Очерктегі кӛркемдік тәсілдердің Қызметі



жүктеу 143.21 Kb.

Дата07.03.2017
өлшемі143.21 Kb.

ОЧЕРКТЕГІ КӚРКЕМДІК ТӘСІЛДЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІ  

 

М.Б.Шындалиева 

Филология ғылымдарының докторы, профессор 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ, 

Қазақстан

 

 

Әдебиеттану  терминдерінің  сӛздігінде:  “Диалог,  сӛйлестіру  (грекше  - 



dialogos)  -  әдеби  шығармада  екі  кейіпкердің  немесе  бірнеше  адамның 

сӛйлесуі, оларды сӛйлестіру тәсілі” [1,79 б], - деп анықтама берілген. Кӛркем 

очерктерде  де  шынайы  образдар  ашылуы  үшін  ӛмір  құбылыстары  мен 

оқиғаларын  терең,  тартымды  тілмен  жеткізу  диалог  арқылы  жүзеге  асады. 

Очерктегі  диалогта  кейіпкерлерді  жай  бір-бірімен  сӛйлету  арқылы  емес, 

керісінше, 

адамдардың 

қарым-қатынасы, 

мінез-құлқы, 

эмоциясы, 

психологиясы, 

эмоционалдық, 

сюжеттік-композициялық 

жүйесінде 

диалогтың атқаратын рӛлі зор. 

Әдебиеттанушы  ғалым  Л.Боровой  кӛркем  шығармадағы  диалогтың 

қызметіне:  “...  адам  қалайша  бұлтарыс  жасайтыны  немесе  тасаланып 

бағатыны,  нені  түгел  айтып,  нені  бүгіп  отырғаны,  оның  ұғымынша  қандай 

нәрсені  атамаса  да  түсінікті  екені,  сӛйлеу  жүзінде  ол  қандай  мүмкіндіктер 

байқататыны  аңғарылады”  [2,188  б],  -  деп  сәтті  анықтама  берген. 

Кейіпкерлерді  бір-бірімен  сӛйлестіру,  ойландыру  тұстары  стильдік 

амалдардың  ең  кӛп  қолданылатын  түрі.  Кез  келген  очеркист  диалогты 

орынды пайдалана білгенде ғана кейіпкердің мінез-құлқын толық аша алады. 

Әсіресе, кӛркем очерктерде кейіпкердің ауызекі сӛйлеу тіліне тән сӛздермен, 

ретіне  қарай  кӛбіне  қысқа,  шағын  сӛйлемдермен    диалог  берілсе  бұл 

жазушының тіл ӛрнегінің бір қыры.  

М.Әуезовтің “Жуалы колхозшысы” очеркінде мынадай диалог бар. Онда 

Ванновка  жанындағы  кӛпірді  түзетуге  бара  жатқан  үш  жұмысшының 

диалогы егіс науқанындағы қарбаласын кӛрсеткен тұсы ӛте сәтті шыққан:  

“ - Кӛктемді айтпағын. Қиын-ақ болған ет. Ӛзіміз адам боламыз деген ек. 

Масадай сенделіп қалмадық па? 

Қалдыбай ырғала түсіп:  

- Қызық ... Сонда да егіс жоспарын толық бітіріп шықтық. Мәмет кӛктем 

мен былтырғы қыстың күйінен үзіле алмай:  

-  Сонда  қатынның  еңбегі  жүдә  зор  болды.  Тегі,  қатын  деген  берік  жан 

болады екен. Еркек порт кететін кӛрінеді. 

-  Сонау  таудан,  -  деп  Мәмет  бет  алдымыздағы    6-7  шақырым  жердегі 

Жыланды тауын кӛрсетіп, - рауаш, алға әкеп, ӛзіміз колхоз ісінде жүргенде ас 

қып  беріп  жүреді,  қатын”  [3,7  б],  -  деп  кейіпкерлердің  күнделікті  

әңгімелесулері  осындай  артық  сӛзсіз,  жасанды  ділмарсусыз  болып  келеді. 

Бұнда  жазушы  диалогты  ситуацияға  қарай  құрған.  Бұл  диалогтағы  тағы  бір 

ерекшелік  –  жергілікті  диалект  сӛздерді  орынды  жерінде  пайдаланып, 

шындықты  объективті  тұрғыдан  пайымдаған.  Лексика  нанымдылығымен 

суреттеудегі  жазушы  басқа  кӛркем  очерктерінде  де  диалектік,  жаргон 



элементтерді  ұмытпай  пайдалану  арқылы  персонаждардың  ой  әлемін  сәтті 

ашады.    

Очерктегі  диалог  арқылы  кейіпкерлердің  ішкі  сыры  аңғарылады.  Әр 

кейіпкердің  сӛз  саптауынан,  ой-толғанысынан,  сӛйлеу  ерекшелігіне  жан 

дүниесін  анық  байқауға  болады.  Кез  келген  жазушы  шеберлікке  ӛз 

кейіпкерлерін  мінез-құлқы  мен  ой-ӛрісіне  сәйкес  сӛйлете  білгенде  ғана  қол 

жеткізеді.  

С.Мұқановтың  “Сарыарқада”  атты  кӛркем  очеркінде  Ұланбелдің 

болашағына сүйсіне отырып, табиғатты  беріп, табиғат – адам, адам – табиғат 

бір-бірінің қимыл-әрекеті мен белгі-қасиеттерін  иемденіп жатады.  

“ - Бұдан қолайлы орын жоқ, - деседі әңгімелесушілерім. 

-  Күнгей  жағымыз  –  Мойынқұм,  теріскей  жағымыз  –  Бетпақдала.  Шу 

аяғының  бұл  тұсы  Мойынқұмның  да,  Бетпақдаланың  да  орта  тұсынан 

килігеді, сондықтан қарым-қатынасқа ӛте қолайлы. 

-  Ӛнегесінің  бәрі  де  жақсы-ау  бұл  араның”,  -  дейді  Сәлмен  Тасболатов, 

күле  сӛйлеп,  -  әттең  жазғы  масасы  мен  сонасы  –  ай!...  Масасы  бұлттай 

үйіріліп  буып  жібереді,  сонасы  жарып  жібереді!...  Ала  жаздай  Шу  бойында 

мал  ұстамайтын  себебіміз  сол!...”  [4,209  б].  Оқырманға  бейтаныс, 

танымайтын  жерлер  туралы  мәліметтерді  берген,  автор  оқушысының  ой-

ӛрісін кеңейтуге, табиғат құпияларын ұғынуға септігін тигізеді. 

Кез  келген  очеркші  ӛзін  қоршаған  орта  мен  кейіпкерлердің  сӛйлеу 

кезіндегі жүріс-тұрысы, қимыл-қозғалысын қатар қадағалай отырып, ӛмірлік 

кӛзқарас, рухани-тұрмыстық ӛлшемдер, адамгершілік-этикалық нормалардан 

хабар бергенде, шынайлыққа қол жеткізеді. 

Б.Майлиннің  барлық  очерктерінде      кейіпкерлердің  ӛзін  сӛйлетіп, 

қаһармандар  іс-әрекеттерін  автор  ӛзі  баяндауы  арқылы  бастайды.  Автор 

оқиғаны  баяндағанда  мейлінше  қысқа,  негізгі  мақсатқа  бағындыра,  ӛте 

ықшам  түрде  диалогтарды  сәтті  пайдалануды  жӛн  санаған.  Жазушы 

очерктерін  оқығанда,  ондағы  диалогтарға  үңілсек,  ӛткен  күндердің  күйкі 

тіршілігі, жаңа заманның қазақ топырағына келуі кӛз алдыңа елестеп, зілсіз 

күлкі  шақырады.  “Құлақ”  атты  кӛркем  очеркіндегі  Бекен  мен  әйелінің 

арасындағы  диалогта:  

“ - Әлгілердің “Құлақ” деп жатқаны кім еді? 

-  Мені айтады. 

- Сен құлақ па едің? Қара шешей ашуланғанда: 

“Қаңғырған Телеу”  - дейтіні қайда? Осы сенің руың күніне бір 

ӛзгере бере ме? 

Бекен мырс етіп күліп жіберді. 

- Ит-ау, “құлақ” дегені – руы емес, бай деген сӛз. 

-  Солай  ма  ?  “Қаңғырған  Телеу”  деген  сӛзін  тастай  беріп,  қара  шешей 

“құлақ”  деп  мазамызды  ала  ма  деп  қорқып  едім”  [5,34-35  б],  -  дейді.  Бұл 

диалогтан  персонаждың  ой-әлемі,  орыстың  “кулак”  сӛзін  “құлаққа” 

айналдырып алған қазақтың қарапайым әйелінің ой-түсінігін жеңіл юмормен 

сәтті баяндаған. 



Б.Майлиннің  “Жасасын,  Мұсабай!”  атты  очеркіндегі  Мұсабай, 

Мұхамедрахымдардың  тілдесулері  хабар  беру  сипатында  болғанымен,  сол 

кезеңнің  кӛңіл-күйінен,  кейіпкерлер  мінез-құлықтарынан  да  елес  береді. 

Артық  сӛз  жоқ,  диалогтың  кӛмегімен  сол  замандағы  асыра  сілтеушілік, 

келеңсіздікті  сынауға  бейімділік,  моральдық-этикалық  мәселелерге  очеркші 

жауап іздеуге талпынады. 

”- Алдынан шығыңдар, кілемге салып кӛтеріп әкеліңдер!”,-дейді.  

Әзірейілдей  жаланған  епті  жігіттер  теңді  шешіп,  араби  кілемді  шаққа 

салып, дӛңеске қарай бет түзейді.  

- Уа, бұл не? 

Сізді  кілемге  салып  кӛтеріп  алып  бармақшы,  -  деп,  Мұсабайдың 

нӛкерлері  жымың-жымың  етеді”  [5,225  б],-  деп  кеше  ғана  ауыл  коммунисі, 

кешке  дейін  сӛйлесе  де  шаршамайтын  Мұсабайдың  аз  күнде  болыс  болып 

береке  таппағаны,  кедейден  шыққан  белсенді  іскерлердің  келеңсіз  тұстары, 

Мұсабайдың  қарапайым  халықпен  қарым-қатынасы  жан-жақты  нақышпен 

ӛзгеше  кӛмкерілген.  Жазушы  ӛмірдің  ӛзіне  үңіліп,  оның  әр  қырын  қаз-

қалпында суреттейді.  

Очеркшінің  “Батыр  большевик”  кӛркем  очеркінің  “Ұры”  бӛлімінде 

Құсбек  мырзаға  кездескендегі  диалогтан  Амангелдінің  ой-санасы,  болмысы 

кӛрінеді және алдағы әрекеттеріне психологиялық мотивировка болады: 

„ - Астыңдағы ат кімдікі? 

- Менікі. 

- Сенікі емес, менікі болар! 

- Сенікі болса, сен мініп жүрер едің ғой! 

- Түс аттан! 

- Бұл күнге дейін ешкім аттан түсіріп кӛрген жоқ еді... 

- Мына мен түсірем ендеше! 

- Кім түскенін кӛрсетейін!- деп Амангелді жетегіндегі атты сауырға бір 

салып қоя беріп, оған тӛніп тұрған жігіттердің бірін олай, бірін былай аттан 

аударып  тастап,  ойнап  шетке  шыға  келді”  [6,301  б],  -  деген  үзінді  де 

кейіпкердің    мінез-құлқын,  қайсар  қайтпастығы,  рефлексологиялық  қасиеті 

ықшам,  шынайы  берілген.  Амангелді  Имановтың  әділетсіздікке  күйініп, 

әділдік  орнатпақ  әрекеті,  қазақ  халқына  адалдығы,  жан  ашуы  жан-жақты 

қамтылған.  Бейімбет  қаламынан  шыққан  очерктердегі  диалогтар  оп-оңай 

және  кӛркем  жасалына  салады.  Бұл  диалогтарда  үздік  сӛз  образы,  кӛркем 

тіркестер де жоқ. Қарапайым жай ғана сӛздер бола тұра, ӛмір шындығын кӛз 

алдыңа алып келетін ең керек сӛздерді жинақы пайдалануға шебер. 

С.Мұқановтың  қазақ  әдебиетіне,  оның  ішінде,  очерк  жанрына  қосқан 

үлесі  туралы  профессор  Д.Ысқақұлы:  „...  Ол  елді  аралағанда,  шет  елдерге 

шыққанда  да  қолынан  қаламы  түспейтін.  „Саяхаттар”,  „Туған  жердің 

тыңында”,  „Тыңда  тұнған  байлық”,  „Алыптың  адымдары”,  „Адам-Атаның 

шоқысында”  сияқты  кітаптары  арқылы  жазушы  әсіресе  жолсапар  очерктің 

шебері ретінде танылды” [7,180 б],- дейді. 

Жазушының  “Каспийге  саяхат”  кӛркем  очеркінің  тілі  кӛркем,  бірнеше 

бӛлімнен  тұратын  кӛлемді  шығарма.  Бұл  очеркінде  жазушы  кейіпкерлердің 


ойын  беруге  келгенде,  санитарлық  самолетпен  ұшқанда,  кең  даланың  әр 

жерінде тау сияқты ӛркештенген тұмандар, итбалықтардың тіршілігі туралы 

Саламат  Хайдаров екеуінің  әңгімесі  очерктің  екі-үш  бетінде  тұтас  берілген.  

Қат-қабат  оқиғаны,  әр  түрлі  қаһармандарды,  бір-біріне  ұқсамайтын 

мінездерді,  қылықтарды,  ақыл-парасаты  да  әр  қилы  адамдар  образы  бұл 

очеркте кӛркемдікпен алға тартылған. 

Очеркке  ӛзек  болған  –  Каспий  теңізінің  маңындағы  ел-жұрттың 

тіршілігі,  күн  кӛрісі,  табиғат  жағдайы,  әйтеуір  бұралаңы  кӛп  тарау-тарау 

ӛмір. Бұл кӛркем очерктің басты қаһарманы – Сәбит Мұқановтың ӛзі, барған 

жері, басқан қадамын суреткер қырағы кӛзінен жазады. 

“- Шторм! – деді Иван Иванович,  - бес-алты баллдай болу керек. Біраз 

күшейеді бұл. 

Менің мотормен бірге кеткім келді. 

-  Қойыңыз!  –  деп  зыр  ете  қалысты  серіктерім.  –  Шыдамайсыз,  азап 

шегесіз. Және қауіпті де күшті. 

- Сонда да барғым келеді, - дедім мен. 

- Е, неге? 

-  Штормды  бастан  кешіру  қажет.  Әйтпесе,  мен  оның  немене  екенін 

қайдан  білем.  Сәті  түскенде  кӛріп  қалуым  керек”  [4,345  б],  -  деп,  жазушы 

бірнеше  күн  теңіз  үстінде  жүріп,  теңіздің  сыры  мен  қырын  ұғуға,  балық 

түрлері,  уылдырық  шашуынан  бірталай  мәліметтерді  тереңнен  толғап,  теңіз 

маңайындағы  халықтың  ӛмір  шындығына  сүңгиді.  Жазушының  қат-қабат 

оқиғалардың  шырайын  келтіре  баяндаудың  шебер  болғаны  туралы 

профессор  Қ.Ергӛбек:  „  Ол  ӛз  шығармаларында  осы  оқиғаларды  шырайын 

келтіре бейнелейді. Сонымен қатар, оның ӛмірі сол кезде жаңадан қалыптаса 

бастаған  қазақ  интеллигенциясының  алғашқы  қарлығаштарының  ӛмірі  еді” 

[8,5 б],-дейді. “Каспийге саяхат” очеркінде де автор кӛрген-білгендерін, алған 

әсерлерін  хронологиялық  тәртіп  бойынша  сӛйлескен  адамдары  арасындағы 

диалогтар  арқылы  әдемі  баяндаған.  Балықшының  шын  ӛмірін  білетін 

Саламат  Хайдаров,  Тәжиев  Сатанғұл,  Шапаев  Байғожа,  Сәлімжан,  Құмар, 

Әбдім  т.б.  кейіпкерлерімен  сӛйлесу  арқылы  автор  сыршыл,  ӛміршең 

диалогтармен  Каспий  жағалауындағы  қазақ  тұрмысының  бедерлі  бейнесін 

алға тартқан. 

Кӛркем  очеркке  жеке  адам,  кӛпшілік  қауым,  оған  ерген  халық, 

қоғамдық-саяси  ӛзгерістер,  әлеуметтік  күрес,  арқау  болады.  Кӛркем  очерк 

диалогтар арқылы жаңа қоғамдық жағдайларды, ӛмір сүрген орта және жеке 

адамның  ӛсу,  жетілу  жолдарын  кӛрсетуге  тырысады.  Ғабдол  Слановтың 

“Алтай  баласы”  кӛлемді  очеркі  Қасым  Аманжоловтың  Ұлы  Отан  соғысы 

кезіндегі  бастан  кешірген  ұлы  жорықтарының  тарихын  суреттейді.  Қан 

майданда болған қаһарман ұлдарымыздың атқарған алып қимылдары туралы 

мына эпизодта: 

“Барлаушы баяндап тұр. Қасым да, серіктері де тыңдап отыр. 

- Айтып болдың ба? 

- Болдым... 

- Ұсақ-түйек детальдарына дейін кӛзімізге кӛрсетіп бер. 


- Қағазға түсірші. 

- Ия, картасыз, кәне? 

Виктор отыра қалып, кӛрген-білгенін қағаз бетіне түсірді.  

- Енді түсінікті, - деді Қасым. Әйтсе де... ол енді басшы бір серігін 

алып  қалып,  ӛзгесіне  лұқсат  етті.  Үш  кісі  оңаша  қалғанда,  Қасым  қайтадан 

сӛз  бастады  [9,269  б].  Талай  шабуылды  бастан  кешіріп  шыққан  жігіттердің 

сӛзінен  жер  бетіндегі  сұрапыл  соғыстың  қиындығын  автор  ашық  кӛрсете 

отырып,  “Тентек  қара”  Қасымның  партизандық  жорықтарын  қызғылықты 

баяндайды. 

Ғабдол  Слановтың  “Шыңға  шырқап  барады”  очеркінде  М.Әуезов 

туралы мынадай қысқа диалог бар: 

“-  Драманы  тұтас  басса  қайтер  еді?  –  дегенімізде,  Мұқаң  күлімдеп 

тұрып: 

-  Мысық  жеген  шектей  шұбатылып  қайтесіңдер.  Газетке  лайықты  да 



болмас”  [9,125  б],-  деген  бейнелі  сӛзді  айтқан  кемеңгер  жазушының 

шеберлігін осы бір-екі ауыз сӛзбен дәлелдеп береді. 

Қапан  Сатыбалдиннің  “Жамбылмен  жиырма  тоғыз  күн”  очеркінде  

диалогтарға кӛп орын берілген және мұнда кӛркемдік-эстетикалық заңдылық 

бар.  Уақыт  ырғағын,  хронологияны  сақтай  отырып,  очеркші  баяндау 

жүйесінде  адамдардың  түсінік-нанымы,  мінез-құлқы т.б.  қасиеттеріне үлкен 

мән  берген.  Жамбылдың  артта  қалған  тоқсаны  мен  алдағы  жүзін  сездіре 

бастағанын,  Отан,  туған  жерге  деген  сүйіспеншілігін  мына  ықшам  диалог 

арқылы шынайы берген. 

“-  Е,  Жәке,  Мәскеу  жақсы  ма,  Ұзынағаш  жақсы  ма?,  -деп  қарттан  сыр 

тартсақ, ол кісі: 

-  Мәскеу  жақсы  ғой.  Үлкен  астана,  шаһар.  Бірақ  Жамбылға 

Ұзынағаштай  жер  қайда?  –  Данышпанның  сӛзі.  -  Әрі  туған  жер  ыстық. 

Алматының орны бӛлек-ау!, - деп қояды, ойын-шыны аралас” [10,78 б]. Осы 

қысқа  сұрақ-жауаптарда  Жамбылдың  бір  сәттегі  кӛңіл-күйі,  елге  деген 

сағынышы,  тарлан  ақынның  таланты,  рухани-интеллектуалдық,  характерлік 

сипаты дәлелденген деуге болады. Автордың “Мыңтеңге” кӛркем очеркінде 

басты  кейіпкердің  бейнесі  диалог  арқылы  ашылады.  Мыңтеңгенің  мінезі 

сынық  әйел  екені,  еркекпен  сӛйлескенде  ұялып,  әдеппен  ұяң  сӛйлейтіндігі, 

арзан  қалжыңға  үйір  еместігі  әйелдік  қасиетін  мың  есе  ажарлап  тұрғанын 

айта келе: 

“-  Жеңгей,  мына  Құрманбай  сізді биыл  Мыңтеңге  емес,  миллион  теңге 

болады дейді ғой. Онысы не сӛз? 

- Еңбегіміз жанса кім білсін, онан да қымбат болармыз. Бүгінде 

алдымыздан кӛлдің құрағындай жай ғой, - деді жымиып. 

- Қалай, Отанға берген сертіңізден табылатын түріңіз бар ма? 

- Табылармын деймін. Жаздайғы еңбектің жемісі кӛз алдымызда тұр ғой. 

Адал  еңбегіміз  зая  кетпеген  сияқты”  [10,98  б],-  деп,  қазақ  әйелінің 

бойындағы  жақсы  қасиеттерді,  сырды  талдай  отырып,  Мыңтеңге  жүзіндегі 

еңбекқорлық  пен  рухани  қанағаттану  сезімін  ұтымды  кестелеген. 

Мыңтеңгенің  жан  дүниесіндегі  ӛзіне  деген  сенімділік,  сертке  адалдық, 


кішіпейілділік, ұяңдық, адал мінез, әлеуметтік белсенділік жолындағы ілгері 

басушылық қадамы айшықты кӛрсетілген. 

Қапан  Сатыбалдин  -  очерк  жанрына  үлкен  үлес  қосқан  жазушы.  Оның 

очерктерінің  әрқайсысын  ӛз  кезінде  саяси  тәрбиелік  мәні  бар  мәселеге 

арнағанын, адам ӛміріне, тіршілігіне, асыл мұраттарына бағындыра жазғанын 

байқау  қиын  емес.  Жазушының  “Кетпенді  адам”  очеркінің  басты  кейіпкері 

Қашақбай  Сыр  бойында  күріш  ӛсірудің  қыр-сырын  жетік  білетін,  ауыл-

аймаққа  еңбегімен  танылған  азамат  ретінде  кӛрінеді.  Осы  Қашақбай  бір 

күнде  “Қызылтуға”  басқарма  болып  тағайындалғанда,  кӛпшілік  тақымы 

толмай,  қомсынып  бұл  қалай  болар  деген  күдікті  қаймықпай  жеңген  еңбек 

адамын жазушы ойын ашық айта алатын адам ретінде сенімді суреттейді:  

“  -  Жолдастар,  -  деп  бастап,  ол  сӛзге  кірісті.  –  Жолдастар,  мен  ӛздерің 

күнде  кӛріп  жүрген  бригадир  Қашақбаймын.  Менің  ӛмірім  де,  ӛнерім  де, 

білімім де ӛздеріңе аян. Менің сендерден жасырын ештемем жоқ. Үлкен аға, 

кіші  іні  бәріңіз  де  мені  білесіздер.  Міне,  бүгін  орталарыңда  отырмын.  Ең 

алдымен айтарым, ынтымақ керек. Түсініп, сыйласып жұмыс істейік. “Бірлік 

жоқ жерде тірлік жоқ” деген ғой бұрынғылар. “Сен салар да, мен салар, атқа 

жемді кім  салар”  сияқты жаман әдеттен  арылайық.  Ол  бізге  де,  колхозға  да 

пайда  бермейді.  Тәртіпті  болайық.  Менің  бәрінен  бұрын  сіздерге  қоятын 

тілегім осы – тәртіп” [10,109 б]. Топ жарып үйренген шешендердей кӛсіліп, 

қысылмай,  қымсынбай  сӛйлеген  кейіпкер  түсінік-нанымы,  адамгершілігі, 

намыстан  құр  алақан  еместігі осы үзіндіден  кӛрініп  тұр. Автор ӛз кейіпкері 

арқылы  жұмысшы,  еңбекқор  елдің  мінез-құлық  психологиясының 

типологиясын жинақтап, ӛршіл адамдық мұраттарды аша білген. 

Қорыта  айтқанда,  кӛркем  очеркте  диалогтың  рӛлі  ерекше,  ӛмірлік 

шындықты  жан-жақты,  терең  ашып  кӛрсетуде  септігін  тигізетін  кӛркемдік 

элементтердің  бірі.  Жоғарыда  байқағанымыздай,  заман  тынысы  мен  адам 

характерлерін,  ӛмір  заңдылықтарын  нанымды  бейнелеуде  диалогтың 

атқаратын қызметі зор. 

“Пейзаж  (фр. Pays – ел, жер) – әдеби  шығармадағы жаратылыстың, яки 

табиғаттың  әсем кӛрінісі,  кӛркем бейнесі. Жазушы әдеби шығармада кӛркем 

ойлардың  ажары  ретінде,  жаны  есебінде,  образдың-метафора  жүйесінің 

арқауы  сипатында  табиғат  келбетін  ұсталықпен  пайдаланады”  [1,163  б],- 

дейді әдебиеттану терминдерінің сӛздігінде. 

Қай  кезде  де  очерк  жанрында  жазушы  пейзажды  суреттей  отырып, 

табиғаттың  жұрт  қызығарлық  кӛріністерін  адамдардың  іс-қимылымен  

бірлікте,  үнемдеп,  дәлдеп  беруге  талпынған.    Кӛбіне  очеркшілер  пейзажбен 

очерктің идеясы мен характерлерді ашуды пайдаланған. 

Әдебиеттанушы  ғалым  Б.Майтанов:  “Кӛркем  туындыдағы  пейзаждың 

функциясын  үш  түрлі  арнаға  саяды.  Сюжеттік  орайда  ол  –  оқиғалық 

уақыттың  ӛлшемі.  Композициялық  тұрғыда  ол  кӛркемдік  жолмен 

қабылданған  әлемнің  тұтастығын  білдіреді.  Шығарманың  идеялық  - 

мазмұндық астарларына қатысты ол характерологиялық міндеттер атқарады 

”  [11,196  б],-  деп,  табиғаттың  қаламгерлер  шығармашылығында  әр  алуан 

сипатта суреттелетінін айтады.  


Табиғаттың  адам  ӛмірінен  алатын  орны  ерекше  болғандықтан,  очерк 

жанрында  да  пейзажбен  суреттеу  мол  кездеседі.  Шебер  очеркші  пейзаж 

арқылы  заманның  рухани,  еңбек  табыстарын  адамның  әртүрлі  кӛңіл-күйін 

әдемі суреттеуге қол жеткізе білген.  

М.Әуезов  очерктерінде  табиғат  құбылыстарын  тамылжыта  сипаттауда 

алуан үнді қалыппен бейнелейді. Бір ғана “Түркістан солай туған“ очеркінде 

табиғат  кӛріністері  үнемі  үйлесім  тауып,  пейзаждық  суреттеулерде 

қаһармандар бейнесі де сомдала түскенін кӛреміз. Бұл очерктің әрбір бӛлімі 

басында  табиғат  кейіпкерлерді  ӛз  құшағына  алып,  бағыт  меңзеп,  бірде 

жадырап, бірде қатыгездікке басқаны үйлесімді болып келеді.  

“Бүгінгі  таң  атқалы  үшінші  тәулік  те  болды.  Үздіксіз  ауыр,  шабан, 

мимырт  жүріс  әлі  аяқталған  жоқ.  Тек  тасбақадай  тарбанып  бірқалыпты 

шақыр-шұқыр,  тарсыл-күрсіл  салып,  айдалада  жалғыз  әлектенген  “ДТ-54” 

тракторын кӛресің. Айнала құлан елсіз, мүлде меңіреу.  Трактор тына қалса, 

теңіз түбіндей үнсіздік әлемі басады, ол мелшиген жым-жырт” [12,7 б].  

“Аспан  ылаңы  әлі  айықпаған.  Жақын  заманда  айығардай  түрі  де  жоқ. 

Жұмырланған  қою  сұр  бұлт  қана  қаптаған.  Жотадан  айналаға  кӛз  жіберсе, 

кӛз тоқтарлық бірде бір қарауытқан бұдыр жоқ. Тек қана ақ кӛрпесін қалың 

жамылған,  дүңкиген  қалың-қалың  жоталар  жатыр.  Кей  жақта  кӛкжиекке 

шейін созылып жатқан ұшан-теңіз ақсұр дала, суық дала. Жүргіншілерге әлі 

соншалық жат, жұмсақ дала [12,8-9 б].  

Адамы  аз,  жалғыз  жарым  үйлері  ғана  бар  сирек  отар,  қашарлары  бар 

Түркістан  жерінің  отыз  жылдан  бері  болмаған  ауыр  қысын,  табиғаттың 

қатігез мінездерін суреттегенде реалистік бояу таба білген. 

“Түпсіз  кең,  мӛлдір  кӛк  аспанда  шырқау  бір  биікте  салқар-салқар 

топтарымен  ақ  қанаттары  күнге  шағылыса  соншалық  мол  аққулар  ӛтіп 

жатты. Сұңқыл-сыңғыр  әдемі  бір үндері  кейде  тына  қалып,  тыңдаған  жанға 

ақ қанаттардың сытырлаған үндерімен ілесе жетеді.  Егіс даласында жүрген 

Нина Петровнаға мынау аққулардың қатарлары ғажайып боп сезілді. Әсіресе, 

олардың сұңқыл үндері – жоғарғы октавамен анық, әсем естіледі. “Аққу әні 

деген осы ма екен? Ӛмірде алғаш кӛрген, аспанда жүзген топ аққуларым осы 

еді,  қандай  ғажайып?”  деп  ӛзімен  ӛзі  сӛйлескендей”  [12,37  б].    Осы  үзінді 

кӛктемдегі  табиғат  құбылысы  мен  очерк  кейіпкері  Нина  Петровна 

бейнесімен  үйлесім  тауып,  кейіпкер  мен  жарасымы  бар  пейзаж  оқушыға 

белгілі  дәрежеде  әсер  етеді.  “Табиғат  құбылысын  адам  характерімен 

салыстыра  суреттесе,  табиғатқа  да  жан  бітіп,  жадырап  жүре  береді”  [13],- 

дейді  А.П.  Чехов.  Жоғарыдағы  очеркте  де  табиғат  үнемі  адамдармен  бірге, 

кейіпкерлер характеріне сәйкес құбылып отырады.  

“Аспаны  мен  даласы,  жер-кӛгі осындай  неше  алуан  әрі  күшті,  әрі  сұлу 

жан  иесі  толы  жон  бүгін  тыңды  меңгеруге  келген  жаңа  жұртқа  әлдеқайда 

жақын, жылы кӛрінді. Жылы жақ, әсем күншуақ үш күнге созылды. Сол үш 

күнде  тыңды  айырған  тракторлардың  еңбек  ӛнімдері  алған  күндерден  және 

де үдеп, аса түсті” [12,40 б]. 


М.Әуезовтің  “Түркістан  солай  туған  “  очеркі  табиғат  пен  адам  ӛмірін 

бірлікте,  қаhармандар  әрекеттерін  суреттеуде  де  адамдар  еңбегін  ақиқат 

құбылыстармен байланыстыра, нанымды кӛтеріңкі пафоспен бейнелейді. 

“Март айының алғашқы күндері жетсе де, жон әлі қыстан  арылған жоқ. 

Күн  болар-болмас    қана  жылынғандықтан,  қар  ӛте  баяу,  сылбыр  ғана  еріп 

жатыр" [12,29 б], "Боран қаратастан да, қалтылдаған тікенді шеңгелдің үсті-

басынан  да,  бауырынан  да  ұйытқып  ӛтіп  жатыр"  [12,11  б].  Бұл  очеркінде 

жазушы  табиғатты  тек  характерлерді  ашу  үшін  ғана  шеберлікпен 

пайдаланбайды,  кейде  ел  басындағы  ауырлау  тұрмыс-тіршілікті  кӛрсету 

мақсатында да жұмсайды. 

М.Әуезовтің  "Оңтүстік  сапарынан"  очеркінде  де  оңтүстіктің  қайнар 

ыстық  шағы,  еңбек  майданы,  еңбек  адамының  сана-сезімінің  барша 

сипатымен алынып, анық, есте қаларлықтай етіп суреттеледі. 

"Шаяннан асып, Қаратау асып созаққа ауыспақ. Түнде жүрмек болып ек. 

Кешке біз Қаратаудың "Алғабастан" шыққан соңғы ет бӛктерін басып, күнгей 

жолмен  бірталай  жүрдік.  Әншейінде  Қаратау  тақыр  тасты,  қойнауы  сусыз, 

сараң, тау кӛрінуші еді. Ал, әзірге біздің келе жатқан жолымызда әр белден 

ассаң,    тӛскейден  аққан  бұлақ  –  бастау,  сай  бойы  шалғынды  кӛгал.  Бел  – 

белестері құйқалы, шымы тұтас, тегіс түкті ӛлкелер, мал ырысы ӛңірлер екені 

айқын танылады" [12,83 б]. Жазушы дәл осы сарынмен очерктің ӛн бойында 

жыланды  Кіші  Шаян,  Үлкен  Шаян,  Кӛкбас  ӛлкелері  Қаратаудың  ӛзге  талай 

қымбат  қасиеттерін  білмей  тұрып-ақ,  кӛз  қуантып,  кӛңіл  сүйсіндіргендігі 

туралы жүйелі баяндау тәсіліне жүгінген. 

Прозаның  асқан  шебері  Бейімбет  Майлин  очерктерінде  де  пейзажды 

кейіпкер 

кӛңіл-күйін 

танытуға 

орайластыра, 

психологиялық, 

характерологиялық міндеттер атқаруға бағындырады. 

" Күз... 

 Ызыңдаған  ащы  жел  суық  лебін  денеге  соғып,  тітіркендіреді.  Денені 

түршіктіріп,  ыстық  ызғарын  кӛз  алдыңа  елестетеді.  Қыс  келді,  қыс  келді!... 

дегендей болады" [5,180 б], - деп аш, жалаңаш дірдектеп жүрген балалардың 

жайын  жазушы  нанымды  жеткізу  арқылы  шынайы  психологизмге  қол 

жеткізген.  "Сен  де  солай  ма  едің?"  очеркінде  "Күн  ызғырық  боран... 

Терезеден енген жел үйді ысқаяқтандырып, танапты қуырып барады. 

Кішірек келген ағаш үйдің үлкен жақ бӛлмесінде пешке арқасын сүйеп, 

батсайы күпісінің ӛңірімен тізесін қымтай түсіп, екі кӛзінде мӛлдіреген жас - 

Дәмеш отыр"  [5,198 б]. Мұнда очеркші Дәмештің кӛңіл-күйін қысқы боранға 

қабаттастыра  баяндайды.  Терезеден  енген  желдің  танапты  қуырып  бара 

жатқандығын,  жел  ысқырып,  долданған  сайын  Дәмеш  те  ыстық  жасына 

булығып,  зарлап  отырғанын  кӛзге  елестетіп,  автор  мол  динамикаға  қол 

жеткізген. Дәмеш, Иба, Шарипаларды Асылбектің алдап кетуі жарыстырыла 

суреттеліп,  бақытсыз  жандарды  зарлатып  кеткен  жансызды  әшкерелеп 

барып,  жазушы  очеркті  аяқтайды.  Б.Майлин  «Айшаның  қайраты»  очеркін 

былай  бастайды:  «Күлімдеген  күн  жанды  жайландырған  кӛгорайға  бауыр 

тӛсеп  жатсаң,  кӛңіл  шіркін  кӛтеріліп,  аспандатып  лоблымай  ма!  Қайдағы-

жайдағыны еске  түсіріп,  еркіңді  алып билеп,  ананы қара, мынаны  қара деп, 


түрлі  нәрсені  кӛрсетіп  қызықтырып  болады  ғой...  Нақ  осындай  күйге  ақын 

кездессе, кӛтеріңкі кӛңілмен жүректі жеген шерін ағытады» [5,199 б], – деп 

автор  ӛз  сӛзінен  ішкі  толғанысын  ақтара,  табиғат  сұлулығын  сүйсіну 

сезімдерімен суреттейді. Мұндағы жазушының ішкі кӛңіл-күйі, адам жанына, 

сезім  серпілістеріне  қанат  байланатыны  жайында  айтылғанын  байқаймыз. 

Автордың «Жол үстінде» очеркінде сайлау ӛткізуге шыққан Мертай мен қара 

қыстың  қатал  бейнесі  қатар  ӛріледі.  Б.Майлиннің  шығармашылығы  туралы 

ғалым Серікқали Байменше: «Рухани мәдениетіміздің азғантай арыстарының 

бірі  болып  саналатын  Бейімбет  шығармаларының  мәңгілігі  –  ол  айтып 

отырған  мәселелердің  осынау  алмағайып  кезеңде  де  кӛнермей,  жаңа  ғана 

жазылғандай  әсерге  бӛлейтіндігінде»  [14,147  б],-  деп  баға  береді.  Жазушы, 

әсіресе,  табиғатттың  кӛріністерін  суреттегенде,  адамның  еңбек  процесіне 

қатыстырып, қимыл-әрекетке байланыстыра отырып мүсіндеген. 

«Сары  дала  ақ  кебінді  жамылып,  қыр  мен  ойы  теңеліп,  жым-жылас 

болып  жатыр.  Ызғырықтан  жел  жаяу  борасындатып,  майда  қарды  қырдан 

асыра қуып барады. 

Тастамбайдың  ақырынан  түсетін  қара  желінен  жалғыз  ат  жеккен  бір 

шаналы еңбектеп келе жатыр. Шанада екі кісі: қасқыр ішіктің жағасын түріп 

жіберген біреу шананың тӛрінде шалқайып отыр, бұл сайлау ӛткізуге шыққан 

жігіт, ескі шидем күпісінің белін құрмен буған, жайтабан қайыс етігін ыққа 

қарап отырып сықырлатып қаға түсіп, орта жастағы бір кісі кӛшірде отырып 

айдап  келеді.  Бұл  Ысқақ  деген».  [5,202  б],  -  мұнда  автор    қыр  мен  ойдың 

теңеліп  жым-жылас  болып  жатуы  мен  Мертайдың  ӛз-ӛзіне  сенімсіздігі, 

адамдың бір ауық әлсіздігін бейнелеп елестеткен. Мертайдың сырт тұлғасы, 

қимыл қозғалысы мен ызғырықтау желдің жаяу борасындатқанымен, желілес 

алынып, ойдың тұтастығына қол жеткізеді.   

С.Мұқановтың  очерктерін  оқып  отырғанда,  жазушының  ӛмірге,  оны 

танып-білуге  деген  құштарлығын  табиғат  суреттерімен  астастырғанын 

аңғарамыз. Қазақтың байтақ жерін дамылсыз аралап, табиғатының әсемдігіне 

әлемнің құлағын түргізіп, ӛз қаламымен бұл туралы ӛндіріп жазған жазушы. 

«Бүгінгі  ауыл  осындай»  кӛркем  очеркінде  кӛктемнің  жайма-шуақ  күндерін 

тұрмыспен ӛзектестіре суреттейді. 

«...Алматының  күнгей  жағына  созыла  біткен  Іле  Алатауының  етегіне 

дейін бүркеп жатқан қар, соңғы бір жұманың ішінде биікке қарай жиырылып, 

бергі  беттегі  белесті  жоталар  ашылған.  Енді  ол  жоталар  теп-тегіс  жасыл 

жамылғыға  орана  бастады.  Биікке  сырғыған  қар  Алатаудың  орта  тұсын 

белуарлай ӛскен шырша орманына кіріп, ол бір тұс, алыстан  қараған кісіге, 

қара  қылшық қасқырдың жонын елестетеді. Одан арғы жоталардың үстінде 

аппақ  қар.  Қыс  пен  жаздың  түйіскен  сол  бір  тұсында,  екі  мезгілдің  де 

бейнесін  ӛзіне  тартатындай  боп,  ақ  пен  қарасы  сапырылысқан  бұлт,  биік 

белестердің  басына  қонып  қапты.  Бұлттан  бойын  асыра,  аспанға  шаншыла 

кӛтерілген  «Үлкен  Алматы»  мен  «Кіші  Алматы»  шыңдары  таудың  тӛбесін 

баса ұшқан екі самолетке ұқсайды... [15,7 б], - деген кӛлемді үзіндіде таулы 

жердің орналасымын, үзіндінің соңғы жағындағы «қара қылшық қасқырдың 

жонындай», «бұлттың биік  белестердің басына қонып қалуы», екі шыңның 



«тау  тӛбесінен  ұшқан  екі  самолетке  ұқсауы»  сияқты  кӛркемдеу 

компоненттерімен  шебер  кестеленген.  Жазушы  бұл  тұста  Алматы 

маңайындағы Калинин ӛңірінің жалпы болмысын панорамалық кестемен қыс 

пен  жаздың  түйіскен  тұсын  қорыта  сипаттау  нәтижесінде  табиғатқа  деген 

кӛзқарасын  сүйсіну  сезімімен  суреттеу  арқылы  зор  нанымдылық  дарытқан 

деуге болады.  

С.Мұқановтың  авторлық  толғаныстарды  тӛл  сӛзбен  бедерлейтін, 

монологтық  формада  беретін  пейзаждары  да  кӛптеп  кездеседі.  С.Мұқанов, 

әсіресе,  «Туған  жердің  тыңында»  атты  кӛркем  очеркінде  пейзажды 

суреттеуде 

реалистік 

ӛрнектерге 

баса 

назар 


аударатындығымен 

ерекшеленген. 

«Біздің арада бір кең жайлау бар, оның батысы Обаған ӛзеніне, күнгейі 

Есіл  ӛзеніне,  шығысы  Майбалыққа  (Солтүстік  Қазақстан  облысы, 

Пресногорьков  ауданы),  теріскейі  Пресногорьков  стансасына  (Қостанай 

облысы) тіреледі. Мӛлшерлеп айтқанда, бұл жайлаудың ұзын тұрқы жүз елу 

километрдей, кӛлденеңі жүз километрдей. Ормансыз жазық далаға біткен бұл 

жайлаудың  ӛн  бойында  қаптаған  кӛл.  Қара  топырақты  жерінің  шалғынына 

жаңбырлы  жылдары,  бейнелеп  айтқанда,  «құлын  жасырынады».  Жаз 

айларында  жүздеген  ауылдар  келіп  қонатын  бұл  кең  жайлау,  ӛзге  айларда 

құлазып  бос  тұрады»  [15,19  б],  -  деп,  жер  мен  елді  мекендердің 

орналасымын,  табиғатын  кӛркем  бедерлей  отырып,  баяндау  кезіндегі 

бейнеленетін  обьектінің  дәлдігі,  тиянақтылығы,  ӛмірдегі  шындықпен 

ӛзектесіп  жатқандығын  кӛреміз.  С.Мұқановтың  бес  жасында  барып,  он  үш 

жасында кеткен қыстауы Жаманшұбар мен Дос жайлауы бала кезден кӛзіне 

таныс  даланың  суреті  мен  әке-шешеден  айырылған  жазушы  ӛз  ӛмірінің 

кӛңілсіз  сәттерімен  табиғаттың  қатал  қысындағы  боранды  тамырластыра 

баяндайды.  

«Күні  бүгінге  дейін  кӛз  алдымда:  таусыз,  ормансыз,  ӛзенсіз,  кӛлсіз, 

белессіз  жап-жазық  кең  далада,  күнгейден  теріске  қарай  созылған  саяңдау 

жерге шыққан екі қалың шіліктің ортасында біздің ауылдың «Жаманшұбар» 

аталған қыстауы  тұрады.  Айналада, күніне  ат  жетер  жерде  одан басқа  ауыл 

жоқ.  

Қыс  ол  араның  қары  қалың  түседі,  жолсыз  жерден  қарулы  салт  аттан 



басқа кӛлік жүре алмайды. Кӛп күндер алай-дүлей боранмен ӛтеді. «Жынды» 

аталатын  кейбір  борандарда,  адамға  астына  мінген  атының  құлағы 

кӛрінбейді.  Ондай  боранда  ешкім  жолаушы  шықпай,  қақпаларын  бекітіп 

алады да, қолдағы малдарын күтіп отыра береді» [15,21 б], - деп, кейде үйлер 

мен  қораларды  теп-тегіс  жауып  кететін  боранды  күндердегі  табиғи 

ӛзгерістерді  нақты  суреттеген  жазушы  Жаманшұбардың  қысындағы 

балалардың  кӛңіл-күйін  де  әсем  жарасыммен  пайымдай  келе,  сол  әлемнің 

эстетикалық  болмысын  «аяз  сүйген  балалардың  бетіндегі  қып-қызыл 

қандары  да  шалқыған  жалындай  құлпырып  ойнар  еді...»  [15,22  б],  -  деген 

фразадан поэтикалық дәлме-дәлдікті кӛреміз.  

С.Мұқановтың  соншама  сүйетін  Жамашұбары  мен  Дос  жайлауы 

кейіпкердің  жан-дүниесімен  тығыз  байланыстырыла  ӛрілгендіктен,  терең 



психологизм, лиризммен  қаһарман әрекеттеріне сәйкес кӛп қырлы сипатпен 

топшыланады.  Очерктің  басынан  кӛктем  мен  жаздың  жан  жадыратар 

пейзаждарының  кездеспеуі,  қақаған  қыстың  бораны  мен  қарлы  кӛктемнің 

қытымыр  күндерінің  жиі  кездесуі  автордың  әке-шешесінен  осы 

Жаманшұбарда айырылуы мен сол кездегі жадау тіршілікпен тамырластықты 

сездіреді.  

С.Мұқановтың  «Сарыарқада»  кӛркем  очеркінің  кейбір  тұстарында 

кейіпкер  қабылдауына  еш  әсері  жоқ  пейзажды  қамтып  отыруы  баяндау 

ауқымдылығын кеңейте түскен. «Күн ол кезде батысқа еңкейіп, батуға беттеп 

бара  жатыр  еді.  Аспанның  ӛзге  тұсы  ашық  болғанмен,  батар  күннің  түрлі-

түсті  бояуына  шомылғысы  келгендей,  алыста  бұлдыраған  биік  тау 

сияқтанып,  батыс  жиекке  сиректеу  қоңыр  бұлт  шӛгіпті.  Біз  Қамқа  кӛлге 

жақындай, күн сол қоңыр бұлтқа сүңгіді де, «мен әлі де жер бетінде бармын» 

деп  белгі  бергендей,  жан-жаққа  кең  тармақтана  шыға  келді.  Күн  сәулесіне 

боялған  бұлтты  аспан,  жердің  үсті  түгіл,  астында  да  бар  сияқтанып,  батыс 

жиектің барлық әдемілігі нақ сол бейнесімен, Қамқакӛл шалқарының тұнық 

түбінде де жайнап кетті» [15,211 б]. Жоғарыдағы кӛрініс күнде болады, бірақ 

суреттелген  пейзаждың  шынайылығына  нұқсан  келтірмейді.  Керісінше, 

кӛркемдік шарттылыққа сенімділік береді. 

Ғабиден  Мұстафин  очерктерінде  де  пейзаждар  кейіпкер  толғаныстары 

мен  ішкі  сезім  күйлерімен  астарласа  қызмет  атқарады.  «Жаппарқан»  атты 

кӛркем очеркінің басты кейіпкерінің кӛңіл-күйіне сәйкес құбылып отыратын 

табиғат суреттері сәтті шыққан. Мысалы: «Балбыраған кӛк дала күн аймалап 

құшқан  соң,  бетегесі  бӛртіп,  қызғалдақтары  жайнап  кетті.  Кеудені  жара 

жұпар  исі  аңқиды.  Алыстағының  бәрін  сағым  кӛтеріп,  жер  беті  жел  үрген 

торғындай толқып тұр. Осы жұпар иіс, кең дала жеке ӛзіне тигендей, теңселе 

басып бір бала келеді» [16,344 б]. Мұнда табиғат тек характер ашу үшін ғана 

шеберлікпен  пайдаланылып  қоймайды,  кейде  ел  басына,  ер  басына  түскен 

жағдайды да бейнелейді. 

 «Қалың орман қабағы салбырап тұнжырап тұр. Желсіз жауған ақша қар 

жер  бетін  жым-жылас  қыпты.  Ақ  киінген  он  жігіт  осы  қардай  аппақ,  осы 

қардай  дыбыссыз,  жауға  беттеп  жүріп  келеді.  Қадалған  кӛз  –  кірпік 

қаққанша,  тігілген  құлақ  –  дем  алғанша  бірдеме  бола  қалатындай,  дем  де, 

кірпік  те  қабаттамай,  тұра  тұрса  екен  деп  келеді»  [16,362  б],  -  деп  соғыс 

кезіндегі  Жаппарқан  мен  оның  жанындағы  жігіттердің  сақ  іс-әрекеттерін, 

жауға қарсы соғыс қимылдары да табиғатпен үндесе кӛрініс табады.  

Ғ.Мұстафин  әсем  табиғатты  суреттеу  арқылы  қаһармандардың  ӛмірін 

кӛрсетуде  негізгі  тек  ретінде  пайдаланған.  «Түн.  Ұйыса  қонған  кӛп  керуен 

бұйығып тым-тырыс ұйықтап жатыр. Қайсыбір қостардың жаққан оты әлі де 

ӛшіп  болған  жоқ,  қызыл  шоқтар  кӛрінеді.  Жанәбіл  арбаға  сүйеніп, 

оңтүстіктен  батысқа  қарай  созылған  «Семізқыз»  тауына  қарап  тұр.  Таудың 

қара  кӛлеңкелі  терең  сайы,  оның  ойына  әлденелерді  келтіреді...  Теңіздей 

аспанда  жүзген  алтын  табақ  айға  қараса,  кӛңілі  жадырайды,  айдың  сырын 

білуге ынтығады... Мұның бәрі де оған уақыт ӛткізу үшін ермек сияқты. Ол 

сонау  бір  жаппаға  қарай  береді.  Ойын  бӛліп,  жүрегін  магнитше  тартып 


тұрған  сол  жаппаға  қарай,  әне,  мысықша  басып  аяңдады  енді»  [16,332  б],  - 

деп, «Керуен» очеркінде айлы түн мен Жанәбіл сезімін бір-біріне астастыра, 

Әсияның  шолпысы  сылдырлағанда,  жігіттің  жүрегі  соғып,  демі  кеудесіне 

сыймай,  кернеп  кеткендігін  жарық  айлы  түнмен  тұтастыра  берген. 

Жоғарыдағы  мысалдардан  қазақ  әдебиетінің  классиктері  очерк  жазудағы 

шығармашылық  ізденістерінде  адамды  табиғатпен  тығыз  байланыста  алып 

суреттегеніне  куә  боламыз.  Алуан  түрлі  пейзаж  суреттері,  қаһармандардың 

рухани жан-дүниесі, адамгершілік қасиеттері мен психологиялық жағынан да 

ұштасып,  белгілі  идеяны  айшықты  формада  бейнелеу  құралына  айналғанда 

ғана, табиғат кӛркемсурет дәрежесіне жеткен. 

 

Кӛркем  очерктерде  пейзаждың  кӛркемдік-эстетикалық  қуатын 



арттыратын  стилистикалық  компонент  рӛлін  теңеу,  метафора,  кейіптеу, 

эпитет,  троп,  фигура  т.б.  түрлері  атқаратыны  логикалық  та,  кӛркемдік  те 

шешімін  табады.  Бір  сӛзбен  түйіп  айтқанда,  қазіргі  қазақ  очеркіндегі 

кӛркемдік компоненттердің бірі - пейзаж әрбір суреткер ұстанған кӛркемдік 

әдіс заңдылықтарымен тығыз байланысты. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 

1 Тимофеев Л., Венгеров Н. Краткий словарь литературоведческих терминов. 

– М; Советский писатель. 1968. 

2  Боровой Л. Путь слова. – М; 1974. 

3  Әуезов  М.  Жиырма  томдық  шығармалар  жинағы.  Жетінші  том.  -  Алматы: 

Жазушы. 1980.  

4 Мұқанов С. Саяхаттар. - Алматы: Жазушы, 1978. 

5 Майлин Б. Ел сыры. – Алматы: Жазушы, 1994.  

6 Бисенова  Ғ. Жомарт жүрек жылуы // Жалын, 1987, №3.   

7 Ысқақұлы Д. Әдебиет алыптары. – Астана: Фолиант, 2004. 

8 Ергӛбеков Қ. Жақсыдан қалған сӛз. – Алматы: Жалын, 1991. 

9  Сланов Ғ. Замана шежіресі. – Алматы: Қазақстан, 1970. 

10 Сатыбалдин Қ. Таңдамалы шығармалар. 4-том. – Алматы: Жазушы, 1975. 

11 Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялық талдау. – Алматы: Санат, 

1996. 


12 Әуезов М. Очерктер және кино-әңгіме. 7 том. - Алматы: Жазушы, 1981. 

13 Чехов А.П. А.П. Чеховаға хазған хатынан. // Қазақ әдебиеті. 1958. №36,5. 

14 

Байменше  С.Е.  Бейімбет  Майлиннің  белгісіз  туындыларының 



шығармашылық  тарихы.  Филология  ғылымдарының  докторы  ғылыми 

дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. - Астана, 2004. 

15 Мұқанов С. Таңдамалы шығармалар. 13 том. – Алматы: Жазушы, 1978. 

16 Мұстафин Ғ. Бес томдық шығармалар жинағы. 5 том. – Алматы: Жазушы, 



1984. 

 

 



  

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал