Очерктің жанрлық өлшемі



жүктеу 92.95 Kb.

Дата01.03.2017
өлшемі92.95 Kb.

М.Б.Шындалиева 

Филология ғылымдарының докторы, профессор 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ, Қазақстан 

 

Очерктің жанрлық өлшемі 



 

Очерк алдында тұрған мәселенің қиындығы мен жаңалығы оның формасының 

(пішінінің)  әр  алуандығын  айқындайды.  Кӛптеген  жазушылар  очерк  үшін, 

кездесуден  туған  ойлар  мен  ассоциацияларға  тікелей  әсерде  жазылған  еркін 

форманы таңдайды. Алайда олар қызығушылық қатынасын айқын кӛрсете отырып, 

ӛз баядауын ішкі дара тақырыпқа, дара бейнеге бағындырады.  

Кейде  очерк  жазушылар  белгілі  адамдармен  кездесуін  корреспонденция 

түрінде  де  жазады.  Алайда  олар  баяндауға  типтік  уақытты  таңдап  алады.  Жазушы 

адам ӛмірінің маңызды кӛріністерін, оның еңбекке, қоғамға деген  қатынасын терең 

баяндауға ұмтылады. Мұндай жағдайда корреспонденция очеркке ұласады.  

Басқа  жағдайда  ӛзінің  белгілері  мен  элементтеріне  қарай  публицистикалық 

мақалаға  немесе  қысқа  философиялық  трактатқа  ұқсас  очерктік  баяндау  туады. 

Бірақ бұл жағдайда жазушының жеке ойы, оның кісілігі және ақиқат пен сол кезең  

адамының маңызды мәселелеріне кӛңіл аударуы заңды құбылыс. Автор ӛзінің жеке 

кӛзқарасына сүйене отырып, ӛмір құбылыстарына әлеуметтік-философиялық синтез 

жасауға ұмтылады. 

  

Очеркистер  ӛмірдегі  жиі  кӛріністерді  диалог,  пейзаж  суреттеулерінде 



жандандыра    отырып  ӛз  шығармасына,  әңгімеге  ӛте  жақын  баяндау  формасын 

береді.  Психологиялық  проблематиканы  мақсат  тұтпай-ақ,  олар  адамдарға,  факті 

мен  оқиғаға  дәлме-дәл,  ӛткір  публицистикалық  баға  береді.  Сонымен  қатар 

баяндауды ӛткір публицистикалық проблемаға бағындырады. Бұл әңгімені очерктен 

айырып  тұратын  бірден-бір  ерекшелік  болып  табылады.  Бір-біріне  бірікпейтін, 

биографиялық  повесть  жанрына  жақын  баяндау  формасын  туғызуға  мүмкіндік 

береді. 

Документті  очерктің  мүмкіндігі,  біздің  әдебиетімізде  шексіз.  Очерктің  бұл 

түрі  жер  жүзін  тануға  қызмет  ете  алар  еді.  Сондай-ақ  ӛмірімізге,  еңбек  пен 

шығармашылыққа  поэзия береді.  Очерк  ӛмірдің  шындық әлемін  философиялық ой 

формасында емес, бәріне таныс фактілер мен құбылыстарға сүйене отырып игереді. 

1950-ші 


жылдары 

документті 

очерктің 

даму 


барысында, 

оның 


публицистикалық  лирика,  жеке  тақырыппен  молайғанын  байқауға  болады. 

Әдебиеттің алтын қорына енген белгілі шығармалардың авторлары да осы жолмен 

жазған. Атап айтсақ М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин т.б. 

Бұл  жазушылар  ӛз  очерктерінде  публицистикалық  толымдылықты  сақтай 

отырып,  адам  бейнесін  үлкен  шеберлікпен  жасайды  және  де  оны  ӛміріндегі 

маңызды жұмысымен байланыстырады. Халық ӛміріндегі ғылыми шығармашылық, 

үлкен зерттеу жұмыстарының пафосын кӛрсету десек, бұл ғылыми-көркем очерктің 

басты міндеті. 



Бұл очерктердегі баяндау негізінде бір немесе бірнеше ғылыми мәселелердің 

қатарын түсіндіру де жиі кӛрініс табады. Ал жазушылар мұндай жарқын образдарда 

ғалымдардың  ой  лабораториясы  мен  адамдардың  ғылым  жолындағы  туған 

қиындықтарын  ашады.  Міне,  осы  жағдайда  баяндау  ғылыми-кӛркем  очеркке 

айналады.  

Кеңестік очерк, алдыңғы қатарлы классикалық очерк дәстүрлерін жалғастыра 

отырып  дамыған.  Ғылыми-кӛркем  очерктің  мазмұнына  күнделікті  ӛмірдің 

ерекшелігін,  психологиясын,  әртүрлі  халықтардың  мәдениетін  сыйғу  шарт  болған. 

Мұнда  танымдық  және  бейнелеуші  кезеңдерді  (момент)  кеңінен  қамтып, 

бейбітшілік пен демократия идеясын да насихаттайды. Бұл біздегі барлық очерктің 

толық тізімі емес. Қазіргі  әр алуан очерк формалары, ертеректегі әдебиетте мүлдем 

болмағандеуге болады.



 

Очеркке  жанр  есебінде  кеңінен  түсінік  берген  “Әдебиет  терминдерінің 

қысқаша  сӛздігіндегі”  Л.Тимофеев  пен  Н.Венгеровтың  түсініктемесі  болып 

саналады. “Очерк  – әдебиеттегі эпикалық жанрға әңгімелеп, баяндап беретін түрге 

жатады.  Сондықтан  да  ол  (роман,  повесть,  әңгіме)  маңызды  және  ӛзіне  тән 

сипаттарды іріктеп алып жазушы шығармашылық ой-қиялы арқылы жалпы оқиғаны 

тұжырымдайды,  яғни  оқиғаның  ӛмірде  болу  немесе  болмауы  да  мүмкіндігі 

тұрғысында суреттейді”[1,102 ]. Очеркист ӛмірдегі фактілерді суреттеуде кез-келген 

суреттер  сияқты  ӛмірден  оқиғаның  ең  маңыздысын  іріктеп  алады  және  адамдар 

әрекетіндегі  ӛзіне  ғана  тән  сипаттарды  сұрыптайды,  яғни,  автордың  ойын,  оның 

ӛмірге қатысын айтып береді. Алайда, ол ой-қиялдың басты элементтерін ӛзгертуге, 

бұрмалап  кӛрсетуге  тиіс  емес.  Элементтерді  ойдан  шығаруға  күштеу  очеркті 

әңгімеге айналдырып жібереді де фактілер дәлдігі міндетті болмай қалады. 

Орыс  прозасында  очерктік-әңгіме  қосындысы  ертеден  бар.    Оған  мысал 

А.Тургеневтің  “Хорь  және  Калиныч”  немесе  Ги  де  Мопассанның  кез-келген 

новелласы  бүгін  новелла  болып,  ертең  мазмұны  мен  формасы  жағынан  ешқандай 

ӛзгерістерге  түспей-ақ  кәдімгі  очерк  болуы  мүмкін  бе  деген  сұрақ  заңды  

туындайды. Бұған әбден мүмкін деп жауап береміз. 

С.Сейфуллиннің  «Бандыны  қуған  Хамит»,  С.Мұқановтың  «Ӛмір  мектебі», 

Ғ.Мүсіреповтің  «Қазақ  солдаты»,  т.б.  шығармалары  ӛздерінің  документальді 

негіздеріне  қарай  реальдық  жоспар  тұрғысынан    ӛмірде  шын  болған  оқиғаларды 

арқау  еткендігі  мәлім.  Алайда,  ешкім  де  неге  бұл  шығармаларды  очерктер  немесе 

очерктік  роман  не  очерктік  повесть  демейді!  Қазіргі  әдеби  терминдер  сӛздігіне  

бағынбайтын  кӛптеген  «болған»,  «ойдан  шығарылмаған  әңгімелер»  (М.Әуезовтің 

1920-шы  жылдары  жазған  әңгімелері,  Ә.Нұршайықовтың  «Ақиқат  пен  аңыз» 

романы, А.Бектің «Волоколам тас жолы» т.б. )  шығармалар әдебиетте бірі әңгіме, 

бірі  повесть,  бірі  роман  ретінде  ӛз  құқықтарын  бекіткен.  Қоршаған  орта 

шындығымен  байланысына  қарай  очерктерді  екі  типтік  айырмашылыққа  бӛлген: 

документальді  және  кӛркем  немесе  беллетристендірілген  очерктер.  Очеркші-

документалистер  ойдан  шығарудан  қашқақтай  отырып,  шынайы  типтік  фактілерді 

сұрыптау жолымен  типтік образдарды жасайды. Документальді очерктерге қатысты 


Л.Тимофеев,  В.Сорокин,  Г.Абрамовичтің    берген  анықтамаларын  қабылдауға 

болады. 


Көркем  очерк  (беллетристендірілген)  деп  кейіпкерлер  есімдерін  ойдан 

шығарған,  ойдан  шығарылған  оқиғалы  туындыларды  атайды.  Ӛзінің  формасы 

жағынан кӛркем очерк документальді очерктен тым ерекшеленбейді. Кӛркем очерк 

жанрында Ғ.Мүсіреповтің Амангелді Иманов туралы очерктер циклы, Ә.Әбішевтің 

«Екі ананың әңгімесі», Ғ.Ормановтың «Алатау сынды ақсақал» очерктері бар. 

Бұл очерктерде ең маңызды деген суреттеудегі құбылыстарда ғана нақтылық 

сақталады.  Очеркист  басқа  компоненттерді  таңдауда  кез-келген  басқа 

жанрлардағыдай  ерікті  де,  еркін.  Ол  нақтылы  адресті  бермеуге  ерікті,  ойдан 

шығарылған  персонаждарды  әрекетке  қоса  алады,  жорамалға  және  түйіндеуге 

жүгінеді. 

Документальды дүниені ойдан шығарылған оқиғамен араластыру жазушыдан 

зор  сақтықты,  авторлық  этиканың  қатаң  сақталуын  талап  етеді.  «Кӛркем  очерк» 

терминінің  бүгінгі  күні  аты  затына  сай  екендігін  баса  айту  керек.  Кӛркем 

суреткерлік  дегенде  әдетте  шығарманың  жоғары  сапасы,  идеясын  айқындау, 

образдылық, мінездердің типтілігі, суреттеу құралдарының толыққанда кӛркемділігі 

ескеріледі. 

Документальді 

жанрдың 


үздік 

шеберлерінің 

практикалық 

шығармашылығы    құжаттылық  кӛркемдікке  қарсы  тұрмайтындығын  ғалымдар 

сенімді түрде дәлелдеп берді. «Кӛркем очерк» терминін пайдалану үстінде біз оған 

шартты  мазмұнды,  ойдан  шығарылған  материалдар  негізіндегі  очерктерді 

жатқызамыз. Бұған «Беллетристендірілген очерк» термині дәлдеу келеді. Сондықтан 

мұндай очерктерді беллетристік очерк деп атау дұрысырақ болмақ. 

Документальдылық-маңызды,  алайда  очерктің  сипатын  толық  ашып  бере 

алмайтындықтан  жанр  ӛлшемі  қызметін  атқара  алмайды.  Очерктегі  фактілер  мен 

ойдан  шығарылған  оқиғалардың  арақатынасы  емес,  суреттеуге  тиісті  материалдар 

сипаты  мен  ӛмірді  ӛзіндік  типтендіру  арқылы  зерттеп,  анықтама  беру    керек 

дегендер  кӛзқарасы  басым.  (Е.Журбина,  Б.Удодов,  А.Коган,  С.Максимов, 

В.Багданов т.б.).  

М.Әуезовтің «Түркістан» солай туған», «Оңтүстік сапарынан», С.Шариповтың 

«Иран-Рузи»,  С.Мұқановтың  «Арқаға  саяхат»,  «Каспийге  саяхат»,  Ғ.Мүсіреповтің 

«Кездесулер»,  «Біздің  ұлы  жазушымыз»,  Ғ.Мұстафиннің  «Шыныдан  туған  қозы», 

«Жезқазған»,  Ғ.Слановтың  «Қарқара  жерінде»,  М.Иманжановтың  «Шығыстың 

шолпаны»  т.б.    кӛптеген  очерктері  мазмұны  әрі  құрылымы  жағынан  (әлеуметтік) 

ғылыми  зерттеуді  еске  салады.  Очерк  кәдімгі  ғылыми  еңбектен  образды  тіл, 

логикалық-беллетристік  аргументті  ой  ӛрімдері,  зерттеу  тақырыбына  жақын 

суреттеулерімен ерекшеленеді. 

 Очерктің  жанрлық  ерекшелігі,  әңгіме  тәрізді  шығармашылық  идеялық-

кӛркемдік  құрылым  сипаттарымен  тұжырымдалған.  Проблемалар  мен  шындықты 

зерттеудегі  кӛркемдік  тәсілдеріне  қарай  очерк  бірнеше  жанрлық  түрге  бӛлінеді. 

Олар:    жол-сапар,    портреттік,  деректік,  тұрмыстық,  проблемалық,  оқиғалы  очерк 

т.б. 


Очерктің  тағы  бір  жанрлық  ӛлшемі  бар.  Ол  ӛте  маңызды  және  күрделі. 

Очерктің  ӛзіне  тән  жақын  түрлерімен  бірігу  арқылы  жаңа  бір  сипатқа  ие  болуы: 

очерк-мақала,  очерк-әңгіме,  новеллалық  очерк,  очерктік  повесть  және  романға 

бӛлінеді.  Очерктің  кӛпқырлы  жанрлық  ерекшелігі  кӛркем  әдебиетте  басқа 

жанрларға қарағанда аса бай болып келуі заңды құбылыс.  

Кӛркем  очерк  сонымен  бірнеше  жанрлық  ӛлшемге  ие  болады.  Оларды 

ӛздерінің  жанрлық белгілеріне қарай атап ӛтсек былай бӛлеміз: 

1.

 



Архитектоникалық  жағынан  (кәдімгі  очерк,  очерк-мақала,  очерк-

әңгіме, очерк-повесть, роман).  

2.

 

Әдеби  - түрлі (обьективті  - баяндамалы, публицистикалық, лирико  - 



публицистикалық очерктер).            

3.

 



Кӛтерген  проблематикасына  байланысты  (проблемалық,  портреттік, 

тұрмыстық, жол-сапар т.б). 

4.

 

Әлеуметтік-тақырыптық 



жағынан 

(ауылдық, 

қалалық, 

этнографиялық, тарихи, энциклопедиялық).   

5.

 

Кӛркемдік  ойдан  шығаруға  қатысты  (документальды  және 



беллетристикалық немесе кӛркем очерктер). 

   Аталғандардың  арасында  жанрлық  ӛзгешеліктер  жоқ.  Аталған  бес  түр 

біреуінен  тӛртеуі  ӛлшемдік  жағынан  айырмашылығы  бар.  Мәселен,  очерк-әңгіме 

обьективті-баяндамалық 

немесе 

лирико-публицистикалық, 



проблемалық, 

портреттік,  тұрмыстық  немесе  жол-сапар,  ауылдық,  ӛндірістік,  әскери  немесе 

тарихи, документальды немесе беллетристік болуы мүмкін. 

Ал  кӛп  түрліліктің  ішінде  шекара  айқын  байқалады.  Олар  тым 

айқындалмағанымен  ӛз  қызметін  атқарып  тұрады,  жанр  рамкасын  немесе  жанр 

түрлілігін  белгілейді.  Бұл  рамкадан  шығып  кету  жанр  трансформациясына,  яғни 

жаңа түрдің тууына әкеледі. 

Кез-келген  очеркті  қосымша  анықтамалармен  жабдықтау  міндетті  емес. 

Алайда,  очерктің  сапалық  белгілерін  білмеу  жанрдың  түпкі  мәнінен  толық  түсінік 

алмау деген сӛз. 

М.Әуезовтің  «Сӛз  алған  -  тау  сағыз  бен  кӛк  сағыз»[2,18-21]  атты  очерк-

мақаласында  тау  сағыз  бен  кӛк  сағызды  ӛсірудің  қиыншылығы,  каучук  алудың 

технологиясын  кеңінен  әңгімелейді.  Оқырман  очеркті  оқу  барсында  каучукты  алу, 

ӛндіру  туралы  мазмұнды  хабар  алады.  Бұл  очерк-мақалада  тек  осындай  танымдық 

материалдармен  ғана  шектелмеген,  сол  сағыз  түрлерін  ӛсірудің  қыр-сырын 

меңгерген  кейіпкерлер  Сариев  пен  Бабасов  әрекет  үстінде  кӛрінеді  және  промхоз 

күшімен саяси және мәдени жұмыстар да жүргізіліп жатқандығы әңгіме болады. Бұл 

мақала-очеркті  кӛркем  очерктер  қатарына  жатқыза  алмаймыз.  Себебі,  кӛркемдік 

қасиеттерден  гӛрі  бұл  шығармада  публицистикалық  сарын  басымдау.  Олай 

дейтініміз  -  тау  сағыз  бен  кӛк  сағызды  ӛсіру,  ӛндіру  туралы  кеңінен  әңгіме 

болғанымен, адам жаны, психологиясы жоқ десе де болғандай. 

Сонымен 


байқағанымыз 

очерк-мақала 

қоғамдық-саяси 

және 


халықшаруашылық,  экономика  проблемалары  сӛз  болатын  очерктің  ең  шағын 

түрлерінің бірі екен. С.Мұқановтың «Бүгінгі ауыл осындай»[3,17] очеркі де Алматы 

облысының  колхоздарының  1960  жылдардағы  ӛмірі,  құрылыс,  бау-бақша  мен  мал 

шаруашылығының жайын сӛз етеді. Бұл ауыл адамдарының ӛмірі туралы жазылған 

проблемалық очерк-мақала. 

Ал  очерк-әңгімеде    оқиға  баяндау  арқылы  жүзеге  асады.  Очерк-әңгіменің 

жанрлық ерекшелігі алдымен очеркистің оқиғаны баяндау тәсіліне, композициялық, 

сюжеттік  құрылысы,  кейіпкерлердің  характерін  ашу  кезінде  кӛрінеді.  Кез-келген 

очерк әңгімеде де кәдімгі кӛркем әңгімедегідей  бас-аяғы жинақы, тиянақты  оқиға 

туралы  құрылады.  Ы.Алтынсариннің  «Қыпшақ  Сейітқұл»,  С.Сейфуллиннің    «Қыр 

балалары»,  «Екі  кездесу»,  «Бандыны  қуған  Хамит»,  Б.Майлиннің  «Шұғаның 

белгісі»,  «Той»,  «Заман»,  М.Әуезовтің  «Қорғансыздың  күні»,  «Қасеннің 

құбылыстары»,  Ғ  Мүсіреповтің  «Батыр  большевик  Амангелді»,  «Батырдың  биік 

тұлғасы»,  «Шұғыла»,  С.Шариповтың  «Рузи  Иран»  т.б.  шығармалары  қазақ 

әдебиетінде бірде очерк, бірде әңгіме деп аталып жүр. Әдебиет теориясын зерттеуші 

ғалымдар  бұл  шығармалардың  жанрлық  ерекшеліктерін  жіктегенде  онда  кӛркем 

әңгімеге  де  очеркке  де  тән  қасиеттер  мол  екенін  тілге  тиек  етеді.  Бұл  кӛркем 

шығармалар  қазақ  ӛмірінің  тіршілігін  қаз-қалпында  бейнелейтін  нағыз  очерк 

нұсқалары  екенінде  дау  жоқ.  Бұлардағы  сюжет  желісі  нағыз  ӛмір  шындығынан 

алынғанына кім  кепіл деген  сауал  туындауы  мүмкін.  Мүмкін кейіпкерлердің   аты-

жӛнін  автор  ӛзгерткен  шығар,  кей  жерінде  ойдан  қосып,  кӛркемдік  бояуын 

қалыңдатқан да шығар. Мысалы Б.Майлин ӛзінің әңгімелерінде  ӛмірде бар шындық 

оқиғаларды  жазушылық  талғаммен  жинақтай  отырып  (обобщения)  кӛркемдеп 

суреттеу  арқылы  нақты  детальдар  мен  шрихтарды  орынды,  әрі  үнемді  пайдалана 

білген  жазушы.  Бейімбеттің  әңгіме-очерктері  туралы  М.  Әуезов  былай  дейді: 

«Бейімбет  Майлин  әңгімелерінде  терең  шыншылдық  бар,  адам  бейнесі,  қарым-

қатынастары  әрдайым  нанымды  болып  шығады.  Және  бұл  шығармалардың  түр, 

үлгісінде  дӛңгелек  келген  тұтастық  айқын  ағарылады»[4,385],-  деп  әділ  бағасын 

береді.  Бұл  пікірден  аңғарғанымыз,  Бейімбет  әңгімелері  мейлінше  қысқа,  оқиғасы 

тартымды,  кӛркем  жазылған  және  қоғам  ӛмірін  қаз-қалпында  шындық  тұрғыдан 

бейнелеуі  очерк  жанрына  тән  қасиеттерді  ӛз  бойына  сіңіре  отырып,  нақты 

фактілерге негіздеп жазуында. 

Ы.Алтынсариннің  «Қыпшақ  Сейітқұл»  әңгімесіне  келер  болсақ,  кӛркем 

очеркке  тән  сипаттары  мол,  нақты  ӛмір  шындығынан  алынған  фактілер  негізінде 

жазылған.  Оған  дәлел  «Сейітқұл,  құрметті  Тілеу  Сейдалин  сұлтанның  айтуы 

бойынша,  1830  жылдарда  ӛтіпті-міс.  Сол  данышпан  кісінің  ақылымен  егінді  әдет 

еткен халық Қабырға суының бойында әлі кӛп»[5],- деп Сейтқұлдың тарихта болған 

адам  екенін,  оқиға  желісі  шындыққа  құрылғанын  жазушы  ескере  кетеді.  Қыпшақ 

Сейітқұл Түркістан жағында қалмақтың жортуылына ұшырай бергендіктен Қабырға 

ӛзенінің  жағасына  келіп  егіншілікпен  айналысып,  айналасындағы  халықты  да 

отырықшылық,  егіншілік  кәсіппен  айналуды  уағыздайды.  Тарихта  Сейітқұлдың 

ұрпақтары бүгінде Қабырға ӛзені бойында қоныс теуіп келеді екен. 


С.Сейфулиннің  «Жұбату»,  «Қыр  балалары»,  «Екі  кездесу»,  «Бандыны  қуған 

Хамит»    ХХ  ғасырдың  бірінші  жартысындағы  қазақ  халқының  ӛмірін,  тіршілігін 

қаз-қалпында  бейнелейтін  нағыз  кӛркем  очерк  нұсқалары  екенінде  дау  жоқ. 

Сәкеннің  «Жұбату» шығармасы 1917 жылы жазылған. Бұл қысқа очерк-әңгімесінде 

жазушы  қазақ  қыздарының  басындағы  ауыр  халді  Мүсілимажан  деген  кейіпкері 

арқылы  азаматтық  бас  бостандық  тақырыбын  кӛтерген.  Бұл  очерк-әңгімеде 

ӛктемдіктің    ауыр  салмағымен  қоса  әлеуметтік  сарын  да  сыр  ашады.  Очеркке  тән 

шығарманың  бір  тұсы  -  автордың  ӛз  пікірін,  белгілі  мәселеге  байланысты  

позициясын  ашық  білдіруі  дер  едік.  «Мен  білемін  қаусаған  шалдың  құлдығында, 

күңдігінде жүріп сарғайған қазақ қызын, мен білемін наданның қаюан нәжісі үшін 

екі-үш  қатынның  бірі  болып  қыспақта  жылап  жүрген  қазақ  қызын»[6,6].  Мұнда 

баяндаушының  «Мен»  бейнесі  айқын  кӛрініп  тұр.  Мұнда  автор  ӛзінің  тікелей 

оқиғаға  қатысын  білдіргендігі  оқиға  құру  мен  баяндау  тәсілінен  байқалады. 

Сәкеннің  «Бандыны  қуған  Хамит»  әңгімесі  де  алдымен  адам,  оның  ӛмірі  мен 

тағдырын кӛрсеткен  ӛмірбаяндық очерк-әңгіме қатарына жатады. 

Егер  біз  очеркті  ӛмірдің  шежіресі  десек,  ұлылы-кішілі  істердің,  жаңалық 

атаулының  жаршысы  да  осы  очерк  болып  келген.  Ертеректегі  очерк-әңгіме 

нұсқалары халық ӛміріне етене жақын, ел тану, жер тану құралы да болған. Соның 

бірі  1935  жылы  жазылған  Сабыр  Шариповтың  «Рузи-Иран»  атты  танымдық 

қасиеттерге толы шығармасы. Ол туралы академик Рымғали Нұрғали былай дейді: 

«Зерттеушілер  бірде  мұны  әңгімелер,  бірде  очерктер  жинағы  дейді.  Асылы,  бұл 

очерктер  жинағы  деп  аталғаны  жӛн  секілді,  ӛйткені,  очерк  жанрына  тән 

зерттеушілік-этнографиялық мәлімет мұнда кӛп және әңгімеден гӛрі очеркке лайық 

публицистикалық  сарын  кітаптың  ӛн  бойын  алып  жатыр»[7,102].  Бұл  жазушының 

Иран  елінде  болып,  ӛз  кӛзімен  кӛргендерін  жазғаны  аян.  С.Шариповтың  бұл 

шығармасында  әңгімеге  тән  қасиеттерде  жоқ  емес.  Жат  жұрт  тұрмыс-тіршілігін 

суреттегенде    фактілерді,  құбылыстарды  типтендіруге  жол  берген.  Очерк-әңгімеде 

Иран ӛмірінің екі қыры алынып,  байлар мен саудагерлердің сән-салтанаты, екінші 

жағынан  қарапайым  халықтың  қорлық  бейнеті  сабақтастырыла  суреттеледі. 

Қарапайым  адамдардың  басынан  ӛткен  оқиғалар  очерк-әңгіменің  сюжет  желісін 

құрайды.  Балбектің  жол  әңгімелері  –  Иран  болмысын  әр  қырынан  кӛрсетуге 

оңтайлы  әдіс  және  Иранның  сол  кезеңдегі  әлеуметтік  ӛмірін  шыншылдықпен 

бейнелеген. Жазушы жоғарыдағы очерк-әңгімесіне Тегеран, Пехлеви  қалаларында 

ӛзі  жолығып,  дәмдес,  сырлас  болған  әр  түрлі  әлеуметтік  топ  ӛкілдерімен 

кездесуіндегі  түйген  ойларын  ортаға  салады.  Олардың  әрқайсысының  басынан 

ӛткен  оқиғалар  очерк-әңгіменің    сюжет  желісіне  қазық  болады.  Бұл  шығармадағы 

кейіпкерлер де, сюжет те, композиция да шын ӛмір оқиғасынан құралып, яғни очерк 

сюжеті ӛмір мектебінен алынған.  

М.Әуезовтің  1930  жылдары  жазған  шығармалары  кӛбіне  очерктік  сарыны 

басым,  құрылысы  жағынан  бойына  кӛркем  әңгіменің  де  очерктің  де  элементтерін 

сіңірген,  ӛмір  оқиғаларын  табиғи  байланыспен  реалды  түрде  суреттеуді  мақсат 

еткен  туындылар.  Сол  шығармалардың  ішіндегі  шоқтығы  биігі    «Қасеннің 



құбылыстары»  туралы  заңғар  жазушы  ӛзі  «психологиялық  очерк»  деп  анықтама 

береді. Очерк-әңгіменің басты кейіпкері Қасеннің кезінде ояз бастығы болып жылы-

жұмсаққа  үйреніп,  кейіннен  басқа  заман  туғанда  жүдеп-жадап  ӛткен  ӛмірін, 

бұрынғыны  кӛксеуін  жазушы  шебер  суреттейді.  Қарақан  басының  қамын  ойлаған 

Қасеннің  мінезі  іс-әрекет  үстінде  ашыла  отырып,  сыртқы  әлемге  неге  ашу-ызамен 

қарайтынын, жаңа ӛмір салтынан титықтағанын, түбінде қылмысты болып, тергеуге 

алынғаны  нанымды  баяндалады.  Автор  кейіпкер  психологиясын  ашуда  оқушыны 

ескілік  қалдықтарымен  күресуге  шақырады.  Ілгері  басқан  жаңа  ӛмірдің  жаршысы 

болып,  жазушы  халықты  азаматтық  кемелденуге  уағыздайды.  «Қасеннің 

құбылыстары»  ӛмір  құбылыстарын  нанымды,  қаз-қалпында  суреттеуімен,  терең 

толғанысқа    меңзейтін  очерктің  де,  әңгіменің  де  жүгін  тең  кӛтеретін 

шығармаларының бірі. 

Очерк пен әңгіменің ӛзіне тән ерекшеліктері мен сыр-сипаты бір-біріне ұқсас. 

Очерк теориясын зерттеуші ғалымдар: «Очеркте нағыз ӛмір шындығы, қоғамда бар 

реалды  адамдар  алынып,    оқиғаның  болған  жері,  уақыты,  кеіпкер  есімі  дәлме-дәл 

кӛрсетіледі»[8,47],-  дейді.  Біздің  ойымызша  барлық  очеркті  осы  шеңбер  ішіне 

сыйғызу мүмкін емес. Мысалы, Ғ.Мүсіреповтің Амангелді туралы очерктер циклын 

алсақ,  жазушы  сол  оқиғалардың  басы-қасында  болып,  қай  күні,  қай  жерде 

болғанына  куә  болып  барып  жазуды  міндет  етпегенін  кӛреміз.  Очерк-әңгімеде  де  

ойдан  алынған  оқиғалар,  характерлер,  кейіпкер  қақтығыстары  типтік  түрде 

сараланып, автор идеясы бірде ӛз атынан, бірде кейіпкер атынан баяндалуы мүмкін. 

Очерк  замана  шежіресі  десек,  әңгімеге  де  күнделікті  ӛмірден  орын  алған 

оқиғалар  арқау  болады.  Очерк  пен  әңгіменің  бір-біріне  ұқсас  тұстары  баршылық. 

Біріншіден,  баяндаушы  бейнесі  айқын  кӛрінуі,  екіншіден,  ӛмірден  алынған  шын 

оқиғалар  сюжетке  арқау  болады,  үшіншіден,  әңгімедегі  сияқты  очеркте  де  оқиға 

бірте-бірте    дамиды,  тӛртіншіден,  очерктің  де  әңгіменің  де  соңы  тиянақты 

аяқталады. 

Очерктік  шығарманың  кӛлемі  шексіз.  Ал  әңгіме,  повесть,  романдарды  біз 

кӛбіне  кӛлеміне  және  қамтыған  дәуіріне  байланысты  ажыратып  жатамыз.  1931 

жылы  Н.  Тихонов:  «  Очерк  –  жүз  есе  кішірейтілген  роман»  [9,86],-  деп  жазған 

болатын.  Бұл  түйіннен  ұққанымыз  очерк  әр  уақытта  да    жазушының  бірінші 

басқышы,  шағын  нәрсені  шебер  жазып  үйренген  қаламгер  ғана  кемеңгер 

шығармалар  туғыза  алатыны  күмәнсіз.  Осы  мәселе  тӛңірігіндегі  Ғ.Мүсіреповтің 

мына  пікіріне  иланбауға  болмайды:  «Кӛркем  очерк  алдағы  күнде  туар  үлкен 

еңбектердің  барлаушысы.  Бұл  –  әрбір  үлкен  жаңалықтарға  тез  жаңғырығып 

отыратын,  жазушының  белсенділігін  арттыратын  сала»[12,324].  Ғ.Мүсіреповтің 

атақты  «Қазақ  солдаты»  романы  алғашқы  кезде  шағын  кӛлемді  ғана  очерк 

формасында  ӛмірге  келген.  Алғашқы  жарияланымын  «Социалистік  Қазақстан» 

газетіне  басқан автор оны «Қазақ батыры» деп атаған. Ұлы Отан соғысында ӛзінің 

ерлігімен  кӛрінген  ӛрімдей  қазақ  жігітімен  майданнан  оралған  бетте  жолығып, 

қысқа очерк желісіне айналдырған жазушы бұл тақырыпты кеңейте отырып повесть

кейіннен романға айналдырғаны әдебиет тарихынан белгілі. 



Сәкен  Сейфуллиннің  «Тар  жол,  тайғақ  кешу»  нақтылы  тарихи  фактілерге 

сүйенген мемуарлық шығарма. Бұл романның идеялық, кӛркемдік қасиеттерін ашу 

барсында  кӛзіміз  жеткені  очерктік  белгілердің  кӛптеп  кездесуі.  Алдымен  жазушы 

осы оқиғалар негізінде әңгіме, очерк, публицистикалық шағын шығармалар жазып, 

кейіннен  мемуарлық  роман  жанрын  туғызған.  Бұл  шығарманы  жай  роман  десек 

қателесетін  сияқтымыз.  «Тар  жол,  тайғақ  кешуді»  очерктік-роман  деуіміз  оның 

идеялық-кӛркемдік  құрылымында  очеркке  жақын  сапалардың  мол  болуынан  деп 

түсіндіреміз.  Сонымен  қоса  романда  публицистикалық-зерттеушілік  бастаулар  мол 

екенін  де  есепке  алған  жӛн  секілді.  Очерктік  повесть  пен  романдарды  тек 

документальдылығы  басым  болған  жағдайда  және  бұл  тұста  публицистикалық 

сарын  да очерктік қасиеттерді толық дарытпайды. 

 

 



Пайдаланған әдебиеттер 

1.  Тимофеев  Л.,  Венгеров  Н..    Әдебиеттану  терминдерінің  қысқаша  сӛздігі.  М.: 

Советский писатель, 1968.  

2.

 



Әуезов  М.  Жиырма  томдық  шығармалар  жинағы.  Сегізінші  том.  Алматы., 

Жазушы, 1981. 

3. Мұқанов С. Таңдамалы шығармалар. Он үшінші том. Алматы., Жазушы, 1978. 

4.  Әуезов М. Әр жылдар ойлары. Алматы., Жазушы, 1959. 

5. Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалар. Алматы., Мектеп, 1985. 

6. Сейфуллин С. Әңгімелер мен повестер. ҚМКӘБ. Алматы., 1958. 

7. Нұрғалиев Р. Ӛнер алды-қызыл тіл. Алматы.: Мектеп, 1974. 

8. Ыдырысов Т. Шеберлік бастауы. Алматы., Мектеп, 1984. 



9. Наши достижния», 1933, №1. 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал