Облыстық ҚОғамдЫҚ-СаяСи газеТ



жүктеу 1.31 Mb.

бет4/13
Дата09.01.2017
өлшемі1.31 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Сейсенбіде «Қазақстан-Орал» телеарнасында  

өткен брифингке облыстық жолаушылар көлігі  және 

аутомобиль жолдары басқармасының басшылары 

қатысып, аталмыш мекеменің өткен жылы тындырған 

шаруасы мен биылғы жұмыс жоспары жөнінде 

баяндады. 

жөнделуі  тиіс.  Жоспар  бойынша 

аталмыш  жолдың  4-104  шақыры-

мы  жаңғыртылмақ.  Ресей  Феде- 

рациясы аумағына дейінгі 100 ша-

қырым  жол  кезең-кезеңмен  жөн-

деледі.  Күні  бүгін  бұл  жұмысты 

жүзеге асыру үшін республикалық 

бюджеттен  3  млрд.  теңге  бөлін-

ді. Бұл қаражат,  шамамен  11 ша-

қырымдай  жолды  жөндеуге  же-

теді. 


Эльмира рАХмешОВА,  

«ТдК-42» телеарнасының  

тілшісі:

– Ескі  жолдарды  қайта  жаңғыр­

ту  барысында  бұрынғы  мате­

риалдарды  қайда  жібересіздер? 

–  Жолдарды  орташа  жөндеу 

барысында  ескі  жолдың  беткі  қа-

баты  қырылып  алынады  да,  соған 

қиыршықтас,  цемент  сияқты  құ- 

рылыс  материалдарын  қосып, 

қайтадан  пайдаланады,  яғни  осы 

қоспамен  жол  бетін  тегістейді. 

Осындай  жолмен  жаңғыртылған 

жолдар  бұрынғыға  қарағанда  әл- 

деқайда  мықтырақ  болады  және 

қаражатты  үнемдеуге  де  мүмкін- 

дік  береді.  Күрделі  жөндеуге  қа- 

рағанда  мұндай  орташа  жөндеу 

жұмысы  анағұрлым  тиімді,  өйтке- 

ні бұған қаражат  екі  есе  аз  жұм-

салады.  



Лұқпан АХмедиЯрОВ,  

«Уральская неделя»  

газетінің тілшісі:

–  Деркөл  ауылы  тұсындағы 

көпір  құрылысы  қашан  бастала­

ды  және  құрылыс  жұмысы  кезінде 

жолаушылар  тасымалы  қалай 

ұйымдастырылады?

–  Қазіргі  таңда  бұл  жоба  қа-

растырылуда,  құрылыс  мәселесі 

толық  шешілген  соң  жолаушылар 

тасымалын  тиісті  орындар  оң-

тайлы  ұйымдастыратын  болады.

Айша ӨТЕБӘЛІ, 

«Орал өңірі»

АУТОЖОЛдАрды  ЖөндеУге  БөЛінген  қАрЖы мөЛшері

2013  жыл

республикалық  бюджет –

2017,8 млн. теңге

Облыстық  бюджет –

550,2 млн. теңге

республикалық  бюджет –

2931,5 млн. теңге

Облыстық  бюджет –

4275,15 млн. теңге

2014  жыл

республикалық  бюджет –

3000,0 млн. теңге

Облыстық  бюджет –

2857,8 млн. теңге

2015   жыл

Тағы бір айта кететін жәйт, жо-

лаушылар  тасымалының  сапасын 

арттыру  мақсатында  қалада  «Урал- 

ТехСервис» ЖШС мен «№1 жолау-

шы  аутокөлік  мекемесі»  ЖШС-да 

көліктерді  диспетчерлік  сүйемел- 

деу орталығы ашылды. Кейбір қа- 

лалық  маршруттар  GPS  навига- 

циялық  құралдарымен  жабдық-

талған,  бұл  олардың  жұмысын 

алыс  қашықтықтан    бақылау  мүм-

кіндігін  береді.  2013-2014  жыл-

дары  қалалық  тасымалдаушы  кә- 

сіпорындардың  аутобус  парктері 

едәуір  жаңартылды,  100  бірлік-

тен  астам  жаңа  аутобустар  сатып 

алынды,  соның  арқасында  жо- 

лаушылар  тасымалында  қызмет 

көрсету деңгейі артты.  

Облыстық  бюджеттен  әлеумет-

тік  маңызы  бар  «Орал  –  Озинки» 

және  «Орал  –  Шыңғырлау»  ба-

маты  –  Орал»  маршруты  бойын-

ша  «Ембрайер»  әуе  кемесімен 

ұшуларын бастаған. 

Жиын  соңында  журналистер 

баяндамашыларға  жол  құрылысы 

бойынша  қосымша  сұрақтар  қой-

ды.  


роман КОпнЯеВ, «ТдК-42» 

телеарнасының тілшісі:

–  «Нұрлы  жол»  бағдарламасы 

бойынша  қандай  жолдар  жөн­

деледі?  Және  оған  бөлінген  қара­

жат  көлемі  жөнінде  айтып  бер­

сеңіз? 


Асқарбек ЖАқСығұЛОВ, 

облыстық  жолаушылар  көлігі 

және  аутомобиль  жолдары 

басқармасы  басшысының 

орынбасары: 

–  «Нұрлы  жол»  бағдарламасы 

бойынша  республикалық  маңыз-

дағы    «Орал  –  Тасқала»  аутожолы 



 

Бейсенбі,  21  мамыр 2015 жыл

9

oral_oniri@inbox.ru



Педагогикалық лицейден біздің 

түлеп  ұшқанымызға  биыл  20  жыл 

толмақ. 1993 жылы  ел тәуелсіздігін 

алып, тәй басқан қиындау кезеңде 

сол  кездегі  А.  Пушкин  атындағы 

педагогикалық  институттың  жа-

нынан  «Педагогикалық  лицей» 

ашылған  еді.  Балаларының    жо- 

ғары  деңгейде  білім  алуына  се-

бепші  болар  деген  үмітпен  ата-

анамыз бізді осы мектепке әкелді. 

Дәл  осындай  жоғары  оқу  орны 

жанынан  ашылған  лицейдің  инс-

титут  базасы  мен  мұғалімдерінен 

білім  алуы,  сол  кезеңде  респуб-

лика  бойынша  жоқ  жаңалық  еді. 

Лицейге шәкірттер  «Қазақ тілі мен 

әдебиеті, араб тілі», «Орыс тілі мен 

әдебиеті»,  «Ағылшын  тілі»,  «Фи-

зика»,  «Математика»,    «Педагоги-

ка  және  психология»,  «Бейнелеу 

өнері»,  «Дене  тәрбиесі»  бағдары 

бойынша  қабылданып,    талап  өте 

жоғары  болды.  Әр  бөлімге  60-70 

оқушыдан  құжат тапсырып, соның 

ішінен    50  оқушыға  педлицей 

шәкірті болу бақыты бұйырған еді. 

Лицейде  сабақ  қатаң  бірың- 

ғай  кәсіби  бағдарлы  білім    беру  

бағытында құрылып, оның ұзақты- 

ғының  өзі  80  минут  болды.  Сырт 

қарағанда  бітпестей  көрінетін 

ұзын-сонар уақыт ұлағатты  ұстаз- 

дарымыздың  терең  білімі  мен 

талапшылдығының 

арқасында 

сынаптай  сырғып  өтіп  жатты.  Ол 

уақытта  бізге  пединституттың  ға- 

лым  ұстаздары  дәріс  берді.  Қа- 

зақ әдебиетінен марқұм Қалимол- 

ла 

Мырзағалиев 



ағамыздың 

асықпай  отырып,  анықтап,  паң 

қалпымен 

сабақ 


түсіндіргені, 

Ақзия  Ниязғалиеваның  қазақ 

тілінен  тақылдата  талдатуы  мен 

сауаттылыққа  үйретуі,  Амангелді 

Ғалымов  пен  Қарасай  Тұрашев- 

тың география сабағы әлем елде- 

ріне  саяхат  жасағанмен  бірдей  

еді.  Бұдан  өзге  С.  Жұмақанов,  

Қ. Жұмақметов, А. Жұмашева, Б. Жұ- 

мақаева,  Б.  Шынтемірова,  Б.  Бі- 

рімжаров,  Р.  Винник,  К.  Биалие- 

ва,  А.  Ғабдуллина,  А.  Сейтімов,  

Қ.  Мәдіров  сынды  ұстаздары- 

мыздың қамқорлығын сезініп, сол 

адамдар  сықылды  ізгі  қасиеттер- 

дің иесі болуға тырыстық.  

Тәуелсіздіктің  алғашқы  жылда-

ры  алты айлап жалақы алмайтын 

қиын  кездер  еді.    Ата-анамыз  жа-

нын шүберекке түйіп, бізді ұрпақ- 

қа  айтар  ақыл-өнегесі  бар,  лицей 

деканы  Н.  Дәулетовтің  тәрбиесі 

мен  талабына  сеніп  тапсырды. 

Нәсіпқали  Дәулетұлы  бұл  жауап-

кершілікті бір сәт естен шығарған 

емес,  біз  оқыған  мектепте  тәртіп 

пен  талап  басты  қағида  болды. 

Оқушылардың  жан-жақты  дамуы-

на  ықпал  етемін  деп,  үйірмелер 

жүргізіп,  түрлі  талантты  адамдар-

мен,  ғалымдармен  кездесулер 

өткізіп,    ерінбей,  талмай  жұмыс 

істейтін  деканымыз  қай  уақытта 

дем  алады  деп  таңғалатынбыз. 

Дарынды  балаларға  арнап  мек-

теп  ашып,  оның  ыстығына  күйіп, 

суығына  тоңып,  20  жыл  осы  мек-

тепті  облыс,  республика,  біраз 

шетел  танитындай  деңгейге  жет-

кізген  Нәсіпқали  Дәулетұлының 

еңбегі өлшеусіз. Елбасымыз «Бүгін  

бой  жарыстыратын  емес,  ой  жа-

рыстыратын  заман»  деп  атап 

көрсеткендей,  лицейде  әрқашан  

сапалы  білім  беру  күн  тәртібінен 

түскен  емес.  «Кейінгі  толқын  сен- 

дерге  қарап  өседі»  деп  Нәсіп- 

қали  ағай  бізді,  яғни  алғашқы 

түлектерді, бір сәт көзден таса ет-

кен  жоқ,  институт  қабырғасында 

жүргенімізде  де  бізге  қатаң  талап 

қойды.  Бүгінде  лицейдің  алғашқы  

түлектері әр мамандық саласында 

өз  ісінің  шеберлері  атанып,  елге 

абыройлы қызмет атқарып келеді. 

Оның ең үлкен тобы ғылым  жолы-

на  түсіп,  ғалым  атанған  алғашқы 

шәкірттер  Н.  Карменов  пен   

М.  Ахметова  филология  ғылым- 

дарының  кандидаттары  болса, 

олардың  ізін  жалғастырып,  бүгінгі 

таңда  еліміздің  дамуына  сүбелі 

үлес қосып жүрген Т. Қуанғалиева 

БҚАТУ-дың  оқытуды  бақылау  және 

жоспарлау  басқармасының  бас-

шысы,  экономика  ғылымдарының 

кандидаты,  М.  Ермеков  филосо-

фия  ғылымдарының  докторы  бо-

лып қатары толығуда.

Педагогикалық  лицей  алғаш- 

қы  он  жылда  облыстағы  ауыл  ба-

лаларын  оқытып,  озат  тәжірибелі 

педагогтарды  дайындауға  үлкен 

үлес  қосты.  Облыс,  республика 

көлемінде  олимпиада,  ғылыми 

жоба  жүлдегерлерін  дайындап 

жүрген  жоғары  білікті  ұстаздар 

қауымы бір төбе. Г. Ажкеева  Ә. Мол- 

дағұлова  атындағы  №38  мектеп-

лицейінде,  С.  Нұрсапина  №41 

мектеп-лицейінде,  Г.  Әбілман  

ОДБАМ  мектеп-интернатында,  

Б.  Бисенова  Ақжайық  ауданы,  Крас- 

нояр  ОЖББ  мектебінде,  Б.  Тө- 

леуова  А.  Тайманов  атындағы  

№34  мектеп-гимназияда,  Г.  Өте- 

шова  №30  ОЖББ  мектебінде 

қызмет  атқарып  келеді. 

М. Ахметова - Л. Гумилев  атын- 

дағы  Еуразия  ұлттық  универ- 

ситетінің  доценті,  филология  ғы- 

лымдарының  кандидаты,  А.  Шау- 

шенова  -  С.  Сейфуллин  атындағы 

агротехникалық  университеттің 

аға  оқытушысы,  Б.  Шағымгерее- 

ва  -  М.  Өтемісов  атындағы  БҚМУ 

оқытушысы,  магистрі.  Н.  Ешмұ- 

ханова  мен  Р.  Сұлтанғалиев   

Ж.  Досмұхамедов  атындағы  пе- 

дагогикалық колледжде сабақ бе-

реді. 

Н. Карменов – ҚР Ұлттық қауіп- 



сіздік  комитетінің  қызметкері,  

А.  Джамалиев  –  БҚО  ІІД  «Арлан»  

арнайы  мақсат  бөлімінің  аға  инс- 

пектор-жарушы  технигі,  Ж.  Бері- 

ков  –  ҚР  Денсаулық  сақтау  және  

әлеумет  даму  министрлігі  коми- 

тетінің  БҚО  облысы  бойынша  де-

партамент  басшысының  орынба-

сары,  Г.  Жароева  –  БҚО  Төтенше 

жағдайлар  департаментінің  тілді 

дамыту  бөлімінің  басшысы.  Сы-

ныптас  құрбы-құрдастарымыздың 

арасынан  Қ.  Дәулетова,  Н.  Уд-

реев,  Г.  Қалиева,  Л.  Қазбекова 

секілді  кәсіпкерлер  де  шықты. 

Бірқатарымыз  бүгіндері  педагог 

ретінде алтын ұямызда еңбек ету-

деміз.


Мектеп-лицей  ұжымының  мақ- 

танышы  –  шәкірттерінің  саны  бү- 

гінде  1000-ға  жетіп,  139-ы  «Ал- 

тын  белгіге»  бітіріп,  облыс,  рес- 

публика,  халықаралық  олимпиа- 

да  жүлдегерлері  атанып,  біздің  

алтын  ұямыздың  даңқын  асқақ- 

татты.  100-ге  жуығы  «Болашақ» 

бағдарламасымен  шет  елде  оқу 

мүмкіндігіне ие болды.     

Бұрынғы  педлицей,  қазіргі  об- 

лыстық  дарынды  балаларға  ар- 

налған  мамандандырылған  мек- 

теп-интернатының  әр  жетістігі  –  

біз  үшін  ортақ  қуаныш.  Ұшқан 

ұямыз  келешекте  де  биіктен 

көрініп,  мәртебелі  мектептердің 

көшбасшысы  болып,  даңқы  ас- 

қақтай бергей! 

Алғашқы  түлектер  

атынан

Гауһар  АЖКЕЕВА,

Гүлжазира  ӘБІЛМАН,

Орал қаласы

  Мақтаулы мектептің  

   АлғАшҚы ТүлекТеРіміз 

Қала  орталығында  орналасқан 

көп 

қабатты 


тұрғын 

үйлер 


ауласындағы  қазақ  батырының 

бейнесін  әуесқой  мүсінші  Болат-

бек  Баймағамбетов  кесілген  ағаш 

түбірінен ойып жасаған.

-  Бала  кезімнен  қазақтың  та- 

рихын,  ертегілерін  оқып,  батыр- 

лардың  суретін  салғанды  ұната- 

тынмын.  Мүсінші  мамандығым 

болмаса да, соңғы үш-төрт жылда 

ағаштан  шағын  мүсіндер  жасауды 

қолға  алып  келемін.  Ертегі  кейіп-

керлерін,  қазақша  нышандағы 

шахмат,  түрлі  тұлпар  мүсіндерін 

жасағанды ұнатамын. Өткен жылы 

осы  маңда  болғанда  ағаш  кесін-

дісін  көрген  едім.  Осы  түбірден 

мүсін  жасау,  соның  ішінде  осын-

дай  қазақ  батырын  бейнелеу  ойы 

сол  кезде  келген  болатын.  Жер-

гілікті  әкімшілікке  барып,  Қазақ 

хандығының  550  жылдық  мерей- 

тойына  арнап  осындай  мүсін  жа- 

самақ  ойымды  айттым.  Олар  бір- 

ден  қолдады.  Мүсінді  жасап  шы- 

ғуға  бір  айдай  уақыт  жұмсадым. 

Бұл – үлкен көлемдегі жасаған ал- 

ғашқы  туындым.  Қасымда  Азамат 

Алагөзов  есімді  досым  көмекші 



Орал шаһарының 

достық даңғылы 

бойындағы «Юбилей-

ный» аялдамасының 

маңында Қазақ хан- 

дығының 550 жылдық 

мерейтойына арна-

лып, ерекше ескерткіш 

ашылды.

Айтулы  мерекеге 

      еРекше сыйлыҚ

болды.  Мүсінді  жасау  барысын-

да  осы  аудан  тұрғындары  мен 

жасөспірімдерінің қызығушылығы 

мен  қолдауын  байқадым.  Негізі-

нен бұл өнер көршілес Ресей, Бе-

ларусь елдерінде жақсы дамыған. 

Қаламыздағы 

кесілген 

ағаш 


түптерін қопарып алып тастағанша 

осындай  мүсіндерге  айналдыр-

са  деп  ойлаймын.  Қолынан  іс  ке-

летін  ағаш  шеберлері  де  менің 

ұсынысымды  қолдайды  деп  есеп-

теймін. Бүгінгі қала тұрғындарына 

сыйға  тартқан  ескерткішіме  жыл-

ма-жыл  күтім  жасауды  өз  жауап-

кершілігіме  аламын,  -  деді  мүсін 

авторы Болатбек Баймағамбетов.

Қала  тұрғыны  Дариға  Имано-

ва  осындай  қажетсіз  түбірден  ке-

ремет  мүсін  шығарған  елжанды 

жастарға  риза  екендігін,  өскелең 

ұрпаққа берер тәрбиесі мол осын-

дай  игі  істер  қаламызда  көптеп 

қолға  алынса  деген  ойын  айтып, 

мүсін  авторларына  жемісті  еңбек 

тіледі.

Нұрбек ОРАЗАЕВ,

«Орал өңірі»

ел-жұРТ


патронаттық  тәрбие- 

дегі  Валентина  кари-

мова  2011  жылдан  бас-

тап  өз  жанашырларын 

тауып,  бақытты  өмір 

сүруде. 

Валентинаның  әкесі  Жа-

нарбек 

Дүйсенов 



жалпы 

білім  беретін  Жамбыл  негізгі 

мектебінің  директоры  бол-

са,  анасы  Бибігүл  Утешова  –  

осы    мектептегі  ағылшын  тілі 

пәнінің  ұстазы.  Аталмыш  от-

басы  екі  ұл,  бір  қызы  өсіп  ер-

жеткен  соң  ақылдаса  келе 

балалар  үйінен  бір  қыз  асы-

рап  алады.  Осылайша,  Вален-

тинаны  қамқорлықтарына  ал- 

ғандарына  биыл  төрт    жыл.    Кел-

ген  кезде  екі  жастағы  Валентина 

мүлдем  сөйлемейтін  еді.  Қазір, 

міне,  6  жасқа  келді,  өзінің  ұлты 

орыс  болса  да,  қазақ  тілінде  таза, 

еркін  сөйлейді.  Үйінде  ата-ана-

сына  көмектеседі,  өзінің    жеке 

бөлмесі  бар.

Ол  өткен  оқу  жылында  «Қыз- 

ғалдақ»  шағын  орталығында  тәр- 

Бақытты   Валя 

биеленді.  Өзін  ортада  еркін  ұс- 

тайды. Қазір мектепалды даярлық 

сыныбында оқиды. Мінезі жұмсақ, 

не  айтсаң,  соны  тез  ұғып  алады. 

«Өскенде  дәрігер  болып,  ауырған 

адамдарды  емдеймін»,  -  дейді  

балдырған.

Мүсірбек АЙТАШЕВ,

Сырым ауданы

Суретте: Валентина  мектеп 

психологы Д.Жалекеновамен бірге

90  шақырым  жол  жөнделмек



АУТОЖОЛдАрды  ЖөндеУге  БөЛінген  қАрЖы мөЛшері

2013  жыл

республикалық  бюджет –

2017,8 млн. теңге

Облыстық  бюджет –

550,2 млн. теңге

республикалық  бюджет –

2931,5 млн. теңге

Облыстық  бюджет –

4275,15 млн. теңге

2014  жыл

республикалық  бюджет –

3000,0 млн. теңге

Облыстық  бюджет –

2857,8 млн. теңге

2015   жыл

Бейсенбі,  21  мамыр 2015 жыл

10

oral_oniri@inbox.ru



дәулеТ

1. зейнетақы  аударымдары  қан- 

шалықты  жиі  жасалады  және  қан- 

дай сома аударылады?

«Қазакстан  Республикасында  зей- 

нетақымен  қамсыздандыру  туралы» 

Қазақстан  Республикасының  заңына 

(25-бап)  сәйкес  бірыңғай  жинақтаушы 

зейнетақы  қорына  төленуге  жататын 

міндетті  зейнетақы  жарналары  (МЗЖ) 

Қазақстан  Республикасының  Үкіметі 

айқындайтын  тәртіппен  зейнетақы 

жарналарын  есептеу  үшін  алынатын 

қызметкердің  ай  сайынғы  табысының 

10  пайызы  мөлшерінде  белгіленеді. 

Бұл ретте міндетті зейнетақы жарнала-

рын есептеу үшін алынатын ай сайынғы 

табыс  республикалық  бюджет  туралы 

заңда  тиісті  қаржы  жылына  белгілен-

ген ең төмен жалақының 75 еселенген 

мөлшерінен аспауға тиіс.

Қазақстан  Республикасының  су-

дьялары  үшін  бірыңғай  жинақтаушы 

зейнетақы  қорына  бюджет  қаражаты 

есебінен  судьяның  ай  сайынғы 

табысының 10 пайызы мөлшерінде мін-

детті  зейнетақы  жарналары  қосымша 

белгіленеді.

Судья  теріс  себептер  бойын-

ша  қызметінен  босатылған  кезде 

көрсетілген жарналар алып қойылады  

және бюджетке аударылады

Адвокаттар,  жеке  сот  орындау- 

шылары,  жекеше  нотариустар,  сон-

дай-ақ  дара  кәсіпкерлер  үшін  өзінің 

пайдасына  бірыңғай  жинақтаушы 

зейнетақы  қорына  төленуге  жататын, 

салық  кезеңінің  әрбір  айы  үшін  есеп-

телетін,  міндетті  зейнетақы  жарнала-

ры  мәлімделетін  кірістің  10  пайызы 

мөлшерінде,  бірақ  республикалық 

бюджет  туралы  заңда  тиісті  қаржы 

жылына белгіленген ең төмен жалақы 

мөлшерінің  10  пайызынан  кем  емес 

және ең төмен жалақының 75 еселен-

ген  мөлшерінің  10  пайызынан  аспай-

тын мөлшерде белгіленеді.

Арнаулы  салық  режимін  қолдана- 

тын  шаруа  немесе  фермер  қожалық- 

тары  үшін  шаруа  немесе  фермер  қо- 

жалығының кәмелетке толған мүшесі- 

нің  (қатысушысының)  және  басшысы- 

ның пайдасына бірыңғай жинақтаушы 

зейнетақы  қорына  төленуге  жататын, 

салық  кезеңінің  әрбір  айы  үшін  есеп-

телетін міндетті зейнетақы жарналары 

республикалық  бюджет  туралы  заңда 

тиісті  қаржы  жылына  белгіленген  ең 

төмен жалақы мөлшерінің 10 пайызы-

нан кем емес және ең төмен жалақының 

75  еселенген  мөлшерінің  10  пайызы-

нан  аспайтын  мөлшерде  белгіленеді. 

Шаруа  немесе  фермер  қожалығының 

кәмелетке  толған  мүшелерінің  (қа- 

тысушыларының)  пайдасына  міндетті 

зейнетақы  жарналары  олар  кәмелет- 

ке  толған  жылдан  кейінгі  күнтізбелік  

жылдан  бастап  есептелуге  және  тө- 

ленуге жатады.

БЖЗҚ  туралы  5  сауал

Адвокаттың,  жеке  сот  орындаушы- 

сының,  жекеше  нотариустың,  сондай-

ақ  дара  кәсіпкердің  өзінің  пайдасы-

на  бірыңғай  жинақтаушы  зейнетақы 

қорына міндетті зейнетақы жарналарын 

есептеу  үшін  өзі  дербес  айқындайтын 

табысы  мәлімделетін  табыс  болып  та-

былады.

ұстап  қалынған  (есебіне  жазылған) 

міндетті зейнетақы жарналарын Ор- 

талыққа:

1)  заңды  тұлғалар  мен  дара  кәсіп- 

керлер (шағын бизнес субъектілері мен 

шаруа  немесе  фермер  қожалықтары 

үшін  арнаулы  салық  режимдерін  қол- 

данатындардан баска), сондай-ақ жеке-

ше  нотариустар,  жеке  сот  орындаушы-

лары  мен  адвокаттар  қызметкерлерге 

төленген  табыстардан  -  табыстар  төле- 

нетін айдан кейінгі айдың 25-інен кешік-

тірмей;

2)  дара  кәсіпкерлер  (патент  неме-



се  оңайлатылған  декларация  негізін-

де  шағын  бизнес  субъектілері  және 

шаруа  немесе  фермер  қожалықтары 

үшін  арнаулы  салық  режимдерін 

қолданатындардан  басқа),  сондай-ақ 

жекеше  нотариустар,  жеке  сот  орын-

даушылары мен адвокаттар өзінің пай-

дасына - есепті айдан кейінгі айдың 25-

інен кешіктірмей;

3) арнаулы салық режимін қолдана- 

тын  шаруа  немесе  фермер  қожалыкта- 

ры - Қазакстан Республикасының салық 

заңнамасында  көзделген  тәртіппен 

және мерзімдерде;

4)  оңайлатылған  декларация  негі- 

зінде  арнаулы  салық  режимін  қол- 

данатын  шағын  бизнес  субъектілері  -  

Казақстан Республикасынын салық заң- 

намасында көзделген мерзімде;

5)  патент  негізінде  арнаулы  салық 

режимін  қолданатын  дара  кәсіпкер- 

лер - Қазакстан Республикасының салық 

заңнамасында патент құнын төлеу үшін 

көзделген мерзімде аударады.



2.  Жұмыс  берушінің  зейнетақы 

қорына  қызметкердің  зейнетақы 

жинақтарын аудармауына бола ма?

Міндетті  зейнетақы  жарналарының, 

міндетті  кәсіптік  зейнетақы  жарнала- 

рының  салымшылары  бірыңғай  жи- 

нақтаушы  зейнетақы  қорына  міндет-

ті  зейнетақы  жарналарын,  міндетті  

кәсіптік  зейнетақы  жарналарын  қол- 

даныстағы  заннамада  айкындалатын  

мөлшерлемелер  бойынша  және    мер- 

зімдерде  төлеуге  тиіс.  Міндетті  зей- 

нетақы  жарналарын  төлеуден  босаты-

латын тұлгалар: - зейнет жасына толған 

тұлғалар:

а) 2001 жылғы 1 шілдеден бастап 63 

жасқа  толған  ерлер,  58  жасқа  толған 

әйелдер; мұндайда:

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап  58,5 

жасқа толған әйелдер;

2019  жылғы  1  қаңтардан  бастап    59 

жасқа толған әйелдер;

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап  59,5 

жасқа толған әйелдер;

2021  жылғы  1  қаңтардан  бастап    60 

жасқа толған әйелдер;

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап  60,5 

жасқа толған әйелдер;

2023  жылғы  1  қантардан  бастап    61 

жасқа толған әйелдер;

2024 жылғы 1 қантардан бастап  61,5 

жасқа толған әйелдер;

2025  жылғы  1  қаңтардан  бастап    62 

жасқа толған әйелдер;

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап  62,5 

жасқа толған әйелдер;

2027  жылғы  1  қаңтардан  бастап  63 

жасқа толған әйелдер;

6)  төтенше  және  радиация  каупі  ең 

жоғары  аймақтарда  1949  жылғы  29  та- 

мыз  -  1963  жылғы  5  шілде  аралығын- 

дағы  кезеңде  кемінде  5  жыл  тұрған 

азаматтардың  «Семей  ядролық  сынақ 

полигонындағы  ядролық  сынақтардың 

салдарынан  зардап  шеккен  азаматтар- 

ды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан 

Республикасының Заңына сәйкес:

ерлердің - 1998 жылғы 1 қаңтардағы 

жағдай  бойынша  жұмыстағы  еңбек 

өтілі  кемінде  жиырма  бес  жыл  болган 

жағдайда, 50 жаска толғанда;

әйелдердің  -  1998  жылғы  1  қаң- 

тардағы  жағдай  бойынша  жұмыстағы 

еңбек өтілі кемінде жиырма жыл болған 

жағдайда, 45 жасқа толғанда зейнетақы 

төлемдерін тағайындатуға құқығы бар;

в)  5  және  одан  да  көп  бала  туған 

(асырап алған) және оларды сегіз жасқа 

дейін тәрбиелеген әйелдердін 53 жасқа 

толғанда жасына қарай зейнетақы алуға 

құқығы бар;

-  егер  мүгедектігі  мерзімсіз  болып  

белгіленсе,  бірінші  және  екінші  топ- 

тардағы  мүгедектігі  бар  адамдар. 

Бірыңғай  жинақтаушы  зейнетақы  қо- 

рына  міндетті  зейнетақы  жарнала-

рын  төлеу  осы  тармақшада  аталған 

адамдардың  өтініші  бойынша  жүзеге 

асырылады;

- әскери қызметшілер, арнаулы мем- 

лекеттік  және  құқық  қорғау  орган- 

дарының,  мемлекеттік  фельдъегерлік 

қызметтің  арнаулы  атақтар,  сыныптық 

шендер  берілген  қызметкерлері,  ар- 

наулы  атақтар,  сыныптық  шендер  алу  

және  нысанды  киім  киіп  жүру  құ- 

қықтары  2012  жылғы  1  каңтардан  бас-

тап жойылған:

1) зейнетақы төлемдері 1998 жылғы 

1 қаңтарға дейін тағайындалған;

2)  Орталықтан  төленетін  зейнетақы 

төлемдері тағайындалған адамдар.

Міндетті зейнетақы жарналарын тө- 

леудің  толық  және  уақтылы  жүзеге 

асырылуын  бакылауды  Қазакстан  Рес- 

публикасының  заңнамасына  сәйкес 

мемлекеттік  кіріс  органдары  жүзеге  

асырады.


Нақты  төлем  жасалған  және  жұ- 

мыскер  табыс  алған  жағдайда  агент 

уақтылы  ұстап  қалмаған  (есебіне  жаз- 

баған)  және  (немесе)  аудармаған  мін- 

детті  зейнетақы  жарналарының  сома-

ларын  мемлекеттік  кіріс  органдары 

өндіріп  алады.  Берешек  жұмыс  бе-

руші  жіберетін  хабарлама  негізінде 

өндіріледі.



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал