Қоғамдық сананы қалыптастыруда, бала тәрбиесінде бұқаралық ақпарат құ



жүктеу 0.65 Mb.

бет4/6
Дата20.04.2017
өлшемі0.65 Mb.
1   2   3   4   5   6

Шикі теріні бағалы 

былғарыға 

айналдыра алсақ

Ақтөбелік кәсіпкер Асқар 

Сәдуақасовтың бос пластик 

бөтелкені іске жаратуға қатысты 

ұсынысы бар. Ол өз ұсынысын 

Экономика және бюджеттік 

жоспарлау министрлігіне 

жолдамақшы. Германияда 

біліктілігін арттыруға барған 

ақтөбелік кәсіпкер қазір іске 

жарамсыз болып, шашылып 

жатқан мыңдаған пластик 

бөтелкеден пайда табуға 

болатынын түсініп қайтты. 

Шынында да, дәл осы күндері елімізде 

пластик бөтелкелер қоқыс қорын тол-

тырып болды. Есептей білгенге әр бөтелке 

– ақша. Тек бос бөтелкені өндірістік дең-

гейде қайта ұқсататын орын болма ған-

дықтан, бұл «ақшаны» қолға ұстау мүмкін 

болмай отыр... 

Асқар Сәдуақасов бұған дейін көп 

мөлшерде пластик құбырларды жинап, 

оны ресейлік серіктестеріне жөнелтумен 

айналысыпты. Алайда дағдарыс салқыны 

тиді ме, оның ресейлік әріптестері өнімді 

қабылдамайтын болыпты. 



Асқар СӘДУАҚАСОВ, 

кәсіпкер:

– Балқытылып, өңделген 

пластик өнімдерден де түрлі 

жолдармен басқа тауарлар 

шығаруға болады екен. Бірнеше 

жыл бойы пластик ыдыстарды 

жинап, тапсырумен айналысып 

келгенмін. Алайда қазір Ресейде де 

сұраныс болмаған соң, бұл 

жұмысты уақытша тоқтатуға тура 

келді. Орыс әріптестеріміз 

бөтелкелерді түсіне қарап, буып-

түюімізді талап ететін. Осылайша, 

қолданылған пластик бөтелкелерді 

олар қайта ұқсатып, өндірістік 

жолмен басқа заттар шығаратын. 

Мысалы, қазір үстіміздегі 

футболканың өзі химиялық 

талшықтардан жасалады емес пе?! 

Енді келіскен неміс кәсіпкерлерім 

тым жоғары жол шығынының бір 

бөлігін өздері көтерсе деген 

ұсынысымды қабылдаса, бұл 

жұмысты қайта бастамақ ойым бар. 

Германияда қандай да болсын сусын-

ның ыдысының сыртында екі түрлі баға 

жазулы тұрады. Бірі – сыртындағы ыды-

сының бағасы, екіншісі ішіндегі сусынның 

ғана бағасы. Егер ыдысты қоқыс жәшігіне 

тастамай, керісінше, сатушыға ұсынсаң, 

ыдыстың ақшасын қайтарып береді. Ал 

бізде бір баға, әрі ол ыдысты сатушы кері 

сатып алғанда онымен не істей алады? 

Пластик ыдыстар өндірісі заман талабына 

сай тек соңғы жылдары ғана қарқын ала 

бастағанымен, Қазақстанда оны қайта 

ұқсату жағы жоқтың қасы. 

– Мен тиісті министрлік пластик бөтел-

келерді қайта ұқсату жөнінде қандай да 

бір жобаны қолға алса екен дегім келеді. 

Ақша аяқтың астында, қоқыс алаңқай-

ларында, керексіз болып жатыр. Осындай 

мәселенің шешімін таппай жатқаны 

қоршаған ортаға да өзіндік зиянын 

тигізбек. Кейінгі ұрпаққа тонна-тонна 

қал дық қалдырып жатырмыз. Дәл осы 

күндері Үкіметке ұсынатын баяндамамды 

әзірлеп болып қалдым. Егер нақты бір 

шаралар қолға алынар болса, елімізде 

көптеген кәсіпкерлік субъекті 

лерінің 


проблемалары шешіліп, тұрғындар да 

пластик ыдыстарға басқаша қарар еді. 

Елге де орасан пайда түсетініне мен сенім-

дімін, – дейді кәсіпкер. 

Шындығында, елімізде қоқыстың негі-

зін пластик ыдыстар мен целлофан қап-

шықтар, қалталар құрайды. Оларды жою 

мүмкін емес. Қоқыс полигонында жүз-

деген жылдарға дейін өзгеріске ұшыра-

май, шірімей жата береді. Ал оларды 

өртесе, қап-қара түтін, зиянды заттар 

ауаны ластайды. Мұның адам ағзасына 

тигізер зияны туралы әңгіме өз алдына. 

Мұндай ыдыстарға сұраныс болмаған 

соң, оны іске жаратамын деп қызығушылық 

танытып жататындар мүлдем жоқ. 

Сондықтан Германияда болып келіп, 

немістің ұқыптылығына тәнті болған 

кәсіпкердің ұсынысына қолдау керек 

тәрізді.


Бақыт ЖАНШАЕВА,

Ақтөбе

Экологиялық 

жобаға 

қолдау керек

Бүгінгі таңда Қазақстанда тері өңдеумен 

айналысатын үш-төрт ірі кәсіпорын бар, 

соның бірі – Екібастұз қаласындағы былтыр 

ғана ашылған «КазЭкспортКожа» ЖШС. 

Қазіргі кезде италиялық, испандық фирма-

лармен әріптестікті жолға қойған бұл 

кәсіпорынға әу баста «Қазагроқаржы» АҚ 

117 миллион теңгеге жуық қаржы құйған 

еді. Ресейдің бірталай тері өңдеу зауыт-

тарында еңбек еткен, бүгінде зауыт тізгінін 

ұстап отырған Ержан Салықов – мал 

терісінің құнын білетін азамат. Оның 

аталмыш кәсіпорынды ашып, тері өндірісін 

қолға алуына, біріншіден, білім-білігінің 

осы салаға сәйкестігі, екінші жағынан, 

қолдағы шикізаттың көптігі себепші. 

– Тері өңдеу – әу бастан өзіме 

таныс жұмыс, – дейді Ержан Салықов. 

– Оның үстіне біздегі мал терісі арзан 

бағамен Қырғыз, Қытай, Ресей асып 

жатыр. Яғни шаруаның маңдай тері 

ақталып жатқан жоқ. Мен зауытты 

ашқан кезде шетел өнімін қымбатқа 

ала бергенше, өзіміздің де өнімімізді 

оларға мойындатуды көкседім. 

Коммуналдық қызметтерге қарызымыз 

жоқ. Ай сайын 2,5 миллион теңгедей 

қаржы – жұмыскерлеріміздің жалақы-

сын төлеуге, 700 мың теңге – комму-

налдық қызметтерге, 400 мың теңге 

қаржы салық төлеуге жұмсалады. 

Қазіргі күні «Қазагроқаржы» АҚ-ға 42 

млн теңге қарыз қайтарып үлгердік.

Зауытқа қара мал терісі облысымыздағы 

«Победа» ЖШС, «Табыс» ЖШС, «Жайма» 

ЖШС, Екібастұз ет өңдеу комбинаты сияқты 

ірі шаруашылықтардан және жекелеген 

адамдардан қабылданады. Бастапқыда 

зауыттың терінің келісіне белгілеген бағасы 

45-50 теңге болса, қазір 1-сұрыпқа 

жататын тұздалған, дымқыл терінің бағасы 

90-100 теңгеге жетіпті. 

Мұндағы қабылдау цехына түскен 

терілер іріктеу, сұрыптаудан кейін сыйым-

дылығы 8-9 тонна болатын арнайы бара-

банда жуылып, химиялық заттардың кө-

мегімен түгінен ажыратылады. Одан соң 

май мен еттің қалдықтарынан тазартылып, 

кептіріледі. 

– Теріні өңдеу, тазарту жұмысын 130 

түрлі химиялық зат кешені атқарады, – 

дейді Ержан мырза. – Қоршаған орта үшін 

зиянсыз мұндай технология өнімде де 

зиянды заттардың қалып қоймауына 

мүмкіндік береді. Осындай оңтайлы әдістің 

нәтижесінде өніміміз Еуропада сұранысқа 

ие. 

Зауыттан өңделіп шыққан тері бұдан 



соң боялып, аяқкиім тігуге немесе жиһаз 

жасауға пайдаланылады. Яғни қолданысқа 

толығымен әзір. 

Ірі қара мал терісін осылай ұқсатып 

жүрген зауыт мамандары ешкі-қой сияқты 

ұсақ мал терісінің бағаланбай, аяқасты 

қалып жатқанына алаңдаулы. 

«Тері дегеніміз – жанды валюта! Ол қай 

елде де аса бағалы. Халық осыны түсінгені 

жөн!», – дейді кәсіпкер азамат. 

Құрамында 50 адам еңбектеніп жатқан 

«КазЭкспортКожа» ЖШС-ның бүгінгі жай-

күйі осындай. Толық қуатында жұмыс істеп, 

шығындарын қайтара бастаған зауыттың 

жемісті жылдары әлі алда.

Жанаргүл ҚАДЫРОВА

табатын 5,3 миллион тұлғаның ішінде 101 

мың адам ғана 350 мың теңгеден жоғары 

табыс табады. Ал еліміздегі орташа айлық 

жалақы қазір 82,3 мың теңгенің көле-

мінде.


Демек, халықтың басым бөлігі бұл 

салықтың салмағын сезінбейтін болады.



Елімізде сойылған қара 

малдан жылына 46 мың тонна 

тері түседі екен. Бірақ соның 

10 мың тоннадайы ғана 

өңделіп, ұқсатылатын 

көрінеді. Қалғаны ұстағанның 

қолында, тістегеннің аузында 

кетіп жатыр. Осыдан-ақ біздің 

асырап-бағып, қиындығына 

белшесінен бататын 

малымыздың өнімдерін 

қаншалықты бағалай 

білетініміз көрініп тұрса керек. 

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№179 (405) 16.10.2010 жыл, сенбі                         



www.alashainasy.kz

5

e-mail: info@alashainasy.kz

ҚОҒАМ

 

?



Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Азаматтық алған оралманға квота беріле ме?



Біз Қарқалпақстаннан 2001 жылы көшіп келгенбіз. Квота алған жоқпыз. Бірақ 

жұмысқа орналасу үшін азаматтық алу керек болып, 2003 жылы Қазақстан 

Республикасы азаматтығын алдық. Таяуда «азаматтық алған оралмандарға да 

квота берілетін болыпты» деп естідім. Осы рас па? Егер квота берілмейтін болса, 

біз сияқты оралмандарға басқа әлеуметтік көмек көрсетіле ме? 

  Рахматтулла ҚОЖАМҚҰЛОВ, Алматы облысы

Этникалык көші-қон жөніндегі бас-

қар ма сарапшысының мәліметіне сүйен-

сек, «Халықтың көші-қоны туралы» 

Қаза қ   стан  Республикасы  заңының  14-

ба бына сәйкес, оралман мәртебесі аза-

мат тық алғаннан кейін тоқтатылады.

Бүгінгі күнде, сіз Қазақстан Республи-

ка сының азаматы болғандықтан, сізді 

көшіп келу квотасына енгізіп, мемлекет 

тарапынан қаржылай көмек көрсету «Ха-

лық тың көші-коны туралы» Қазақстан 

Рес публикасы заңының талабына қайшы 

келеді.


Сол себепті сіз Қазақстан Республика-

сы ның азаматы ретінде қосымша әлеу-

мет тік көмек алу мәселесімен жәрдемақы 

және басқа да әлеуметтік мәселелерді 

өзіңіз тұрып жатқан аудандық басқару, 

жергілікті атқарушы органдарға хабар ла-

сып шешуіңіз қажет. 

көрінеді. Әліптің артын бағып 

отырмыз, мүмкін су құбырын аудан өз 

қарамағына алып қалар, сонда 

Үкіметтен бізге де қаржы бөлініп, 

ауыл тұрғындарының тілегі 

орындалар. Енді бұлай отыра берсек, 

биыл қыстың көзі қырауда сусыз 

қалуымыз да мүмкін. 

Ауыл тұрғындарының бәрі мал ұстап, 

құс өсіріп отыр. Таңертең екі сағат, кешке 

екі сағат берілетін суды малдың аузынан ба 

әлде адамның аузынан таба ма? Сондай-

ақ бұл ауыл кеншілер қаласына жақын ор-

на ласқандықтан, 40-50 метр тереңдіктегі 

суды қазып шығарып, жекеменшік құдық 

қазып алуға тағы мүмкіндік жоқ. Яғни 

жерасты суының да сапасы сын көтермейді. 

«Ауру – ауызсудан» демекші, 

ауыл тұрғындары өз денсаулық-

тарына алаңдайды. Себебі тесік 

құбырлардан аққан су жиналып 

қалады да, оған ауылдың бар үйре-

гі мен қазы да, малы да, шошқасы 

да келіп түседі. Ал екі сағаттан кейін 

су тоқтаған кезде әлгі лас сулар 

қай тадан құбырларға құйыла бас-

тайтын көрінеді. Аты аталған кәсіп-

керге ауыл әкімінің де тісі бата ал-

май отырған тәрізді. Кенжебек 

Төрт қараевтың айтуынша, су құбырының 

жөндеу жұмыстарын қолға алған бұл 

кәсіпкер ісінің арты сиырқұйымшақтанып 

кеткенге ұқсайды. Жөнделмек түгілі, халық 

қазір бір қасық суға зар болып отыр. Ол 

аздай, жөнсіз ақша төлеп отырғандарына 

қынжылады. Ауызсу мәселесіне байланыс-

ты құрылған ынталы топ мүшелері кәсіп-

кермен әлі күнге шейін соттасып келеді. 

Ауыл халқының сөзіне пысқырып жатқан 

Борамбаевтар жоқ, сотқа да келген емес. 

Кенжебек ТӨРТҚАРАЕВ, Набережный 

селолық округінің әкімі:

Тұрғындардың ауызсу 

мәселесіне наразылықтары орынды. 

Биліктегі біз де наразымыз. Айтулы 

мәселенің шешілмей келе жатқанына 

біраз уақыт болып қалды. Мен әкім 

болып келгелі ол кісіні әлі көрген де 

жоқпын. Соттасып, сотқа да 

шақырдық, оған да келген емес. 

«Алматыдамын, Астанадамын» деп 

үнемі қашқақтайды да жүреді. Су 

құбырларына жауапты болғаннан 

МӘСЕЛЕ


кейін, оның жөндеу жұмыстарына да 

сол кәсіпкер жауапты. Ал шұрық тесік 

су құбырларының жағдайы ауыл 

тұрғындарын әбден шаршатып бітті. 

Тесік құбырлардан аққан су жиналып 

қалады да, оған ауылдағы кез келген 

жан-жануар түседі. Сол лас суды ішіп 

жатырмыз. Осының бәрін көріп тұрып, 

қалай қынжылмайсың. Мен аудандық 

прокуратураға да, санитарлық-

эпидемиологиялық қадағалау 

мекемесіне де арыз жаздым. 

Ауызсудың сапасыздығын олар да 

растап отыр. Әзірге шешілетін 

проблеманы көріп тұрған жоқпыз, 

себебі ұзынқұлақтан естуімізше, әлгі 

кәсіпкер «су құбыры керек болса

аудан менен сатып алсын» дейтін 

Ел шошқа шайынған су ішіп отыр

Осы ауылдың тумасы, жұртының жан 

жарасын бес саусағындай білетін Жанна 

Мирошниченко да әлгі ынталы топтың 

мүшесі көрінеді. Суға қатысты сот болған 

сайын ол да сабылып аудан орталығына 

жүгіреді. Барып-келу жол шығынын да өз 

қалтасынан шығарады. 

– Ауызсу мәселесі әлі күнге шешімін 

таппай, әбден жүйкемізді жұқартып бітті. 

Лас құбырдан аққан суды ішпеске амалы-

мыз жоқ, одан басқа су көзі табылмайды. 

Судың сапасы өте төмен, дезинфекция 

жұмыстары жүргізілмейді. Құбырлар 

тесілген. Оны жөндеп жатқан ешкімді де 

көрмедік. Суға жауапты деген кәсіпкерден 

де қайыр болмай кетті. Осы мәселеге орай 

Борамбаевамен талай рет соттастық. Бірақ 

ол сотқа да келген емес. Ең болмаса, бізге 

мәселенің мәнін түсіндірсе ғой, дүйім 

жұрт тың сөзін елеп те жатқан жан жоқ. 

Егер алдағы қысты осы жарық құбырлармен 

қарсы алсақ, бетін аулақ қылсын, бұл құ-

быр лар қатып қалады да, бүкіл ауыл сусыз 

қалады. Жүгенсіз кеткен кәсіпкерді тезге 

салар жан бар ма екен? – дейді бүкіл ауыл 

тұрғындары атынан Жанна Мирошни чен-

ко.


Иә, осы су құбырын сатып 

аларда «бәрін қатырамын, 

ауылды ауызсумен жарылқай-

мын» деп айдан – ұл, күннен қыз 

тудырмақшы болатындар біздің 

елімізде кейінгі кезде қаптап кетті. 

Ондайлардың айы оңынан туып 

тұрған бір заман болды-ау.

Бекзат ӘБДІЛДӘ,

Қостанай облысы

МӘЗІР


Бүгінгі Алматы – әлемнің 

түрлі елінің мәдениеті мен әдеті 

жарасқан мегаполис. Әсіресе 

соңғы уақытта шаһарда ұлттық 

асханалар қарқынды дами түсуде. 

Өткен сәрсенбі күні Алматыдағы 

Hyatt Regency Almaty қонақ үйінде 

Малайзия асханасы көпшілікке 

тағы бір таныстырылды.

Алматылықтар 

Малайзия асханасы 

мәзірімен танысты 

Бұл шараны Малайзияның Қазақстан-

дағы елшілігі, «Туризм Малайзия» ұйымы, 

«Эйр Астана» әуе компаниясы, Hyatt Regen cy 

Almaty қонақүйі бірлесіп ұйымдастырды. 

Осымен екінші рет қолға алынған фестиваль 

«Малайзия асханасының фестивалі – 2010» 

деп аталды. Шараға тек қала қонақтары 

емес, шетелден арнайы меймандар келді. 

Онда қонақтар ең әуелі Малайзия асхана-

сының ас мәзірімен танысты. Ұйымдасты-

ру шылардың сөзіне қарағанда, түрлі тағам-

дарды Малайзиядан арнайы келген ас паз дар 

дайындайды. «Малайзия тағамдарының 

бір ерекшелігі, оның құрамында ащы қос-

па лар көптеу болады. Сондықтан астан ауыз 

тиерде абай болыңыздар», – деді ұйымдас-

тырушылар қонақтарға қалжыңдап. Кеште 

алматылықтар малайзиялық әртістердің 

өнер лерін де тамашалады. Сазды әуеннің 

ырғағымен тербеле билеген бишілер, ма-

лай ұлтының сызылтып салған әндері 

көрер мендердің жүрегіне ыстық ықылас 

ұялатты. Мамандардың айтуынша, «Малай-

зия асханасының фестивалі – 2010» шара-

сы қазанның 20-сына дейін жалғасады. 

Осы уақыт ішінде қала тұрғындары мен 

қонақ тары тек қана Малайзия асханасымен 

ғана емес, мәдениетімен де жақын таныса 

алады. Кеш соңында «Эйр Астана» әуе 

компаниясы лоторея ойнатып, қонақтарға 

Алматы–Куала-Лумпурға, Борное аралын-

дағы Кото-Кинибалу қаласына, Куантан 

демалу айлағына билеттер, басқа да сый-



лық тар  үлестірді. 

Дато СО Чин ХОН, Малайзияның 

Қазақстандағы елшісі:

– Біз «Малайзия асханасының фес-

тивалі – 2010» шарасын осымен екін ші 

рет өткізіп отырмыз. Былтыр бұл шара 

өте табысты ұйымдастырылды деп айт-

қым келеді. Себебі алғашқы рет ұйым-

дастырылғанына қарамастан, фести-

валь ге қатысқан қонақтардың қарасы 

өте көп болды. Менің ойымша, Малай-

зия асханасы қазақ халқына тек малай 

ұлттық тағамдарын таныстырып қана 

қоймайды, екі елдің мәдениетін, адам-

да рын да жақындастыра түседі. Бүгінгі 

кешке Малайзиядан арнайы аспаздар-

мен бірге өнерпаздар да келіп отыр. 

Олар да өздерінің өнерлерімен жұртшы-

лықты қуантады ғой деп ойлаймын. Өз 

басым «Малайзия асханасының фести-

ва лі» шарасын өте сәтті ұйымдастырылған 

жоба деп ойлаймын. Сонымен бірге осы 

сәтте шараны қолға алуға мұрындық 

болып, демеушілік жасағандарға да үл-

кен алғысымды білдіргім келеді. Былтыр 

біз «Эйр Астана» әуе компаниясымен 

Алматы–Куала-Лумпур әуе қатынасын 

жолға қойдық. Биыл бұл сәтті қадамның 

бір жылдығы деп айтқым келеді. Қазір 

аталған компания Куала-Лумпурға екін-

ші әуе жолын ашпақшы. Енді ол жолмен 

екі ел азаматтары апта сайын бір-біріне 

қатынай алады. Мен Малайзия мен 

Қазақстанның арасында күн сайын әуе 

көлігі жүретін уақытты асыға күтемін.

Ибрагим ДЖАНЛИЕЛЬ, «Эйр Астана» 

әуе компаниясының сату және маркетинг 

жөніндегі вице-президенті:

– Барша алматылықтарды «Малай-

зия асханасының фестивалі – 2010» 

ша ра сы мен  құттықтаймын.  Қазақстанда 

осымен екінші мәрте қолға алынып 

отырған шараның маңызы зор. Өткен 

жылы Дато СО Чин Хон мырза екеуміз 

Алматы–Куала-Лумпур әуе жолын ашу 

туралы ақылдасқан едік. Шынын айту 

керек, сонда біз бұл жобаның болаша-

ғына онша сенімді болған жоқпыз. 

Қуанышқа орай, бұл жобамыз сәтті жү-

зе ге асты. Енді, міне, осы жоба арқылы 

екі ел арасындағы мәдени байланысты 

да жолға қойып отырмыз. Біз қараша 

айында Алматы – Куала-Лумпур бағы-

тын дағы екінші әуе жолын ашуды жос-

пар лаудамыз. Осы жобамыз да сәтті 

шы ға ды  деген  ойдамын. 

ДЕРЕК

Алматы – Куала-Лумпур әуе 

жолы 2009 жылдың 1 қазанында 

ашылды. Осы уақыт ішінде әуе рейсі 

13 393 адамға қызмет көрсетіп, 30 

809 тонна жүк тасымалдады. 

Алматыдан Куала-Лумпурға жүру 

уақыты – сегіз сағат. 

 

Нұрмұхаммед МАМЫРБЕКОВ

ҚАЗАҚ ЖЕРІНІҢ ХИКМЕТТЕРІ

Ал осындай жәннат аймақты, тарихы 

тереңнен тамыр тартқан алапты бір қыздың 

қарқарасына байлап жіберу обал болатын 

шығар! 

Қазақтың ескі эпостық жырларында 



«қиқулының қырық бөрісі» деген тұрақты 

сөз тіркесі кездеседі. Тарихшылар қазақ 

халқының негізгі құрамы болып саналатын 

қырық рулы жұртты осы «қиқулымен» 

шендестіреді. Егер біз осы «қиқулы» мен 

«қырық рулы», «қыр-қырлы» атауларын 

өзара салыстырсақ, бұлардың да түп-

тамыры бір екенін байқаймыз. (Ежелгі 

жылнамалардың сырына жетік тарихшылар 

қытай тілінде «р» қарпінің айтылмауы, 

жазылмауы түркі әлеміне қатысты көптеген 

тарихи атаулардың басқаша түсіндірілуіне 

әкеліп соқтырғанын айтады. Шындығында, 

қытай империялық хроникаларында «қи-

құ лы» деп жазылатын ел атауы батырлар 

жырындағы «қиқулының» дәл өзі емес 

пе?! Ал оның сыртында қырық рулы қазақ 

жатқанын түсіну аса қиын болмас).

* * *

Ежелгі түркі аңыздарының бірінде 



Қорқыт ата дүниеден озғанда Арқадағы 

қалың жұрттан қырық қыз жоқтау айтып 

барғаны айтылады. «Қырық қыз» қырық 

рулы елдің елшісі ме екен? С.Ақынжановтың 

аталмыш еңбегіне тағы сүйенсек, осы 

«қырық қыз» сөз тіркесінің төркінінде 

«қырғыз» жатуы әбден мүмкін екен. Қыр-

қырлы өңірде қырғыз жұртының ізі жоқ 

дегенге ешкім дауласа қоймас. Мәселенки, 

Қарағанды облысының Қарқаралы, 

Ақтоғай аудандарының шектесіп жатқан 

Қызыларай, Ақсораң аймағында қалың 

Қаракесектің ішіндегі қырғыз атты рудан 

тараған жұрт мекен етеді. Әлкей Марғұлан 

«Ежелгі жыр-аңыздар» атты кітабында бұл 

қырғыздың Абылай заманындағы қыр-

ғыздар емес, қазаққа сіңген ескі қырғыздар 

екенін дәлелдеп жазады. Осынау Қызыл-

а р ай  қырғыздарының  әулеті  төрт  атадан 

тарайды. Ал «Манас батыр» жырын талдап 

жазған Әлкей Марғұлан Манас Арқаға 

келгенде Бегазы тауының бөктерін жайла-

ғанын дәлелдейді. Әрі аңыз бойынша Бе-

га зы тауының басында Манас батырдың 

Аққұла тұлпарының тас ақыры болған 

екен. Оған қоса ғалым Ақтоғай өңірінде 

мекен ететін Манас, Танас руларының осы 

Манас батырға қатысы бар деген деректі 

де келтіре кетеді. Ақтоғай ауданының 

Жидебай селолық округіндегі ескі тарихи 

орындардың бірі – Көрпетай тауының 

бөктеріндегі «Отыз жеті батыр» қорымы. 

Кейінгі ғылыми әдебиеттерде «Отыз жеті 

батыр» деп жазылғанымен, дұрысы – «Отыз 

жеті шора». Әлкей Марғұлан жазатын 

қазақтың ескі аңызында Манастың Арқаға 

қырық шорамен келгені баяндалады. 

Манастың соңына ерген қырықтың үшеуі 

тірі қалған дейді аңыз тағы да. Көрпетай 

етегіндегі 37 батырдың қорымы Манастың 

серіктері емес пе екен? Ал Қызыларай 

қыр ғыздары Манас бастап тірі қалған үш 

батырдың ұрпағы шығар десек ше?!

Әлбетте, Манасты қырғыз халқы өз 

бабамыз деп жырға қосады. Бірақ ғылыми, 

әдеби ортада «Манас батыр – қазақ 

жырлайтын Алпамыстың (Алып Манас 

болуы да мүмкін ғой) прототипі» деген 

пікір ерте бастан қалыптасқан.

Қалай болғанда да, Қарқаралы атауы 

мен Ақтоғай өңіріне, осы өлкедегі руларға 

қатысты аңыздар қазақ даласындағы 

тарихи оқиғалардың сілемдерінен қалған 

белгілер тәрізді. Ал біз өз кезегімізде эти-

мо логия ғылымын өз пайдамызға сөйле-

теміз деп біраз жаңылуымыз да мүмкін 

ғой. Бірақ тарихшы ғалымдардың еңбек-

терінде осылай жазылыпты. Аңыздар да 



соған жетелейді...


1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал