Облыстық ҚОғамдЫҚ-СаяСи газеТ



жүктеу 1.31 Mb.

бет7/13
Дата09.01.2017
өлшемі1.31 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13

көзімнен  жас  парлап  жатыр.  жа- 

нардағы  жасымды  тиып  үлгере  алар 

емеспін. 

Бірде жетімдер үйіне жолым түсті. не 

үшін  барғаным  белгісіз,  алдымнан  пе-

ріштедей  күнәсіз  сәби  жүгіріп  шықты. 

Оның  маған  үміттене  қараған  жүзінен 

«мені  алып  кетуге  келдің  бе?»  деген 

сауалды  ұғыну қиын емес еді. мен үнсіз 

басымды шайқадым. Өкпелеп бұрылып 

кете  ме  деп  ойлап  едім,  алайда  олай 

етпеді.    мейірім  аңсаған  жанарынан 

мұңды  көрдім.  жанына  жақындап, 

«Сені түсініп тұрмын. мен сені ерте-е-

е-ең алып кетемін» – деп едім, бейкүнә 

сәби  көзін  төмен  салып,  «шынында 

да,  алып  кетесің  бе?»,  –  деді.  денем 

тітіркеніп, ішіме жиналған өксікті жұта 

беріп ем, шошып ояндым.

«Бэби-бокс»  

                                                                                                                 

ҚАжеТ Пе?

«өмір  терезесі»  деп  те  атап  жүр. 

Оның ішіндегі температура 30 гра-

дус  жылылықта  болады.  Сәбилер 

жайлы  төсекпен  жабдықталады. 

Шақалақ  жәшікке  тасталысымен, 

оның  есігі  30  секундтан  кейін  ав-

томатты түрде құлыпталады. Кейін 

медицина  қызметкерінен  басқа 

әлгі  “өмір  терезесін”  ешкім  аша 

алмайды.  Арнайы  орнатылған 

дабыл соғылған сәтте ақ халатты-

лар  тастанды  сәбиді  алып  кетеді. 

Балалар  заң  бойынша  мемлекет 

қамқорлығына  алынады,  бала 

асырағысы 

келетін 


мейірімді 

отбасыларға  берілуі  де  мүмкін. 

Мұндай  жәшіктің  жанында  бала-

ны  кім  тастағанын  бақылайтын 

бейнекамера  орнатылмайды.  Әрі  

баласын  жасырын  түрде  жә- 

шікке  тастаған  «көкек-аналар» 

қылмыстық  жауапкершілікке  тар-

тылмайды. 

Сіз  қалай  ойлайсыз,  оқырман?  

Бейкүнә  сәбиге  арналған  қорап- 

тар біздің  өңірге  де қажет пе?.. 



Гүлсезім  БИЯШЕВА,

“Орал өңірі”

Айнаш   ЖұБАнышқызы,

облыстық   денсаулық   сақтау  басқармасы  ана   мен 

бала   денсаулығын   қорғау  бөлімінің   бас   маманы:

-  Бүгінгі    таңда  «Мейірім»  бөбектер  үйінде  анасы  бас 

тартқан  31  сәби  тәрбиеленуде.  Мұнда  бөбектер  емдеу 

мекемелерінен  қалалық  әкімдіктің  шешімімен  орналас-

тырылады.  Көп  жағдайда  балалар  аурушаң  болып  түседі. 

Әсіресе, орталық жүйке жүйесінің зақымдалуы, физикалық-

психикалық дамуының ауытқушылығы, балалардың сал ау-

руы,  хромосомдық  және  басқа  да  туа  біткен  ақаулар,  ане- 

мия  секілді  дерттер  жиі  ұшырасады.  Бөбектер  үйінде  ма-

мандар тексеріп, диагнозын қойып, кешенді түрде оңалту ша-

раларын  жүргізеді.  Дәрумендер  ұсынып,  дұрыс  тамақтан- 

дырып,  массаж  жасап,  физио-ем,  бассейн  қабылдатады. 

Бөбектер  үйіне  баласын  тапсырған  аналар  жұмыссыздық, 

тұрақты  мекенжайының  жоқтығы  секілді  тұрмыс  жағдай- 

ларына  байланысты  сондай-ақ  туа  біткен  ақауларының, 

дауна, хромосомдық не тұқым қуалайтын ауруларға байла-

нысты тастап кетеді. Мысалы, жуырда М. есімді перзенттің 

анасы некесіз туғанын, барар жері не тұрақты жұмысының 

жоқтығын  алға  тартып  сәбиден  бас  тартты.  К.  есімді  бала 

анасының  ұзақ  уақыт  ауырып,  ауруханада  емделуіне  орай 

уақытша тапсырылды. Ал А. есімді бөбектің дауна синдро-

мымен  туа  біткен  жүрек  ақауы  болғандықтан,  ата-анасы 

перзентханада  бас  тартты.  Ата-анасының  ұзақ  мерзімде 

ем  алуына  байланысты,  сотталып  кетуіне  орай  не  анасы 

жас  әрі  студент  болса,  оқуын  аяқтағанға  дейін  бөбектер 

үйіне уақытша тапсыратын жағдайлар кездеседі. Ал «бэби-

боксқа»  келер  болсақ,  тастанды  перзенттің    өмірін  сақтау 

мақсатындағы бұл бастаманы құптаймын. 

4  айда 5  бүлдіршін  

    меРТ  БОлды...



ел болашағы - бүгінгі жастарға байланысты. Сон- 

дықтан  ертеңгі  күннің  кірпішін  қалайтын  өскелең 

ұрпақ тәрбиесі қашан да басты назарда болуы тиіс.

р. Ахтанова  шәкірттерімен

 

oral_oniri@inbox.ru



Бейсенбі,  21  мамыр 2015 жыл

15

өнеР



Өнер саласында ұзақ 

жыл еңбек еткен, бүгінде 

зейнеткер, қолынан домбы-

расы түспейтін рысты  

ахтанова – байыпты  

жан. Орал қаласының 

тұрғыны, жасы алпысты 

жағалағанымен, көзге 

түсуге тырыспайды. 

көсемсуден мүлдем аулақ. 

Баяу сөйлеп, әр сөзін шеге-

леп айтады. 

Рысты  Жақопқызы  1956  жылы 

бүгінгі  Ақжайық,  бұрынғы  Чапаев 

ауданы  Бітік  ауылында  дүниеге 

келген.  Ата-анасы  қарапайым 

адамдар  болыпты.  Әкесі  есінде 

жоқ,  өмірден  тым  ерте  кетіпті. 

Сондықтан анасының қамқорлығы 

мен  нағашы  жұртының  жанашыр-

лығын  көп  көргенге  ұқсайды.  На-

ғашы  жұрты  да  тегін  болмапты. 

Анасы Алтынның ағасы Дүйсекеш 

кезінде  қолдан  домбыра  жасаған, 

күйді  шебер  тартқан.  Өкініштісі 

сол,  Ұлы  Отан  соғысында  хабар-

ошарсыз  кетіпті.  Домбырасы  әлі 

де Рыстыда сақтаулы. Көп жыл бойы 

сандықта  сақталған  сол  аспапты 

көнерген шағында Жайық өңірінің 

өнер  майталманы,  өзі  де  таны-

мал  домбырашы  Едіге  Нәбиевке 

қаратып, жөндетіп алған. Ал наға-

шы  атасы  Шапхат  темірден  түйін 

түйген  ұста  болған.  Бір  сөзбен  

айтқанда,  нағашы  жұрты  өнерге 

бейім  болып,  содан  қан  арқылы 

Рыстыға домбыраға әуестік, күйге 

құштарлық ауысқан екен.

Рысты – үйдің  кенжесі. Екі аға-

сы  болған,  соның  бірі  –  Нығмет  

осыдан бір жыл бұрын өмірден оз-

ды. Қалған бауыры дін аман. «Қыз 

бала  –  тілекші»  деген,  өз  ошағы-

мен қатар, көзі тірі бауырының да 

амандығын  тілеп  отырады.  Жа-

ратылысынан  бұйығы  Рыстының 

қабілеті бірден ашылған жоқ. Бала 

шағынан ән-күйді және суретті жа-

нындай  сүйсе  де,  бірден  домбы- 

 ра ұстамады. Мектепте оқып жүр-

генде,  қолы  босында  шимайлап 

сурет  салды.  Оны  өзі  бүгінде  «Ке-

зінде  шатпақтарым  болды»  деп, 

күлімсіреп  айтады.  Алғашқы  арма-

ны  да  суретшілік  еді.  Алайда  қан-

да  бар  қасиет  еріксіз  өзіне  тарт-

ты.  Мектепте  домбыра  үйірмесі 

жұмыс  істейтін.  Жалпы  сол  өткен 

алпысыншы  жылдары  мемлекет 

тарапынан  баланың  табиғи  қабіле-

ті  мен  өнерін  дамытуға  айрықша 

көңіл бөлініп, домбыра, сурет жә-

не  тағы  басқа  үйірмелер  тұрақты 

жұмыс істеді. Домбыра үйірмесіне 

Әзілхан  Үмбетов  деген  ұстаз  же-

текшілік  етті.  Өзі  сызудан  сабақ 

беретін. Ал Рысты болса, үйірмеге 

қатысып  жүрген  қыздардан  бір-

тіндеп  домбыра  тартуды  үйреніп 

алды. Жасөспірімнің талабын бай-

қаған  ұстаз  оны  үйірмеге  шақыр-

ды.  Рыстының  қуанышында  шек 

жоқ.  Сөйтіп,  оның  өнерге  арнал-

ған өмірі  басталды. Әсіресе, Дина 

Нұрпейісованың    «Тойбастар»  күйін 

тамаша  тартып,  жұрттың  көзіне 

түсті. Шәкіртінің өнеріне дән риза 

ұстазы  да  «Осы  Рыстыдан  бірде-

ңе шығады» деп, үнемі шашбауын 

көтеріп жүрді. Орынды мақтау кез 

келген  жанды  өрге  сүйрейді  ғой. 

Рысты  түрлі  деңгейдегі  концерт-

терге  ұдайы  қатысып,  талай  рет 

жүлдегер  атанды.  Кейін  сахнада 

жеке домбырада ойнады. Өнерпаз 

бойжеткенді  бүкіл  мектебі,  қала 

берді ауылы мақтан тұтты. Әрине, 

анасынан  басқасы.  Қазақта  әдет-

те  қызды  сахнаға  емес,  от  басы, 

ошақ  қасында  әйел-жар  болуға 

дайындаған. Сондықтан анасының  

«Ойбай,  күні  ертең  әртіс  болып 

кетесің. Ол – қызға  қол емес» деп, 

қарсылық танытуы орынды. Алай-

да  бүгінде  марқұм  ағасы  Нығмет 

пен  Рысты  анасын  «Мұғалім  бо-

ламын»  деп  көндіріп,  уәде  бер-

ді.  Нәтижесінде  анасы  иланып, 

келісімін берді.

Сөйтіп,  1972  жылы  мектеп  бі-

тірген  жас  Рысты  Орал  саз  кол-

леджіне  бет  түзеді.  Бірден  оқуға 

түсе  алған  жоқ.  Уақытша  сәтсіздік 

оның  сағын  сындыра  алмады. 

Ақыры  1974  жылы  оқуға  түсіп, 

өнердің  тұңғиығына  сүңгіді.  Рыс-

ты  Жақопқызы  сол  әлемде  Мұхит 

Айтқалиев  сынды  абзал  ұстаздың 

ұшырасуын  өзіне  бақыт  санайды. 

Сол ардақты азамат қабылдау ем-

тиханында  Рыстыға жанашырлық 

танытып,  домбыра  тартқызып,  ән 

айтқызған.  Бойындағы  дарынын 

жіті  байқап,  оқуға  қабылдануына 

жол ашты. Нарын өңірінің перзен-

ті,  сезімтал  педагог,  талантты  су-

ретші, актер, домбырашы, марқұм 

Мұхит хақында Рысты Жақопқызы 

сағаттап  айтуға  даяр.  Жалпы  өзі-

нен гөрі өзге туралы айтуға құштар  

Р.  Ахтанова  тамаша  домбырашы 

болып  қалыптасуында  басқалар-

мен  қатар,  М.  Айтқалиевтың  да 

үлесін айрықша айтады.

Сол  кездегі  училище,  қазіргі 

колледжді бітірген соң, жас маман 

Сырым  ауданында  еңбек  жолын 

бастады.  Анасына  берген  уәдесі-

не адалдығын сақтап, жақсы ұстаз 

болды.  Оны  байқаған  билік  орны 

басқа  ауданға  бағыттағанымен, 

үй  мәселесі  шешілмегесін,  Орал 

қаласына ауысты. Осында саз мек-

тебіне жұмысқа орналасты. Табан-

дап  бір  орында  18  жыл  істегесін, 

шақыру бойынша Ғ. Құрманғалиев 

атындағы  облыстық  филармония-

ға ауысты. Соңынан көп жыл бойы 

№1  саз  мектебінде  істеп,  былтыр 

зейнеткерлікке шықты.

Әрине, Рыстыға  зейнетке шық-

қасын,  қол  қусырып,  үйінде  оты-

рып қалуына болатын еді. Алайда 

өнерге  құштарлық,  еңбекке  ере-

сен ынта оны мамыражай қалдыр-

ған жоқ.


–  Былтыр  желтоқсанда  осы 

қаладан  шағын  үй  сатып  ал-

дым.  Баспана  үшін  емес.  Қазір 

ол  жөнделу  үстінде.  Мақсатым  –  

«Мұхит  Айтқалиев  атындағы  ба-

лалар  саз  мектебін»  ашу.  Өйт-

кені  өнерге  құштар  бала  көп. 

Әдеттегі  мектепте  кез  келген  ба-

лаға  жеткілікті  көңіл  бөлінбейді. 

Сондықтан  бес-алты  сынып  шә-

кірт  жинап,  оларды  домбыра,  қо-

быз,  қылқобыз,  жетіген  ойнатуға 

үйреткім  келеді.  Әзірге  қиындық 

бастан  асады.  Мәселен,  қылқо-

быз  маманын  іздеп  жүрмін.  Ендігі 

міндет  –  мектептің  жұмыс  жүйесі 

мен  ырғағын  қалыптастыру  қажет. 

Мақсатымның орындаларына сен-

гім келеді.

Құрманғазы  бабамыздың  бар-

лық  күйін  жаным  сүйеді.  Дина-

ның  күйлеріне  де  көңілім  бұрып 

тұрады.  Ұстаздық  еңбегіме  келсем, 

жүздеген  шәкірттерімнің  ішінен 

Сержан Шәкіратты мақтан етемін. 

Менің  ойымша,  домбыра  тартқан 

бала  иманды  болады.  Кез  келген 

классикалық  музыка,  соның  ішінде 

күй  де  адамды  ізгілікке,  мәдениет-

ке  баулиды,  жанын  жақсылыққа 

бұрады.  Демек,  өткен  өмір  жолыма 

өкпем  жоқ.  Қай  жағынан  алғанда 

да,  бақыттымын  деуге  негіз  бар,  -  

дейді бүгінде Рысты Жақопқызы. 

 Рысты замандасымыз, расында 

да, бақытты. Міне, көп жылдан бері 

жан  жары  Серік  Ибатовпен  тату-

тәтті  ғұмыр  кешіп  келеді.  Жалғыз 

ұлы  Бейбіт  өмірден  өз  жолын  та-

уып,  ата-анасына  қылығы  балдай 

тәтті  Әйгерім  мен  Кәмила  сынды 

немерелер  сыйлады.  Өзі  –  вело-

спорт  маманы.

– Негізі ата-ана баласына өзіне 

ұнайтын  бағытты  ұсынады  ғой. 

Ұлымның  бала  кезінен  суретке 

бейімдігін  байқап,  М.  Өтемісұлы 

атындағы  БҚМУ-дың  көркем  су-

рет-графика  факультетіне  оқуға 

түсуіне ықпал жасаған едім. Кейін 

қателік  жібергенімді  ұқтым.  Оның 

спортқа қабілеті оянып, соған бет 

бұрғасын,  кедергі  келтірмедім. 

Өзінің  жаны  қалаған  ісін  таңдаға-

нына  ризамын.  Әрине,  ол  қолы 

шебер  болғасын,  бәріне  үлгереді. 

Үйдегі  тұрмыстық  жұмыстың  бә- 

 рін  өзі  атқарады.  Қолының  ебі  

бар  ғой,  -  деді  аяулы  жар,  ардақ-

ты  ана  Рысты  Жақопқызы.  Ол  со-

нымен  бірге  баласының  спорт 

саласына  бет  бұруына  Анатолий 

Захарик  сынды  азаматтың  көп 

еңбегі сіңгенін қадап тұрып айтты.

Байыпты  да  байсалды,  тіпті  ке- 

регінде  өзінің  жаңылыс  басқа-

нын  да  мойындайтын,  қарапайым  

жан,  дарынды  өнер  иесі  Рысты 

Ахтанова – осындай  адам. 

Серік ИХСАНҒАЛИ, 

«Орал өңірі»

21 мамыр – қр мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні

Қолынан  домбырасы  түспейтін  жан



Облыстық тіл-

дерді дамыту 

басқармасының 

қолдауымен жақында  

көркемсөз оқу шебер-

лерінің дәстүрлі Орал-

хан Бөкей атындағы  

ХVіі облыстық 

байқауы өтті. 

Тіл  мәдениетін  көтеру,  көркем 

әдебиетті  насихаттауды  жандан-

дыру,  халық  арасынан  талантты 

ХVІІ  Оралхан  оқулары  мәреге  жетті

жастарды іздеп табуды мақсат ет-

кен  байқауға  14  үміткер  қатысуға 

өтініш  білдірді.  Белгілі  жазушы 

Оралхан  Бөкейдің  «Қамшыгер», 

«Кербұғы»,  «Бәрі  де  майдан», 

«Қайдасың,  қасқа  құлыным?»,  «Өлі-

ара»,  «Қар  қызы»,  «Сайтан  көпір», 

«Құм  мінез»  сынды  повестері, 

«Өз  отыңды  өшірме»  атты  романы 

мен  тағы  басқа  көптеген  повест-

әңгімелерінен үзінділер оқылды. 

Шараның  ашылуында  сөз  ал-

ған  М.  Өтемісов  атындағы  Батыс 

Қазақстан  мемлекеттік  универ-

ситетінің  қауымдастырылған  про- 

 фессоры  Р.  Сұлтанғалиева  бай-

қауға  қатысушы  талантты  жас-

тарға  сәттілік  тілеп,  қаламгер 

шығармашылығына  тоқталып  өт-

ті.  Байқау  нәтижесінде  І  жүлделі 

орынды  Ж.  Досмұхамедов  атын-

дағы  педагогикалық  колледждің 

студенті  Самат  Байболатов,  бас 

жүлдені  М.  Өтемісов  атындағы 

БҚМУ-дың студенті  Рабина Батуо-

ва  жеңіп  алды.  Байқау  соңында 

барлық  қатысушыларға  алғысхат-

тар мен бағалы сыйлықтар табыс-

талды.


Ганмиркүн ТҰРҒАНАЛИЕВА,

М. Өтемісов атындағы

 БҚМУ-дың

 магистр-оқытушысы

Бас  жүлдегер  рабина  БАТУОВА

16

oral_oniri@inbox.ru

Бейсенбі,  21  мамыр 2015 жыл

жеңіс – 70

Нұрхат Шәріпқалиев Бөкей ор-

дасы  ауданы  Ноғайбай  ауылында 

1939  жылы  14  қаңтар  күні  дүние-

ге  келген.  Әкесі  Шәріпқали  Ұлы 

Отан  соғысынан  оралмаған.  Ана-

сы  Ұлболсын  да  Нұрхат  үш  жасқа 

толғанда  дүние  салады.  Жетім 

қалған  үш  баланы  нағашы  жұрты 

тәрбиелеген.  Өлең  жырға  жас-

тайынан  жақын  болған  Нұрхат 

өсе  келе  ауданның  танымал  ақы-

нына  айналды.  Ақындар  айтысы-

на  да  қатысып,  талай  рет  көзге 

түсті. «Орда әуендері», «Нарын на-

қыштары»  топтама  жинақтарына 

өлеңдері  енді.  Өзінің  «Нарыным 

-  нар  тірегім»  атты  жеке  өлеңдер 

жинағы  шыққан.  Бүгін  газетімізде 

жарияланып отырған Бөкей орда-

сы  ауданының  құрметті  азаматы, 

ақын  Н.  Шәріпқалиевтің  «Күтуде-

мін»  өлеңі  «Қайран  ерлер,  май-

дангерлер!»  атты  облыстық  бай-

қауда  І  орын,  ал  Ұлы  Жеңістің  70 

жылдығына орай Астана қаласын-

да өткен республикалық байқауда 

ІІІ орынды жеңіп алған. 

Күтудемін

1941 жылғы жазғы кезең,

Тау мүлгіп, шыңдар қалғып, 

ұйып өзен.

Ел ұйықтап, бұлбұл қонды 

ақ бұтаққа,

Күткені зұлым жаудың осы кезең.

Июньнің 22-сі таң алдында,

Қашаннан арам ниет оңалған ба?!

Еліме бейбіт жатқан басып кірді,

Қаралай бұзып-жарып қамалды да.

Қорқаудай бұғып жатып 

жар астында,

Мерт  болды  арыстанға  жармасты да.

Қураған сүйектері күлге айналды,

Елу жыл уақыт өтіп қар басты да.

Жазықсыз жас сәбиді қанға бояп,

Масайрап есерлігін етті тоят.

Жолдағы қаланы өртеп, елді тонап,

Есер жау Москваға қалды таяп.

Лепірді асық дұшпан мақтан етіп,

Барамын Волоколамскіге 

түсте жетіп.

Түскі асты Москвадан тамақтанып,

Деді ол Оралыңнан кетем өтіп.

Жоқ бірақ ол жоспары іске аспады,

Басылды лепірме сөз бос тасқаны.

Советтік жерім суып, орман, көлім,

Жиіркене қарады көкте аспаным.

Болғанын білді елім үлкен ылаң,

Шағам! – деп келе жатты 

улы жылан.

Қорғауға бейбіт елін аттанысты,

Қолына қару алып өңшең ұлан.

Ата-ана бата беріп ұлдарына,

Жер-суым, атақоныс, тұрағыңа.

Бастырма туған жердің топырағын,

Деді ол: Жауды жеңбей 

қайтпа және!

Аттанды өңшең ұлан ел қорғауға,

Тойтарыс берді шеттен келген 

жауға.

Фашистер сонда келіп тәубесіне,



Сұрады опасыз жан жанын сауға. 

Он бес ұлт, он бес отау бір туысқан,

Туған жер кіндік кесіп, кір жуысқан.

Топтасқан жұдырыққа 

бес саусақты,

Бұзам! - деп - бұл бірлікті 

есі ауысқан.

Гитлер – опасыз жау, пасық, зұлым,

Деді ол совет елін етем құлым.

Кім маған қарсы шығар! – 

деген оймен,

Паш етпек жер бетіне ұлылығын.

Басқа ұлтпен қатар қазақ үзеңгілес,

Батырлық – батылдықтан 

алды үлес.

Талқандап жау қамалын 

Жеңіспенен,

Еліміз сыннан өтіп, асты белес.

Қаһарман қала Сталинград 

майданында,

Жеңістің бетбұрыс бұл айғағы да.

Мамаев қорғанды жау иеленген

Байқамай қалды кері тайғанын да.

Жылжыды кері қарай жаралы жау,

Қалдырып өліктерін, қалғаны сау.

Жаралы адамдарын өздері атты,

Хайуанға болмас айып, оларға дау.

Қорқаудай ұясына зытып берді,

Қарауға дәрмені жоқ енді кері.

Жар шашқан күллі әлемді 

билемек боп,

У жеп өлді, көкжал бөрі Гитлері.

Жауымыз біздің сөйтіп тізе бүкті,

Оралды өз қанына болып күпті.

Қазақтың батыр ұлы Қошқарбаев

Паш етіп Рейхстагтың төбесіне,

Жеңістің желбіретіп туын тікті.

Сарғайды талай ару жарын күткен,

Талай ер мәңгі ұйқыда сырын 

бүккен.


Кәрі әже қасіретпен өмір кешіп,

Дүниеден ол да көшті ауыр жүкпен.

Ұл мен қыз өсті әкені күтуменен,

Тоқтамады уақыт шіркін өтуінен.

Өтсе де 75 жыл ол кеткелі,

Келемін мен әкемді күтуменен.

«Келемін  мен   

әкемді  күтуменен»



екінші дүниежүзілік со-

ғыс әр отбасыға өз қасіретін 

тигізіп кетті. Статистика 

бойынша әрбір бесінші қа-

зақстандық қолдарына қару 

алып, соғысқа аттанып, 

қаншама аналар мен бала-

лар қара жұмысқа тартыл-

ды. елім деп қан майданға 

аттанған азаматтардың 

ішінде менің атам ғана 

емес, ауылымның «әбес 

атасы» атанған аманғали 

Оразғұлов та болды. 

Аманғали  Оразғұлов  1924  жы-

лы наурыз айының 15 жұлдызында 

Бекетай  құмында,  24-ші  ауылда 

туылып, балалық шағы сол ауылда 

өтеді.  1942  жылдың  тамыз  айын-

да  18  жасында  әскер  қатарына 

шақырылып,  соғысқа  аттанады. 

Екі жыл бойы Украина майданын-

да  фашистермен  шайқасып,  қа-

лаларды азат ету жолында үш рет 

жараланады. Соңғы жарақаты өте 

ауыр болып, 1944 жылдың мамыр 

айынан  тамыз  айына  дейін  гос-

питальда  ұзақ  емделгеннен  кейін 

Украина  майданы  комиссиясы- 

ның шешімімен әскерге жарамсыз 

деп танылып, елге оралады.

«Жеңіс»  деген  сөзді 

естігенде...

–  Әкемнен  тоғыз  жасымда,  ше-

шемнен  он  екі  жасымда  жетім 

қалдым.  Әке-шешеден  айырыл-

ған  соң  үш  жасымнан  бастап 

байлардың малын бағып жалшы-

лықпен  күн  кештім.  Тұмантөбе 

деп аталатын жерде байдың ма-

лын  бағып  жүріп,  талай  таяқ  та 

жедім.  Байдың  жалшылығынан 

бір күні қашып құтылдым да, әр 

жерде күнімді көріп жүріп, он ал-

ты  жасымда  Сыралы  деген  байға 

кезіктім.  Күнкөріс  керек.  Тағы  да 

байдың  қойын,  жылқысын  ба- 

 ғып,  құдығын  қаздым.  Кейіннен 

әр  түрлі  көтерме  жұмыстарда 

жүрдім.  Жиырмаға  келгенде  әс-

кери  комиссариат  200-ге  жуық 

жас  жігітті  Чапаев  ауданындағы 

жаңа  құрылып  жатқан  «Бітік» 

совхозына  тұрғын  үй,  мал  қора-

ларын  салуға  жіберді.  Осында 

жүріп  сиыр  малын  да  бақтым. 

1931 жылы «Новый родник» кол-

хозына  мүше  болып  қабылдан-

дым да, 1932 жылы отбасыммен өз 

алдыма  жылқы бағуға шықтым...

Жерімізге фашист жендеттері 

баса  көктей  кіргенде  «соғыс»  де-

ген  суық  сөз  әрбір  жанға  түрпі-

дей тиді. Жаппай соғысқа аттану 

басталды.  1942  жылдың  қаңтар 

айында  Тоцк  деген  жерде  бізді 

соғысқа дайындады. Мен артил-

лерия  полкінде  болдым.  Май 

айының  16-сынан  18-не  дейін 

кескілескен  шайқастың  нақ  ор-

тасында  болдық.  Жау  жағының 

нағыз  күш  алып  тұрған  шағы. 

Бірақ Отан үшін, туған жер үшін 

жан  аямай  алыстық.  1943  жылы 

Курск  иініндегі  кескілескен  шай-

Өнегесі  жадымызда  жатталған

Отанына  оралған  соң  ол  1944 

жылы  Жаңақала  ауданындағы  мек-

тепте  мұғалім  болады.  Балалар-

дың  сауатын  ашып  қана  қоймай, 

адамгершілікке,  отансүйгіштікке 

тәрбиеледі.  1945  жылы  Орал  қа-

ласындағы  педагогикалық  учили-

щесін,  1958  жылы  Орал  педаго-

гикалық  институтын  тарих  пәні 

мұғалімі  мамандығы  бойынша 

бітіріп,  ұстаздық  жолын  одан  әрі 

жалғастырады.  1952  жылға  дейін 

Жаңақала  ауданының  мектепте- 

 рінде  оқу  ісінің  меңгерушісі,  мек-

теп  директоры  қызметін  атқара-

ды. 1952 жылы көп аймақтың зона 

ретінде  Қорғаныс  министрлігінің 

қарамағына  өтуіне  орай  ауыл-

дарды  көшіруге  байланысты  Қаз-

талов  ауданына  көшіп  келіп,  ұс-

таздық  жұмысын  жалғастырады. 

1952-1959  жылдар  аралығында 

осы  ауданда  мектеп  директоры, 

1959-1962  жылдары  Қазталов  ау- 

данының  Ленин  атындағы  колхо-

зында  партком  хатшысы,  1962-

1963  жылдары  аудандық  партия 

комитетінде  нұсқаушы  болып 

істейді.  1963-1966  жылдары  Қо-

шанкөл  ауылындағы  Құрманғазы 

атындағы  мектеп-интернатта  ди-

ректор  болады.  Кейін  Орда  ауда-

ны  Құрманғазы  ауылында,  Искра 

(қазіргі  Ұялы)  ауылында  партком 

хатшысы,  Искра  селолық  советі-

нің  төрағасы  болып  лауазымды 

қызмет  атқарады.  1987  жылы 

зейнеткерлік  еңбек  демалысына 

шығады.  Ұлы  Отан  соғысындағы 

ерлігі үшін және еңбектегі жемісті 

қызметі  үшін  Отан  соғысы,  «Құр-

мет  Белгісі»  ордендерімен,  «Ерлі- 

гі  үшін»  медалі  және  тағы  басқа 

да  медальдармен  марапатталған. 

Зейнеткерлік  демалысқа  шыққан 

соң,  Ұялы  ауылындағы  ардагер-

лер  кеңесінің  төрағасы,  ауылдық 

кеңес  депутаты  ретінде  қоғамдық 

жұмысқа  белсене  араласып,  ке-

йінгі буын өкілдерімен тәжірибесі-

мен бөлісіп, оларды еңбек жолын-

да өмірден өткенше тәрбиеледі.

Мәнсия  әжемізбен  екеуі  5  ұл, 

4  қыз  тәрбиелеп  өсірді.  Жігіттік 

шағын  аты  өшкір  соғыс  жалмаған 

атама  өмір  сабырлылықты,  тө-

зімділікті  үйретті.  Өзі  ауылына 

сыйлы,  білімді,  сөз  саптауы  ерек-

ше,  сауатты  жан  еді,  жарықтық! 

Атам өнерді сүйетін, жанына дом-

быра  мен  кітапты  серік  ететін-

тұғын. Құрманғазы, Динаның, Дәу- 

 леткерейдің  күйлерін  күмбірле-

тіп  отырушы  еді.  Соның  арқа-

сында  біздің  бойымызда  ұлттық 

сана-сезімді  оята  білді.  Ақ  тілегін 

«Оқыңдар,  азамат  болыңдар»  де-

ген  ниетпен  бастайтын  атамыз-

дың  сөздері  құлағымызда  әлі  де 

жаңғырып  тұр.  Иә,  әке  көрген  оқ 

жонады ғой, тұңғышы марқұм Мұ- 

ратқали  ІІМ  кадр  бөлімінде  ми-

лиция 


подполковнигі 

болып 


қызмет  етті.  Екінші  ұлы  Жоламан 

Құрманғазы  атындағы  қазақтың 

мемлекеттік  академиялық  ұлт-ас-

паптар  оркестрінің  бас  домбыра-

шысы  болып,  2014  жылы  зейнет 

жасына  шықты.  Үшінші  ұлы  Ба-

уыржан  көкеміз  теңіз  флотында 

мичман болып қызмет етті. Өкініш-

тісі,  тұңғышы  Мұратқали  мен  Ба-

уыржан  денсаулықтары  ерте  сыр 

беріп,  өмірден  ерте  өтті.  Екі  ұлын 

өз  қолымен  жерлеген  атамызға  

бұл  қайғы  қатты  әсер  етті.  Одан 

кейінгі  ұлы  Бақытжан  Ұялы  ауыл-

дық  округін  басқарып,  туған 

ауылымыздың  көркею  жолында 

үлкен  еңбек  етіп  отыр.  Кенжесі 

Талғат  ауылдық  мәдениет  үйінің 

қызметкері.  Қыздарын  да  құтты 

орындарына  қондырды.  Елін  жау-

дан  қорғап,  еліне  адал  қызмет 

еткен Аманғали атамыз 2002 жыл-

дың  шілде  айында  арамыздан  

мәңгілікке кете барды. Біз атамыз-

дың  өмірін  өзімізге  өнеге  етеміз. 

Ата-анамыз  оның  рухына  арнап, 

жұма  сайын  шелпегін  пісіріп,  Құ-

ран бағыштауды еш ұмыт қалдыр-

ған  емес.  Сіз  біздің  жадымыздан 

ұмытылмайсыз, ата! 




1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал