ОƏЖ 811. 512. 122 «елтану» тақырыбын мультимедиялық-лингафон сыныптарында өткізудің Ұтымды жақтары



жүктеу 39.17 Kb.

Дата20.03.2017
өлшемі39.17 Kb.

 

112


 

ОƏЖ

 811.512.122 

 

«ЕЛТАНУ»  ТАҚЫРЫБЫН  МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ-ЛИНГАФОН 

СЫНЫПТАРЫНДА

 ӨТКІЗУДІҢ  ҰТЫМДЫ ЖАҚТАРЫ 

 

Ширажиева

 А.Б., магистр, Елеусизова Б., ТР-11 

(М.Қозыбаев атындағы СҚМУ) 

 

 

 

Оқыту  үдерісінде  компьютерді  пайдалану  үлкен  мүмкіндіктерге  жол  ашады: 

уақытты  үнемдеуге,  студенттердің  белсенділігін  көтеру  мен  шығармашылық 

қабілеттерін дамытуға жəне өз бетінше білім алуға көмектеседі.  

Біздің 

университетімізде 



қазіргі 

заман 


талабына 

сай 


жабдықталған 

мультимедиялық-лингафонды  сыныптар,  интерактивті  тақталар  мен  мультимедиялық 

кешендер  қолданылуда.  Оқытушылардың  сабақ  барысында  осы  құралдарды 

пайдаланып,  тілдің  білімдік,  тəрбиелік,  дамытушылық  мақсаттарына  қол  жеткізуге 

мүмкіндіктері  бар.  Қазақ  тілін  үйретуде  соңғы  мультимедиялық-лингафон  сыныптары 

қолданылып жүр.  

Оқытушының  міндеті  өзге  тілді  студенттердің  мемлекеттік  тілді  үйренуге  деген 

құлшынысына  қанат  бітіру,  сол  арқылы  мемлекеттік  тілдің  мəртебесін  барынша 

арттыра  түсуге  ықпал  ету.  Қазіргі  таңда  оқытушылар  инновациялық  жəне 

интерактивтік əдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып, сабақтың сапалы əрі 

қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.  

Мақаламызда  компьютерлік  сыныпта  өткізген  «Қазақстан  Республикасы» 

тақырыбын қайталау  сабағының жоспарын  ұсынып отырмыз. 

Сабақтың

 тақырыбы: «Қазақстан Республикасы» (қайталау)».  

1-слайд. Сабақтың мақсаты:  

1.Тақырып бойынша студенттердің білімін  бір жүйеге  келтіру жəне қазақ 

   тілінде   сөйлету. 2.Ойлау қабілетін дамыту. 3.Қазақ тіліне деген ынтасын  

   арттыру. 4.Елін,   жерін  сүюге  тəрбиелеу. 



2-слайд .  Сөздердің қазақша баламасын айтыңыз: 

   Площадь, 

численность 

населения, 

граничит, 

государственные 

символы, 

государственный  язык,  официальный,  Указ,  независимость,  суверенный,  унитарное, 

цивилизованное, 

светское, 

правовое, 

социальное, 

провозглашать, 

принимать, 

утверждать, назначать, защищать, политическая система. 

* Берілген  сөздермен   сөйлемдер   құрастырыңыз. 



3-слайд. Сіз  шетелдіктерді өз  еліңізбен     қалай таныстырасыз? Қазақстан 

Республикасы  туралы   жалпы мəлімет беріңіз -  картамен жұмыс. 



4-слайд. Кластермен жұмыс. Кластерді «сөйлету».  

5-слайд. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рəміздері туралы. 

ҚР мемлекеттік Туы. ҚР мемлекеттік Елтаңбасы. ҚР мемлекеттік Əнұраны. 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туын Ресей Федерациясының  Туымен 

салыстырыңыздар. 



6-слайд. Президент  жəне оның  атқаратын міндеттері  туралы не білесіздер? Өз  

ойыңызды

  ортаға    салыңыз: Президент  болу үшін ...   

Егер  Сіз  Президент  болсаңыз, ... 

 (Қазақстан Республикасының Конституциясы, Ш-бөлім, 40-41 баптары). 

7-слайд.  Отан , туған жер  туралы қандай мақал-мəтелдер  білесіз? Мақал-мəтелдерді  

пайдаланып  сұхбаттасыңыздар. 



 

113


 

8-слайд. Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы. 

9-слайд . Ата Заң – алтын заң.  Конституция – мемлекеттің негізгі заңы.  

Қазақстан Республикасының Конституциясына  2007 жылғы 21 мамыр-дағы  № 254-ІІІ 

Заңымен  енгізілген  өзгертулер  мен толықтырулар туралы əңгімелеп беріңіз. 

10-слайд. Келесі мəселелерді талқылаңыздар: Конституцияға сəйкес Қ Р – 

1) демократиялық мемлекет. 

2) құқықтық мемлекет. 

3) əлеуметтік мемлекет. 

4) зайырлы мемлекет. 

5) егемен мемлекет. 

6) президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. 

7) өркениетті мемлекет. 



11-слайд. Экономикалық негіздері. 

12-слайд. Адам. Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам жəне 

адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. 



13-слайд. Саяси жүйені ұйымдастыру негіздері. Қазақстан Республика-сының саяси 

жүйесі туралы. Кластермен жұмыс. 



14-слайд. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымы. 

15-слайд. Қазақстан Республикасының сот жүйесі. ҚР  Жоғарғы Соты. 

Қ Р Прокуратурасы.  



16-слайд.  Қазақстанның болашағы –    қазақ тілінде. * Мемлекеттік тіл  - қазақ тілі. 

«Мемлекеттік тілді білу – заман талабы» атты пресс-конферен-ция өткізу. 

«Мемлекеттік тіл – менің тілім» - шығарма жазу. «Мемлекеттік тіл - Қазақстан 

халықтарын біріктіретін фактор». «Тіл туралы» Заң,  4 бап. 

*Қазақ тілін басқа тілдермен салыстырыңыз( ағылшын, неміс, орыс).  

* Тіл туралы нақыл сөздер. *Атақты адамдар қазақ тілі туралы (М.Жұмабаев, 

Ы.Алтынсарин, Г.Бельгер, В.Радлов, П.Мелиоранский). 

17-слайд.  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ə.Назарбаевтың  Қазақстан 

халықтары Ассамблеясының ХII сессиясында сөйлеген сөзінен. Астана, 2006 жылғы 24 

қазан.  ...Алайда  Қазақстандағы  жастар  мынаны  білуге  тиіс:  мемлекеттік  тілді 

білмейінше,  мемлекеттік  органдарда,  қызмет  көрсету  саласында,  құқық  қорғау 

органдарында немесе сот саласында жұмыс істеу мүмкін болмайды. Мемлекеттік тілде 

қойылған  сұрақтарға  сол  тілде  жауап  беруге  тура  келеді.  Уақыт  бар,  мүмкіндік  бар, 

мемлекеттің  қолдауы  бар  -  өз  функцияларыңды  қажетті  деңгейде  жүзеге  асыру  үшін 

тілді үйрену керек. Бұл əбден қалыпты жəне өркениетті шарт. 



18-слайд.   Оқусыз білім жоқ ,  білімсіз күнің жоқ. «Білім беру туралы» Заң. Қазіргі 

кездегі білім беру жүйесі. ҚР Жоғары оқу орындары. ҚР білім беру жүйесін  Ресей 

Федерациясының, Ұлыбританияның , Германияның білім беру жүйесімен 

салыстырыңыз. * Шетелдерде оқу. Сіздің шет елде оқығыңыз келе ме? 



19-слайд. «Болашақ» бағдарламасы туралы не білесіз? Басқа қандай бағдарламаларды 

білесіз? 



20-слайд. Ғылым мен техника. 

21-слайд. Қазақстандықтар ішінен шыққан спортшылар. 

22-слайд. Қазақстанның тарихи орындары. 

23-слайд. Қазақ халқының атақты адамдары, мемлекет жəне қоғам қайраткерлері. 

24-слайд. Қазақстан Республикасындағы атақты белгілер. 

25-слайд.  Астана   туралы   не білесіз? “Астана – Бəйтерек” кешені  туралы  не  

білесіз?  Астананың   көрнекті жерлеріне саяхат жасау.  



26-слайд.  “Жері  байдың   -   елі  бай”. Қазақстанның сыртқы экономика-лық 

байланыстары. Сыртқы сауда операциялары. Экспорттық жеткізілім-дер. Импорттық 



 

114


 

тауарлар. Негізгі тұтынушылар. Қазақстанның ең ірі жəне пəрменді    шетелдік 

əріптестері.  «Экономика – ел локомотиві» (газет материалдарымен жұмыс). 

27-слайд.  Астанадағы ЕҚЫҰ саммиті туралы. 

28-слайд. Ұлттық  валюта – теңге. Англия – теңге əзірленген ел (газет материалымен 

жұмыс. Елбасының сұхбаты.  «Егемен Қазақстан» газеті. 



29-слайд. Қазақстан   Республикасының   экологиясы. Табиғат – ұлы ұстаз. ҚР 

Конституциясы, 31-бап.  ҚР Конституциясы, 38-бап. «Экология – ұлтқа ортақ 

проблема» - «Дөңгелек үстел». Күн тəртібінде - өзекті экологиялық мəселелер. 

Қоршаған ортаны қорғау - жастардың міндеті. «Қазақстан экологиясы» тақырыбы 

бойынша екеуара сұхбат жүргізіңіздер.  

30-слайд. Қазақстан аумағындағы  қорықтар туралы не айтуға болады?  Кестені  

толықтырыңыз: 

 

Қорықтың 



атауы 

Құрылған 

жылы 

Орналасқан жері 



Мақсаты 

 

31-слайд. Жағдаяттық тапсырма: «Егер Сіз қоршаған ортаны қорғау комитетін 

басқарсаңыз, экологиялық проблемаларды шешу үшін не істер едіңіз?» 



32-слайд. Ұлттық Ұлан. Қ Р  Қарулы Күштері туралы не білесіздер? 

33-слайд. «Қазақстан – 2030» бағдарламасы. 

34-слайд. Қазақстан дүниежүзілік қауымдастықта. 

35-слайд. Қазақстан жəне халықаралық ұйымдар. 

36-слайд. Қазақстан жəне халықаралық қатынастар. 

37-слайд. Қазақстан жəне Біріккен Ұлттар Ұйымы. 

38-слайд. Қазақстанның басқа мемлекеттермен байланысы: Қазақстан - Ұлыбритания 

қарым-қатынасы. Қазақстан - АҚШ қарым-қатынасы... . 



39-слайд.  Қазақстанның  мемлекеттер  арасындағы  беделі.  Қазақстан  жəне  ЕҚЫҰ. 

Қазақстан ЕҚЫҰ-ның төрағасы. ЕҚЫҰ саммиті . 



40-слайд. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың 

Қазақстан халқына Жолдауы туралы пікірталас. 2012 жыл, 28 қаңтар. 



41-слайд. Қазақстан Республикасының тəуелсіздігіне -  20 жыл. Эссе жазу. 

42-слайд. Қазақстан Республикасының   15-қаңтарда өткен сайлауының 

                  нəтижесі жөнінде  «дөңгелек үстел». 



43-слайд.  Қорытынды.  Жағдаяттық  тапсырмаларды  орындау:  «Туған  жердің  қадірін 

шетте жүрсең білерсің». «Басқа елде сұлтан болғанша өз еліңде сұлтан бол». 



44-слайд. Басқа мемлекет басшылары Қазақстан туралы. «Пресс-конференция»  өткізу. 

45-слайд. Қазақстан Республикасының тəуелсіздік кезеңдері.   

46-слайд. Қазақстан Республикасының мерекелік күндері. 

47-слайд. Қазақстан Республикасының Бұқаралық ақпарат құралдары. 

 

 



 

Əдебиет

1.

 



Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халықтары 

Ассамблеясының ХII сессиясында сөйлеген сөзінен. Астана, 2006 жылғы 24 қазан. 

2.

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2012 



жыл, 27 қаңтар. 

3.

 



М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті – Алматы: Жібек Жолы, 

2007 – 319 б. 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал