Облыстық ҚОғамдЫҚ-СаяСи газеТ



жүктеу 1.31 Mb.

бет6/13
Дата09.01.2017
өлшемі1.31 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Н. СЕРҒАЛИЕВ,

Жәңгір хан атындағы 

Батыс Қазақстан 

аграрлық-техникалық 

университетінің ректоры, 

б.ғ.к., профессор 

УНИВЕРСИТЕТ  ПЕН  КОМПАНИЯ  АРАСЫНДАҒЫ 

 МЕМОРАНДУМ  ЖҮЗЕГЕ  АСУДА

«каспиан проджер инженеринг консалтинг» жшС 

арқылы «проджер» компаниясы жақында жәңгір 

хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық 

университетімен келісімге қол қойды. Бұл келісім 

үздік студенттерді айқындауға арналған білім беру 

бағдарламасын реттейді, сонымен қатар бұл студенттер 

компанияның елдегі және шет елдердегі филиалдарын-

да жұмыс жасауға мүмкіндік алады.

Тағылымдама  бағдарламала-

ры,  жастардың  болашақ  жоба- 

ларға  (Джованни  жобасы)  қаты-

суы,  Каспиан  Проджер  мен  Жәң-

гір  хан  атындағы  Батыс  Қазақ- 

 стан  аграрлық-техникалық  уни- 

 верситеті  арасында  қол  қойыл-

ған  келісім  мамандар  даярлау 

ісіне  қолдау  көрсетіп,  студент-

тер  арасындағы  үздіктерді  біздің  

компанияда  паш  етуге  бағыттал-

ған.  Үстіміздегі  жылдың  ақпан- 

наурыз  айларында  Проджердің 

Сан  Джованни  Театинодағы  бас 

кеңсесі  21  студенттен  құралған 

делегацияны қабылдады. 

Өз мамандарын қолдау мақса-

тында  компания  кездесулер  мен 

тұсаукесерлердің  толық  кестесін 

құрып,  студенттерге  кәсіпорын-

ның Италия мен шет елдердегі құ-

рылымдық  бөлімшелерінің  қыз- 

меті  туралы  нақты  түсінік  берді. 

Студенттер  оқу  шараларына  қа-

тысып,  Проджердің  әлем  бойын-

ша,  әсіресе,  мұнай-газ  секторын-

дағы  басқарып  отырған  жобалар 

кешені  сипатталған  бейнемате-

риал көрсетіліміне барды. 

Студент-жастар  компаниямыз-

дың  оқытудың  түрлі  курстары 

мен  пәндері  бойынша  оқу  ша-

раларын  ұсынғанына  ризашы-

лықтарын  білдіре  отырып,  бола-

шақта  компанияның  дамуына  өз 

үлестерін  қосуға  қызығушылық-

тарын танытты. 



Н. Гаетано Криши,

«Каспиан Проджер» 

компаниясының

бас директоры 

2003 жылы жәңгір хан 

атындағы Батыс Қазақстан 

аграрлық-техникалық 

университетін бітіріп, сол 

жылдардан бері жаңақала 

ауданындағы «Хафиз» шҚ-

ны басқарып келемін.

Шаруашылықтың  негізгі  және 

басты  мақсаты  ірі  қара  малының 

қазақ ақбас тұқымын өсіру болып 

табылады. 

Шаруашылықтың алғаш құрыл-

ған  жылдарынан  бастап  Жәңгір 

хан  атындағы  Батыс  Қазақстан 

аграрлық-техникалық  универси-

тетімен тығыз байланысты жұмыс 

атқарудамыз.  ЖОО-мен  тығыз 

байланысымыз,  яғни  студенттер, 

магистранттар  және  докторант-

тардың  тәжірибеден  өтуі,  олар-

дың жұмысқа орналасуы, ғылыми 

жұмыстардың  жүргізілуі,  консал-

тингтік  қызмет  көрсетулер,  соны-

мен  қатар  әдістемелік-ұйымдас-

тырушылық  жұмыстар  бойынша 

атқарылуда. 

«Хафиз» ШҚ-да ғылыми-зерттеу 

жұмыстары бойынша келісімшарт 

негізінде  студенттер,  магистрант-

тар  және  докторанттарды  тарту 

арқылы  экспериментальды  зерт-

теу жұмыстары да көз қуантады. 

Шәкірттер  де  алған  білімдерін 

тәжірибемен  шыңдап,  кейіннен 

тереңірек  зерттеу  жұмыстарын 

жүргізіп,  бүгінде  өз  салалары 

бойынша еңбектенуде. Атап өтсек, 

осы  университет  түлегі  Д.  Тлеп-

бергенов  студенттік  дипломдық 

жұмысын, сонымен бірге магистр-

лік  диссертациялық  жұмысын 

қорғап,  оқуын  сәтті  аяқтап,  өз 

ауданында  ауыл  шаруашылығы 

мамандығы  бойынша  қызмет 

атқаруда.  Осы  университеттің  та-

ғы  бір  түлегі  Н.  Халенов  бас  зоо-

техник болып жұмыс жасайды. 

Қазіргі таңда «Хафиз» ШҚ Жәң-

гір хан атындағы Батыс Қазақстан 

аграрлық-техникалық  университе-

тімен  келісімшарттарға  отырып, 

еліміздің батыс аймағында етті ірі 

қара  шаруашылығының  генети-

калық  әлеуетін  жоғарылату,  ауыл 

шаруашылығы  жануарларының 

ауруларын  анықтау  және  алдын 

алу  бойынша  қолға  алған  жұмыс-

тар өз жемісін беруде. 

Нарықтың  қазіргі  жағдайында 

ғылым  мен  өндірістің  тығыз  бай-

ланысы  Қазақстан  Республикасы-

ның  агроөнеркәсіп  кешенін  да-

мытудың  табысты  әрекеті  болып 

табылады деген ойдамын. 



Бекболат ЖАҒЫПАРОВ,

 «Хафиз» ШҚ-ның басшысы

Ғылым  мен  тәжірибенің  байланысы  –  табыстың  бастауы



2012 жылы Қаратөбе 

мектеп-гимназиясын «ал-

тын белгімен» үздік бітіріп, 

жәңгір хан атындағы 

Батыс Қазақстан аграрлық-

техникалық университеті 

«Экономика және бизнес» 

факультетінің мемлекет-

тік грант негізінде оқуға 

түстім. Қазір «менедж-

мент» мамандығы бойын-

ша білім алып жатырмын. 

Оқу  орнын  таңдауда  қателес-

пегеніме  қуанамын.  Себебі  сту-

дентке керектің бәрі осында бар. 

Соңғы  үлгіде  салынған  атына 

заты  сай  «Студент  үйі»  толықтай 

өзіміздің  үйге  айналды.  Мұнда 

қоры  бай  кітапхана,  тегін  wi-fi 

интернет желісі, арзан асхана біз-

ге  алаңсыз  білім  алуымызға  өз 

септігін тигізуде. Үнемі спорттық-

мәдени  шаралардың  өтуі  қоғам-

да  алғыр  да  озат  болуға  тәрбие-

лейді.


Университетте  студенттің  өсіп 

жетілуі, кәсібилігінің дамуы және 

тәнінің  сау,  рухының  бай  болуы 

үшін  ынталандыру  және  қада-

ғалау  жүйесі  жолға  қойылған. 

Оқуда  озат,  қоғамдық  істе  бел-

сенді  студенттер  әрдайым  көз- 

 дің қырында. Олар арнайы мара-

патқа,  атаулы  шәкіртақыға  және 

материалдық  көмекке  ие  бола 

алады.  Үздік  оқығаным  және 

қоғамдық  өмірдегі  белсенділігім 

үшін  Президент  шәкіртақысын 

иелендім.  Әрине,  мен  үшін  ол 

–  үлкен  қуаныш,  екінші  жағынан, 

ол  маған  үлкен  жауапкершілік 

жүктейтінін жақсы түсінемін. 

Менің  оқу  орным  –  талай  да-

рынды  әрі  арынды,  әйгілі  және 

айтулы  тұлғаларға  қанат  бітірген 

білім  ордасы.  Олай  болса,  ұқсап 

бағатын  маманы,  үлгі  тұтатын 

түлегі  бар  киелі  шаңырақтың 

менің  тағдырымды  өзгертетіне  

имандай сенемін.

Әйгерім ЕРЛАНҚЫЗЫ, 

Президент 

шәкіртақысының иегері 

Бағаналы  білім  ордасы  – 

жАРҚын БОлАшАҚ кеПілі


oral_oniri@inbox.ru

13

Бейсенбі,  21  мамыр 2015 жыл



жұлдыздАР

жастар мәдениет 

үйінің әуенді аспаптар 

ансамблінің әншісі, 2014 

жылғы «Челны собира-

ют друзей» халықаралық 

фестиваль-конкурсының 

бас жүлдегері назира 

Хибашеваның жуырда Сочи 

қаласында өткен «за веру! 

за отчизну! за любовь!» 

атты ән бәйгесіне барып 

қайтқанынан әлеуметтік 

желілер арқылы хабар-

дар болғанбыз. назирамен 

аталмыш конкурс жайында 

сұхбаттасқан едік. 

Туған күні: 26 ақпан

Туған жылы: 1983

Туған жері: Ақжайық 

ауданының 

Алмалы ауылы

руы: Масқар

Жұлдызы: Балық

Сүйікті тамағы:  ас, манты

Сүйікті кітабы: 

Ә. Нұршайықов 

«Махаббат қызық 

мол жылдар»



Хоббиі: Іс тігу, 

сахна киімдерімді әсемдеу



-  назира,  өткен  сәуір  айын-

да  Сочи  қаласында  өткен  «за 

веру!  за  отчизну!  за  любовь!» 

конкурсына  қатысып,  үздіктер 

қатарынан  табылдың.  Жалпы 

осы конкурс туралы толығырақ 

оқырмандарға айтып берсең.

  

-  Иә,  аталмыш  конкурс  8-12 



сәуір  аралығында  Сочида  өткен 

болатын.  Он  сегізінші  рет  өткізіл-

ген бұл ән бәйгесі Ұлы Отан соғы-

сының  70  жылдығына  арналды. 

Мен «Кәсіби авторлардың әндерін 

орындаушы»  («Исполнители  пе-

сен  профессиональных  авторов») 

аталымы  бойынша  бақ  сынадым. 

Бұл  аталымға  Ресей,  Украина, 

Қырғызстан,  Өзбекстан,  Беларусь, 

Армения  секілді  біраз  елден  37 

өнерпаз қатысты. 

Осы  өнер  жәрмеңкесінде  мен 

Наталья  Устюжанинанің  сөзі  мен 

әніне жазылған «Помни» әнін жә-

не Айгүл Әдіханованың өлеңі мен 

әніне  жазылған  «Астана»  әнін 

орындадым. 

Бұл  сапардан  алған  әсерім  өте 

керемет.  Сочи  қаласы  өзінің  әде-

мілігімен, тазалығымен маған қат-

ты ұнады. Ұйымдастырушылар өте 

ықыласты қабылдады. 

Конкурсқа  қатысушылар  өте 

талантты  өнерпаздар  екенін,  үл-

кен  дайындықпен  келгендерін 

көріп,  басында,  әрине,  қобалжы-

дым.  Үздік  бестікке  іліккеніме 

өте  қуаныштымын.  Осынау  өнер 

додасының  гала-концертінде  лау-

реат  атанып,  естелік  сыйлықтар-

мен марапатталдым. 



- назира, репертуарыңда қан-

ша ән бар, қандай ақын-сазгер-

лермен жұмыс жасайсың? 

 

-  Репертуарымда  50-ден  аса 



ән  бар.  Мен  көбіне  өзімнің  ағам 

Ғұбайдолла  Хибашев  пен  Алматы 

қаласында тұратын әнші-компози-

тор  құрбым  Айгүл  Әдіхановамен 

шығармашылық байланыстамын.

-  ендігі  кезекте  өскен  ортаң 

туралы  айтып  берсең,  әншілік 

өнер кімнен дарыды? 

-  Ата-анамыздың  9  перзенті 

бар.  Мен  кенжесімін.  Жанұямда 

өнер жолын таңдаған мен ғана. Ал 

әншілік  анамнан  дарыған  болса  

керек. Анам жас кезінде өнерпаз-

дар  ауыл-ауылды  аралап  концерт 

қойғанда,  ән  айтып,  өз  өнерін 

көрсетіп,  халықтың  сүйіспенші-

лігіне  бөленген  екен.  Өнерге  ке-

луімнің  тағы  бір  себебі,  маған 

өнерде  бағыт-бағдар  берген  әкем-

нің  туған  інісі  Ғұбайдолла  ағам- 

ның айтулы әсері болды. 



- назира, әншіліктен өзге та-

ғы  қандай  өнерлерің  бар,  қан-

дай аспаптарда ойнай аласың? 

-  Әншіліктен  басқа  балдырған-

дарды ән шырқауға баулимын, ән 

үйірмесінің  жетекшісімін.  Кішкен-

тай  кезімнен  домбыра  аспабында 

ойнаймын.



-  әншінің  басты  байлығы  –  

даусы  екендігі  мәлім.  өзің  да-

уысыңды  қалай  күтесің,  арна-

йы диета ұстап, косметологтың 

көмегіне жүгінесің бе? 

-  Тамағымды  әрқашанда  жылы 

ұстап, көбіне шәлімен орап жүре-

назира ХиБАшеВА:  

«Сочи маған  

қатты ұнады»

мін.  Салқын  сусын  ішпеуге  және 

балмұздақ  жемеуге  тырысамын. 

Диета  ұстап  тұрамын.  Негізінен 

үйден  күтінемін,  бірақ  анда-санда 

косметологтың  көмегіне  де  жүгі-

немін. 

-  ғаламторға  үйірсің  бе,  қан-

дай  әлеуметтік  желілерге  кіре-

сің? 

-  Ғаламтормен  доспын,  көбіне 

фейсбукта  отырамын,  ал  инста-

грамнан  тек  сән  үлгілерін  қарай-

мын.

-  назира,  таяу  күндердегі 

жоспарларың қандай?

-  Бұйырса,  осы  айда  шәкірт-

терімді  Татарстанда  өтетін,  был-

тыр  өзім  бас  жүлде  алып  кел- 

 ген  «Челны  собирают  друзей»  ат-

ты  жас  орындаушылардың  халық- 

аралық  фестиваліне  апарамын. 

Сонымен  қатар  өзім  былтырғы 

жеңімпаз  ретінде  қонақ  болып,  ән 

айтамын.  Әрі  конкурсқа  қазылық 

ететін  ресейлік  ақын,  әнші-ком-

позитор  Симон  Осиашвилимен 

дуэт құрып ән шырқаймын.

Сұхбаттасқан 

Динара ИҒАЛИҚЫЗЫ,

«Орал өңірі»

Болашақ  әскери  

музыкант

Нұралы  төрт  жасынан  ән  айта 

бастапты.  Өнер  бүлдіршінге  ата-

ларынан  дарыса керек. Себебі өз 

атасы  да,  нағашы  жұрты  да  өнер-

ден  құралақан  емес  екен.  Алға-

шында  балабақшада  өткен  түрлі 

мерекелік шараларда өнер көрсе-

тіп,  кейін  үлкен  сахналарға  шыға 

бастаған.  Өткен  жылы  ұйымдас-

тырылған  «Ұстаздарға  арналады 

әнім»  балалар  ән  байқауының 

қалалық және облыстық кезеңінің 

жеңімпазы  атанған.  Бұған  қоса  ол 

былтыр  Мәскеу  қаласында  өткен 

«Сол ұлы жылдарға тағзым» атты ха-

лықаралық  интернет-байқауға  қа- 

тысып,  бірінші  дәрежелі  дипло-

мант  атанды.  Жақында  Астана 

қаласында  өткен  «Көктем  әуені» 

атты  халықаралық  фестивальда 

жүлделі  екінші  орынды  иемденіп 

келді.  Жас  талант  иесін  өнер  жо-

лында  биік  белестерге  жетелеп 

жүрген  нағашы  әжесі  Гүлшат 

Жандәулетова екен. 

-  Нұралы  кішкентайынан  ән 

айтуға  бейім.  Осы  жиенімнің  бо-

йындағы  өнерді  дамытуға  әке-

шешесі,  ата-әжелері  болып  бары-

мызша  атсалысудамыз.  Бүгінде 

Нұралы  Зашаған  кентіндегі  №20 

мектепте  бірінші  сыныпта  оқиды. 

Қолымыз  қалт  еткенде,  сол  кент- 

 тегі  мектептен  тыс  жұмыс  орталы- 

ғында  Гончарова  Светлана  апа-

йынан  ән  өнерінен  дәріс  аламыз. 

Сонымен  қатар  №20  мектептің 

музыка  пәнінің  мұғалімі  Рая  Алма-

ғанбетова, филармония әншісі Ақ- 

марал Ахметова, М. Өтемісов атын-

дағы  БҚМУ-дың  оқытушысы  Ду- 

ман  Байтілеуов  сынды  аға-апала-

рынан  да  өнердің  қыр-сырын 

үйренуде. Нұралы әрбір ұйымдас-

тырылған  байқауда  жүлделі  орын 

иемденуге  талпынады.  Соңғы  кез-

де 4 жасар қарындасы Замирамен 

де  сахнаға  шығып  жүр.  «Әже,  сіз 

менің  продюсерімсіз  ғой»  дейді 

Нұралы.  Осы  баламыз  болашақта 

өнер  жолында  өз  орнын  тауып 

жатса,  біз  үшін  одан  асқан  бақыт 

жоқ, - дейді Гүлшат әжесі.

Нұралының  ата-анасы  Арыс-

тан  мен  Мария  әскери  қызметте. 

Жас  бүлдіршіннің  де  арманы  бо-

лашақта  әскери  музыкант  болып, 

оркестрге  жетекшілік  ету  екен. 

Олай  болса,  жастайынан  өнерді 

жанына  серік  етіп,  көрермен  көз-

айымына айналған Нұралының та-

лабына нұр жаусын деп тілейік.

Нұрбек ОРАЗАЕВ,

«Орал өңірі»

Биылғы жылы айтулы мерекелерге орай 

ұйымдастырылған түрлі мәдени шараларда ән ай-

тып жүрген жеті жасар бүлдіршін нұралы Өтеғалиев 

көрерменді баурап алды. «Бұлақ көрсең, көзін аш» демек-

ші, жас әншіні оқырмандарға таныстыруды жөн көрдік.


мәселе

Бейсенбі,   21 мамыр  2015 жыл

14

oral_oniri@inbox.ru



Таяуда  №49  «Ақниет»  мек-

тепке  дейінгі  ұйымында  өткен 

Орал  қаласы  әкімдігі  жанындағы 

кәмелетке  толмағандардың  құқы- 

ғы  және  оларды  қорғау  ісі  жөнін- 

дегі  комиссия  мәжілісінде  осы 

мәселе сөз болды. 

«Мектепке 

дейінгі 

жастағы 


балалар  құқықтарының  кешен-

ді  түрде  жүзеге  асуы:  тәжірибе 

және  жобалар»  атты  тақырыпта 

өткен жиынды ашқан қала әкімінің 

орынбасары  Марс  Сатыбалдиев  

бала  тәрбиесінің  маңызына  тоқ- 

талып,  еліміздің  болашағын  жа-

сайтын  жастарды  кішкентай  ке- 

зінен  салауатты,  отаншыл  етіп 

тәрбиелеуге  күш  салу  қажеттігін 

айтты.  Балабақшалардағы  тәрбие 

жұмысын  жетілдіру  мақсатында 

көшпелі 

комиссия 

отырысын 

алдағы  уақытта  қаланың  өзге  де 

балабақшаларында  ұйымдастыру 

жоспарланып  отырғанын  жеткіз-

ген  ол  жиын  барысында  мектеп-

ке  дейінгі  бірнеше  үлгілі  ұйым 

басшысының  баяндамасына  құ- 

лақ  түрді.  Жиында  сөйлеген 

Орал  қалалық  білім  бөлімінің 

бас  маманы  Майнұр  Төлешова 

қаладағы  мектепке  дейінгі  ұйым- 

дарда  жүзеге  асырылып  жатқан 

тәрбие  жұмысы  жөнінде  баян-

даса,  №46  және  №49  балабақша 

меңгерушілері  Жанаргүл  Нағы- 

мова  мен  Қарлығаш  Арыстанова  

өз  мекемелеріндегі  тәрбие  жұмы- 

сының  ерекшеліктері  жөнінде  әң- 

гімеледі.  Майнұр  Тілекқызының  

айтуынша,  қазіргі  таңда  қалада- 

ғы  мектепке  дейінгі  50  ұйымда  

11  мыңнан  астам  бүлдіршін  тәр- 

биеленуде.  Қала  балабақшала- 

рының 27-сі  (54 пайыз) мемлекеттік 

тілде, 23-і (40 пайызы) аралас тілде  

тәрбие  береді.  Бұлардың  ішінде 

мектепке  дейінгі  тоғыз  мекеме 

(№8, 22, 24, 29, 39, 40, 43, 44, 45) 318 

балдырғанға  инклюзивті  білім  бе-

реді, балабақшаларға, жаңа техно-

логия, оның ішінде Монтессори тех-

нологиясы енгізілген.  Монтессори 

технологиясы  дегеніміз  –  бұл  ба-

лаларды  тәрбиешінің  нұсқауымен 

емес, өз еркінде тәуелсіздік рухын-

да  тәрбиелеу.  Авторының  есімін 

иемденген  бұл  бағдарламаның 

мақсаты – даму мүмкіндігі шектеу- 

лі  балалардың  бойында  ұсақ  қол 

моторикасын  дамыту.    Осы  техно-

логия  бойынша 2011 жылдан бері  

жұмыстанып  келе  жатқан  №45 

«Нұрсәт»  бөбекжайы  (директоры- 

Шәкиза  Сағынғалиева)  бүгінде 

жақсы  жетістіктерге  қол  жеткізді. 

Мұнда  тәрбиеші-мамандар  тірек-

қимыл  қозғалыс  аппараты  бұзыл- 

ған  және  дауна  синдромды  бала- 

ларды  ұсақ  қол  әрекетіне  бағыт- 

талған ойын түріндегі жаттығулар- 

ды  жасату  арқылы  оларды  өздері 

киінуге,  есікті  ашып-жабуға  үйре- 

теді.  Сондай-ақ  бірыңғай  заттар-

ды  бөлек    жинау  немесе  лентаны 

өру,  санау  арқылы  баланың  ойлау 

жүйесін дамытады.

Оның  сөзін  жалғастырған  №46 

мектепке дейінгі ұйым меңгерушісі 

Жанаргүл Нағымова салауатты ұр- 

пақ  тәрбиелеу  үшін  отбасы  мен 

бөбекжай  арасындағы  қарым-қа- 

тынасты  реттеу  керектігін  айтып, 

әріптестерінің  назарына  ата-ана- 

лармен  жұмыс  әдістемесін  ұсын- 

ды.  Оның  сөзін  мұқият  тыңдап 

отырған 


Марс 

Сатыбалдиев  

аталмыш  ұжымдағы  кеңес  беру 

пунктінің  қызметіне  ерекше  қы- 

зығушылық  білдіріп,  осындай  әдіс- 

ті  өзге  де  балабақша  жұмысына 

енгізу керектігін  тапсырды. Бұдан 

кейін  сөйлеген  №49  «Ақниет» 

мектепке  дейінгі  ұйымының  бас-

шысы  Қарлығаш  Арыстанова  ата- 

аналардың  педагогикалық  мәде- 

ниетін  көтеру  жөнінде  айтып, 

балабақша  мен  отбасының  бірле- 

сіп  істеген  жұмысы  қашан  да 

нәтижелі болатынын тілге тиек етті. 

Аталмыш  мекеме  әр  баланың  от- 

басымен  келісімшартқа  отырған. 

Бұл  құжатта  ұйым  мен  ата-

аналардың міндеті анық жазылған. 

Қазіргі  таңда  мекемедегі  тәрбие 

жұмысы осы құжат негізінде жүзеге 

асырылуда. Сөзінің соңында ол ата-

аналармен жұмыс нәтижесін зерт-

теу  қорытындысын  жиналғандар 

назарына  ұсынды.  Балабақша  же- 

текшісінің  айтуынша,  ата-аналар- 

дың  44  пайызы  балаларын  ке-

реуетте  немесе  үстелде  жалғыз 

қалдыруға  болмайтынын  білмей-

тін  көрінеді,  39  пайызы  кішкен-

тай  сәбилерін  үй  жануарларымен 

қалдыруды  дұрыс  деп  санаса,  

14  пайызы  балаларын  үйлеріне 

қараусыз  қалдыруға  қарсы  емес, 

тағы  3  пайызы    ұйықтап  қалған 

балаларын  көлікте  жалғыз  қал- 

дырып  жүре  береді  екен.  Мұн- 

дай  жағымсыз  әдеттің  бала  өмі- 

ріне  өте  қауіпті  екенін  айтқан 

Қарлығаш  Ғинатоллақызының  пі- 

кірін  облыстық  денсаулық  сақтау 

басқармасының бас маманы Айнаш 

Ғұбайдуллина мынандай нақты де-

ректермен толықтырды. 

Маманның  сөзінше,  балалар 

арасындағы  өлім-жітімге  негізі-

нен  түрлі  жағдайда  жарақат  алу 

жағдайы  себепші  болады.  Мыса-

лы,  өткен  жылы  5  жасқа  дейінгі 

19  баланың  ажалы  жарақат  алу-

дан  болды.  Сондай-ақ  ағымдағы 

жылдың  4  айында  тіркелген  бес  

баланың  өлімі  де  осы  жағдайдан 

болып  отыр.  Бұл  жөнінде  таратып 

айтар  болсақ,  4  жастағы  балаға 

қолайсыз  қойылған  теледидар 

құлап,  ашық  ми  жарақаты  салда-

рынан ойнап жүрген бүлдіршін ке-

неттен қайтыс болды. 2 жасар бала 

да  үлкендердің  қадағаламауы  сал-

дарынан  үстіне  үстел  құлап,  мерт 

болды.  Ал  1  жас  5  айлық  сәби  та- 

мақ  ішіп  отырып,  қайнатылған 

құманды  тартып  қалған.  Нәтиже- 

сінде  оның  тыныс  жолдарына 

қайнаған  су  құйылып  кетіп,  бала 

сол жерде өмірмен қоштасты.  

10  айлық  нәресте  қараусыз 

қалдыру  салдарынан  шелекте- 

гі  суға  түсіп  кетіп  көз  жұмса,  2 

жастағы сәби сағызға қақалып,  ты-

ныс  жолдарын  бітеуі  салдарынан 

ажал құшты.  

Айнаш  Жұбанышқызы  келтір-

ген  жоғарыдағы  ақпаратқа  алаң- 

даушылық  білдірген  қалалық  бі- 

лім  бөлімінің  басшысы  Жансұлу 

Төремұратова жиын соңында мек-

тепке  дейінгі  ұйым  басшылары-

на  денсаулық  сақтау  басқармасы 

маманының  нақты  деректерін  ата-

аналар назарына ұсынуды тапсыр-

ды. 

Айша   ӨТЕБӘЛІ,

«Орал   өңірі»

Түсім  екен.  Қобалжығаннан  қо-

лым  дірілдеп  кетті.  Бұл  түстің  ма-

залап жүргеніне де көп болды. Сол 

сәтте «Жұмақ – ананың табанының 

астында» деген мақал ойыма ора-

ла  кетті.  Әрине,  шындық!  Алайда 

жұмақ  қандай  ананың  табанының 

астында болмақ деп ойлап жатып, 

таң сәрісінде көзім ілініп кетіпті. 

Осыдан  кейін  елімізде    пайда 

болады деп күтілудегі «Бэби-бокс»  

тастанды  балаларға  арналған 

жәшік  туралы  қалам  сермеуді 

жөн  көрдім.  Бұл  қорап  туралы 

нақтырақ  айтар  болсақ,  «бэби- 

бокстер»  яғни  «өмір  бесігі»  атал- 

ған  жәшіктердің  алғашқы  үлгісін 

1198  жылы  Рим  Папасы  Инно-

кентий  ІІІ  ойлап  тапқан  көрінеді. 

Сол  бір  қасіретті  замандарда 

қиындыққа  төзе  алмаған  әйелдер 

омыраудағы  нәрестелерін  Тибр 

өзеніне  ағызып  жіберген.  Судың 

ағысы  жағалауға  лақтырып  тас- 

таған  өлі  сәбилерді  көрген  Рим 

Папасы қатты қайғырып, храмның 

қабырғасына  осындай  жәшіктер 

орнатқызған.  Баланы  тастаған 

кезде сыңғырлайтын қоңыраудың 

даусымен  шіркеу  қызметкерлері 

келіп,  сәбиді  алып  кететін  болып- 

ты.  Кейін  бұл  тәжірибені  көпте- 

ген  мемлекеттер  іс  жүзінде  пай- 

даланған.  «Бэби-бокстар»  Чехия, 

Жапония,  Канада,  Швеция  сын-

ды елдерде  осыдан бірнеше жыл 

бұрын қолданысқа енген.  

Осы  орайда  бұл  қораптар  об-

лыс  тұрғындары  мен  ғаламтор 

желілеріндегі  көзі  қарақты  оқыр- 

мандар  арасында  ашық  күнде 

найзағай  түскендей  әсер  қал- 

дыруда.  Елімізде  нәрестелерге 

арналған  жәшіктерді  орнату  Ал-

маты  қаласынан  бастау  алмақ. 

Ең  басты  мақсат  –  сәбилердің 

өлімін  азайту,  анасы  бас  тартқан 

шарананың  өмірін  сақтап  қалу. 

Бұл  жәшіктерді  ақ  халаттылар 




1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал