Облыстық ҚОғАМдЫҚ-саяси газеТ



жүктеу 0.74 Mb.

бет2/8
Дата09.01.2017
өлшемі0.74 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Суреттерді түсірген 

Медет ДОСУМОВ

—

 



Орал обаға қарсы күрес стансасына – 100 жыл

Обаны  ауыздықтаған  мекеме



7-8 тамыз күндері облыстық қазақ драма театрында Орал 

обаға қарсы күрес стансасының 100 жылдық мерейтойына 

арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция 

өтті. Оған АҚШ, Моңғолия, Германия, Ресей, Грузия, Молдова, 

Украина, Армения, Қырғызстан, Тәжікстан сияқты алыс-жақын 

шетелдерге қоса еліміздің  санитар дәрігерлері мен ғалымдары 

қатысты. Конференцияны құттықтау сөз сөйлеп ашқан облыс 

әкімінің орынбасары Арман Өтеғұлов өңір басшысының атынан 

қонақтарға қош келдіңіз айтып, конференция жұмысына сәттілік 

тіледі. 

ұлдай ҚабоШҚЫзЫ,

«орал өңірі»

С

еминарды  Ақжайық  ау-

даны  әкімінің  орынба-

сары  Меңзипа  Жұматова 

ашып,  жүргізді.  Аудандық  ішкі  сая- 

сат  бөлімінің  басшысы  Тілек  Ғаб- 

душевтің баяндамасы тыңдалды.

Насихат   жұмысына  тегеурін  қажет



Таяуда облысымыздағы аудандық және ауылдық ақпараттық-

насихаттық топтар мүшелеріне арналып Ақжайық ауданының 

орталығында   семинар өтті. Оның жұмысына БҚО дін істері 

басқармасы басшысының міндетін атқарушы Саялбек Ғиззатов, 

БҚО дін мәселелерін зерттеу орталығының басшысы Жарас Аха-

нов, Орал қаласы орталық мешітінің наиб имамы Марат Асанов 

қатысты.

Семинарда  сөз  алған  Саялбек 

Махамбетұлы  2014  жылғы  ҚР  Дін 

істері  агенттігінің  барлық  өңірлер-

ге  жүргізген  үгіт-насихат  жұмы- 

сын саралады.   Осы мәселені одан 

әрі  пысықтаған  Жарас  Иеберген-

ұлы  да  бірқатар  мысалдар  кел-

тірді. Ол жыл өткен сайын дін мә-

селесі  әр  елде  де  өткір  қойылып 

отырғандығын  айтты.  Түйіндерді 

шешудің  жолдары  қандай?  Ең  бі-

рінші  –  ақпараттық-насихаттық 

топтар  жұмысын  дәйекті  де  тұрақ-

ты  жүргізу  керек.  Көпшілік  жер-

лерде  оның  құрамына  жұмыссыз 

жастар, өзін-өзі жұмыспен қамтып 

отырғандар,  болмаса,  жұмыссыз 

отырған  ауыл  тұрғындары  ен-

бей  қалып  отыр.  Сондай-ақ  дес-

труктивтік  діни  ағымдардың  ық- 

палына  түскен  адамдардың  өзі- 

мен,  болмаса,  ең  жақын  адамы-

мен  ықпалды  жұмыс  жоқ.  Сөйтіп, 

олар  өзінен-өзі  оқшаулана  береді. 

Көптеген  аудан  әкімдері  тарапы-

нан аймақтағы діни жағдайды тал-

дау,  сараптау  жетіспей  жатады. 

Жарас  Иебергенұлы  аталған  топ-

тар  құрамын  қайтадан  жасақтау 

қажеттігін баса айтты.

Аудан  бойынша  «Таным»  орта-

лығы  мен  ҮЕҰ-мен  бірлесіп  мек-

теп  оқушылары  мен  колледж  сту-

денттеріне  жалған  ағымдардан 

алыс  жүру  тақырыбында  жиын- 

дар  өтуде.  «Жат  ағыммен  арбал- 

ғандар»  атты  фильм  көрсетілуде, 

«Осторожно,  секты!»,  «Интернет 

желісіндегі  терроризм  мәселесі» 

атты  үнпарақтар  мен  «Мұны  біл- 

геніңіз  жөн»,  «Қауырт  желі  – 

114»  жадынамалары  таратылды. 

БАҚ-та  тиісті  айдарлар  мен  маз- 

мұнды  мақалалар  жарияланып 

жүр.  Шарадағы  сөзінде  Меңзи- 

па  Жұматова  осындай  қам-қаре- 

кеттер  мен  іргелі  істер  жайында 

әңгімелеп,  тұрақты  діни  ахуал  үшін 

жұмысқа  тың  тегеурін,  соны  сер- 

пін берілетіндігіне ерекше тоқтал-

ды.


тілес ЖазЫҚбаЙ,

ақжайық ауданы

Аңқаты жалпы орта білім беретін мектебі жанындағы 

«Жас ұлан» жазғы демалыс лагері биыл да  өз жұмысын 

әдеттегідей 1 маусымнан бастады. 

«Жас  ұландағы» 

ЖАйдАРы ЖАз

бҰҚАРА


Сенбі,  9 тамыз 2014 жыл

5

oral_oniri@inbox.ru



Ақпараттық  хабарлама

Газетке жарияланым 

орнын ұсынудың жалпы тәртібі 

мен ережесі

Газетке  жарияланым  орнын 

ұсыну  жазбаша  өтініш  берілген 

сәттегі  Газеттің  бекітілген  прайс-

парақшасы  негізінде  жүзеге  асы-

рылады.


Газет  сайлау  науқаны  кезінде 

саяси жарнама орналастыру үшін 

жарты бет көлемінде жарияланым 

орнын  ұсына  алады,  бірақ  оның 

көлемі аптасына бір беттен аспауы 

тиіс.


Газетке  жарияланым  орнын 

ұсыну ҚР Парламенті Сенаты депу-

таттығынан  үміткерге  баспалық 

үгіт-насихат материалдарын орна-

ластыру  жөнінде  Газеттің  меншік 

иесімен  арада жасалған жазбаша 

келісімшарт  негізінде  жүзеге  асы-

рылады.  Келісімшарт  нұсқасы  мен 

оған  қосымша  құжаттар,  төменде 

көрсетілгеніндей,  жазбаша  өтініш 

жазылған  жағдайда  ұсынылады. 

Үміткердің/сенімді  өкілдің  Газет-

ке  жарияланым  орнын  ұсыну  жө-

ніндегі  келісімшартқа  қол  қоюы 

үміткердің/сенімді  өкілдің  сай-

лауалды  үгіт-насихат  жүргізумен 

байланысты Газет қызметін қабыл-

дауға  келіскені  болып  табылады. 

Мұндай  келісімшартты  жасау  үшін 

үміткер/сенімді  өкіл  Газеттің  мен-

шік  иесіне  төмендегі  ақпараттары 

бар жазбаша өтініш жасауы керек:

-  жазбаша  өтініштің  тіркеу  нө-

мірі, мерзімі және уақыты;

-  жазбаша  өтініш  беруші  үміткер-

дің/сенімді өкілдің аты-жөні, тегі;

-  жазбаша  өтініш  беруге  құзы-

реттілігін дәлелдейтін құжат;

-  үміткердің/сенімді  өкілдің  құ-

зыретті  мемлекеттік  органдар  та-

рапынан берілген жеке куәлігі, ҚР 

заңнамаларына  сәйкес  басқа  да 

құжаттар;

- жарияланым орнының көлемі 

және  ұсыну  уақыты  көрсетілген 

жазбаша өтініштің, үгіт-насихаттық 

баспа материалының мәтіні;

-  үміткердің  немесе  сенімді 

өкілдің қолы.

Жазбаша өтінішке онда сілтеме 

жасалған  құжаттардың  көшірмесі 

қоса беріледі.

Жарияланымда оның ақысы тө-

ленгендігі, материалдың шығуына 

жауапты тұлғалар, қаржыландыру 

көздері  туралы  мәліметтер  және 

ақпаратты ұсынушы тұлғаның тегі 

болуы тиіс.

Баспа  материалдарының  орна- 

ласу  кезегін  Газет  жазбаша  өтініш-

тердің  түсу  ретіне  орай  бекітеді. 

Бірнеше  үміткерден/сенімді  өкіл-

ден  жазбаша  өтініш  бір  мезгілде 

түскен  жағдайда  Газет  сол  күні  же-

ребе  өткізеді.  Жеребеге  баспа  ма-

териалдарын  орналастыру  кезегін 

талап  етуші  үміткерлер  немесе 

үміткерлердің  мүддесін  қорғайтын 

сенімді  өкілдер  және  жеребенің 

тәуелсіз  сарапшысы  ретінде  БАҚ 

өкілі  қатысады.  Әрбір  үміткерге/

«Жайық Пресс» ЖШС – «Орал өңірі», 

«Приуралье» газеттерінің (бұдан әрі – Газет) меншік 

иесі 2014 жылдың 1 қазанында өтетін Қазақстан 

Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары 

сайлауына қатысу үшін ұсынылған үміткерлерге 

сайлауалды үгіт-насихат материалдарын баспасөз 

бетінде орналастыру шарттарын ұсынады.

сенімді  өкілге  баспа  материалын 

орналастырудың  мерзімі  салынған 

жабық  конверттің  біреуін  таңдау 

ұсынылады.  Конверт  саны  жере-

беге  түсуші  жақтардың  санымен 

тең болады. Жеребе аяқталған соң 

жеребеге  қатысушы  жақтардың 

өкілдері  мен  БАҚ  өкілі  жеребенің 

хаттамасына  қол  қояды.  Жеребе 

нәтижесі (хаттама көшірмесі) тиісті 

сайлау комиссиясына жіберіледі.



Үгіт-насихаттық баспа мате-

риалдарының берілу тәртібі

Үгіт-насихаттық  баспа  материал- 

дары  Газетке  ҚР  «Сайлау  туралы» 

Заңының  28-бабы,  3-тармағында 

қарастырылғандай  көлемде  дайын 

күйінде  жарияланым  орнын  ұсы-

ну  жөнінде  Газеттің  меншік  иесі-

мен  келісімшартқа  қол  қоятын-

дай  құзыреті  бар  тұлғаның  қолы 

қойылған күйінде ұсынылады.

Үгіт-насихаттық  баспа  мате-

риалдары  Газетке  оның  Газетке 

жарияланатын уақытынан 7 (жеті) 

жұмыс күні бұрын ұсынылады.

Егер мәтінінде конституциялық 

құрылымды  күшпен  өзгертуге,  рес- 

 публиканың  тұтастығын  бұзуға, 

мемлекеттік  қауіпсіздікті  шайқал- 

туға,  әлеуметтік,  нәсілдік,  ұлттық, 

діни,  рулық  және  тайпалық  алауыз- 

дыққа,  қатыгездік  пен  күш  қолда-

нуға,  сондай-ақ  заңда  қарастырыл-

маған  әскерилендірілген  құрылым- 

дар құруға шақырған идеялар кө-

рініс  тапса  және  заңда  көзделген 

басқа  да  негіздерге  орай  Газет  үгіт-

насихаттық  баспа  материалдарын 

қабылдаудан бас тартуға құқылы.

 

Газет ұсынатын баспа орнының 

көлемі мен ақы төлеу тәртібі

Қазақстан  Республикасы  Пар-

ламенті  Сенаты  депутаттарының 

2014  жылғы  1  қазандағы  сайла-

уына  қатысушы  үміткерлерге  жа-

рияланым  орнын  ұсынғаны  үшін 

төленетін  ақы  мөлшері  Газет  бекіт-

кен прайс-парақша негізінде:

- ішкі ақ-қара түсті беттер үшін  

1 шаршы см – 300 теңге;

-  ішкі  және  соңғы  түрлі  түсті  бет-

тер үшін 1 шаршы см – 500 теңге;

-  бірінші  түрлі  түсті  бет  үшін  

1 шаршы см – 700 теңге.

Жарияланым  орнын  ұсынғаны 

үшін  төлемақы  тиісті  сайлау  қо-

рының  есебінен  толық  көлемде 

алдын ала аударылуы тиіс.

Алдын ала төлеу Газет ұсынған 

есепшот  негізінде  осы  есепшот 

берілгеннен  кейінгі  3  (үш)  опера-

циялық күн ішінде жүргізілуі тиіс.

Төлеу  Газетке  жарияланым  ор-

нын  ұсыну  туралы  келісімшартта 

көрсетілген  Газеттің  банк  рекви-

зиттеріне  сәйкес  немесе  ұсынған 

есепшот негізінде жасалады.

Ж. САФУЛЛИН,

«Жайық Пресс» ЖШС 

бас директоры 

Ж

азғы  сауықтыру  лаге- 

рі  үш  ауысыммен  жұ- 

мыс  жасады.  Лагерьде 

ойын  алаңдары,  спорттық  ойын-

дар  мен  сайыстар  өткізілуіне  ар-

найы  спорт  алаңы,  ойын  бөлмесі, 

тағы  да  басқа  керекті  жағдай  жа-

салды. 1 маусым – Балаларды қор- 

ғау  күні  мерекесіне  орай  ашы-

лу  салтанаты  өтті.  Әр  маусымда  

балалардың  жазғы  демалысын 

ұтымды  пайдалану  мақсатында 

спорттық  жарыстар,  табиғат  аясы-

на  танымдық  серуендер,    көңілді 

кештер өткізілді.

Демалысты  ұйымдастыру  ба-

рысында  ұстаз-тәрбиешілер  ба- 

лалардың  жас  ерекшелігін,  пси- 

хологиялық  ерекшелігін,  денсау-

лығын,  ұлттық  ерекшелігін,  қабі-

лет-мүмкіндігін  т.с.с.  ерекшелік-

тері  мен  мүмкіндіктерін  ескере 

отырып, әр балаға ерекше ықылас 

бөлді,  сабақ  барысында  әр  бала-

ның  ашылмаған  жаңа  қырынан 

танылуына, мұғаліммен сырласып, 

оқушылармен  дос  болуға  қажетті 

барлық жағдайды жасады.

  Жаз  бойы  өткізілген  шаралар 

нәтижесінде  ұстаз-тәрбиешілер 

балаларға  денсаулығы  мен  өзі-

нің  өсіп-жетілуіне  мән  беруді, 

ойын  әрекеті  барысында  ойлау 

әрекетінің  де  тиімді  әдістерін  мең-

геруді,  достық,  жолдастық,  сый-

ластық,  өзара  көмек  т.б.  сияқты 

адами  қасиеттерді  ұғынуды,  ту-

ған  жердің  табиғатына  және  эко-

логиялық  маңызына  мән  беруді, 

ұлттық  және  мәдени,  тұрмыстық 

салт-дәстүр  және  т.б.  ұғымдарды 

меңгертуге өз үлестерін қосты. 

Балалардың  санасына  ізгілік  

дарытып,  жеткіншіктерге  жаз  бойы  

қуаныш  сыйлаған  лагерьде  дема- 

лушылар бос уақыттарын мағына-

лы  өткізіп,  үйлеріне  сергіп  қана 

кетпей,  белгілі  бір  бағытта  білім-

дері  мен  қабілеттерін  жетілдіріп 

оралғаны сөзсіз.

арайлым ШӘМбІЛова, 

аңқаты жалпы орта білім 

беретін мектебі 

тәрбие ісінің меңгерушісі, 

аңқаты ауылы,

теректі ауданы

Қ

айрат Ырзақұлұлы моно- 

 қаладағы  жас  отбасы-

лар  мен  бюджет  қызмет-

керлері  үшін  салынған  көпқабат-

ты  тұрғын  үйлерді  аралап  көріп, 

аудандық емхананың жай-күйімен 

танысты.  Сонымен  қатар  Есен-

жан  Елеусінов  басшылық  ететін 

«Арай»  жауапкершілігі  шектеулі 

серіктестігінің  пенопласт  цехын-

да  болды.  2007  жылы  ашылған 

цехта  8  жұмысшы  бар.  Шикізатты 

Ресей    және  Қытайдан  әкелетінін 

айтқан  цех  басшысы  өз  өнімдері-

нің  еліміздің  барлық  өңіріне,  әсі- 

ресе, Атырау және Ақтөбе облыс-

тарына  көп  тарайтынын  жеткізді. 

Олар өз өнімдерін сатылымға шы-

Меминспектор 

 АҚСАйдА

Қазақстан Респуб-

ликасы Президенті 

әкімшілігінің мемле-

кеттік инспекторы 

Нұртай Қайрат Ақсай 

қаласында жұмыс 

сапарымен болды. 

ғарып  қана  қоймай,  тапсырыс  та 

қабылдайды екен. Елде пенопласт 

жасайтын  төрт  цех  болса,  соның 

бірі  –  осы  кәсіпорын.  Өнімнің 

бағасы  да  көрші  елге  қарағанда 

арзан. Цех басшысы алдағы уақыт-

та  өнімді  арттырып,  жұмыс  қар-

қынын  күшейтуді  көздеп  отыр. 

Бұл  күні  моноқалаларды  дамыту 

бағдарламасы  бойынша  несие 

алу үшін өтінім тапсырған.  Қайрат 

Ырзақұлұлы цехтағы құрылғылар- 

дың  жұмысы,  өнімнің  сапасы  жө-

нінде  сауалдар  қойып,  цех  жұмы-

сының ілгерілей беруін тіледі.    



ясипа РаХиМҚЫзЫ,

бөрлі ауданы

ҚАулы-ҚАРАР

Сенбі,  9 тамыз 2014 жыл

6

oral_oniri@inbox.ru



2014 жылғы 

23 маусымдағы № 164

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен 

бекітілген



«Тракторларды және олардың базасында жасалған 

өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, 

монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса 

алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл 

шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс 

машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүріп өту 

мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды нөмiрлiк 

тiркеу белгiлерiн бере отырып, тiркеу, қайта тiркеу» 

мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

1.  «Тракторларды  және  олардың  базасында  жасалған 

өздiгiнен 

жүретiн 


шассилер 

мен 


механизмдердi, 

монтаждалған  арнайы  жабдығы  бар  тiркемелердi  қоса 

алғанда,  олардың  тiркемелерiн,  өздiгiнен  жүретiн  ауыл 

шаруашылығы,  мелиоративтiк  және  жол-құрылыс  машина-

лары  мен  механизмдерiн,  сондай-ақ  жүріп  өту  мүмкіндігі 

жоғары  арнайы  машиналарды  нөмiрлiк  тiркеу  белгiлерiн 

бере отырып, тiркеу, қайта тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін 

қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 

Мемлекеттік  көрсетілетін  қызметті  облыстың,  ауданның 

және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы ор-

гандары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан 

Республикасы  Үкіметінің  2014  жылғы  3  наурыздағы  №171 

«Техникалық  инспекция  саласында  мемлекеттік  қызмет 

көрсету стандарттарын бекіту туралы» қаулысымен бекітілген 

«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен 

жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы 

жабдығы  бар  тiркемелердi  қоса  алғанда,  олардың  тiркеме-

лерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк 

және  жол-құрылыс  машиналары  мен  механизмдерiн,  сон-

дай-ақ  жүріп  өту  мүмкіндігі  жоғары  арнайы  машиналарды 

нөмiрлiк тiркеу белгiлерiн бере отырып, тiркеу, қайта тiркеу» 

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - 

стандарт) негізінде көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық 

(ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

Ақпараттандыру  саласындағы  уәкілетті  орган  мемле-

кеттік  қызметті  көрсету  нәтижесінде  берілген  құжаттардың 

электрондық тізілімін жүргізеді.

Көрсетілетін  қызметті  беруші  көрсетілетін  қызметті 

алушы  ұсынатын  құжаттардағы  деректерді  көрсетілген 

электорндық тізілімге енгізуді жүргізеді. 

3.  Мемлекеттік  көрсетілетін  қызметтің  нәтижесі:  тіркеу 

құжаттарын (телнұсқа) және мемлекеттік нөмірлік белгілерін 

беру.


4.  Мемлекеттік  көрсетілетін  қызмет  заңды  және  жеке 

тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) ақылы 

негізінде көрсетіледі.

2.  Мемлекеттік  қызмет  көрсету  процесінде  көрсе-

тілетін  қызметті  берушінің  құрылымдық  бөлімшелері-

нің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

5.    Мемлекеттік  қызмет  көрсету  бойынша  рәсімді  (іс-

қимылды)  бастауға  стандарттың  қосымшасына  сәйкес 

(Жалғасы. Басы газеттің №88 санында)

Батыс  Қазақстан  облысы  әкімдігінің  қаулысы

23 маусым  2014  жыл             №164             Орал қаласы



Батыс Қазақстан облысының техникалық инспекция саласындағы 

мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы

нысандағы өтініш негіздеме болып табылады. 

6.  Мемлекеттік  қызмет  көрсету  процесінің  құрамына 

кіретін  әрбір  рәсімнің  (іс  -  қимылдың)  мазмұны,  оны 

орындаудың ұзақтығы: 

1)  көрсетілетін  қызметті  берушінің  кеңсе  маманы  

30  (отыз)  минут  ішінде  көрсетілетін  қызметті  алушыдан 

стандарттың  9-тармағына  сәйкес  құжаттарды  қабылдауды 

жүзеге  асырады,  тіркейді  және  көрсетілетін  қызметті 

берушінің басшысына жолдайды

2)  көрсетілетін  қызметті  берушінің  басшысы  1  (бір) 

жұмыс күні ішінде құжаттармен танысады және құжаттарды 

көрсетілетін  қызметті  берушінің  жауапты  орындаушысына 

жібереді;

  3)  көрсетілетін  қызметті  берушінің  жауапты  орындау-

шысы  15  (он  бес)  күнтізбелік  күн  ішінде  тіркеу  құжаттарын 

(телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгілерін береді.

7. Келесі рәсімдерді (іс - қимылды) орындауды бастауға 

негіздеме болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс 

- қимылдың) нәтижесі: 

1)  көрсетілетін  қызметті  берушінің  кеңсе  маманы 

көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдауы және 

көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттармен 

танысады  және  көрсетілетін  қызметті  берушінің  жауапты 

орындаушысына жібереді; 

3)  Көрсетілетін  қызметті  берушінің  жауапты  орындау-

шысы  тіркеу  құжаттарын  (телнұсқасын)  және  мемлекеттік 

нөмірлік белгілерін беруді жүргізеді. 

3.  Мемлекеттік  қызмет  көрсету  процесінде  көрсеті-

летін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің 

(қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

8.  Мемлекеттік  қызмет  көрсету  процесіне  қатысатын 

құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты оындаушысы. 

9.  Әрбір  рәсімнің  (іс-қимылдың)  ұзақтығын  көрсете 

отырып, құрылымдық бөлімшелер арасындағы рәсімдердің 

(іс-қимылдардың)  реттілігін  сипаттау  «Тракторларды  және 

олардың  базасында  жасалған  өздiгiнен  жүретiн  шассилер 

мен  механизмдердi,  монтаждалған  арнайы  жабдығы  бар 

тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен 

жүретiн  ауыл  шаруашылығы,  мелиоративтiк  және  жол-

құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүріп 

өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды нөмiрлiк тiркеу 

белгiлерiн  бере  отырып,  тiркеу,  қайта  тiркеу»  мемлекеттік 

көрсетілетін қызмет регламентінің (бұдан әрі - регламент) 1-

қосымшасына сәйкес блок-схемамен сүймелденеді.

10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің 

(іс-қимылдардың) реттілігін, көрсетілетін қызметті берушінің 

құрылымдық  бөлімшелерінің  (қызметкерлерінің)  өзара 

іс-қимылдарының  толық  сипаттамасы  осы  регламенттің  2-

қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-

процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

11.  Мемлекеттік  қызметті  көрсету  мәселелері  бойын-

ша  көрсетілетін  қызметті  берушілердің  және  (немесе) 

олардың  лауазымды  адамдарының  шешімдеріне,  әрекетіне 

(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі стандарттың 3- бөліміне 

сәйкес жүзеге асырылады. 

- мемлекеттік қызмет 

көрсетудің басталуы 

немесе аяқталуы;

- көрсетілетін қызметті алушы рәсімінің 

(іс-қимылының) және (немесе) атауы;

 - келесі рәсімге (іс-

қимылға) өту.



Шартты белгілері;

ҚФБ – құрылымдық функционалдық бірлік

ҚФБ-1     - көрсетілетін қызметті алушы

ҚФБ-2     - көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы; 

ҚФБ-3     - көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

ҚФБ-4     - көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;

«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар 

тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары 

мен механизмдерiн, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды нөмiрлiк тiркеу белгiлерiн бере отырып тiркеу, қайта 

тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша



Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер арасындағы рәсімдердің

 (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттаудың блок-схемасы

 «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, 

монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, 

мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды

 нөмiрлiк тiркеу белгiлерiн бере отырып, тiркеу, қайта тiркеу» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне 2-қосымша

 «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы 

жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және 



1   2   3   4   5   6   7   8


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал