Облыстық ҚОғамдЫҚ-СаяСи газеТ



жүктеу 0.71 Mb.

бет1/7
Дата22.02.2017
өлшемі0.71 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7

ОБЛЫСТЫҚ ҚОғамдЫҚ-СаяСи газеТ

www.oraloniri.kz

Сенбі,

7 ақпан 2015 жыл

№15-16 (20097)

- 3 

0

С

- 7 

0

С

Газет 1917 жылдан бастап шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған

oral_oniri@inbox.ru

Орал өңірі



4

мозайкасы

Жаңалықтар

Қыс  қызығынан 

құр  қалмаңыз! 

Бұрқасындатып , 

жел  күшейеді

«Қазгидромет» РМК «Батыс Қазақстан 

гидрометеорология орталығының»  

мәлі­меті­не қарағанда, 7 ақпанда 

бұрқасын болып, батыстан соққан 

желді­ң екпі­ні­ 18 м/с-ге жетеді­ деп 

күті­луде.

Ұжым  басшылары,  әсіресе,  қалыпты  тірші- 

лікті  қамтамасыз  ететін  коммуналдық  мекеме-

лердің  жетекшілері,  электр  және  байланыс 

желілерінің  барынша  тұрақты  жұмыс  жасауын 

қамтамасыз етуі шарт.

Төтенше  жағдайлар  орын  алған  кезде  Орал 

қаласы, Достық даңғылы, 215 мекенжайы бойын-

ша  немесе  53-60-91,  54-52-25  телефондары 

арқылы  Орал  қалалық  ТЖАК  КДҚ  кезекші  дис-

петчеріне хабарлау керек.

Б

үгін,  яғни  жетінші  ақ- 

 пан  күні  Оралдың  ор- 

талық  саябағында  Қазақстан  

халқы  Ассамблеясы  жылына  

орай  шаңғы  серуен  өтеді.  Бұл  

шараға  қатысуға  ниеттілер  са- 

ғат  11.00-ден  қалмай  аталмыш  

саябақта  жиналуы  тиіс.  Таза 

ауадағы  шаңғы  жорық  сағат 

12.00-де  басталады.  Осыдан 

кейін  шаңғыға  қоса,  шайбалы 

хоккей,  допты  хоккей  және 

конь­кимен  сырғанау  аталымда-

ры бойынша марапаттау өтеді. 

Демек,  қыс  қызығынан  құр 

қалмаңыз!   

аССамБЛея

«БірЛігімізді 

Бекем  ғЫп, 

Берекемізді 

еСеЛейік!»

ҚазаҚСТан хаЛҚЫ  

аССамБЛеяСЫнЫң 

жЫЛЫ БаСТаЛдЫ

ҚОғам

аССамБЛея

3

жұмЫС  ОрЫндарЫн

СаҚТауға кеЛіСТі

2

Күрделі  ота  жасады



К

еше  облысымызға  Мәскеу 

қаласынан  жұмыс  сапары-

мен  келген  Ресей  медицина  акаде-

миясындағы  травматология  және 

ортопедия  кафедрасының  профес-

соры,  медицина  ғылымдарының  

докторы  Андрей  Казанцев  облыс-

тық  клиникалық  ауруханасының 

травматология  бөлімінде  науқас 

Жанна  Ирзигитоваға  аса  күрделі  

ота  жасады.  Сүйектерді  жалғап,  ірі 

буын  сүйектерін,  жамбас-сан,  тізе, 

иық-білек  буындарына  эндоско-

пиялық  ота  жасайтын  профессор 

осы  сапарында  өңіріміздегі  тағы 

да  4  науқасқа  жоғары  техникалық 

медициналық  көмек  түріне  жата-

тын күрделі оталар жасамақ.

Қымбатты отандастар, 

құрметті қазақстандықтар!

Бүгін  елімізде  менің  Жарлығыммен  жарияланған  Қазақстан  халқы  Ассамблея­

сының жылы ресми ашылып, басталады.

Жыл ең басты ортақ құндылықтарымыз – Тәуелсіздігімізді, егемендігімізді, бір­

лігімізді, Қазақстан халқының бейбітшілігі мен келісімін сақтауға арналады. 

Осыдан  20  жыл  бұрын,  1995  жылдың  1  наурызында  біздің  қоғамдағы  бейбіт­ 

 шілік пен келісімді сақтауға арналған бірегей институт – Қазақстан халқы Ассам­

блеясын құру туралы Жарлыққа қол қойдым. 

Осы  уақыт  аралығында  Ассамблея  шынайы  түрде  жалпыхалықтық,  азаматтық,  

саяси мүдделерден жоғары тұрған ұйым ретінде танылды, конституциялық мәрте­

беге ие болды. Бүгінгі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздегі барлық ұлт 

пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын маңызды құрылымға айналды.

Сондықтан Ассамблея жылы – 17 миллион қазақстандықтың ортақ мерекесі. Елі­

міздің әрбір азаматы атамекеніміздегі бейбітшілік пен келісімді сақтауға жауапты 

екенін айқын сезінуі керек. Бұл – Қазақстан болашағының негізі.

Ассамблея  жылы  «Қазақстан  –  2050»  Стратегиясының  мақсаттарына  жетудің 

нақты  істері  мен  жаңа  жетістіктері  жылы  болады.  Біз  «Нұрлы  жол  –  болашаққа 

бастар  жол»  деп  аталатын  жаңа  экономикалық  саясаттың  негізгі  міндеттерін іске 

асыруға кірістік. 

Ассамблея  жылы  Конституцияның  20  жылдығы,  Қазақ  хандығының  550  жыл­

дығы және Ұлы Жеңістің 70 жылдығы сияқты маңызды оқиғаларға толы.

Бұл жыл – ортақ тарих пен тағдыр мәңгілікке біріктірген халқымыздың бірлігін 

паш ететін жыл. Қазақстан – бұл біртұтас жер, біртұтас халық, ортақ болашақ! 

Сондықтан Ассамблея жылының басты идеясы – «Менің елім ­ Мәңгілік ел!».

Мен  барлық  қазақстандықтарды  Ассамблея  жылының  басталуымен  құттық­

таймын!


Егемендік, бірлік және келісім рухы болашаққа деген сенімімізді арттырып, күш­

қуатымызды еселесін! Біз тағдыры ортақ, бірлігі жарасқан біртұтас елміз! 

Біздің қазақстандық жол – бейбітшілік, келісім және даму жолы! 

Қазақстан Республикасының 

Президенті – Қазақстан халқы 

Ассамблеясының Төрағасы  

 

 

 

  Н. НАЗАРБАЕВ

Қазақстан Республикасының Президенті­ – 

Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы 

Нұрсұлтан Әбі­шұлы Назарбаевтың 

Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының ашылуына 

арналған құттықтау сөзі­

Осы  аптаның  бейсенбісінде  облыс  

әкімдігінің  үлкен  залында  жергілікті  

қамтуды  дамыту  және  жұмыс  орын- 

дарын  сақтау  мәселелеріне  арналған 

кеңес өтті. 



Ғайса ҚАПАҚОВ,

Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы 

Ассамблеясы төрағасының орынбасары

хатшылық меңгерушісі:



ассамблея

Cенбі,   7 ақпан 2015 жыл

2

oral_oniri@inbox.ru



кеше күллі еліміз-

де Қазақстан халқы 

ассамблеясының 

жылы басталды. Біздің 

өңірде бұл шара об-

лыс орталығында 

таңертеңгілік сағат 

9.30-да жәңгір 

хан атындағы Ба-

тыс Қазақстан 

агротехникалық 

университетінің 

алаңынан бастау алды. 

У

ниверситет алаңына жинал- 



ған  300-дей  қыз-жігіт  «Жас-

тар  қоғамдық  келісімді  қолдайды!» 

ұранымен  флешмоб  билеп,  одан 

кейін  ҚХА  жылының  эмблемасы 

салынған шарлар ұшырды.  Содан 

соң  синхронды  акция  аясында  об- 

лыс әкімі Нұрлан Ноғаев пен соғыс 

және  еңбек  ардагері  Иван  Гапич 

Қазақстан халқы Ассамблеясы жы-

лының туын көтерді.  

Шырайлы  шараның  жалғасы 

университеттің  үлкен  залында  

жалғасты.  Залға  апаратын  дәлізге 

қойылған  Ассамблеяның  20  жыл-

дығына  арналған  фотокөрмелер, 

кітап  көрмесі,  музей  жәдігерлері 

көпшіліктің  назарын  аударды.  

Сондай-ақ  шараға  келгендерді 

сақшыдай  сап  түзеп,  ұлттық  киім- 

дері өңдеріне әр берген  этномә-

дени бірлестіктердің жетекшілері, 

жігіттер мен қыздар жылы шырай-

мен қарсылады.

Сахнаға  көтерілген  облыс  әкі- 

мі  Нұрлан  Ноғаев  Қазақстан  Рес- 

публикасының  Президенті,  Қазақ-

стан  халқы  Ассамблеясының  Төр-

ағасы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың 

құттықтауын  оқып  берді.  “Біз  осы 

бір  жылды  өміріміздегі  ең  маңыз- 

ды  құндылықтар  –  Тәуелсіздік, 

еркіндік,  бірлік,  Қазақстан  халқы- 

ның  бейбітшілігі  мен  келісіміне  ар- 

найтын  боламыз.  20  жыл  ішінде 

Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  шын 

мәнінде  жалпыхалықтық,  жалпы- 

азаматтық,  саясаттан  жоғары  құ- 

рылым  болып  қалыптасты,  конс-

титуциялық  дәрежеге  жетті”  де-

лінген  құттықтауда.  Елбасының 

құттықтауында    бүгінде  ҚХА  жал-

пыхалықтық  өкілеттіліктің  инсти-

тутына, азаматтық қоғамның көш-

басшысына  айналғаны  айтылған. 

“Сондықтан  ҚХА  жылы  –  біздің 

ортақ  мерекеміз,  барлық  17  мил-

лион  қазақстандықтың  ортақ  ісі. 

Әрбір  азамат  еліміздегі  бейбітші-

лік пен туған жеріміздегі ынтымақ 

алдындағы жауапкершілігін толық 

сезінуі тиіс” - деген Елбасы.

Салтанатты  шара  барысы  ән- 

күймен,  көп  ұлтты  отандастары-

мыздың  ұлттық  билерімен  өріліп 

отырды.  Концерттік  бағдарлама 

әншілер  Дастан  Есентеміров,  Ер- 

кін  Өтегенов  және  БҚМУ  хор 

ұжымының  орындауындағы  «Елім 

менің»  әнімен  басталып,  залдағы 

жұртшылықтың  мерекелік  көңіл 

күйін  одан  сайын  асқақтатты. 

Биыл – төл тарихымызды ұлықтау 

жылы,  яғни  Қазақ  хандығының  550 

жылдығы,  Конституциямыздың  20  

жылдығы,  Ұлы  Жеңістің  70  жыл- 

дығы.  Сахналық  көрініс  арқылы  

өнерпаздар  Қазақ  хандығының  не- 

гізін салушы Керей мен Жәнібекті,  

одан  кейінгі  ұлт  тарихындағы 

ұлылар  –  Абай  Құнанбайұлын, 

Шоқан  Уәлихановты,  көзінің  тірі- 

сінде-ақ  өмірі  аңызға  айналған  

Кеңес  Одағының  Батыры  Бауыр- 

жан  Момышұлын  және  Кеңес 

Одағының  Батыры,  генерал  Иван  

Панфиловты  сахналап,  «сөйлетті».  

ҚР  Конституциясының  және  Қа- 

зақстан  халқы  Ассамблеясының 

20  жылдығы  құрметіне  «Қыз 

Жібек»  ансамблі  (жетекшісі  –  

Қарлығаш  Айтқалиева)  «Достығы-

мыз  мәңгілік!»  биін  орындады.  

БҚМУ-лық  биші  студенттер  түр- 

лі  этностың  ұлттық  билерін  ке-

лістіре  билеп,  жиналғандардың 

ықыласына  бөленді.  «Батыс  star» 

квартеті  (жетекшісі  –  Қуаныш 

Қисметов) «Алға, Қазақстан!» әнін 

рухтана шырқағанда зал толы халық 

орнынан тұрып, қошемет көрсетті. 

-  Жиырма  жыл  бұрын  Прези-

дентіміздің  сарабдал  саясатының 

арқасында  біз  ел  бірлігінің  ең  біре-

гей  және  айқын  жолын  таптық.  Бұл 

Қазақстан халқы Ассамблеясының 

құрылуы  болатын.  Күні  бүгін  біз 

«Ассамблея дегеніміз – бұл барлық 

17  миллион  қазақстандық»  деп 

үлкен  мақтанышпен  айта  аламыз. 

Залда  отырған  ардагерлер  де  өз- 

дерінің  жанқиярлық  ерлік  пен  жа-

сампаз  еңбектерінің  арқасында 

достығымызды  мәңгіге  бекітті. 

Аталарымыз  бен  әкелеріміздің 

еліміздің  жарқын  болашағы  жо-

лындағы  ұлы  ерліктері  ешқашан 

ұмытылмайды.  Мұнда  қатысып 

отырған  жас  шамасы  түрлі  ұр-

пақ  және  мамандық  өкілдері  өз-

дерінің  адал  еңбектерімен  об-

лыстың  және  еліміздің  дамуына 

үлес  қосуда.  Достық  пен  бірліктің 

нығаюына  үлес  қосқандарыңыз 

үшін  мың  алғыс!  -  деді  облыс 

әкімі,  БҚО  Қазақстан  халқы  Ас-

самблеясының  төрағасы  Нұрлан 

Ноғаев 

Ассамблея 



жылының 

ашылу салтанатында сөйлеген сө- 

зінде.  Өңір  басшысы  жиынға  қа-

тысып  отырғандардың  көпшілігі 

жастар  екендерін  (700-дей  жас), 

осының  өзі-ақ  батысқазақстандық 

жас  буынның  төзімділік  пен  дос-

тық идеяларын жан-жүрегімен қа- 

былдағандығын  көрсететінін  жә-

не  оларға  Ассамблеяның  барлық  

құндылықтарын  көпшілікке  тарату,  

бейбітшілік пен келісім, төзімділік 

пен  өзара  түсіністік  идеяларын 

ұрпақтан-ұрпаққа  жеткізу  мін-

дет-миссиясы  жүктелгенін  атап 

көрсетті. «Біздің мақсатымыз бір –  

бәрімізге ортақ Отанымыздың өр- 

кендеуі!  Ал  бұл  дегеніміз  –  әр-

қайсымыздың  күнделікті  еңбегіміз, 

жетістігіміз  бен  табысымыз!  Ассам-

блея  –  бұл  Қазақстанда  тұратын 

әр этностың салт-дәстүрі мен мә- 

дениеті,  бұл  –  ертеңгі  күннің  жар-

қын  болуына  деген  сенімділік 

пен  тұрақтылық!  Ассамблея  –  бұл 

Президентіміздің  бейбітшілік  пен  

келісім  саясатының  жеңісі,  этнос- 

аралық  төзімділік  пен  қоғамдық 

келісімнің  қазақстандық  үлгісінің 

жемісі»,  -  деген  облыс  басшысы 

шараға  қатысушыларды  Қазақстан 

халқы  Ассамблеясы  жылының 

ашылуымен құттықтады.

Бұдан  кейін  облыс  әкімі  ар-

найы  орнатылған  нүктені  басып,  

облысымыздағы  ізгі  істер  эста-

фетасының  тұсаукесер  рәсімін  

жасады.  Сондай-ақ  облыс  бойын-

ша  өтетін  ҚХА-ның  «Бейбітшілік 

пен  келісім  жол  картасы»  мега-

жобасының    тұсауы  кесілді.  Бұл 

мегажоба  3  кезеңмен,  алдымен 

облыстың  ауылдық  округтері,  одан  

кейін  аудандардың  және  жоға-

ры  оқу  орындарының  арасында  

өткізіледі.  Мегажоба  аясында  

әлеуметтік  мәні  бар  жобалар- 

дың тұсаукесерлері жасалып, шы-

ғармашылық  көрмелер,  тәжірибе 

алмасу  бағытындағы  дөңгелек  үс-

телдер ұйымдастырылады. 

-  Мегажоба  шеңберінде  еліміз-

ді  мекендеген  түрлі  ұлттың  тари-

хын,  дәстүрін,  мәдениетін,  тілін, 

қасымызда  жүрген  өзге  ұлттың 

азаматтарын, көршілерімізді жаңа 

қырынан  білуге  мүмкіншілік  ала-

мыз.  Жоба  өткен  жылдары  да  бол-

ды.  Соның  нәтижесінде  ұлтаралық 

татулықтың,  саяси  тұрақтылықтың, 

ұлтаралық, дінаралық түсіністіктің 

артқанын  байқап  отырмыз.  Мұның 

дәлелі  –  бүгінгі  таңдағы  бейбіт-

шілік,  тұрақтылық,  тыныштық. 

Баршаңызды  осы  акцияға  қа-

тысуға шақырамын, - деген облыс 

басшысы  Нұрлан  Ноғаев  Орал 

қаласының  әкімі  Алтай  Көлгіновке 

мегажобаның  символдық  белгісін 

табыстады.  Эстафетаны  қабылдап  

алған  Алтай  Көлгінов  көпшілікті 

Ассамблея  жылымен  құттықтап, 

Оралда  86  ұлттың  өкілі  тату-

тәтті  тұратынын,  биыл  акция  ая- 

сында 300-ден астам іс-шара жос-

парланғанын айтып өтті.  

Қ

ХА  Кеңесінің  ұсынысымен  



ҚР Президенті – ҚХА Төр-

ағасы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың 

шешімімен Қазақстан халқы Ассам-

блеясына  6  жерлесіміз  мүше  бол-

ды.  Елбасымыздың  қолы  қойылған 

мүшелік  куәлікті  жиында  облыс  

әкімі,  БҚО  Қазақстан  халқы  Ас-

самблеясының  төрағасы  Нұрлан 

Ноғаев табыс етті. Олар – белсен-

ді  азаматтық  ұстанымдарымен  қо- 

ғамдағы  ынтымақ-татулықты  ны- 

ғайтуға  бағытталған  қоғамдық  қыз-

метімен  танылған  «Бірлік»  әзір-

байжан  мәдени-ағарту  қоғамы» 

қоғамдық  бірлестігінің  жетекшісі  

Наджаф  Мамедов,  «Еділ-Жайық 

қауымдастығы»  қоғамдық  бірлес-

тігінің  жетекшісі  Аманжол  Зинул- 

лин,  «Яик» фоль­клор-этнография-

лық  казактар  орталығы»  қоғамдық 

бірлестігінің  жетекшісі  Владимир  

Новиков,  «Қазақстан  ұйғырла-

рының  республикалық  мәдениет 

орталығы»  қоғамдық  бірлестігінің 

Орал  қаласындағы  бөлімшесінің 

жетекшісі  Әсиям  Усенова,  БҚО 

әкімі аппаратының «Қоғамдық ке-

лісім»  КММ-ның  басшысы  Алек-

сандр  Әжіғалиев,    «БҚО  бойынша 

республикалық  дүнген  мәдени 

орталығы»  қоғамдық  бірлестігі  фи-

лиалының  жетекшісі  Абдуманап 

Каримов,  «Орал  «Хаймат»  неміс 

мәдени-ағарту  қоғамы»  қоғамдық 

бірлестігінің  жетекшісі  Эдуард 

Фрицлер сынды жерлестеріміз. 

Өңірімізде тоқсаннан астам ұлт 

өкілі  өмір  сүреді,  48  этномәдени 

бірлестік  жұмыс  істейді.  Сол  бір-

лестіктердің  жетекшілері  сахнаға 

құрметпен  шақырылды.  Олардың 

атынан ел-жұртты құттықтаған Ба-

тыс Қазақстан облысындағы орыс 

мәдениеті орталығының төрағасы 

Сергей  Погодиннің  сөзі  әсерлі  де 

шынайы шықты.



(Жалғасы 8-бетте)

Қазақстан  халқы  

ассамблеясының жылы басталды


сенбі,  7 ақпан 2015 жыл

3

oral_oniri@inbox.ru



қоғам

Жұмыс  орындарын

сақтауға келісті

Осы аптаның бейсенбісінде облыс 

әкімдігінің үлкен залында жергілікті 

қамтуды дамыту және жұмыс орында-

рын сақтау мәселелеріне арналған кеңес 

өтті. Оның жұмысына Қр инвестиция 

және даму министрі  Әсет исекешов, Қр 

Энергетика министрі Владимир Школь-

ник, Қазақстан машина жасаушылары 

одағының  төрағасы, Қр парламенті 

мәжілісінің депутаты мейрам пішембаев 

және ұлттық компаниялардың өкілдері, 

кәсіпорындар мен мекемелердің бас-

шылары, мәслихаттардың депутаттары, 

кәсіпкерлер, БаҚ өкілдері  қатысты. 

Ж

иынды  ашқан  облыс 

әкімі  Нұрлан  Ноғаев 

Елбасымыздың  орта 

және  шағын  бизнестің,  өнеркә-

сіптің  дамуына  ұдайы  көңіл  бө-

летінін,  елімізде  жүзеге  асыры-

лып  жатқан  кәсіпкерлікті  қолдау 

бағдарламаларының,  соның  ішін-

де  субсидиялау,  инфрақұрылым-

ды  дамыту,  өндірілген  өнімдерді 

ішкі нарыққа және экспортқа шы- 

ғаруда  әкімшілік,  қаржылық  қол- 

дау тетіктерінің жеміс беріп отыр-

ғандығын атап көрсетті. Қазақстан 

халқына  арнаған  «Нұрлы  жол 

-  болашаққа  бастар  жол»  Жолда-

уында  Елбасымыз  қазақстандық 

қамтуды  көбейте  отырып,  жұмыс 

орындарын  сақтау,  бизнесті  да-

мыту,  ішкі  жалпы  өнімдегі  шағын 

және  орта  бизнестің  үлесін  арт-

тыру  жөнінде  тапсырмалар  бер-

ді.  Бүгінгі  форум  аясында  осы 

мәселелер  талқыланады,  -  деді 

Нұрлан Асқарұлы. 

Министр Әсет Исекешов әлем-

дік  экономиканың  бір  бөлшегі 

болып  табылатын  Қазақстанға 

әлем  елдеріндегі  экономикалық-

қаржы  дағдарысының,  Ресейде-

гі  экономикалық  жағдайлардың 

«салқыны»  тиіп  отырғанын,  осын-

дай  кезде  кәсіпорындарды  жұ-

мыспен  қамтамасыз  ету,  олардың 

өндірістік  қуатын  қажетті  деңгейде 

ұстау,  жұмыс  орындарын  сақтау 

маңызды  екендігін  жеткізді.  «Ол 

үшін  мемлекеттік  органдар  ұлт-

тық  компаниялармен  бірге  мұнай-

газ  компаниялары  қазақстандық 

қызметтерді пайдаланып, отандық 

тауарларды сатып алулары керек. 

Сайып  келгенде,  осының  бар- 

 лығы  жұмыс  орындарының  сақ-

талуына  әсерін  тигізеді.  Сондық-

тан  жергілікті  қамтуды  дамыту 

және  жұмыс  орындарын  сақтау 

жөнінде  меморандумдарға  қол 

қойылады.  Олардың  орындалуын 

біз  қадағалаймыз,  мониторинг 

жүргізіледі,  қажетті  мәселелерді 

шешу  үшін  Үкімет  қарауына  ұсы- 

намыз»,  -  деді  Ә.  Исекешов.  Ми-

нистрдің  айтуынша,  мұнайгаз  ком- 

панияларының  бюджеттері  кемуі 

салдарынан  олардан  тапсырыс- 

тар  алатын  орта  және  шағын 

бизнеске  қатысты  түйткілді  мә-

селелер 


туындауда. 

Қарашы-


ғанақ  кен  орнын  игеруші  «ҚПО» 

компаниясына  тауар  жеткізетін  

оралдық  шағын  және  орта  биз-

неске  қатысты  мәселелер  жақын- 

да  талқыланған.  «Мемлекет  қазір 

барлық  кәсіпорындарға  көмек-

тесуде.  Әлемдік  дағдарысты  ес-

керіп,  ірі  компанияларға  көмек-

қолдау  көрсетеміз,  соған  орай 

бұл  компаниялар  да  өз  кезегін-

де  шағын  және  орта  бизнеске 

көмек  көрсетулері  тиіс  деп  са-

наймыз.  Жергілікті  қамтуды  да-

мыту  жөніндегі  меморандумдар 

бойынша  өндірісшілеріміз,  соның 

ішінде  индустрияландыру  кар-

тасы  шеңберінде  ашылған  жаңа 

өндіріс  орындары  ірі  жобаларға, 

инфрақұрылымдық,  индустриал-

дық  компанияларға  сапалы  тауар-

ларын  жеткізіп,  қызмет  көрсете 

алады.  Соның  ішінде  машина  жа- 

сау  саласының  өнімдерін,  химия- 

лық  өнімдерді,  арматураны,  жұ-

мыс киімдерін жеткізу, түрлі сала-

да  қызмет  көрсету  мүмкіндіктері 

қарастырылған. 

Бірінші  бесжылдықтың  қорытын-

дысы  бойынша  жергілікті  қамту 

үлесі  48  пайыздан  63  пайызға  

жетті. Министрдің айтуынша, жер- 

гілікті  өндірісшіні  қолдап,  қажетті  

тауарларды  алуға  барлық  мүм-

кіндік бар. Бастысы, өндіріс орын-

дарындағы  тұрақтылықты,  жұмыс 

орындарын  сақтаудың  маңызы  

зор.  Мемлекет  басшысының  тап-

сырмасы  бойынша  республикада 

өндіріс  үдерістерін  тұрақтанды-

ру  және  жұмыскерлердің  еңбек 

құқықтары 

мен 


кепілдіктерін 

қамтамасыз  ету  жөнінде  облыс 

әкімдіктері  мен  ірі  кәсіпорындар 

арасында  өзара  ынтымақтастық 

туралы  меморандумдар  жасау 

бойынша  кең  ауқымды  жұмыс  

басталды.  Еліміздің  барлық  айма-

ғында  осындай  шаралар  өтеді, 

қазірдің  өзінде  өңірлерде  12  ке-

ңес  өткізіліп,  барлығы  200  мемо-

рандумға қол қойылған. 

Өңір  басшысы  Нұрлан  Ноғаев-

тың  айтуынша,  облысымызда 

5567  кәсіпкерлік  субъектісі  бол-

са,  соның  79-ы  ірі,  566-сы  орта, 

4922-сі  шағын  санатында.  Бүгінде 

облыста  жұмыс  орындарын  сақ-

тау,  жұмысшыларды  жұмыстан 

шығармау  жөнінде  79  ірі  кәсіп-

орынмен,  528  орта,  1830  шағын 

кәсіпкерлік  субъектілерімен  ме-

морандум  жасалған,  мониторинг 

күнделікті  жасалуда.  Бұл  бағытта-

ғы жұмыстар жалғаспақ. 

ҚР  Энергетика  министрі  Вла-

димир  Школь­ник  ҚР  Үкіметі  Пре-

зидент  Нұрсұлтан  Назарбаевтың 

халыққа  жолдаған  Жолдауына 

сәйкес  орта  мерзімде  экономи-

каны  дамытудағы  басты  құралы 

болатын  2020  жылға  дейінгі  мер-

зімге  арналған  «Нұрлы  жол»  атты 

инфрақұрылымды  дамыту  бойын-

ша  мемлекеттік  бағдарламаның 

әзірленгенін,  қазақстандық  қам-

туды дамыту саясаты отандық биз-

несті  қолдаудың  өзекті  мәселесі 

екенін  айтып  өтті.  Оның  айтуын-

ша,  2014  жылдың  қорытындысы 

бойынша  мұнай-газ  саласындағы 

жер  қойнауын  пайдаланушылар-

мен жалпы құны 3 трлн. теңгеден 

астам  тауарлар,  жұмыстар  мен 

қызмет  түрлері  сатып  алынса, 

соның  ішінде  қазақстандық  қамту 

көлемі  1,5  трлн.  теңгені,  яғни  54%-

ды  құрады.  Елбасының  «Кез  кел-

ген  дағдарыс  аяқталады»  деген 

сөзін келтірген В. Школь­ник қиын 

кезеңнен  мықты  болып  шығуға 

барлық  жағдай  бар  екенін  айт-

ты.  «Мұнай  бағасы  төмендеген 

жағдайда  өндірісте  өзіндік  құнды 

азайтуға  бағытталған  барлық 

шараларды  алу  -  басты  міндет. 

Бұл  -  бизнес  үдерістеріне  «жан» 

бітіру,  мұнайды  өндіру  коэффи-

циентін  арттыру,  жаңа  техноло-

гияларды  пайдалану.  Мемлекет 

барлық  кәсіпорынға  қолдау  көр-

сетеді.  Министрліктегі  арнайы  топ 

мұнайгаз  компанияларының  әр- 

қайсысының  экономикалық  жағ-

дайын  қарайтын  болады»,  -  деді 

В.  Школь­ник.  Министр  сөзінің  

тоқетерінде  мұнайгаз  саласында- 

ғы  компанияларын  жұмысшылар-

ды қысқартпауды, жұмыс орында-

рын  және  әлеуметтік  тұрақты-

лықты сақтауға шақырды. 

-  Индустрияландыру  картасы 

бойынша  облыста  303,3  млрд.  тең-

генің  38  жобасы  іске  асырылуда. 

2100 жаңа жұмыс орны ашылады. 

Инвесторлар  жобаларын  жүзеге 

асыру  барысында  қуат  үнемде-

гіш,  өнімнің  өзіндік  құнын  азай-

туға  бағытталған  жаңа  техноло-

гияларды  пайдаланады.  Бәсекеге 

қабілеттілік  мәселесі  алдыңғы 

орында  тұр,  -  деп  мәлімдеді  өңір 

басшысы Нұрлан Ноғаев. 

Басқосуда  сөз  алған  Қазақстан 

машина  жасаушылары  одағының 

төрағасы,  ҚР  Парламенті  Мәжі-

лісінің  депутаты  Мейрам  Пішем-

баев  Мемлекет  басшысының  тап- 

сырмасымен  Үкіметпен  қабыл-

данған  дағдарысқа  қарсы  бағдар-

ламаны  іске  асыру  төңірегіндегі 

шаруаларға  тоқталса,  облыс  әкі-

мінің  орынбасары  Игорь­  Стек-

сов 

облыс 


экономикасының 

даму  динамикасына  талдау  жа-

сады.  «Батыс  Қазақстан  маши-

на  жасау  компаниясы»  АҚ-ның 

бас  директоры  Әліби  Ахметжа-

нов,  «ҚПО  б.  в.»  компаниясының 

бас  директоры  Дамиано  Ратти, 

облыстық  кәсіподақтар  кеңесінің 

төрағасы  Самат  Оспанов  қиын 

кезеңде  жұмыс  орнын  сақтау 

жөніндегі  Үкіметтің  меморандум 

жасау  жөніндегі  бастамасын  қол-

дайтындарын білдірді. 

Кеңес  соңында  Үкімет  мүшеле-

рінің  қатысуы  жағдайында  жұмыс 

орындарын  сақтау  және  жұмыс-

шыларды  жұмыспен  қамту  мақ-

сатында  6  меморандумға  об-

лыс  әкімдігі  атынан  облыс  әкімі 

Нұрлан Ноғаев және «БҚМК», «Зе-

нит»  Орал  зауыты»,  «Конденсат», 

«Жайықжылуқуат»,  «БҚ  электр 

желілерін  тарату  компаниясы», 

«Қазақавтожол» 

компаниялары 

мен  кәсіподақ  ұйымдары  бас-

шылары  қол  қойды.  Сондай-ақ 

жергілікті  қамтуды  арттыру  және 

өндіріс  үрдістерін  тұрақтанды-

ру  мақсатында  6  меморандумға 

қол  қойылды.  Қол  қойған  компа-

ниялардың  ішінде  «PSA»  ЖШС,  

«ҚПО  б.в.»,  «ҚазМұнайГаз»ҰК»  АҚ, 

«Қазақавтодор»  РМК,  «Қазақтеле-

ком»  БҚОФ  компаниялары  бар. 

«ҚПО»  компаниясы  келешек  жоба-

ларды  жобалау  саласында  қазақ- 

стандық  қамтуды  арттыру  жө-

нінде  облыстағы  9  компаниямен 

меморандум  жасасты.  Облыс 

қажетіне  «әлеуметтік  газды»  жет-

кізу  шығындарын  өтеу  бойынша 

ҚР  Энергетика  министрлігі,  об-

лыс  әкімдігі  және  «Жайықмұнай»  

ЖШС  (жалпы  көлемі  5  млрд.  

300  млн.  теңге)  үшжақты  мемо-

рандумға  қол  қойды.  Қазақстан- 

дық  қамтуды  арттыру  бойынша  

жер  қойнауын  пайдаланушылар 

мен  отандық  тауар  өндірушілер 

арасында 922 млн. теңге шамасын-

дағы 4 меморандум жасалды. 

Форум  аясында  атқарушы  би-

лік,  компания  басшылары,  кәсіп-

одақ  ұйымдарының  өкілдері  об-

лыстың  іргелі  кәсіпорындарымен 

жұмыс  орнын  сақтау  бойынша 

8  меморандумға,  ұлттық  компа-

ниялар  мен  жер  қойнауын  пай- 

даланушылармен  47  млрд.  теңге 

көлемінде  жергілікті  қамтуды  ұл-

ғайту  бойынша  20  меморандумға 

қол қойды. Меморандумдарда өн-

дірісті  тұрақтандыру,  қызметкер-

лердің  еңбек  құқығын  қамтама-

сыз  ету,  әлеуметтік  қорғау  және 

қысқарған  жағдайда  еңбекке  ор-

наластыру мәселелері қаралған. 




  1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал