Қоғамдық сананы қалыптастыруда, бала тәрбиесінде бұқаралық ақпарат құ



жүктеу 0.65 Mb.

бет3/6
Дата20.04.2017
өлшемі0.65 Mb.
1   2   3   4   5   6

Наталья ОРЫНБАСАРОВА, актриса: 

– Мен мұнда аула сыпырушы Күл-

пан апа 

ны ойнаймын. Кинода рөлім 

кіш 

кентай ғана болғанымен, өзіме 

сон 

дай ұнады. Әсіресе жетім, үйсіз-

күй сіз қаңғып, әке-шешесін іздеп Ал-

ма тыға келген Миканы аяп, бір үзім на-

нын бөліп берген сәтте өзім жылап жі-

бер дім. Расында, соғыс кезінде талай 

ұлт тың балаларын қазақ солай ба уы-

ры на басқан. Сондай-ақ өмірде өзін 

ғана ойламай, өзгеге көмек беретіндер 

– қо лы ұзын байлар емес, керісінше, 

қа 

рапайым адамдар. Осы тұрғыдан 

ал ғанда, менің рөлім – аула сыпырушы 

әйел сол шындықты ақтап тұр. Біле біл-

сек, кеңестік кезде аула сыпырушылар 

де ген қоғамда маңызды рөл ойнаған. 

Олар ауладан әрі-бері өткен адамдар, 

сол ауланың тұрғындары жайлы бәрін 

бі ліп отырған. Тіпті органдарға тыңшы 

бо 

лып жұмыс істегендерінің болғаны 

да жасырын емес. Күлпан апа да аула 

сы 

пырып жүріп, ақиқатты көріп, ба-

ланы түрмеден құтқарып қалады.

Ольга ЖИГАРЕВА, фильм продюсері: 

– Тұсаукесер, шынында, әлемдік, 

се бебі әлемнің көптеген елдерін ара-

ла ғалы тұрмыз. Және, бастысы, бүгін 

бі 

рінші рет оны актерлердің өзі де 

осын да көреді. Ресейде тұсаукесер бір 

же 

тіден соң болмақ. Бірақ фильм 

жұрт 

шылыққа жол тартпай жатып, 

«Про 

метей» фестивалінде жүлдегер 

ата нып  үлгерді. 

Кино неліктен «Бөрілердің төрелігі» 

деп аталған? Себебі басты кейіпкер 

өмірінің соңында балалық кездегі көзбен 

атып өлтіру қасиетін қайта қолға алып, 

қоғамға залал келтірген адамдардың көзін 

жою ға тапсырыс қабылдайды. Сөйтіп, сол 

ақ 


шаға өз арманындағы аралды сатып 

алып, ойға алған ісі орындалғандай көз 

жұ мады. 

Мәриям ЖАГОРҚЫЗЫ

ГАСТРОЛЬ 



Өнер қуанышы – 

көрермен үшін

Қазақтың мемлекеттік 

М.Әуезов атындағы 

академиялық драма театры 

жақында Көкшетау қаласында 

гастрольдік сапарда болды.

«Әкемтеатр» Көкше өңірінде 1996 

жылы өнер көрсеткен болатын. Осы он 

төрт жыл ішінде театрда елеулі өзгерістер 

болды, репертуар көптеген жаңа туын-

ды лармен толықты. Ұлт театрының ата 

буын алыптары қалыптастырған тамаша 

дәс түрін уақыт сұранысына сай дамытып

биік 

тетіп жүрген театр ұжымының бұл 



са пар  салмағын  Есмұхан Обаев мырза: 

– Көкшетаулық көрермен арада өткен 

мерзімде театр ұжымында болған буын 

ал мастығын, жаңа режиссерлік ізде ніс-

тер мен актерлердің ойын өрнегіндегі 

өз ге рістерді көріп, тың тақырыпты туын-

ды лармен толыққан репертуарын та ма-

ша лайтын болады. Театрдың соңғы кез-

дегі бір жетістігі – гастроль жүйесінің 

қай та жандануы. Қара шаңырақ М.Әуе-

зов театры рес 

пу 


бли 

ка Мәдениет ми-

нистр лігінің  қол да уымен,  сондай-ақ  ар-

найы ша қы рулармен де Ресейдің Омбы 

об 

лысында, Таш 



кентте, Солтүстік Қа-

зақстан,  Қа ра ғанды,  Маңғыстау, Петро-

павл, Павлодар, Қос танай, Талдықорған, 

Орал, Ақтөбе об лыстарында және ел ор-

дамыз  Астанада гас трольдік спектакль-

дерін көрсетті. Театр шетелдік сапарларға 

да шығып жүр. Арғыны айтпағанда, өт-

кен 84-мау сы мында Оңтүстік Корея және 

Түр 

кия 


дағы халықаралық театр фес 

ти-


валь да рына қатысып, жүлделі оралды, 

– деп түйіндеді.

Көкшетаулық көрермендер он күн бо йы 

«Абай» (М.Әуезов), «Махаббат дас 

таны» 

 

(«Қозы Көрпеш – Баян сұлу», Ғ.Мү  сірепов), 



«Сыған серенадасы» (Д.Иса 

 

беков), «Бес 



бойдаққа бір той» (Т.Нұр 

мағамбетов) 

қойылым дарын  та  ма шалады. 

Маржан ТҰРЫСБЕКҚЫЗЫ

Соңғы жылдары Қазақстан киноөндіріс нарығын біртіндеп меңгеруге 

кірісті. Осы салада Түркия, Ресей секілді ежелден етене аралас елдермен, 

тіпті француздармен де бірігіп жоба жасап жүр. Күні кеше сондай бір жаңа 

туындының тұсауы кесілді. Қазақстан мен Ресей бірігіп түсірген бұл фильм 

«Бөрілердің төрелігі» («Правосудие волков») деп аталады.

Қанат ТІЛЕУХАН, «Стан» ақпараттық бейнепорталының продюсері:

– «Отандық телеарналар көрсетілімін қадағалайтын қоғамдық комиссия құру керек пе» деген сауалға «иә» деп 

те, «жоқ» деп те жауап беруге болады. 

Аталған комиссияның құзыреті мен міндеттері қандай болмақ? Жергілікті телеарналар оның айтқанына 

көне қояр ма екен? Егер осындай комиссия құрылатын болса, біз эфирлерімізді қаншалықты тазалай аламыз? 

Қалай болған күнде де бұл идея бізге тығырықтан шығатын жолды нұсқай алмайды. Демек, телеарналардың 

жұмысын қадағалап отыратын қоғамдық комиссия құрудың аса бір қажеттігі туындап отырған жоқ. Мысалы, 

Парламенттің жанындағы Қоғамдық палата үлкен бір саяси шешімдердің тууына ықпал ете алып отыр ма? 

Жалпы, қоғамның мәселесін қоғамның өзіне ысыра салуға болмайды. Таяуда ғана «31» телеарна басшылығы 

«Тіл туралы» заңды орындай алмай отырғандығын ресми мойындады. Бұл жөнінде ақпарат құралдары 

жарыса жазды да. Бірақ осындай заңбұзушылық әшкере бола отырып, Ақпарат министрлігі мен басқа да 

құзырлы орындар белгілі бір шешім қабылдап, ешқандай да шара қолдана алмады. Бұл біздегі БАҚ туралы 

заңның орындалуын тиісті орындар қажетінше қадағаламайды дегенді білдіреді. 

Әзірлеген Алмат ИСӘДІЛ

Айтбай СӘУЛЕБЕКТЕГІ, журналист:

Елімізде балалар мен жасөспірімдер кітапханасы жүйесін құруымыз керек пе?



Сұлтан 

ҚАЛИЕВ, 

балалар 

жазушысы: 

Шәкен 

КҮМІСБАЕВ, 

балалар 

жазушысы: 

Есей ЖЕҢІСҰЛЫ, 

«Ұлан» газетінің 

бас редакторы: 

?

А Л А Ш Т Ы   А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н   С А У А Л

А Л А Ш Т Ы   А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н   С А У А Л

– Есімде, кезінде бір ғана ауылдың өзінде мектепте бір, ауыл клубында 

бір кітапхана болатын. Оған барушылар да соншалықты еді. Жекешелендіру 

басталды да, ненің қайда, кімнің атына өтіп кеткенін білмей қалдық қой. 

Тек мектептегі кітапханаларды ғана сақтай алдық, бірақ ондағы кітап қоры 

өте жұтаң. Бұл мәселе Алматыда жақсы жолға қойылғанымен, ауылда 

жағдай мүлдем басқа. Бір кітап сатып алу үшін кемінде 600 теңге керек, 

мұны әр ауыл мектебі не кітапханасы ала ала ма? Бүгінде бірді-екілі 

қалталы азаматтар батырлар жыры, ертегі томдықтары, балаларға 

қатысты энциклопедияларды мектептерге сыйлап жүр. Бірақ ондай 

азаматтар барлық ауылдарда табыла бермейді ғой, сондықтан жаппай 

барлық ауылдардағы кітапханалар жағдайын, кітап қорын мемлекет өз 

қолына алуға тиіс. Неге? Өзім университетте сабақ беремін, сонда 

байқағаным, оқушылар тек бірыңғай даталарды жаттап алады да, оның 

ар жағындағы себеп-салдарды білмейді. Мен оларға «дата бастар» деп 

ат қойдым. Мұны шұғыл қолға алу керек, мемлекет қоғамға өңкей «дата 

бас» масылдарды емес, кәдімгі асылдарды дайындауы керек қой. 

– Әрине, балаларымыздың болашағын ойласақ, мұны құрғанымыз 

өте тиімді болар еді. Өйткені бүгінде Алматы, Астана секілді үлкен қа ла-

лар да ғана республикалық балалар кітапханасы болмаса, аудан, ауыл-

дар да жоқ. Егер осы ретте кітапханалар жүйесін құрар болсақ, онда оған 

ке йінгі жылдары шығып жатқан жаңа кітаптар түсер еді. Оны ауылда 

жүр ген балаларымыз оқып, білімге, имандылыққа, тәрбиеге жүгінер 

еді. Бірақ кейде кітапханаларға кітап барғанымен, сол күйінде бумасы 

ашыл мастан жататынын көріп қалдым. Ал ол кімнің кінәсі? Кітапхана-

шы лар жақсы жұмыс істеп, жас жеткіншекті кітап оқуға құмарта білуі 

ке рек. Сондай-ақ, менің білуімше, мектеп кітапханаларына кітап алуға, 

ба лалар басылымына жазылуға облыстық, аудандық әкімдіктерден қар-

жы бөлінетін секілді көрінді. Ал басшылар тарапынан кейде қаржыны 

үнем деу себебімен кітапқа арналған қаржы бөлінбей қалады екен. Сон-

дық тан балалар әдебиеті мен басылымдары бүгінде мемлекет тарапынан 

бақылау мен қамқорлыққа өте зәру. 

– Бұл – өте өзекті мәселе. Бір кездері ауыл 

қандай еді? Үлкен-кішісі түгел газет-журнал, кітап 

оқитын, на ғыз зиялылар ордасы болатын. Бүгінде 

сол көзден бұл-бұл ұшты, себебі кітапхана 

атаулының бар деген аты болмаса, кітап қоры 

жылдан-жылға мо лаю орнына азайып барады. 

Аузымызды қу шөп пен сүрткен жарамас. Еліміздегі 

қала, аудан, ауыл мектептерінде кітапханалар бар. 

Балалар кі тап ханасы бүгінде солар енді. Алайда 

сұрақ, он да ғы жұмыс қалай жүріп жатыр? Әдеби 

кітабы бар кітапханалардың картотекаларын 

ақырын шолып шық саң, қанша баланың кітап 

оқып, қаншасының оқы майтыны содан-ақ белгілі 

болады. Кітапха на шы лар олармен қалай жұмыс 

істеп жатыр? Сон дықтан мемлекет балалар мен 

жасөспірімдер кі 

тап 

ханасы жүйесін құрып, 



балаларды кітап оқытуға еліміз кірісуі керек. 

Әзірлеген Мәриям ӘБСАТТАР

өзің қожайынсың. Ұлттық мәселелерді 

қанын сорғалатып тұрып жариялайсың. 

Әділ дік іздеп шырылдап жүрген, жылап 

жүрген жандарға дем бересің. Көкірегіне 

тұнған запыранын, зарын халыққа, әрісі 

басшыларға жеткізуіне дәнекер боласың. 

Егер де әлдебір ізденуші жас журналист 

«Қазақстандағы алғашқы тәуелсіз газеттер 

нендей мәселелерді қозғады екен?» деген 

тақырыпта зерттеу жүргізетін болса, 

мазмұнды да құнды, әрі қызықты материал 

тапқан болар еді... Көптен бері сол кездегі 

ұлттық проблемаларды, қандастарымыз-

дың жанайқайын паш еткен, өткір сын-

дарлы мақалалардың басын қосып, екі 

том дық жинақ шығарсам деп ар ман да-

ғаныммен, қаржысы құрғыр қолбайлау 

бо лып, дәрменсіз күй кешудемін.

– Қазіргі қазақ журналистикасының 

бе 

талысына нендей баға бере ала-

сыз?

– Қазақтың аяулы перзенті Төлеген 

Ай 

бергенов ақынды қоғамның барлық 



жа расының аузында тұрған, қоғам үшін 

жа 


уап беретін, халық үшін жаралған, 

қажет болса ештеңеден тайынбайтын, 

қайт 

пас та қайсар жанға теңеген екен. 



Өкінішке орай, «нарық» атты екі жүзді 

қылыш жарқ-жұрқ етіп ойнақтап шыққалы 

бері көптеген ақындар таудай тауқыметті 

ауырсынды ма, әйтеуір, шындықты айтқан 

үнін халқы естуден қалды. Оның есесіне 

ақиқат алаңына жалынды журналистер 

жарқылдап шықты. Сондықтан қазақ 

журналистикасын мылтық аузындағы 

майданға теңеймін. Ал журналист – қауіп-

қа

   



терден қаймықпай, шындық үшін шы-

рыл дап жүрген батыл жан. Көптеген әкім-

дер 

дің, министрлердің Тәуелсіздік үшін 



ора сан еңбек сіңірген журналист әріп тес-

те рімді бағалай білмейтіндігі қынжылтады 

мені.

Әңгімелескен 

Қойшыбай ЕСЕНТАЙ,

Қарағанды қаласы


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№179 (405) 16.10.2010 жыл, сенбі                



www.alashainasy.kz

4

e-mail: info@alashainasy.kz

НАРЫҚ

1867 жылдың 11 сәуірінде Верный бекінісі Алматинск қаласы деп 

өзгертілді. Осы жылы үкіметтік «Дала комиссиясы» баяндамасына сәйкес, 

оған Верный деген атау берілді.

Қаланың тұңғыш жоспары бойынша (авторы Н.Криштановский) Верный 

қаласы Алматы өзенінің жағалауымен оңтүстікке қарай екі шақырым, 

батысқа – үш шақырым жерге созылды. 

Жаңа қалаға бөлінген аймақ кварталдарға, кварталдар учаскелерге 

бөлінді. Үйлердің үш түрі бекітілді. І және ІІ категориялы үйлер екіқабатты, 

ең құрығанда биік жертөлесі бар бір қабатты болуы тиіс еді. Қала шетінде 

ІІІ категориялы үйлер салынды. Үй салу үшін жер телімдері сатылды. 

Гүлнар АХМЕТОВА

   


?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Уақытша кідіріс

Байларға арналған салық

Менің жалақым – 78 мың теңге. Келесі жылы жеке табыс салығы ұлғайған 

жағдайда айлығым қанша сомаға азаятын болады?

Фарида, Алматы

Бұл мәселе жөнінде «жеке табыс салы-

ғындағы өзгерістер қазақстандықтар дың 

тек екі пайызына ғана қатысты болмақ», 

– деп мәлімдейді еліміздің Қаржы 

министр лігі.

Еліміздің Парламентіне ұсынылып 

отырған жеке табыс салығы бойынша про-

грес сивтік шкала енгізуді көздейтін заң 

жобасы айлық жалақысы 353 мың 750 

теңгеден жоғары қазақстандықтар үшін 

ғана маңызды. Ал жеке тұлғалардың табы-

сын қадағалап отыратын Мемлекеттік 

зейнет ақы төлеу орталығының мәліметі 

бойынша, халықтың 98 пайызы бұл сома-

дан төмен жалақы алады екен. Әйтсе де 

са лық саясаты аса қатаңдап кетті деп айту-

ға келмес. Тіпті жалақы көлемі 400 мың 

тең геден асатындар үшін де салық көлемі 

2000 теңгеге, яғни 0,5 пайызға артпақ. 

Тек «миллионерлерге» ғана бұл салық 5 

пайыздан астамға көбейеді, соның өзінде 

оларға салынатын салық көлемі жалақы-

ның 20 пайызынан аспайтын болады. 

Нәтижесінде, бұл салық бойынша 2011 

жылы ғана қазынаға 12,5 миллиард теңге 

артық жиналмақ.

Статистика агенттігінің мәліметтеріне 

қарағанда, елімізде ресми түрде табыс 

Елімізде мұнай өнімдері қымбаттап жатқанда 

Шымкенттегі зауыттың жабылып отырғаны қалай?

Бағдат, Қаскелең

Шымкент мұнай өңдеу зауы ты жұмысын15 қарашаға 

дейін, бір ай мерзімге ғана тоқ татып отыр. «Жыл сайын бел-

гілі бір мерзімге тағайындалған жоспарлы жөндеу жұ-

мыстары зауыт қызметін жақсартып, өндірістік қауіпсіздікті 

арт тыруға және қондырғылардың сенімді жұмыс істеуіне 

бағыт талған», – деп хабарлайды PetroKazakhstan ком-

паниясының вице-президенті Арман Әбдіхалықов. Айына 

100 мың тоннадай бензин, 100 мың тоннадан астам дизель 

отынын шығаратын зауытта осы мерзімге арналған мұнай 

өнімдерінің тиісті қоры жасалған. Демек, еліміздегі жанар-

жағармай бағасының тұрақтылығына бұл жай әсер етпеуі 

тиіс.

ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ



Алматы қанатын жайып келеді

Қазақстанға қанша зейнетақы қоры керек?

ТА

ЛҚЫ



 Кәмшат САТИЕВА

ҰСЫНЫС


КӘСІП

Оның айтуынша, қор биржасы дұрыс 

жұмыс істемей жатқандықтан жинақтаушы 

зейнетақы активтерінің салымы табыс 

әкелмей жатыр. 

– Оған басты себеп – нарықта инвес-

тиция салатын тартымды бағалы қағаздар 

жоқ. Сол себепті қорлар табысы мардым-

сыз бағалы қағаздарды пайдалануға 

мәжбүр. Біздің қор биржамыз жұмыс істеп 

жатқанымен ондағы эмитенттердің саны 

мардымсыз. Яғни жинақтаушы зейнетақы 

қорларының активтерін салатын құралдар 

да санаулы. Ал қор биржасы қарқынды 

жұмыс істеу үшін бізде бизнестің қанат 

жайып, көркеюіне жағдай жасалуы керек. 

Өкінішке қарай, тәжірибе көрсетіп отыр-

ған дай, біздің заңнамалар тұрақсыз, олар 

қайта-қайта жаңалана береді. Сәй кесінше, 

соған байланысты жасалған келісім-

шарттар да бұзылады. Ал бұл инвестор 

үшін қауіпті нәрсе, – дейді А.Әлі баев өз 

сөзінде. 

Сөз кезегінде «Алматы қаласын дамыту 

орталығы» АҚ басқармасының төрағасы 

Нұрлан Ысқақов: «жинақтаушы зейнетақы 

активтерін қандай да бір қаржы құралына 

салғанда, ең алдымен, оның қауіп-қатері 

ескеріледі. Сондықтан мұндағы кез келген 

Бүгіндері жинақтаушы зейнетақы активтерінің 45 пайызы 

мемлекеттік бағалы қағаздарға, 15 пайызы шетелдік 

мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздарға, 32 

пайызы қазақстандық ұйымдардың қағазына, ал тек 5 пайызы 

депозиттерге салынған. Алайда одан түсетін табыс елдегі 

инфляция көрсеткішінен де төмен. Яғни жинақтаушы зейнетақы 

активтерінің бұл салымдары пайда әкеліп жатқан жоқ. Бұл 

туралы кеше Алматыда Саяси шешімдер институты өткізген 

«Еліміздің жинақтаушы зейнетақы жүйесі: кепілдендірілген 

әлеуметтік стандарттар немесе «бос» инвестиция ма?» 

деген дөңгелек үстел барысында Қазақстанның зейнетақы 

қауымдастығының президенті Айдар Әлібаев мәлімдеді.

табыс ел экономикасының конъюк тура-

сымен тығыз байланысты», – дейді. Осы-

лайша ол: «Біздің дағдарысқа тап келуіміз 

зейнетақы қорларының табысына көлеңке 

түсірді. Мемлекеттік бағалы қағаздар неге 

зейнетақы қорларының активіне орналас-

қан дейсіз? Өйткені ол мемлекетпен кепіл-

дендірілген. Иә, ондағы табыс көлемі 6-8 

пайызды құрайды, ол жоғары болып 

саналмайды, ал басқа қағаздар бойынша 

ше? Ондағы қауіп-қатер деңгейі, тіптен 

жоғары» деп әріптесіне қарсы уәж айтты.

Н.Ысқақовтың айтуынша, қор нары-

ғын дағы жағдай тым құбылмалы, сон-

дықтан мемлекеттік бағалы қағаздарға 

активтерді орналастыру мұндағы қауіп-

қатер деңгейін төмендетеді. «2008 бен 

2009 жылдар дағдарыстық кезең бол-

ғанын біз жақсы білеміз. Қор нарығына 

мем лекеттік бағалы қағаздардың қандай 

жағдайда орналастырылғанынан да 

хабар дармыз, тіпті көптеген банкроттықтың 

да куәсі болдық. Осы жағынан алғанда, 

біздегі табыс инфляция көрсеткішінен 

төмен болса-дағы, оны өте қиын жағдай 

деп бағалауға болмайды. Өйткені біз 

зейнетақы қорларының дефолт болуына 

жол бермедік. Себебі ол біздің халқымызға 

қажет жинақ, әлеуметтік капитал болып 

табылады. Сондықтан зейнетақы қорлары-

ның тиімділігін сараптауда макроэконо-

микалық жағдаймен де есептесуді ұмытпау 

керек», – дейді маман.

Сондай-ақ бұл отырыс барысында Чи-

ли дегі жағдайдан мысал келтірген А.Әлі-

баев жинақтаушы зейнетақы активтері 

бойынша өндіріс, ірі компаниялар құруға 

болатындығын айтты. «Бүкіл халықтың 

жинақтаушы зейнетақы активтеріне 

«Чили 

телеком» акциясын сатып алуда 



олар осы елдегі телефон жүйесіндегі 

тариф 


ті 60 пайызға дейін төмендетті. 

Сөйтіп, нарықтағы ірі бәсекелесті 

қалыптастырды. Ал чилиліктерден біздің 

қай жеріміз кем?», – дейді ол. Бұл ретте ҚР 

Үкіметі және Ұлттық банкі жанындағы 

Ұлттық сараптама орталығы басқармасы 

төрағасының кеңесшісі Шәміл Дауранов, 

«Досжантеміржолы» АҚ-тың бағалы 

қағаздарына салынған активтердің бұлың-

ғыр жайын еске сала отырып, жинақтаушы 

зейнетақы қорларының активтерін 

орналас 


тыруда өте сақ болу керектігін 

айтты. Ал сарапшы-маман Марат Қайыр-

ленов, зейнетақы жинағының еліміздің 

Үдемелі индустриялық-инновациялық 

даму бағдарламасы бойынша қолға 

алынып жатқан жобаларға тарту үшін, ең 

алдымен осы нарыққа қатысушыларды 

топтастыруды ұсынады. «Яғни белгілі бір 

мерзімді белгілеп, сол уақыт аралығында 

жинақтаушы зейнетақы қорларын бір-

біріне қосу арқылы ірілендіру керек. 

Қазақстанға төрт-бес жинақтаушы зейнет-

ақы қоры жетіп жатыр. Сонда олардың 

арасында таза бәсеке қалыптасады», – 

дейді ол. 

Ауылдан қалаға жөңкілген қазіргі за-

ман да қаланың маңызы тіпті ерекше. 

Әсіресе біздегі көп қаланың ішіндегі 

сәулетіне дәулеті сай, келбеті келісті, халқы 

жайдары әсем Алматының орны бір төбе. 

«Астана мәртебесінен айырылған соң 

сөзсіз құриды» деген сәуегейлердің бол-

жамы да орындалмай қалды. Керісінше, 

жыл өткен сайын оңтүстік астанаға деген 

ілтипат ұлғая түсуде. Соның бірі – қаланы 

көркейтуге арналған бас жоспар. 

Еске түсірсек, Президент жарлығына 

сәйкес, 2007 жылы Үкімет пен қала әкім-

шілігіне Алматыны дамытудың бас жос-

парын әзірлеу тапсырылған еді. Оған 

сәйкес, қала маңындағы өркендету мен 

жаңа әлеуметтік құрылыстарды жүргізуден 

басқа, туризм индустриясын, өнеркәсіп 

аймақтарын, көлік инфрақұрылымын 

дамыту, сондай-ақ оңтүстік астананың 

айналасында жасыл аймақ белдеуі 

құрылуы тиіс еді. 

Осы аптада көптен күткен жаңалық – 



Бағзы заманнан бері 

қала атаулы қандай да бір 

мақсатты көздеп салынады. 

Кейбірінің ұлы орталықтың 

рөлін ойнағаны да тарихтан 

белгілі. Өркениетінен бүкіл 

Батыс әлемі бастау алатын 

ежелгі гректер қаласы 

жоқ ұлысты жабайы деп 

санағаны да бекер емес 

шығар. Ежелгі гректер оны 

өркениеттің өміршеңдігі 

мен қоғам дамуының 

қуатты қозғалтқышына 

балайтын. Шайқаста 

жеңіске жеткен гректердің 

алдымен қала бекінісін 

құлатып, тұрғындарын 

ауыл шаруашылығымен 

шұғылдануға мәжбүрлегені 

де содан шығар.

Алматы қаласының маңындағы аймақты 

өркендетудің бас жоспары Үкімет тара-

пынан бекітілді. 

Бас жоспарға 100 шақырымға созы-

латын үш аймақ – Қапшағай су қоймасы-

ның солтүстік жағалауы, Есік, Еңбекшіқазақ 

және Жамбыл ауданы енген. Оның ішінде 

сәл шағындау аймақ – Талғар, Қаскелең 

және Қапшағайдың солтүстік жағалауына 

дейін созылады. Одан кейінгісі Алматы 

шекарасынан 10-15 шақырымға дейін 

шектеледі. Ол – негізінен, Алматының 

Үлкен шеңбер жолы.

Жоба ірі, жоспар үлкен. Бүгін-ертең 

жүзеге аса қоймайды. Бас жоспар 2035 

жылға, болжам бойынша 2040 жылға 

дейінгі кезеңді қамтиды. Сол кезде, яғни 

2040 жылы тұрғындардың санын 4 мил-

лион ға (Алматыда – 2 млн 800 мың, қала 

сыртындағы аймақта – 1 млн 300 адам) 

жетеді делінген. 

Мұнда электр қуаты, су жеткізу мен 

тұтыну, жылумен қамтамасыз ету мәселе-

лері түгелдей қамтылған. Көлік жүйесі де 

қалыс қалмаған, сондай-ақ туризм жағы-

на да өзгерістер енген. Алматы қаласы әкі-

мі  нің орынбасары Виктор Долженковтың 

айтуынша, бас жоспарды жүзеге асыру 

үшін шамамен 8 трлн теңге қажет бо лады. 

Даму тұжырымдамасына сәйкес, Ал-

маты ның экологиялық ахуалын жақсарту, 

экологиялық жағынан қолайсыз өндіріс-

терді қайта бейіндеу, қала шетіндегі өнер-

кәсіп өндірістерін азайту, кәсіпорын атау-

лыны қала сыртына шығару, абаттандыру, 

көгалдандыру, суландыру қолға алы нады. 

Қала бойынша құрылыс көлемі жаңа 

алаңдарды қосқанда 60 млн 660 мың 

текше метрді құрамақ. Ал есептелген 

мерзімде тұрғын үй қоры 83 млн 181 мың 

текше метр, соның ішінде аз қабатты үйлер 

– 20 млн 172 мың текше метр, көп қабатты 

үйлер – 63 млн 1 мың текше метрді 

құрайды. Құрылыста жаңа алаңдарды 

игеру 2015 жылы басталады. Ұзақ мерзім 

ішінде барлығы 1 млн 300 мың тұрғынға 

арналған 45 млн 500 мың текше метрді 

құрайтын тұрғын үй салынады. 

Қала мен оның айналасын дамытудың 

басты шарты – халықаралық маңызы бар 

көлік жүйесімен қамтамасыз ету. Осыған 

орай Алматының солтүстік-батысына 

қарай айналмалы теміржол салынады. 

Қаладағы жүк бекетін болашағы зор 

Междуреченскідегі өнеркәсіп аймағын 

көшіру, алыс шетелдегі әуе компанияларына 

қызмет ету мақсатында халықаралық әуе-

жай құрылысы қала сыртындағы аймақтан 

әріде жүргізіледі. 

Сонымен бірге экологиялық таза әрі 

жүрдек қоғамдық көлікті дамыту да 

қарастырылған. Алматы үшін заманауи 

көлік технологиялары енгізіліп, метро – 

16,3 шақырым, жеңіл рельсті көлік қала 

ішінде және қала сыртында 65 шақырымды 

құрайтын болады. 

Сөйтіп, біздің Алматы бас-аяғы 20-30 

жылдың ішінде адам танымастай өзгеретін 

сыңайлы. Әлбетте, кейбіреулер бас 

жоспардың мүлтіксіз орындалуына 

қатысты күдігін де білдіре жатар. Бірақ өз 

басымыз келген жанды бірден баурайтын 

мінезі бар Алматының осылайша өсіп-

өркендейтініне сенгіміз келеді. 



1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал