Облыстық ҚОғамдЫҚ-СаяСи газеТ



жүктеу 395.5 Kb.

бет1/4
Дата09.01.2017
өлшемі395.5 Kb.
  1   2   3   4

ОБЛЫСТЫҚ ҚОғамдЫҚ-СаяСи газеТ

www.oraloniri.kz

Сенбі,

24 қаңтар 2015 жыл

№9 (20090)

- 21 

0

С

- 27 

0

С

Газет 1917 жылдан бастап шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған

oral_oniri@inbox.ru

Орал өңірі

Нақты  шаралар 

белгіленді

мозайкасы

Жаңалықтар

“Қарияларға  қамқорлық  – 

міндетіміз!”



“Жас Отан” жастар қанаты Ақжайық аудандық филиалы 

аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы 

“Ақжайық өрендері” жастар қоғамдық бірлестігінің жергілікті 

жерлердегі өкілдері бастамасымен  барлық ауылдық округте 

“Қарияларға қамқорлық!” акциясы  ұйымдастырылуда.

Мәселен,  Қарауылтөбе  ауы-

лында  Т.  Елегенов,  Б.  Бисенов, 

Қ.  Түркістанов,  Т.  Төлегенов  жал­

ғызбасты ана Талиба Елегенова 

мен ІІ топ мүгедегі Әди Сағынов­

тың үйлерінде болып, қолғабыс 

көрсетті.  Бұл  іске  білек  сыбана 

кіріскен  жастар  көмекке  мұқ­

таж  жандардың  отындық  аға­

шын  кесіп,  жинастырып  берді. 

Жаңабұлақ  ауылының  жастары 

ауыл  тұрғыны,  ІІ  топ  мүгедегі 

Ғазиз  Абатовтың  үйінде 

болып, қолғабыс көрсетті.

Ақжайық  аграрлық  тех­ 

 никалық  колледжі  сту-

денттері  де  сауабы  тиер 

істердің 

басы­қасынан 

табылуда.  Олар  аудан  орталы­

ғында  тұратын  тыл  ардагері  

С.  Ғұмарованың  үйінің  ауласын 

қардан  тазалап  беріп,  алғысқа 

бөленді.

ШаруанЫң  ҚарЫзЫ 

арзандайдЫ

аСпаздан паТОгенді  

СТафиЛОкОкк 

анЫҚТаЛған

ХаЛЫҚараЛЫҚ  

авиаҚаТЫнаСҚа 

жОЛ  аШЫЛадЫ

аҚпараТ

ХаТ-ХаБар

керуен Сарай

2

7

8

4

Орта  бизнесті  қолдайтын 

бағдарлама

Кеше Орал қаласында 

«Бәйтерек» холдин-

гі мен оның еншілес 

құрылымдары жергілік-

ті кәсіпкерлерге орта 

кәсіпкерлік саласындағы 

кәсіпорындарды қолдаудың 

жаңа бағдарламасының 

тұсаукесерін жасады. 

«Батыс  Қазақстан  машина  жасау 

компаниясы»  АҚ­ның  мәжіліс  за­ 

лында  өткен  басқосуда  «Бәйтерек» 

Ұлттық  басқарушы  холдингі»  АҚ­ның 

басқарушы директоры Қаныш Тілеу­

шин  жаңа  бағдарламаны  жүзеге 

асырудың    нәтижесінде  өңірлік  жә­

не  әлемдік  нарықта  бәсекеге  қабі­

летті  бола  алатын  компанияларды 

құру,  шикізатты  емес  экспорт  пен 

импортты  алмастырудың  қарқыны­

на қол жеткізу жоспарланғанын айта 

келіп,  оралдық  кәсіпкерлерді  бағ­

дарламаға қатысуға шақырды.  

Бұдан кейін холдинг өкілдері жи­

налғандарға жаңа бағдарламаны ег-

жей­тегжейлі  түсіндіріп,  оның  басты 

ерекшеліктеріне,  қолдау  тетіктеріне 

тоқталды.  Кәсіпкерлер  бағдарла­ 

маға  қатысты  пікірлерін  ортаға  са-

лып,  өздерін  мазалаған  сауалдары­ 

на жауап алды. 

(Мақаланың толық нұсқасын газетіміздің алдағы нөмірінен оқуға болады)

«Қаратөбе  ауданында  тамақтан  уланған 

балалардың  қазір  жағдайы  жақсы»  деп 

мәлімдеді  БҚО  тұтынушылардың  құқықта­

рын  қорғау  департаментінің  бас-

шысы М. Арыспаев.

Орал  әуежайында  жаңартып­жаңғырту 

жұмыстары  аяқталған  соң  Қазақстанның 

авиакомпаниялары  Амстердам,  Мәскеу 

және  Санкт­Петербургке  ұшуды 

жоспарлап отыр.


аҚПараТ

Сенбі,   24  қаңтар 2015 жыл

2

oral_oniri@inbox.ru



ҚАУЛЫ  ЕТЕМІН:

1. Жеті және одан да көп бала туып, тәрбиелегені үшін мына аналар 

«Алтын алқа» алқасымен наградталсын:

Батыс  Қазақстан  облысы  бойынша

Аксиева  Мереке  Сериккалиевна  –  «С.  Садықов  атындағы  Қазта­ 

лов  аудандық  мәдени  демалыс  орталығы»  МКҚК  Қайшақұдық  клубы­ 

ның меңгерушісі, Қазталов ауданы

2. Алты бала туып, тәрбиелегені үшін мына аналар

«Күміс алқа» алқасымен наградталсын:

Байганина Адеми  Марленовна – үй шаруасында, Қазталов ауданы

Новикова Людмила   Александровна – 

                                                                          үй шаруасында, Жәнібек ауданы



Хаирлиева Айгуль  Бахтигалиевна –  үй шаруасында, Бөрлі ауданы

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының Президенті Н. НазаРбаев 

астана, ақорда, 2015 жылғы 13 қаңтар

№988

Қазақстан  Республикасы  Президентінің  Жарлығы 

Үзінді

Көп  балалы  аналарды  «Алтын алқа»  және 

«Күміс алқа»  алқаларымен  наградтау  туралы

Ұлы  Жеңістің  70  жылдығы  той-

ланатын    биылғы  жылдың  басын 

Елбасымыздың  өзі  ардагерлерді  

құттықтап,  оларды  ардақтаудан 

бастады.  Осындай  құрмет  Қалам­

ғали  ағаға да  көрсетілген  болатын.

Өткен  бейсенбіде  облыс  әкімі 

Нұрлан  Ноғаев  90  жасқа  толған 

майдангер­ғалымды  қабылдап,  іл-

типат танытты. 

–  Сіздерге  қандай  құрмет  көр­

сетілсе  де,  еш  артықтық  етпейді. 

Өйткені сіздер қос ғасырдың куә­ 

гері болып, сұрапыл соғысты бас­ 

Жеңіс   сарбазы   тоқсанда



Соғыс  және еңбек ардагері, танымал ғалым  Қаламғали 

жұ­маш­ұ­лы Сүйінш­әлиев жақында 90 жасқа толды. 

тан  кешіріп,    ел­жұртқа  ашық  ас­ 

пан,  бейбіт  өмір  сыйладыңыздар. 

Сонымен  қатар  сіздер  соғыс  қи­

ратқан халық шаруашылығын қал­

пына  келтіруде  де  алдыңғы    шеп­ 

те  болдыңыздар.  Сіздің  жас  ұр­ 

паққа  білім  берудегі  еңбегіңіз  де 

ұшан­теңіз,  –  деді  Нұрлан  Асқар­

ұлы.


Елу  жылдан  астам  уақыт  бойы 

Батыс Қазақстан мемлекеттік уни-

верситетінде  ұстаздық  қызметте 

болған  Қаламғали  Жұмашұлынан 

білім  алған  шәкірттері  бүгінде  елі­

міздің  әр  қиырында  жоғары  ла­ 

уазымдарда қызмет етуде.

–  Облыс  басшысының  бүгінгі 

маған  көрсеткен  құрметіне,  оның 

пейіліне  дән  ризамын.  Мен  өзім­

нің  тәуелсіз  Қазақстанның  аза-

маты  екенімді  мақтан  тұтамын. 

Ал  бүгінгі жас толқын білімді, ой-

лары  жүйрік,  саналары  жоғары, 

еліміздің патриоттары болса екен 

деп тілеймін, – деді  қабылдаудан 

кейін  журналистермен  тілдескен 

Қаламғали  ақсақал.



еламан ӘЙПІШев,

«Орал өңірі»

Суретті түсірген

Медет ДОСУМОв 

Әйелдер  инфрақұрылымдық

жобаларға ТарТылмаҚ

ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүл- 

шара  Әбдіқалықова  БҰҰ  Даму 

бағдарламасының  Қазақстан-

дағы  тұрақты  өкілі  Стивен 

Туллмен кездесті.

Гүлшара  Әбдіқалықова  тарап-

тар  арасында  қол  жеткізілген  өз­ 

ара  түсіністік  пен  ынтымақтастық­

тың  жоғары  деңгейін,  сондай­ақ 

БҰҰ  Даму  бағдарламасының  Қа­ 

зақстанның  әлеуметтік­экономи­

калық  жаңғыру  үдерісіне  қосқан  

елеулі үлесін атап өтті.

Кездесуге  қатысушылар  Мем­ 

лекет  басшысы  белгілеген  «Қазақ­

стан  –  2050»  Стратегиясы  және 

«Нұрлы  жол  –  болашаққа  бастар 

жол»  жаңа  экономикалық  саяса­ 

тының  міндеттерін  орындау  ая­ 

сында  еліміздің  әлеуметтік­гума­ 

нитарлық  дамуының  кең  ауқым­ 

ды  мәселелері  бойынша  өзара  іс­

қимыл  жоспарларын  талқылады. 

Мемлекеттік  хатшы  инфрақұры­

лымдық  даму  жоспарының  шең­ 

беріндегі  жобаларға  әйелдерді 

белсенді  тартудың  айрықша  ма­

ңыздылығына  тоқталды.

Тараптар  алдағы  уақытта  да 

сыбайлас  жемқорлықты  болдыр-

мау,  сондай­ақ  қоғамның  рухани 

дамуына  бағытталған    шаралар 

бойынша  ынтымақтастықты  ны­

ғайтуға уағдаласты.



Мәди ЫҚЫЛаС

Орал  қалалық  білім  бөлімі  жа­

нындағы  мектептен  тыс  жұмыс 

орталығында    «2015  жыл  –  төл  та-

рихымызды  ұлықтау  жылы»  тақырыбында  орталық  педагогтарының 

пікір алмасу  отырысы өтті. 

Кітапханашы  Биғайша  Баймұханбетова  қызметкерлерге  оқу­тәр­

бие  үрдісінде  қолданылатын  әдістемелік  басылымдармен  қамтама­ 

 сыз  ету  және  төл  тарихымызды  ұлықтау  жылына  қатысты  қажетті 

ақпарат  беріп  отыру  мақсатында  басылымдарға  шолу  жасады.  Пе-

дагог­мамандар  Елбасының  «Нұрлы  жол  –  болашаққа  бастар  жол» 

атты  Жолдауын  шәкірттерге  түсіндіру  жайында  ой  бөлісті.  Қазақ 

хандығының  550  жылдығына,  Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  мен 

Конституциямыздың  20 жылдықтарына, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына 

орай  ойлы,  кең  көлемді  шаралар  өткізу  бағытындағы  жоба­жоспар­

ларын ортаға салды. 

P

Дариян ауылында  Мәуліт мерекесіне орай «Қош келдің, 



Мәуліт!»  атты  рухани  шара    өтті.  Қасиетті  Құран  Кәрім  аят-

тарымен  басталған  кеште  ауыл  мешітінің  имамы  Азамат  

Абдрахманов  жұртшылықты  Мәуліт  мерекесімен  құттықтады. 

Орал  қалалық  мешітінің  бас  имамы  Самат  Әлібаев  жамағатқа  ҚМДБ­

ның  БҚО  өкіл  имамы  Руслан  Сұлтановтың  сәлемін  жеткізіп,  Мәуліт 

жайында  уағыз  айтты.  Кеште  пайғамбарымыздың  құрметіне  Мәуліт 

оқылып, оның ғибратты өмірі туралы фильм көрсетілді. Ұлық мереке­ 

де  ақ  дастарқан  жайылып,  Асылбек  қажы  Сұлтанғалиев  бата  берді. 

P

Ақжайық ауданының әкімі Нариман Төреғалиев «Әсем» 



шаруа  қожалығының  жетекшісі  (Чапаев  ауылдық  округі) 

Нұқ  Қайыровқа  ҚР  Денсаулық  сақтау  және  әлеуметтік  даму 

министрлігінің  дипломын  табыс  етті.  Бұл  марапат  оған  бизнестің 

әлеуметтік  жауапкершілігі  жөніндегі  «Парыз  –  2014»  республикалық 

конкурсына  қатысқаны  үшін  берілген    болатын.  Қожалық  мал  басын  

өз  төлі  есебінен  өсіруді  жыл  сайын  арттырып  отыр.  Малының  еті  

қоңды,  өнімдерінің  сапасы  жоғары  болғандықтан,  азық­түлік  бағ­

дарламасына  қосар  үлесі  де  көп. 

P

О

ның  айтуынша,  уланған 

19  оқушының  дәл  қазір 

ауруxанадағы  тоғызы  да 

бір­екі  күнде  үйлеріне  жіберіл­ 

мек.  Гимназиядағы  білім  алатын 

255  оқушының  барлығының  да 

денсаулығы тексерілген. 

«Уланудың  себебіне  келетін 

болсақ,  гимназияның  асханасын-

да  санитарлық­гигиеналық  талап-

тар  бұзылғаны  анықталды.  Пато-

генді  стафилококк  анықталған 

аспаз  жұмыстан  шеттетілді.  Ол 

қызметкердің  жасаған  винегрет 

салаты  балалардың  улануына  се­ 

бепші деген болжам бар. Мектеп­ 

Аспаздан  

ПаТогенді  СТафилококк  аныҚТалған

«Қаратөбе ауданында тамақтан уланған балалардың қа-

зір жағдайы жақсы» деп мәлімдеді БҚО тұ­тынуш­ылардың 

құ­қықтарын қорғау департаментінің басш­ысы м. арыспаев. 

те  қазір  бактериологтар  мен  ин­ 

фекционист  мамандар  жұмыста­

нуда.  Асxанадан,  ондағы  бұрын 

сақталған,  дайындалған  тамақтан, 

қызметкерлерден  алынған  барлық 

сынаманың қорытындысы шыққа­

сын  оқиғаның  дәл  себебін  айта-

мыз.  Қылмыстық  құрам  бар­жо­ 

ғын  анықтау  үшін  жинақталған 

материал  тексеру  мекемесіне  та­

бысталады», –  деді  М. Қайыржанұлы. 

Білім  ошағының  асxанасы  әзір­ 

 ге  жұмысын  тоқтатқан  жоқ. 



Нұрлыбек РаХМаНОв,

«Орал өңірі»

Жаңақазан  ауылындағы  дәс­

түрлер  бөлмесі  ауылдық  мә­

дениет  үйінде  аудан  әкімінің 

есебі күні ашылды.

Дәстүрлер  бөлмесінің  та­

балдырығын  аттарда  лента  

қию  құрметі  аудан  әкімі  Лавр 

Хайретдинов  пен  ауылдың    жа­ 

сы  үлкен  кейуанасы,  «Алқо­

ңыр»  әжелер  ансамблінің  мү­

шесі  Жұмағаным  Айтқалиева­

ға берілді.

Келген  қонақтарды  ауыл­

дың  «Алқоңыр»  әжелер  ансам­

блі әнмен қарсылап,  шашу ша-

шуды  да  ұмыт  қалдырмады.

Ал  дәстүрлер  бөлмесі  «Ұлы 

Жеңіске  үлес  қосқандар»,  «Ауыл 

тарихы»,  «Көне  жәдігерлер» 

бөлімдерімен  көз  тартты.  Әсі­ 

ресе,  тұрып  түйетін  көне  ағаш 

келі,  қол  таразы,  жебе  ұшта­ 

ры,  ескі  қару  бөлшектері  ке­

лушілердің  назарын  көбірек 

аударды.


Өмірзақ аҚбаСОв,

Жаңақала ауданы

жаңақала ауданында 

елбасы тапсырмасы-

на орай әр округ ор-

талығында дәстүрлер 

бөлмесі мен мұ­ражай 

аш­у қолға алынған еді.

Жаңақазандағы  

дәстүрлер  

бөлмесі 


Суретті түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ

Сенбі,   24  қаңтар 2015 жыл

3

oral_oniri@inbox.ru



нҰрлы  жол

Отандастарымызға  арналған  Жолдауда 

еліміздің  әлеуметтік­экономикалық  дамуы 

мен    халықтың  әл­ауқатын  жақсарту  бағытын­ 

да  тың  ойлар  айтылған.  Елбасы  өз  сая­ 

сатында орта және шағын кәсіпкерлікті да-

мыту  арқылы  ел  экономикасын  арттыруға 

қол  жеткізуге  болатынын  қадап  айтты. 

Жолдауда  көрсетілген  жаңа  экономикалық 

саясат  бізді  әлемнің  ең  дамыған  30  елінің 

қатарына  қосып,  мемлекетіміздің  қуатын 

арттырмақ.  Осы  мақсатқа  жету  үшін  мем-

лекеттік  құрылымдардың  алдында  бизнес­

қауымдастығымен  өзара  әрекеттің  жаңа 

жүйесін  қалыптастыру  міндеті  қойылды. 

Осыған  орай  салық  қызметіне  мемле-

кеттік  құрылымдар  мен  бизнестің  өзара 

әрекеттестігін  трансформациялау  бойынша 

Елбасы  қойған  міндеттер,  яғни  салықтар 

мен  төлемдерді  жинаумен  қатар  бизнесті 

жүргізуге  қолайлы  жағдай  жасай  отырып, 

сыртқы сауда айналымын ынталандыру мін-

деті  қойылды.  Ол  үшін  қажетті  теңгерімді 

қамтамасыз  ететін  мемлекеттік  кірістердің 

біртұтас  тиімді  жүйесін  құру  керек болды. 

Мемлекеттік  аппаратты  жетілдіру  мен 

оңтайландыру нәтижесінде салық және ке-

дендік  бақылау  департаменттері  біріктіріл­ 

ді.  Және  оларға  қаржы  полициясының 

экономикалық құқықбұзушылықтар бойын-

ша атқаратын міндеті қосып берілді. Сөйтіп, 

нәтижесінде  облыстық  мемлекеттік  кірістер 

департаменті  құрылды.  Бұл  жаңа  құрылым 

бизнеске  түсетін  ауыртпалықты  жоя  оты-

рып, қылмыстық элементтерден адал кәсіп­

керлерді  қорғауды  жүзеге  асыруға  тиіс. 

Жаңадан  құрылған  департаменттің    ең  

басты  міндеті  –  бюджетке  төленетін 

салықтар  мен  кедендік  және  басқа  да 

төлемдердің  уақтылы,  толықтай  түсуін, 

мемлекеттің  экономикалық  қауіпсіздігін, 

кәсіпкерлік  субъектілерінің  заңды  құқық­ 

тары  мен  мүдделерін  сақтай  отырып,  эко-

номика  саласындағы  қылмыстарды  анық­ 

тау  мен  тергеу,  «көлеңкелі  экономика­ 

ға»  тосқауыл  қою.  Қазіргі  таңда  мемле-

кеттік  кірістер  комитеті  бизнеске  қо­ 

лайлы  жағдай  туғызуға  арналған  бағдар­

ламалар,  соның  ішінде  салық  рақым­ 

шылығын  жасау,  яғни  2014  жылдың  1 

қаңтарына  дейінгі  қалыптасқан  және  2014 

жылдың 1 қазанына дейін төленбеген өсім­ 

пұлдар  мен  айыппұлдарды  есептен  шығару­

ды қолға алып отыр.

Бизнес  үдерістерін  автоматтандыруды  

енгізу  мақсатында,  сонымен  қатар  биз­ 

неске  қызмет  көрсетудің  сапасын  жоғары­ 

латып,  мерзімін  қысқартатын,  салықтар  

мен  бюджетке  түсетін  төлемдердің  есе­ 

бін  жүргізуді  автоматтандырудың  тиімді 

жаңа  ақпараттық  жүйесі  енгізілді.  Мысалы,  

бүгінгі  таңда  салық  төлеу  оңайлатылды 

және  мемлекеттік  қызмет  көрсету  сапасы 

Экономикалық   

қауіпсіздік  –

өзекТі  мәСеле



Бауыржан ҚАЙДАРОВ,        

облыстық мемлекеттік 

кірістер департаменті 

басшысының 

орынбасары

«Нұрлы    жол  –  болашаққа  бас-

тар жол»  атты  Елбасының  жаңа 

Жолдауы  –  барша  қазақстандық 

үшін    инновациялық    әлеуеті    зор  

саяси құжат. 

Сессияда  алғаш  болып  баяндама  жасаған 

облыстық  кәсіпкерлік  және  индустриалды­

инновациялық  даму  басқармасының  бас-

шысы  Аслан  Жақыповтың  сөзіне  қарағанда, 

аталмыш  бағдарлама  жүзеге  асқаннан  бері 

облысымыздағы  өнеркәсіп  өндірісінің  кө­ 

лемі  екі  есеге  артып,  өткен  жылдың  қоры­

тындысы бойынша 1,8 трлн. теңгені құрады. 

Соның ішінде құрылыс индустриясында 30, 

металлургия  өнеркәсібінде  18,5,  машина 

жасау  саласында  9,  мұнайды  қайта  өңдеу 

бойынша  6,6  пайыздық  өсім  байқалған. 

Шикізаттық  емес  экспорт  көлемі  былтыр 

445,8  млн.  долларды  құрап,  1,7  есеге  өсті. 

ҮИИДБ  шеңберінде  жаңа  өндіріс  түрлері 

игерілуде.  Атап  айтқанда,  Батыс  Қазақстан 

машина жасау компаниясы АҚШ­тың «LANC 

AIR»  компаниясымен  бірлесіп  көмірсутегі  ма-

териалынан отандық ұшақ жасап шығарды. 

«Зенит» зауыты жоғары жылдамдықты «Ай-

бар» патрульдік қайығының жобасын қолға 

алды.  Болашақта  зауыт  су  сыйымдылығы  720 

тонна болатын «Бұлан» және өзге де су тех-

никалары  жобаларын  игеруге  мүдделі.  Ал 

2014  жылдың  қорытындысы  бойынша  негіз­ 

гі капиталға салынған инвестициялар көлемі 

264 млрд. теңге шамасында. Былтырғы қаң­

тар­қараша  аралығында  Кедендік  одақты 

қоспағанда,  әлем  елдерімен  сыртқы  сауда 

айналымы  9  283,7  млн.  долларды  құрады. 

Тауар  айналымы  құрамындағы  экспорттық 

жеткізулер  8  834,7  млн.  доллар  болса, 

импорттық  түсімдер  449  млн.  долларға  жет-

ті.  Сыртқы  айналым  сальдосы  оң  сомада 

қалыптасып, 8 385 млн. долларды құрады.

Сонан  соң  облыстық  экономика  және 

бюджетті  жоспарлау  басқармасының  бас­ 

шысы  Руслан  Бектемір  2011­2015  жыл­

дарға  арналған  облыс  аумағын  дамыту 

бағдарламасының  2011­2013  жылдары  іске  

асырылу  барысы  туралы  баяндады.  «Күні 

бүгінге  дейін  аталмыш  бағдарламаға 

байланысты  3  мониторинг  жүргізілді,  ­  

деді  Руслан  Бектемірұлы.  ­  2013  жылдың 

Біріккен  істе  

     береке  бар

Кеше облыстық мәслихаттың кезекті ХХІІ сессиясы 

өтті. Онда, негізінен, Елбасының бастамасымен қолға 

алынған 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индуст-

риалды-инновациялық даму бағдарламасының өңірімізде 

жүзеге асу барысы сөз болды. Сессия жұмысына облыс 

әкімі Нұрлан Ноғаев қатысты.

қорытындысы  бойынша  стратегиялық  мақ­ 

саттар  мен  міндеттерге  қол  жеткізу  және 

іске  асыру  бойынша  жергілікті  атқарушы 

билік  органдары  қызметінің  тиімділігін 

бағалау  93,6  балды  құрады.  Бұл  көрсеткіш 

2012 жылы 87,9, 2011 жылы 87 балл болған 

еді.  2013  жылдың  қорытындысы  бойын-

ша  бағдарлама  мақсаттары  мен  міндет­ 

теріне  толық  қол  жеткізу  жағдайы  бай­

қалды.  Яғни  20  мақсаттың  17­сі,  23  міндет­ 

тің  18­і,  38  тікелей  нәтиже  көрсеткішінің  

32­сі  орындалып,  мақсатты  индикаторлар­

дың  барлығы  жүзеге  асты».

Өз  кезегінде  сөз  алған  облыстық  ауыл 

шаруашылығы  басқармасының  басшысы 

Марат  Оңғарбеков  облыс  аумағында  иттер 

мен  мысықтарды  асырау  және  серуендету 

қағидаларымен  таныстырды.

­  Бүгін  2015  жылдағы  облыстық  мәсли­ 

хаттың  алғашқы  сессиясы  өтті.  Биыл  да  

бұрынғы  жылдардағыдай  депутаттар  кор­ 

пусы  мен  жергілікті  атқарушы  билік  бірі­ 

гіп  қызмет  етіп,  оң  нәтижелерге  қол  жет-

кіземіз  деп  ойлаймын.  2014  жылды  жақсы 

көрсеткіштермен  аяқтадық.  Барлық  мем­ 

лекеттік  бағдарламалардың  толық  орын­ 

далуын  қамтамасыз  еттік.  Алдын  ала  де-

ректер  бойынша  бюджеттің  игерілуі  99,6 

пайызды  құрады.  Бұл  мемлекеттік  орган  қыз­

меткерлерінің  және  әр  деңгейдегі  мәслихат 

депутаттарының  бірлесіп  қабылдаған  ше­

шімдерінің  нәтижесі  екені  белгілі.  Осы  ба­

ғыттағы  іс­шаралар  мен  жұмыс  қарқыны  

биыл  да  жалғасын  табарына  сенім  білдіре­ 

мін, – деді сессия жұмысын қорытындылаған 

облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.

Келесі  сессияның  төрағасы  болып  Вале-

рий Голоухов бекітілді.

Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ,

«Орал өңірі»

Суретті түсірген Т. ТОҚМАМБЕТОВ

жоғарылады.  Бюджетке  түсетін  түсімдерді 

қабылдауда  қателіктерді  болдырмау  мақ­ 

сатында  Қазақстан  Республикасы  Қаржы  

министрлігінің  ұсынуымен  2015  жылдың  

1  шілдесінен  бастап  бюджеттік  төлемдер 

сыныптамасы  қысқартылып,  208  сынып­ 

таманың  орнына  112  сыныптама  әре­

кет  ететін  болды.  2015  жылдың  1  қаң­

тарынан  бастап  кәсіпкерлік  субъектіле­ 

рін  жоспарлы  тексерулер  жойылып,  тәуе­

кел  деңгейі  негізінде  іріктемелі  әдіс­ 

пен  тексерулер  тағайындау  қолданылатын 

болды.  Кейбір  жеке  кәсіпкерлер  санаты  

тексерулерсіз  кәсіпкерлікті  жабу  мүмкінді­ 

гіне  ие  болды.  Осы  жерде  айта  кететін  бір 

жәйт – жеке кәсіпкерлікті жапқан жағдайда 

беретін  құжаттар  саны  азайтылды.  Атап 

айтқанда,  салық  органына  кәсіпкерлікті 

тіркеткені  туралы  куәлікті  тапсырған  кезде 

немесе  аталмыш  құжатты  жоғалтып  неме-

се  бүлдіріп  алған  жағдайда  қағаз  жүзінде 

түсіндірме  беру  туралы,  баспасөз  бетінде 

жеке  кәсіпкердің,  нотариустың,  жеке  сот 

орындаушының,  адвокаттың,  медиатордың 

қызметін тоқтатқаны туралы мәліметті жария­

лауы туралы  талаптар жойылды.  

Еуразиялық  экономикалық  одақ  тура­ 

лы  келісімшарттың  күшіне  енуіне  байла-

нысты  биыл  1  қаңтардан  бастап  ЕАЭО  мү­

шесі    болып  табылатын  мемлекеттен  жеке 

мақсатта  пайдалану  үшін  тауар  әкелгенде 

жанама  салықтар  салынбайды.  Осыған 

орай  2014  жылдың  31  желтоқсанынан  кейін  

жеке  мақсатқа  пайдалану  үшін  Еуразия­ 

лық экономикалық одақ  елдерінен әкелін­ 

ген  аутокөліктерге  қосымша  құн  салығы 

салынбайды.  Кедендік  одақ  шеңберінде 

құрылған  Еуразиялық  экономикалық  одақ­

қа  Қазақстан,  Ресей,  Беларусь  Республи-

каларынан  басқа  биыл  2015  жылдың  1 

қаңтарынан бастап Армения Республикасы 

да қабылданды.

Өз  кезегінде  Батыс  Қазақстан  облысы  

бойынша мемлекеттік кірістер департамен­

тінің  ұжымы  Елбасының  Жолдауында  алға 

қойылған  міндеттерді  орындау  үшін  бар 

күш­жігерін жұмсамақ. 



аССамблея

Сенбі,  24 қаңтар 2015 жыл

4

oral_oniri@inbox.ru




  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал