҢ, МҰҢАЙЫП ҚАЙТАСЫҢ

Сарытомар ауылындағы Мағжан Жұ м а-

баевтың мұражайының да есігінен сыға-

лау шылар сирек. Мұндағы мұражай 1989 

жылы орта мектептің бір бөлмесінде ашы л-

ған болатын. 1993 жылы ақынның 100 

жыл дық мерейтойы қарсаңында бөре-

неден төрт бөлмелі жаңа ғимарат салын-

ған. Жәдігерлер саны да онша көп емес, 

284. Бірақ әрқайсысының маңызы тереңде 

жатыр. Кіре берісте Мағжанның зайыбы 

Зылиха апамыз тапсырған ескі құран бір-

ден көз тартады. Ақынның зайыбының 

жайнамазы мен етігі де осында екен. Құн-

ды жәдігерлердің бірі – Мағжанның 1922 

жылы жарық көрген «Педагогика» кітабы 

мен 1923 жылы шыққан өлеңдер жинағы. 

Омбы мұғалімдер семинариясында оқып 

жүргендегі сыныптан сыныпқа көшу 

хаттамасы да осында тұр. 



Арыстардың ауылдағы мұражайларын 

қалаға көшіру қажет пе?

күнде мәдениет ошағын қалаға көшіріп, 

олардың бала-шағасын жеп отырған 

нанынан айырған дұрыс болмас еді. 

ШОҚАН МЕН ҒАБИТ ЕСІКТЕРІН 

«ТАРС» ЖАПҚАН

Жаңа жол ауылындағы Ғабит Мүсірепов 

пен Сырымбеттегі Шоқанның мұража йы-

ның да есігі көбіне жабық тұрады. Сырым-

беттегі аспан астындағы мұражай – Шо-

қан  ның әжесі Айғанымның қонысы да 

та би ғаты көркем жерде орналасқанымен, 

тамашалауға келушілерінің санымен мақ-

тана алмайды. Жазда жұмыс жүргізілгені-

мен, үйлердің жылытылмауынан қыстың 

алты айы бойы жабық тұрады. 

Қызылжар

Мүгедектігіне байланысты жұмыстан шығару заңды ма?



Мен ІІ топ мүгедегімін. 2009 жылдан бастап мектепте директордың 

шаруашылық жөніндегі орынбасары болып қызмет еттім. Биыл жаңа оқу 

жылы басталғалы мектеп директоры: «Сіздің денсаулығыңыз жұмыс істеуге 

келмейді, сондықтан өз еркіңізбен жұмыстан кету туралы өтініш жазыңыз, 

әйтпесе статьямен жұмыстан шығарамын», – дейді. Осы заңды ма?

   Жандарбек МАМАЕВ, Оңтүстік Қазақстан облысы

Сарапшы мамандардың айтуынша, 

ҚР Еңбек кодексінің (бұдан әрі  – кодекс) 

54-бабының 1-тармағының 4-тармақ-

шасына сәйкес, жұмыс беруші өз баста-

масы бойынша қызметкермен еңбек 

шартын қызметкердің өзiнiң жұмысын 

жалғасты руына денсаулық жағдайының 

кедергi келтiруi салдары нан қызметкер 

атқаратын лауазымына немесе орын-

дайтын жұмысы 

на сәйкес келмеген 

жағдайда өз бастамасы бо йын ша қыз-

меткермен еңбек шартын бұза алады. 

Алайда жұмыс беруші осы бап бойынша 

қызметкермен еңбек шар 

тын бұзуы 

үшін осы кодекстің 56-бабының 3-тар-

мағына сәйкес, қызмет кердің осы жұ-

мысты жалғастыруына кедергі келтіретін 

денсаулық жағдайы салдарынан атқа-

ра тын лауазымына немесе орындайтын 

жұмысына сәйкес келмеуі Қазақстан 

Рес пу бликасының  заңнамасында  бел-

гіленген тәртіппен медициналық-әлеу-

меттік сарап 

тама қорытындысымен 

расталуы тиіс. Яғни жұмыс берушінің 

сізді өз еркіңізбен жұмыстан босау ту-

ралы өтініш жазуға мәж бүрлеуі заңсыз 

болып табылады. Себебі жұмыс беру-

шіде сізді еңбек шарты мен босатуға 

жоғарыдағы баппен көздел ген заңды 

негіз болса, ол еңбек шартын өз бас-

тамасы бойынша біржақ ты бұзар еді. 

Осы орайда, жұ мыс беру ші нің әрекет-

терінің заңдылы ғын анық тау үшін сізге 

жергілікті жер дегі Бақылау және әлеу-

меттік қорғау департаментіне жазбаша 

шағым дану  қажет. 



Басы 1-бетте

Аға буынның да, ауыл тұрғындарының да айтқан уәждерімен келіспеске 

болмас. Бірақ орыстанып кеткен облыс орталығы Петропавлға қазақ 

қаламгерлерінің мұражайы қажет-ақ. «Туған ауылындағы мұражайларды 

шаһарға көшіреміз деп, ертең сол ауылдардың жұртын сипап қалмаңдар» 

деген ауылдағы ағайынның да күдігі орынды тәрізді. Дегенмен де аталмыш 

мұражайларды заман өзгеріп, құндылықтар ауысып жатқан мына заманда 

халық үшін аянбай еңбек етіп, тер төккен асыл азаматтар еңбегін жаңа 

ұрпаққа жақынырақ таныстырып, санасына сіңіру үшін халық көп 

шоғырланған орталықтарға көшіру де керек сияқты. Құнды жәдіргерлердің 

тамашалаушысы көп болып, көпшілік көзайымына айналса, арыстарымыз-

дың да аты жадымыздан өшпей, жаңғырып тұрары анық. 

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№179 (405) 16.10.2010 жыл, сенбі              



www.alashainasy.kz

6

e-mail: info@alashainasy.kz

АЛАШ АЗАМАТЫ

?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

«Балапан» телеарнасының базасы орна-

лас қан «Қазақстан» ұлттық арнасының тех-

ника лық дирекциясы мамандарының ай-

туынша, телеарна бағдарламаларын әзірше 

тек кабельдік «АлмаТВ» және «Ямал» спут-

ник тік телеарнасы арқылы ғана тамашалауға 

болады. Телеарнаны спутникке көтеру тегін 

болғанына қарамастан, «Айкон», «Диджи-

талТВ» секілді өзге коммерциялық арналар 

өз желілеріне қосуға рұқсат бермей отыр. 

«Алда-жалда «Кателкоға» қайта көшетіндей 

жағдай болып жатса, балаларға арналған ар-

наның хабарларын барлық бағыттағы теле-  

а рналардан көру мүмкіндігі туар еді», – дейді 

арнаның техникалық басшылары. Айта кете-

йік, бүлдіршіндерге арналған жаңа телеарна 

күніне – 12 сағат, күндізгі сағат 10.00-ден 

кешкі сағат 22.00-ге дейін хабар таратады.

Таяуда іске қосылған «Балапан» телеарнасын қандай кабельдік болмаса 

спутниктік арналардан көруге болады?

Алмат, Алматы қаласы

«Балапанды» әзірше тек екі 

желіде ғана көруге болады

ДАТ!


Артур ПЛАТОНОВ, 

журналист, ҚР Президенті жанындағы 

БАҚ жөніндегі кеңестің мүшесі:

– Сіз жүргізетін «Портрет 

недели» бағдарламасы негативті 

хабар таратуға ғана бейімделіп 

кеткен жоқ па?

– Бізді негативті ақпарат таратады 

дегеніңізбен келіспеймін. Себебі біздің 

редакцияға республиканың түкпір-түкпірі-

нен хаттар келіп түседі. Адамдар мәселе-

лерін айтып шағымданады. Олардың 

шағымдарын объективті түрде жазып 

шығамыз. Бізді әдемі өмір сүретін адамдар 

емес, керісінше, көмекке мұқтаж жандар-

дың шынайы өмірі қызықтырады. Сондық-

тан да «Портрет недели» бағдарламасының 

рейтингі жоғары. ТМД мемлекеттерінің 

арасында біздің бағдарламамыз бірінші 

рет 46 пайыз көрермені бар кең аудитория-

ға айналып отыр. Ол біздің бағдарламала-

рымыздың шынайылығын көрсетсе ке-

рек. 

– Бағдарлама жүргізгенде 

қандай принциптерге сүйенесіз, 

жалпы, көгілдір экран алдында 

тележүргізуші өзін қалай ұстауы 

тиіс деп ойлайсыз?

– Меніңше, бағдарлама жүргізушісіне 

қойылатын ең бірінші талап, ол – шынайы-

лық. Егер тележүргізуші мен көрермендер 

арасында диалог болса, онда халықтың 

жүрегінен орын алғаның. Халық шынайы-

лықты ұнатады. Көгілдір экран алдындағы 

көрермендердің талабы да сол. Олар 

қолдан жасалған дүниелерге онша мән 

бермейді. Бүгінгі таңда КТК арнасының 

ақпараттық-сараптама бағдарламалары-

ның рейтингі өте жоғары. Себебі жур на-

лис тердің халықпен байланысы еш үзілген 

емес. Қоғам сеніммен қарайды. Халықтың 

мұң-мұқтажын жасырмай, сараптап көр-

сетудегі  белсенділік, шынайылық барлығы 

халыққа ұнаса керек.

– Қазақстанның ақпараттық 

кеңістігі қаншалықты дамыған? 

Оның ішінде қазақтілді БАҚ-ты 

қалай бағалайсыз?

– 

Қазақстанда БАҚ екі аудиторияда 



жұмыс істейді. Бірі – мемлекеттік тілдің 

басылымдары болса, екіншісі – орыстілді 

басылымдар. Халықты ақпаратпен қам-

тама сыз етуде екі баспасөздің ұқсастықтары 

басым. Еліміздегі БАҚ-қа менің баға 

бергенім дұрыс емес. Себебі бағаны бізге 

жұртшылық қана бере алады. БАҚ бүгінгі 

таңда төртінші билік ретінде өз бағасын 

алған. Билікке хат жазсаңыз, олар жауап 

береді. Жауап бергені – олардың бізбен 

санасқаны. ТМД мемлекеттерімен салыс-

тыр ғанда, елімізде сөз бостандығы бар. 

Сол арқылы қоғам шыңдалады, ары қарай 

дамиды. Сондықтан журналистің қоғамда 

атқаратын жұмысы өте көп деп айтуға 

тікелей негіз бар.

Қазақ бағдарламалары жылдан-жылға 

бәсекеге қабілетті болып түрленіп дамуда. 

Алайда Қазақстандағы телебағдарла-

малар мен шетел бағдарламаларын са-

лыс тыруға, тіпті көрші тұрған Ресейдің 

хабар ларымен теңестіруге келіңкіремейді. 

Себебі олардың бағдарламаларының 

түсіріліміне миллиондаған ақша жұмсала-

ды. Кей кездерде бағдарламаның сапалы 

шығуы да ақшаға тікелей байланысты. 

Мемлекеттік тілде шығып жатқан рейтингі 

жоғары бағдарламалар баршылық. Бағ-

дар  лама халықтың көңілінен шығуы үшін 

журналистерден еңбекті, ең бастысы, қо-

ғам ның дертін түсіне алу қабілетін талап 

етеді.


– Қазақ тілін қай деңгейде 

білесіз? Мемлекеттік тілді 

білсеңіз, сіз үшін тіл үйренудің 

тиімді әдістері қандай?

– Қазақстанда тұрып жатқаныма 

байланысты достарымның басым бөлігі 

қазақ ұлтын құрайды. Қазақ тілін тұрмыс-

тық деңгейде білемін. Жалпы, бір ұлттың 

болмысын тану үшін тілін үйренген дұрыс. 

Қазақ ұлтының әдебиетін, мәдениетін 

тану үшін мемлекеттік тілді үздіксіз оқып 

келемін. Менің балаларым балабақшаға 

барады. Онда олар қазақ тілін тұрақты 

түрде оқып келеді. Балаларым қазақ елінің 

Әнұранын жаттап алған. Әр күні күніне бір 

рет үйімізде қазақ елінің Әнұраны айты-

лады. Ал тіл үйренудің әдісіне тоқталатын 

болсақ, тіл қоғамда өмір сүреді. Сондықтан 

қоғамға шығып сөйлесіп, сол тілдегі кітап-

тарды оқып үйренген дұрыс деп ойлаймын. 

Мен қазақ тіліндегі киноларды көріп

адамдармен сөйлесіп, тілді дамытамын.   

 – Елімізде елді мекендердің 

шынайы тарихи атауларын 

қайтару мәселесі сөз болып жүр. 

Осыған сіздің көзқарасыңыз 

қандай?

– Кейбір адамдар бұл мәселені саясат-

қа айналдырғысы келеді. Сол арқылы 

ақша істегісі келеді. Бұл мәселені анықтауда 

тарихшыларымыз белсенділік танытқан 

жөн. Егер ол мәселенің тарихи шындығы 

болса, соған қатысты тарихшылардың 

дерек көздері анықталса, тарих куә. 



– Балалық шағыңыз туралы білсек...

– Мен Алматы қаласында туылдым. 

Балалық шағым осында өтті. Анам –Тб и-

ли сиде, әкем Орынборда туылған. Мек-

тепті бітірген соң Мәскеу мемлекеттік 

консерваториясына оқуға түстім. Оқу үл-

гері мімнің жақсы болғанына байланыс ты 

аспирантураға шақырылдым. Мәскеуде 

жүріп, ғылыми еңбектер жаздым. Ғылыми 

журналдарда жарық көрген туындыларым 

бар. Бүгінгі таңда Алматыдағы Құрманғазы 

атындағы Ұлттық консерваторияда шетел 

музыкасының тарихы атты кафедрасында 

он жылдан астам оқытушылық қызмет те-

мін. 

– Музыка мен журналистика 

екі бөлек сала емес пе? Жалпы, 

журналистикаға қалай келдіңіз?

– Мәскеуде оқып жүргенімде мені сол 

кездегі КТК арнасының жетекшісі, қазақ-

стандық танымал журналист Исаак Яков-

левич Дворкин кешкі жаңалықтарды жүр-

гізуге шақырған. Алматыда тұрмағаныма 

байланысты бас тартқан болатынмын. 

Араға жылдар салып Исаак Яковлевич 

«Южная столица» атты арнаға шақырды. 

Мен бірауыздан келісім беріп, арнада 

жұмыс істей бастадым. Белгілі бір уақыттан 

кейін мен КТК арнасына ауысып, «Портрет 

недели» бағдарламасын жүргізуге та ға-

йын далдым. КТК арнасында жұмыс істеп 

жүргеніме биыл он жыл толады. Музыка 

мен журналистика бір-бірімен байланысты 

сала деп ойлаймын. Себебі музыка адам 

жанын тәрбиелейді. Адам жанын сұлулық-

қа, әсемдікке үйретеді. Ал журналист 

адам ның бойынан осы категория табыл-

маса, ол журналистиканы игере алады деп 

ойламаймын. Біздің қоғамда адамдардың 

бойынан осы үйлесімділік көбіне табыл-

май жатады. Жалпы, адам өмірге келген 

соң, басқа адамдарға құрметпен қарау 

керек. Осы қасиеттердің бәрі музыканы 

түсіне алатын адам бойынан табылуы 

оңай деп ойлаймын. Сондықтан журналис-

тика мен музыка – ағайынды мамандықтар. 

Бір-біріне әсте кедергі келтірмейді.



– Кітап сөреңіздегі  қалам гер-

лер шығармаларына тоқталсақ...

– Классиканы жоғары бағалаймын. 

Олардан Уильям Шекспир, Александр 

Сергеевич Пушкин, Абай Құнанбаев, 

Шоқан Уәлиханов. Алаш қайраткерлерінің 

туындыларын мектеп жылдарында көп 

оқыдым. Көбіне уақытқа бағынбайтын, 

ешқандай бір идеологияның құралы 

болып табылмайтын мәңгілік туындыларды 

көңілім қалайды. Жуырда Абайдың шы-

ғар ма ларын оқып шықтым. Қазақ халқы-

ның табиғатын керемет түсінетіндігіне таң 

қалдым. Мектепте оқып жүргенімде, 30-

жылдардың басында ұлты үшін жанын 

пида еткен Алаш қайраткерлеріне қатты 

қызықтым. Сәкеннің, Әлиханның, Ахметтің 

өмірі мен шығармашылығы жайында көп 

мәлімет білгім келетін. Мен Алаш қайрат-

керлерінің бүгінгі таңда әділ бағаланып, 

өз тарихи бағасын алғанына қуанамын. 

Себебі олар – тек қазақ халқының мұң- 

мұқта жын ғана емес, басқа халықтардың 

да бақытты өмір сүруін қалаған тұлға-

лар. 


Шоқан Уәлихановтың еңбектеріне 

тоқталатын болсақ, ол – ғалым ретінде 

Қазақстанға да, Ресейге де көп еңбек 

сіңірген ғылым қайраткері. Жас болғанына 

қарамастан, екі елдің ғылымына өз үлесін 

қосқан аса дарынды ғалым. Қазақстанның 

көзі тірі классиктерінің ішінен Әбдіжәміл 

Нұрпейісовті мойындаймын. Туындылары 

басқа тілдерге аударылған ол басқа ха-

лық тар тарапынан да жоғары бағаланған. 

Егерде сіздің шығармаларыңыз басқа 

халық тілдеріне аударылатын болса, де-

мек, сіз ол халықтың келешегі үшін де 

жауап ты бола бастағаныңыз. 



– Алашордашылардың 

мемлекеттік ұстанымы, 

құқықтық-демократиялық ел 

құру жөніндегі идеяларын қалай 

бағалайсыз?

– Алаш қайраткерлерін түсіну үшін 

олар туралы өте көп ізденіп, оқу керек. 

Әдебиетте классиктер өте көп. Соның 

ішінде Алаш қайраткерлері бір төбе. Сіздің 

сұрағыңызға Алаш қайраткерлерін зерттеп 

жүрген ғалымдар жауап берсе, құба-құп 

болар еді. Себебі мен оларға шығар ма-

шы лық тұрғыдан ғана баға бере аламын. 

Олардың идеяларының түпкі мәнін тарих-

шыларымыздың өздері де қинала са рап-

тауы мүмкін. Сіздің сұрағыңызға жауап 

беру – үлкен жауапкершілікті қажет етеді. 

Заңгер, журналист ретінде сөз айту маған 

қиын. Өз идеяларымен өмірдің заңдылық-

тарын өзгерткен ұлы тұлғаларға қашанда 

халық қызығады. Мен саясаткер емеспін. 

Сондықтан мен шығармашылық өмірімді 

саясатпен араластырғым келмейді. Есіңіз-

де болса, мен музыкантпын. Сондықтан 

мен қай шығарманы, қай ақынды оқыма-

йын, оларға тек шығармашылық көзқарас-

пен қараймын. 

– Билікке шақырса, барасыз ба?

– Менің парламенттік сайлауға 

қатысқаным белгілі. Адамдар арасында 

билік туралы әртүрлі пікір алаңы қалып-

тасқан. Меніңше, Қазақстан билігінде өз 

мүддесінен халықтың мүддесін жоғары 

қоятын шенеуніктер жетерлік. Халық пен 

билік арасын дәнекерлеуші жоғары 

лауазымды тұлғалар да көп. Қазір маған 

биліктен сұраныс болмағанына байланыс-

ты ештеңе айта алмаймын. Егер шақырып 

жатса, неге бармасқа?! Адам кез келген 

жерде пайдалы бола алады. 

– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан 

Сейілбек АСАНОВ

Алаш қайраткерлерінің 

тарихи әділ бағасын 

алғанына қуанамын

Асқазаны ауыратындардың сәбізден сақ болғаны жөн



Күнделікті ас мәзірінде қолданатын сәбіздің денсаулыққа аса пайдалы көкөніс екенін 

білеміз. Оның адам ағзасына кері әсер ететін тұстары бар ма? 

 Гүлжан 

ЕРМЕКБАЙҚЫЗЫ, 

Қарағанды облысы

Өзге жеміс-жидектер мен көкөністерге 

қара  ғанда каротинге аса бай сәбіздің құрамын-

да ағза ға аса қажетті калий, кальций, темір, 

фосфор, йод, магний сияқты минералдар, 

мик роэлементтер мен С, В, Д, Е дәрумендері 

бары белгілі. Батыстық денсаулық сақтау 

мамандарының пікірінше, сәбіздің шикісіне 

қарағанда, бұқтырылған түрі денсаулыққа 

көбірек пайдалы көрінеді. Себебі сәбізді пісір-

ген соң оның құрамындағы антиокси данттар 

бірден 34 пайызға жоғарылайды. Жалпы, 

имму нитетті жоғарылатып, қаназдық дертінен 

арылтатын, жүрек-қан тамырлары аурулары, 

бүй  рек пен бауырды емдеуде қолданылатын 

сәбіздің ағзаға кері әсері де жоқ емес. Маман-

дардың пікі рін ше, бұл көкөністі асқазан және 

ішек аурулары мен ауыратындарға тұтынуға 

болмайды. Сол сияқты, сәбізді немесе одан 

жасалған шырынды шамадан тыс көп тұтыну 

алақан мен табан терісі түсінің өзгеруіне әкеп 

соқтырады. Бұл ағзаның сәбіз құрамын дағы 

каротинді А дәруменіне айнал дыруға шамасы 

жетпейтінін білдіреді. Мұндай жайт әсіресе 

балалар арасында көптеп кездесе ді. 

КӨЗҚАРАС

Жуырда Абайдың шығармаларын оқып шықтым. Қазақ 

халқының табиғатын керемет түсінетіндігіне таң қалдым. 

Мектепте оқып жүргенімде, 30-жылдардың басында ұлты 



1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал