Облыстық ҚОғамдЫҚ-СаяСи газеТ



жүктеу 1.31 Mb.

бет5/13
Дата09.01.2017
өлшемі1.31 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

3.  зейнетақы  жинақтары  туралы 

үзінді  көшірмені  алу  үшін  міндетті 

түрде  өзі  келу  керек  пе,  әлде  оны 

басқа біреу алса бола ма?

Зейнетақы  жинақтары  туралы  ақпа- 

рат  құпия,  сондықтан  жеке  зейнетақы 

шотының  жағдайы  туралы  ақпаратты 

алу үшін әр салымшы (алушы) өзі келуі 

не өзінің өкілін нотариат куәландырған 

сенімхат  негізінде  немесе  сот  шешімі 

негізінде  жіберуі  тиіс.  Жеке  зейнетақы 

шотының  (ЖЗШ)  жағдайы  туралы  жыл 

сайынғы  ақпаратты  алу  тәсілін  салым-

шы  (алушы)  өз  бетінше  анықтап,  ЖЗШ 

ашу  туралы  өтініште,  зейнетақымен 

қамсыздандыру  туралы  шартта  немесе 

хабарлау тәсілін өзгерту (анықтау) тура-

лы келісімде көрсетеді.

Салымшы  (алушы)  зейнетақы  жи- 

нақтары туралы хабарлаудың төменде- 

гі тәсілдерінің бірін таңдай алады:

1) электрондық - салымшының (алу- 

шының)  электрондық  мекенжайына  

(e-mail) хабарлама жіберу;

2)  салымшының  (алушының)  өзінің 

«БЖЗҚ» АҚ-ға келуі;

3)  салымшының  (алушының)  беріл-

ген  логин  мен  парольді  пайдаланып, 

интернет қызметі (www.enpf.kz) арқылы 

алуы;

4) халыққа қызмет көрсету орталық- 



тары арқылы алу.

Сонымен қатар өз ЖЗШ жағдайы ту-

ралы  ақпаратты  интернет  арқылы  алу 

тәсілін  таңдаған  салымшылар  (алушы-

лар)  өздерінің  зейнетақы  жинақтары- 

ның  ағымдағы  жағдайын  Android,  iOS 

(iPhone,  iPad)  және  Windows  Phone 

операциялық  жүйелерінде  жұмыс  іс-

тейтін  смартфондар  мен  планшеттерге 

арналған  ENPF  ұялы  қосымшасының 

көмегімен  бақылай  алады.  Авторлану 

үшін  салымшы  БЖЗҚ  сайтына  кіргенде 

қолданатын логин мен пароль пайдала-

нылады.


2015  жылдың  ақпан  айынан  бас-

тап  БЖЗҚ  салымшылары  (алушыла-

ры)  инвестициялық  табыс  ескерілген 

зейнетақы  жинақтарының  жағдайы 

туралы  акпаратты  egov  электрондық  

үкімет  порталынан  және  ХҚО-дан    ала 

алады.

4.  өзіңнің  немесе  біреудің  зей- 

нетақы  жинақтары  туралы  ақпарат- 

ты  өз  бетіңше  интернеттен  алуға 

бола ма?

БЖЗҚ-дағы 

интернет 

қызметі 


арқылы  өз  зейнетақы  жинақтарыңыз- 

дың  жағдайы  туралы  ғана  ақпарат 

алуға болады. Интернет арқылы хабар-

лау  тәсілін  таңдау  үшін  кез  келген  қор 

бөлімшесіне  бір  рет  келіп,  хабарлау 

тәсілін  өзгерту/анықтау  туралы  келісім 

жасау,  логин  мен  парольді  тіркеу  керек. 

БЖЗҚ  сайты  www.enpf.kz  немесе  egov 

электрондық  үкімет  порталы  арқылы 

өз  зейнетақы  жинақтарыңыз  туралы 

білудің  басқа  тәсілі  -  электрондық 

цифрлық  қолтаңбаны пайдалану.



5.  қазір  зейнетақы  жинақтары 

туралы үзінді көшірмені пошта не-

месе  шабарман  арқылы  үй  мекен-

жайына  жібере  ме?  егер  жіберетін 

болса, қаншалықты жиі жібереді?

Иә,  пошта  арқылы  зейнетақы  шо- 

тының  жағдайы  туралы  ақпаратты 

бұрынғысынша  хабарлаудың  осы  тә- 

сілін  бұрын  таңдаған  салымшылар  

(алушылар)  алады.  Сондықтан  салым- 

шы  (алушы)  пошта  арқылы  үзінді 

көшірмені  көптен  бері  алмаса,  ол  

кезінде  өзінің  зейнетақымен  қамсыз- 

дандыру  туралы  шартта  немесе  ха-

барлау  тәсілін  өзгерту  (анықтау) 

туралы  келісімде  қандай  хабарлау 

тәсілін  таңдағанын  қарауы  керек. 

Пошта  арқылы  үзінді  көшірме  алып 

жүрген  салымшының  (алушының)  ме-

кенжайы  өзгеріп,  бүл  туралы  БЖЗҚ-

ға  хабарламаған  болуы  да  мүмкін 

ғой.  Мұндайда  оған  жіберілген  үзінді 

көшірме  Қорға  қайтып  келеді,  ал  Қор 

зейнетақы  заннамасына  сай  келесі 

жылы  үзінді  көшірмені  жібермеуге 

құқылы.  Пошталық  мекенжайының 

өзгергені  туралы  салымшы  (алушы) 

БЖЗҚ кеңсесіне өзі келіп, пошталық бай-

ланыс не электрондық пошта арқылы 

хабарлай  алады.  Тегін,  атын,  әкесінің 

атын, туған күнін, жеке сәйкестендіру 

нөмірін (ЖСН) көрсетіп, міндетті түрде 

жеке  басын  куәландыратын  құжат 

көшірмесін  тіркейді.  ЖЗШ-дан  үзінді 

көшірме  беру  кезеңділігіне  келер 

болсақ, заңға сәйкес БЖЗҚ салымшыға 

(алушыға)  зейнетақы  жинақтарының 

жағдайы  туралы  ақпаратты  кемінде 

жылына  бір  рет  беруге  міндетті.  Со-

нымен  қатар  салымшы  (алушы)  үзінді 

көшірме  алу  үшін  өзіне  ыңғайлы  кез 

келген  уақытта  (БЖЗҚ  жұмыс  тізімінің 

аясында)  шектеусіз  келе  берсе  болады. 

Ал  интернет-хабарлауды  таңдай  оты-

рып, ол өзінің зейнетақы шотын тәулік 

бойына  бақылай  алады.  Оның  үстіне, 

интернет  арқылы  ақпарат  алу  тәсілін 

таңдаған  Android,  iOS  (iPhone,  iPad) 

және  Windows  Phone  операциялық 

жүйелерінде  жұмыс  істейтін  смарт-

фондар  мен  планшеттердің  иелері 

2014  жылдың  шілде  айынан  бастап 

тегін  ENPF  ұялы  қосымшасын  пайда-

лана  алады.  Ұялы  қосымша  екі  тілде 

жұмыс  істейді  және  онлайн  тізімін-

де  өз  зейнетақы  шоттарынан  үзінді 

көшірмелер  көріп,  ең  жақын  филиал-

мен  немесе  байланыс  орталығымен 

байланысу,  сондай-ақ  БЖЗҚ  тура-

лы  ақпарат  алу  мүмкіндігін  береді.  

Авторлану  үшін  салымшы  www.enpf.

kz  сайтына  кіргенде  қолданатын  ло-

гин мен пароль пайдаланылады. Egov 

порталы  арқылы  ақпарат  алу  туралы 

жоғарыда айттық.

Енді,  міне,  асыл  тұқымды  зеңгі 

баба түлігінің тағы бір түрі – қыр- 

дың  қызыл  сиыры  да  Жаңақала 

жеріне аяқ басты.

Қырдың  қызыл  сиыры  –  сүтті 

тұқым,  ХVІІІ  ғасырда  Запорожье  

сұр  сиырын  остфрисландия  бұқа- 

ларымен  шағылыстыру  арқылы 

алынған. Бұл тұқым құрғақ конти-

нентті ауа райына бейім келеді.

Сүттілігі  жылына  3000-4500  

килограмм,  кейбір  асыл  тұқымда- 

рының  сүттілігі  9000-12500  кило- 

грамға  дейін,  майлылығы  3,6-3,8 

пайыз.


Қырдың  қызыл  сиырының  ор-

таша  тірілей  салмағы  450-550  ки-

лограмм,  бұқаларының  орташа 

салмағы 800-1000 килограмм.

Бұл  асыл  тұқымды  сиыр  тұқы- 

мын ауданымызда көптен бері сүт 

өнімдерін  өндірумен  айналыса-

Қырдың  қызыл  сиыры

тын  «Шамұрат»  шаруа  қожалығы 

(жетекшісі  Темірлан  Шамұратов) 

алып келді.

Қожалық  «Сыбаға»  бағдарла- 

масы  арқылы  51  бас  15-22  айлық 

қашарларды құны 10600 мың теңге 

болатын  «Жаңақала-Несие»  кре-

диттік серіктестігі» жауапкершілігі 

шектеулі  серіктестігінің  лизингісі-

мен алып отыр.

Бұл  асыл  тұқымды  мал  Ресей- 

дің Волгоград облысындағы Суро-

викин  ауданындағы  Ленин  атын- 

дағы асыл тұқымды зауыт-колхоз-

дан алыныпты. Алғандағы орташа 

салмағы 300 килограмм екен.

Асылдың аты – асыл. Күні ертең 

бұл қожалық сүт өнімдерін өндіру 

ісін жақсарта бастары анық. Оның 

үстіне «Шамұрат» шаруа қожалығы 

осы  51  бас  сүтті  мал  тұқымы 

арқылы  ауыл  шаруашылығы  тех-

никаларын  50  пайыз  жеңілдікпен 

алу құқын да пайдалана алады.

«Жақсыны  көрмек  үшін»  деген. 

Біз қожалық мекеніне ат басын ті-

регенде, қожалық басшысы Темір-

лан  карантинге  қойылып,  бөлек 

күтімге  алынған  жаңа  малының 

басында  екен.  Бірыңғай  күрең 

түсті  қашарлар,  сергек  те  қоңды, 

салынған  шөпті  қарбыта  жеуіне 

қарап қоренді екенін де аңдадық.

Жалпы,  Темірлан  Шамұратов 

қожалығы  –  2002  жылдан  бері 

жұмыс жасап, аудан тұрғындарын 

сүт  өнімдері  –  қымыз,  сүт,  айран, 

қаймақ,  ірімшік,  құртпен  қамтып 

отырған  аудандағы  бірден-бір 

шаруашылық.

Өкінішке орай, қожалық басшы-

сы  өзін  жарнамалауға  еш  құлық- 

сыз.  Арық  айтып,  семіз  шығуды, 

еліне  елеусіз  қызмет  көрсетуді 

қалайды.  13  жыл  ішінде  бірде-бір 

ақпарат  құралдарында  аталмыш 

қожалық  туралы  жазылмауы  да  

содан болар.

Әңгіме  барысында  сүт  өнім- 

деріне  сұраныс  молдығын,  сүт, 

қаймақтай  өтіп,  май  былғауға 

мүмкіндік  болмай  жатқанын,  об-

лыс  орталығынан  құрт  өніміне 

сұраныс жиі түсетінін аңдадық.

Қымызбен  ауданаралық  сауық- 

тыру  орталығының  сұранысын, 

аудан  орталығындағы  дүкендер 

арқылы халықты да толық қамтып 

келеді.

Болашақта  кешенді  орталық 



салып,  сүт  өнімдерін  жаңа  техно-

логиямен  өндіруді  қолға  алсам 

деген  ойы  барын  сөз  барысынан 

аңғарып қалдық.

- Бұл мал – сүтті тұқым. Арнайы 

таңдадық.  Жерсініп  кетіп  жатса, 

ойлаған  жоспарымыз  бар  ғой,  -

дейді сөзге сараң Темірлан.

Бүгінге  дейін  шетелдік  асыл 

тұқымды  малдың  біразы  жеріме-

ген Жаңақала жері қырдың қызыл 

сиырларына  да  жайлы  қоныс  бо-

лып, игілігін ел көрсін деген тілек-

пен аттанып кеттік.



Өмірзақ АҚБАСОВ,

Жаңақала  ауданы

алыстағы ауыл тұрғындарының асыл тұқымды мал өсірулеріне мүмкіндік бе-

ретін  мемлекеттік  бағдарламалар  арқасында  жаңақалалық  шаруалар  бүгінге 

дейін  қазақтың  ақбас  сиырын,  абердин-ангус  тұқымын  және  алыс  шетелден 

герефорд  малын  лизингпен  алып,  болашағы  мол  іске  қадам  басқанын  облыс 

жұртшылығына баян еткенбіз.

11

oral_oniri@inbox.ru

Бейсенбі,  21 мамыр 2015 жыл

ОҚыРмАн


Соңғы жылдары 

байырғы шаһар Орал 

ажарланып, жаңа 

үйлер, жаңа шағын 

аудандар бой түзеп, 

көрер көзге құлпыра 

түсті. Бірақ қаланың 

шет аймағы саналатын 

«ет комбинаты» ауданы 

бұрынғы күйінде қалды. 

С

ыбайлас  жемқорлық  –  ға- 

сырлар  бойы  адамзат  та-

рихында  пайда  болған  ха- 

лықаралық  деңгейдегі,  тек  бір  ел- 

дің  ішіндегі  сыбайласқан  қылмыс 

емес.  Мұның  өзі  –  бір  елден  екінші 

елге тамыр жайып байланысып жата-

тын  қауіпті  құбылыс.  Әлемде  бірде-бір 

мемлекетте  бұл  проблеманың  орын 

алмаған  жері  жоқ,  яғни  бірде-бір  қо-

ғамның  сыбайлас  жемқорлық  дерті-

нен  құтыла  алмағаны  баршамызға 

белгілі.  Сондықтан  әр  азамат  өздері-

нің  қызметін пайдаланып, заңсыз  қы-

лықтар  жасауға  жол  бермеуі  керек.

Сыбайлас  жемқорлықпен  күрестің 

басты  бағыттарының  бірі  –  оның  ал-

дын  алу.  Сыбайлас    жемқорлықпен  

күрес  өзге  елдердің  ғана  емес,  біз-

дің  де  қоғамымыздың  басты  мәсе-

лесіне  айналып  отыр.  Ол  үшін  «Адал 

еңбек  адамгершілікке  жеткізеді,  адал 

қызмет  абыройға  жеткізеді»  демек- 

ші,  өскелең  жас  ұрпақты  еңбекке, 

өнерге, жалпы адамға деген махабба-

тын  оятып,  адал  қызмет  етуіне  жас- 

 

 



тайынан  баулуымыз  қажет.  Яғни    ұр- 

пақтан-ұрпаққа  аманат  ретінде  келе 

жатқан,  жыр-дастан,  аңыз-әңгіме,  ер-

тегі,  басқа  да    дүниетанымдық  өнер 



Жемқорлық – індет, оны жою – міндет!

Сыбайлас  жемқорлықпен  күрес  – 

дАмуғА  ҚОсылғАн  үлес

елбасымыз айтқандай: «жемқорлық – мемлекеттің, қоғам-

ның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін 

індет. Сыбайлас жемқорлықпен  күрес  қылмыскерді жазалау 

жөніндегі табанды шаралар ғана емес. Бұл – мемлекет пен 

қоғамның күнделікті жұмысының біртұтас кешені» екендігі 

анық.

Yлгілі

кітапханашы



гүлайым аяпқалиева 1961 жылы 

ақжайық ауданы ақсоғым кеңшарында 

дүниеге келген. ақжайық ауданының 

жұбан молдағалиев атындағы ауылының 

Талап орта мектебін бітіріп, 1980 жылы 

алматы қаласындағы мәдени ағарту 

училищесінде екі жыл кітапханашы 

мамандығына оқып шығады. 

1994  жылы  Есенсай  ауылында  кітапханашы  бо-

лып қызмет атқара бастайды. 2003 жылы М. Өтемісов 

атындағы  БҚМУ-дың  «Кітапхана  ісі»  мамандығы  бо-

йынша  бітіреді.  Есенсай  ауылындағы  Теңел  Адиров 

есімді  азаматқа  тұрмысқа  шығады.  Кітапханашылық 

қызмет атқарғанына биыл 32 жыл болып отыр. Төрт 

перзенті бар. Үлкен ұлы Азамат Орал қаласында жол 

сақшысы  болып  қызмет  атқарып  жүр.  Қызы  Сайқұ- 

дық ауылында ұстаздық қызмет атқарады. Гүлнұры – 

Батыс  Қазақстан  инженерлік-гуманитарлық  акаде-

миясының 3-курс студенті. Кенжесі Нұржанат - 8-сы-

нып  оқушысы.  Кенже  қызы  қоғамдық  жұмыстарға  

белсене  араласады.  Гүлайым  кітапханашы  қызметі-

мен  қатар  2006  жылдан  2011  жылға  дейін  әйелдер  

кеңесінің  төрайымы  болып  қызмет  атқарған. 

Кітапханада  түрлі  кештер,  кездесулер  өтіп  тұра- 

ды.    Ол  ата-аналармен,  оқырмандармен  тығыз  бай-

ланысты. Гүлайым қызмет еткен жылдары  марапат- 

қа  да  ие  болды. 

Жұбайы  Теңел  жеке  машинасымен  жолаушы  та-

сып, халықтың ықыласына бөленіп жүр. 

Кітапханаға  қанша  барсақ  та,  іші  жылы,  жинақы, 

оқырмандарға  толып  отырады.  Есенсай  ауылында 

осындай қарапайым жандар еңбек етуде. 

Мерует ҚАУЫМБАЕВА,

Есенсай ауылы,

Ақжайық ауданы

м

ұндағы №33 қазақ мек- 

тебінің  ғимараты  әб- 

ден ескірген. 

–  Мектеп  ашылғаннан  кейін 

екі  мәрте  күрделі  жөндеу  жұмы- 

сы  жүргізілді.  2000  жылы  білім 

ошағының төбесі күрделі жөндеу- 

ден  өтті.  Ал  2012  жылы    мектеп- 

тің  барлық  бөлмелері  пластика- 

лық    тереземен  жаңартылды.  Ен- 

дігі  жөндеу  жұмыстары    қаржы- 

ның  бөлінуіне  қарай  жүргізілер  

шелерімен  көктем,  күз  айларында 

жаяу  жүру  қиынның  қиыны.  Әсі-

ресе,  мектепке  қатынайтын  бала- 

лардың «бауырмал» саз балшықты 

белшесінен  кешіп  жүргені...  Рас, 

2014  жылдың  жаз  айларында  «Ет 

комбинаты»  шағын  ауданына  №2 

аутобустың  соңғы    аялдамасына 

дейінгі  күре  жол  жөнделді.  Өкі-

ніштісі, жөндеу жұмыстары аялда-

мадан әрі аса алмай қалды. 

– Немерем  №33 мектепте оқи- 

ды.  Көктемгі,  күзгі  лайсаңдарда 

оның  мектепке  қатынауы  қиын- 

дайды.  Қалада  тұрып,  ауылдағы-

лардың  кебін  киеміз.  Қысы-жазы 

екінші  аяқ  киім  және  киімі  бал- 

шық  болып  қалмас  үшін  басы  ар-

тық  киімді  де  тасып  жүреміз.  Ба- 

ланың  аты  бала,  балшыққа  әдейі 

түсейін  демейді,  айнала  ми  бат-

пақ болса қайтсін, – дейді осы ау- 

данның  Чапаев  затоны  көшесі- 

нің  тұрғыны  Сәбила Меңдәлиева 

апамыз. 


Ет  комбинаты  ауданының  тұр- 

ғындары  көшелердегі  қоқыс  жә-

шіктерінен  қоқыстың  уақтылы  жи- 

налмайтынына  наразы.  Қалада 

тұрып,  далада  қалғандай  күй  ке-

шуде.  Әсіресе,  үшінші  корпус  деп 

аталатын  екі  қабатты  жатақхана-

ның  тұрғындары  қоқыстың  сасық 

күлімсі  иісінен  басымыз  ауырады 

деседі. 


– Қоқыс төгетін орынды әр сен-

білік сайын жинаймыз. Бірақ мұн- 

да тек үшінші  корпустағы тұрғын-

деп  отырмыз,  –  деді  №33  жалпы 

орта  білім  беретін  мектептің  ди-

ректоры Ахмади Арғынбаев. 

Бұрын  мыңдаған  адамды  жұ-

мыспен  қамтыған  үлкен  ет  ком-

бинаты  орналасқан  бұл  аудан  бү- 

гінде  ешкімге  керексіз,  мүсәпір 

күйге түскен. Шағын ауданның кө-

дар  ғана  емес,  осы  маңдағы  20 

шақты  үйдің  және  жан-жағымыз-

дағы  жеке  үйлердің    тұрғындары  

қоқысын  төгеді.  Тіпті  онда  қоқыс 

салатын  жәшік те атымен жоқ, қо- 

қысты  жан-жағын  тастармен  қор- 

шап  қойған  орынға  төгеміз.  Еуро-

қоқыс жәшіктері бізге жетпей қал- 

ған  ба  деп  таңданамыз?  Сол  қоқыс-

ты  жылына  бір  рет  келіп  жинап 

алса  алғаны,  алмаса,  иісі  мүңкіп 

жатады.  Әсіресе  күз,  көктем,  жаз 

айларында  жағымсыз  иісі  қатты 

сезіледі.  Қоқысты жылына 3-4 рет 

жинап  алатын  болса,  ауданымыз 

тазарып  қалар  ма  еді,  –  дейді  жа- 

 сы сексенге таянған Сәбила  Мең- 

дәлиева.

Бұл  әңгіме  бұрыннан  айтылып 

келеді.  Тұрғындардың  айтуынша, 

биылғы  қала  әкімінің  тұрғындар-

мен  кездесуінде  де  көтерілген.  Бі- 

рақ  неге  екенін  кім  білген,  аудан 

тұрғындарының  айқайын  ешкім 

естімейді.  Кеңес  дәуіріндегі  кей-

пінен  еш  өзгермеген,  ауылдан  жұ- 

мыс  іздеп  келген  тұрғындар  қо-

ныстанған  шеткі  аудан  еліміз  тә-

уелсіздік  алғалы  бергі  уақыт  ішінде 

көркейіп  дамуы  керек  еді.    Бірақ 

Абай  атымыз  айтқандай,  «Баяғы 

жартас – сол жартас»...

Айкөркем  АСҚАРОВА,

№33 мектептің оқушысы, 

МТЖО жанындағы  

«Жас тілші» үйірмесінің 

мүшесі

«Ет  комбинаты» 

иесіз   қалғандай...

– кино  туындылары арқылы, жеткін- 

шек  ұрпақ  ақиқат  пен  жалған,  шын- 

дық  пен    өтірікті    ажыратуға  бейім-

деліп,  рухани  білім  мен  өмірлік  тә-

жірибе  негізінде  ар-намыс,  сана  көзі 

оянып,  көркем  мінезді,  ақыл-пара- 

сат иесін дайындауымыз қажет.

Жемқорлық.  Бұл    сөз  соңғы  жыл- 

дарда  теледидар  мен  бұқаралық  ақ- 

парат  құралдарында  үзілмей  айты-

луда.  Пара  берудің  себептерін,  па- 

ра  алудың  жағдайларын,  түп-тамы-

рын  жою  бірден  мүмкін  емес,  бұл 

–  уақытпен  келетін  нәрсе.  Ең  әуелі, 

ол  үшін  халықтың  сана-сезіміне  қор-

ғаныштық  ұғымдар  сіңірілмей  бол-

майды.  Ал  парақорлықтың  алдын  алу, 

жолын  кесу  мақсатында  кітапхана- 

ның  да  алар  орны  ерекше.  Бала- 

лардың  нәзік  те  аңғал  жүректеріне 

адамгершілік,  имани  ізгі  қасиеттер- 

ді  ұялату  үшін  дер  кезінде  маңызды  

жұмыс  жасау  қажет.  Біз,  кітапхана-

шылар,  сыбайлас  жемқорлықпен  кү- 

ресте    барлық    қызметтерді    бірден 

атқармай,  бала  санасына  біртіндеп 

сіңіре    отырып  жұмыс  жасаймыз. 

Оған  бірнеше  жыл  еңбек  етеміз. 

Түрлі  заң  кітаптары,  әдеби  кітаптар, 

пікірталастар,  диспуттар,  түрлі  қыз- 

меттегі  ойындар,  конкурстар  мен 

плакаттар  шығарып,  тағы  басқа  түр- 

лі  жұмыстар ұйымдастыру арқылы нә-

тижеге  жетеміз.  Міне,  сол  кезде  ғана  

біз  сана-сезімі  таза,  рухы  биік  ұрпақ 

тәрбиелейміз.  Кітапхана  қызметкер-

лері  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  

жоспарға    сай  жұмыс  жасайды.  Олар 

осы  тақырып  шеңберінде  арнайы 

бағдарламалар  жасақтап,  түрлі  ак- 

циялар,  конференциялар,    дөңгелек 

үстелдер,    сыр-сұхбаттар,  кездесулер 

және  басқа  да  жұмыстар атқарады. 

Жұмыс оқырмандарымыздың кіші то- 

бынан  басталады.  Балаларды  ертегі 

арқылы  мейірбандыққа,  адалдыққа 

тәрбиелеуде  қуыршақ  театрының 

көмегі  зор.  Театр  репертуарындағы 

«Ұр,  тоқпақ!»,  «Әтеш  пен  екі  мысық», 

«Мақта  қыз  бен  мысық»,  «Асан  мен 

Үсен»,  «Аулақ  бол  жаман  әдеттен», 

«Жақсылық  ұмытылмайды»  секілді 

ертегі  қойылымдары  жас  өскінді  ең- 

бекқорлыққа,  адалдыққа  тәрбиелей-

тін    бала    тілімен    жазылған  тартым-

ды  шығармалар  және  хакім  Абайдың 

қара сөздері де маңызды рөль атқара- 

ды.  Сыбайлас  жемқорлықпен  күрес 

кітапхана  қызметкерлерінен  жасөспі-

рімдерге  дұрыс  тәрбие  мен  бағыт 

беру  барысында  ұстаздармен,  ата- 

аналармен  біріге,  кешенді  әдістеме- 

лік  жұмыс  атқаруын  талап  етеді.



З. ӨТЕШЕВА,

облыстық  балалар  

және  жасөспірімдер 

кітапханасының  директоры

 

12

oral_oniri@inbox.ru



Бейсенбі,  21  мамыр 2015 жыл

ТАлАПкеР – 2015



жәңгір хан атындағы 

Батыс Қазақстан аграрлық-

техникалық университеті 

еліміздегі кең таны-

мал жетекші жоғары оқу 

орындарының бірі. 

Бүгінгі  таңда  университеттің 

жоғары  білім  берудің  7  бағытын-

дағы  37  мамандық  бойынша 

(оның  ішінде  35  бакалавриат  ма-

мандықтары,  2  жоғары  арнаулы 

білім),  ЖОО-дан  кейінгі  білімнің 

6  бағытындағы  31  мамандық  бо-

йынша  (оның  ішінде  магистрату- 

 раның  24  мамандығы,  докторан-

тураның  7  мамандығы  бар)  білім 

беру  қызметін  жүргізу  лицензия- 

лары бар. Университетте 5 факуль-

тет пен 22 кафедра қызмет етеді. 

Университет - Университеттер-

дің  Ұлы  Хартиясының,  2  халық-

аралық  қауымдастықтың  және 

4  халықаралық  консорциумның 

мүшесі. 

Соңғы 3 жыл ішінде Ұлттық ат-

тестаттау  комитеті  деректеріне 

сәйкес,  университетіміз  Қазақ- 

станның  үздік  13  техникалық  

ЖОО-ларының  қатарына  еніп,  2012  

жылы  9-орынға,  2014  жылы  уни-

верситет  қазақстандық  112  ЖОО 

ішінен 34-орынды иеленді. 

Қаржыландырудың  жаңа  түр-

лері  ЖОО-дағы  ғылыми  үдерісті 

белсендіруде, ғылыми зерттеулер 

бағдарламалық-мақсаттық  және 

гранттық  қаражат  негізінде  қар-

жыландырылады. 

Білім  алушылар  инженерлік 

бейімдегі  биотехнология  зертха-

насы,  биотехнология  және  таби-

ғатты пайдалану ҒЗИ, инжиниринг 

және  ресурс  сақтау  ҒЗИ,  аккре- 

 диттелген сынау орталығы, техно-

логияларды  коммерциялизация-

лау офисі секілді заманауи қондыр- 

 ғылармен  жабдықталған  ғылыми 

бөлімшелерде 

ғылыми-зерттеу 

жұмыстарын жүргізеді. 

Бірлескен  білім  беру  және  ғы-

лыми  бағдарламаларды  жүзеге 

асыру шеңберінде соңғы 4 жылда 

Еуропадан, Оңтүстік-шығыс Азия-

дан,  Ресейден,  Беларусьтен  және 

т.б.  елдерден  50-ден  аса  ғалымдар 

мен оқытушылар шақырылды. 

Университет  15  шетелдік  ғы-

лым және білім орталықтарымен, 

РФ 66 жетекші ЖОО-ларымен көп-

жылдық  халықаралық  байланыс 

орнатты. 

Білім  алушылар  267  мекеме-

мен  25  шетел  компанияларында 

және 20 кафедра филиалдарында 

тәжірибеден өтеді. 

Түлектерді  жұмысқа  орналас-

тыруға  қолдау  көрсету  мақса-

тында  жыл  сайын  «Бос  жұмыс 

орындарының  жәрмеңкесі»,  «Дип-

ломмен  ауылға!»  секілді  шаралар 

өткізіліп,  түлектер  «Жастар  тәжі-

рибесі» бағдарламасына белсенді 

тартылады. 

Университетте  60-қа  тарта 

шетелдік  студент  білім  алса,  РФ, 

Моңғолия,  Түркіменстан  мен  Өз-

бекстанның қазақ диаспоралары-

ның  20-дан  астам  өкілі  даярлау 

курстарының  тыңдаушысы  ретін-

де оқуда. 

Университетте  тәрбиелік  си-

паттағы шаралар саны ұлғайып ке-

леді. Студенттік деканаттар, Орал 

қалалық  Қазақстан  студенттері-

нің  альянсы,  «Жас  Отан»  жастар 

қанаты,  «Заман»  жастар  қоғам-

дық  бірлестігі,  жатақханалардағы 

студенттік  кеңестер  студенттік 

өзін-өзі  басқарудың  діңгегі  бо-

лып  табылады.  Жазғы  семестрде 

студенттер  студенттік  құрылыс 

жасақтары  мен  «Жасыл  ел»  жа-

сақтарының  құрамында  еңбек 

етеді.  Университетте  «Білезік»  би 

ансамблі,  «Нарын  сазы»  аспап- 

тар  ансамблі,  республикалық  ли-

га  дипломанты  –  КТК  командасы 

жұмыс істейді.

Университет жастарды белсен-

ді  әлеуметтік  қолдау  саясатын 

жүргізеді. Әлеуметтік тұрғыдан аз  

қамтылған отбасылардан шыққан 

білім  алушыларға  оқыту  ақысы 

бойынша жеңілдіктер, жатақхана-

да  тегін  тұру  мүмкіндігі  беріледі. 

Студенттерге  демалыс  пен  ме- 

 дициналық  қызметке,  материал-

дық көмекке, соның ішінде тамақ-

тану  мен  киім-кешек  алуға  қара-

жат бөлінеді. 

Құрметті талапкерлер! Сіздерді 

50  жылдан  астам  тарихи  дәстүрі 

қалыптасқан, танымал және сапа-

лы білім ордасы – Жәңгір хан атын-

дағы БҚАТУ-ға оқуға шақырамыз!



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал