Облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасы Әдістеме-библиография бөлімі



жүктеу 288.99 Kb.

бет1/3
Дата08.09.2017
өлшемі288.99 Kb.
  1   2   3

 



Облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы 



Әдістеме-библиография бөлімі 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Анықтамалық басылым 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Арқалық, 2016 жыл. 



 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Торғай  өңірінен  ежелден  таланттарға,  ақындарға  бай  өлке.  Мыңдаған 



жылдық  тарихы  бар  көне  өлкенің  рухани  тарихы  да  тамырын  тереңнен 

алады. Содан болар бұл өлкеден ел бастаған көсем де, сөз бастаған шешен де, 

әнші  де,  күйші  де  көптеп  шығып,  ұлттық  өнерімізді  көкке  өрлеткен.  Міне, 

осы  өнерге,  әдебиетке,  поэзияға  деген  құштарлық  бүгінгі  күнге  дейін 

жалғасып келеді.  

 

Қолдарыңыздағы  анықтамалықтың  құрастырылу  мақсаты  өңіріңіздің 



мақтанышына  айналған  ақын-жазушыларымыздың  кітапхана  қорында  бар 

шығармалары  туралы  мәліметтерді  жинақтау  болды.  Жергілікті  ақын-

жазушылар  туралы  түрлі  энциклопедиялар  мен  анықтамаларды,  басқада 

құжаттарды іздемей-ақ осы жинақта топтастырылған мәліметтерден қысқаша 

болса да оқып білуге болады. 

 

Жинақ  ақын-жазушыларымыздың  шығармаларымен  оқырмандарды 



кеңінен таныстырып, оны насихаттауға арналған. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


 



Абдуллин Әмірхан 

Абдуллин  Әмірхан  1937  жылдың  қазан  айының  10 

жұлдызында  Жанкелді  ауданында  дүниеге  келген. 

Журналист-жазушы. 

Қазақ 


мемлекеттік 

университетінің  журналистика  факультетін  бітірген. 

Еңбек  жолын  Жангелдин  ауданында  «жаңа  өмір  – 

Новая жизнь» газетінде тілші болып бастап, жиырма 

жыл  бойы  оның  бас  редакторы  болды.  Әмірхан 

Абдуллиннің  

Бүкіл  шығармашылық  қызметі  Торғай  өңірінің 

тарихын  зерттеп,  бүгінгі  ауыл  мәдениеті  мен  экономикасының  өзекті 

мәселелерін  көтеруге  арналған.  Қаламгер  өткен  ғасырдың  80-

жылдарында  баспадан  шыққан,  балаларға  арналған  «Сарбаздар», 

«Қызыл  керуен»,  «Шаншар»  кітаптарында  аталар  ерлігін  үлгі  етіп 

ұсынып,  жас  ұрпақты  елдің  өткен  тарихымен  таныстырады.  Қазақ 

халқының ойшыл да күрескер азаматтары, ұлт көсемдері А. Байтұрсынов 

пен М. Дулатовтың өмірі мен шығармашылық жолын зерделей зерттеген 

«Қос  арыс»  кітабын  жазды.  Оның  өмір  бойғы  ізденістерінің  нәтижесі 

саналатын  «тарихи  Торғай»  әңгімелері  жинағы  өлке  тарихынан  мол 

деректер  береді.  Журналист  осы  кітапты  жазу  барысында  жинаған 

қыруар  материалдары  мен  деректі  құжаттарын  шақшақ  Жәнібек 

тарханның,  А.  Байтұрсынов  пен  М.  Дулатов  атындағы  әдеби,  Ә. 

Жангелдиннің  тарихи  даңқ,  Ы.  Алтынсариннің  педагогикалық 

мемориалдық музейлері мен Н. Ахметбековтың мұражайына тапсырды. 

 

 



 

 

Алтынсарин Ыбырай 



(1884-1889) 

 

Қазақ  халқының  мәдениеті  мен  ағарту  ісі 



тарихынан  көрнекті  орын  алатын  қайраткер, 

халқымыздың  мақтанышы,  демократ-ағартушы, 

тұңғыш 

педагог, 



ақын-жазушы 

Ыбырай 


Алтынсарин Торғай облысының Николаевск уезі, 

Арақарағай 

болысында 

(қазіргі 

Қостанай 

облысының Затобол ауданында) 1841 жылдың 20 

қазанында туған.  

 

Ыбырай  жасынан  атасы  Балғожа  бидің 



қамқорлығында  тәрбиеленді.  1850  жылы  Орынбор  шекаралық 

комиссиясы  жанындағы  қазақ  балалары  үшін  ашылған  мектепке  оқуға 

түскен  Ыбырай  оны  1857  жылы  ойдағыдай  бітіріп  шығады.  Сөйтіп  ол 

математика, физика, биология, география, тарих, әсіресе орыс тілінен өз 

заманына сай терең де жан-жақты білім алады.  


 

 



Орынборда  жас  Ыбырайдың  көрнекті  ғалым,  шығыс 

зерттеушісі, 

шекаралық 

комиссияның 

председателі 

В.В. 


Григорьевпен  тығыз  қарым-қатынаста  болуы  оны  мол  білім 

қазынасына  құлшындырады.  В.В.  Григорьевтің  бай  кітапханасы 

арқылы Ыбырай орыс халқының атақты ойшылдары Белинскийдің, 

Добролюбовтың,  Чернышевскийдің  еңбектерімен  танысады. 

Ғалым-ағартушыға прогресшіл орыс ғалымдарының әсері мол тиді. 

 

Ыбырай  тарих,  әдебиет,  лингвистика,  әсіресе  педагогика 



жөнінде ғылыми-зерттеулер жүргізуге маманданды. Ол орыс және 

дүние жүзі әдебиеті мен мәдениетінің алдыңғы қатарлы идеяларын 

иерең  ұғынып,  оларды  өзінің  тәжірибесіне,  ғылыми  зерттеудегі 

ізденістеріне  қолдану  дәрежесіне  көтерілді.  Ы.  Алтынсарин  қазақ 

халқын  оқуға,  білім  алуға  шақырып,  сол  арқылы  қазақ  халқының 

қоғамдық  өміріне  әсер  етуді,  қоғамдық  прогреске  бағыттауды 

көздеді.  Осы  мақсатпен  қазақ  балаларына  арнап  мектеп  ашуды 

армандады.  Ы.  Алтынсариннің  арман  етіп,  ұзақ  күткен  мектебі 

1864  жылы  8  қаңтарда  Торғай  облысындағы  Орынбор  бекінісінде 

ашылды.  Мектептің  ашылуын  мәдениет  пен  білімге  зәру  болған 

халық той-думанмен қуана қарсы алады. 

 

Алтынсарин қазақ халқының прогрестік дамуы жолында, ұлы 



орыс  халқының  озық  мәдениетін  қазақ  даласына  тарату,  екі 

халықтың  тарихи  достығын  нығайту  жолында  жалынды  күрескер 

болды. Ол қазақ даласында жалпы және кәсіптік білімнің дамуына 

жол  ашты,  педагогикалық  білімнің  іргесін  қалады.  Оның 

ағартушылық,  педагогикалық  ілімі  Ұлы  Октябрь  социалистік 

революциясынан  кейін  жаңа  сатыға  көтерілді.  Ағартушының 

әдеби,  педагогикалық  еңбектері  Совет  өкіметі  жылдарында  қазақ, 

орыс тілдерінде бірнеше рет басылып шықты. 

 

Ыбырай  Алтынсарин  1889  жылы  17  шілде  күні  Қостанай 



қаласынан үш шақырымдай жерде, Тобыл өзенінің иіні, «инспектор 

көлі» жағасында салдырған өз үйінде қайтыс болды. 



Шығармалары:  Мәктубат,Қазан,  1896,  1899;Қазақ  хрестоматия, 

Орынбор,  1906;  Өлеңдер  жинағы,  А.,  1935;  Таң.шығ.,  А.,  1943, 

1953; Киргизская хрестоматия, Оренбург, 1906; Избр. Произв., А., 

1957.  


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Ахметбеков Нұрқан  



(1902-1961) 

Қазіргі  Қостанай  облысы,  Жанкелдин 

ауданындағы Тосын ауылында туған. 

 

Әке-шешеден  ерье  айрылып,  жетімдік 



қасіретін  шеккен  болашақ  ақын  жалшылықта 

жүрсе  де,  тиіп  қашып  ауылдық  молдадан  хат 

таниды.  Халықтың  ауыз  әдебиетімен  танысу 

Нұрқан  талантының  көзін  ашып,  көңілін  оятады. 

Ол  он  жасынан  өз  бетімен  өлең,  жыр  айтуға 

машықтана бастайды.  

 

Халық  ақындарының  Алматыда  1943-1946  жж.  өткізілген 



айтыстарында  ол  Қазақстан  жұртшылығына  сауырыпсалмалығымен 

танылды.  

 

Ол бірнеше поэмалардың авторы. 



«Есім  сері»,  «Жасауыл  қырғыны»,  «Амангелді»,  т.б.  көлемді 

дастандар тудырған.  

Шығармалары:  Жасауыл  қырғыны.  Поэма.  А.,  ҚМКӘБ,  1951;  Тосын 

толғау. Поэмалар. А., ҚМКӘБ, 1958; Аманкелді. Поэма. А., ҚМКӘБ, 

1962. 

 

 



 

Әбдіков Төлен 

1942 жылы 4 қыркүйекте Қостанай облысының 

Жангелдин  ауданындағы  еңбек  ауылында 

туған.  Әл-Фарабт  атындағы  Қазақ  мемлекеттік 

ұлттық  университетін  бітірген  (1965).  1965-

1970  жылдары  «Қазақстан  пионері»  (қазіргі 

«Ұлан»)  газетінде  әдеби  қызметкер,  бөлім 

меңгерушісі.  1970-1977  жылдары  «Жалын» 

алманахында 

бөлім 


меңгерушісі, 

Бас 


редактордың  орынбасары,  1977-1979  жылы 

«Қазақфильм»  киностудиясында  ас  редактор, 

1979-1990  жылдары.  Қазақстан  КП  ОК-нде 

жауапты  қызметте  болған.  Біраз  жыл  «Қазақ  әдебиеті»  газетінің  Бас 

редакторы,  Қазақстан  Жазушылар  одағының  екінші  хатшысы  болып 

істеді. 1993 жылдан ҚР Президенті әкімшілігінде жауапты қызметте. 

Шығармалары  1964  жылдан  жариялана  бастады.  «Көкжиек»  (1969), 

«Күзгі  жапырақ»  (1971),  «Ақиқат»  (1974),  «Айтылмаған  ақиқат» 

(1979) әңгіме, повестер жинақтарын, «Өліара» (1985), «Ақшоқыда қыс 

қатты»  (1987),  «Парасат  майданы»  (2002)  романдарын  жариялады. 



 

Әңгіме,  повестері  орыс  тілінде  «Истина»  (1980,1981)  деген  атпен 



шықты.  Грек  аңыздары  –  «Эллада  ерлерін»  (1977)  қазақ  тіліне 

аударған. 

 

Халықаралық 



Кафка 

және 


Қазақстандағы 

ПЕН 


клуб 

сыйлықтарының лауреаты (2003). 

 

 

 



Әбілтай Әбжан Ғаббасұлы 

Ақын,  журналист  1951  жылдың  сәуір  айының  1 

жұлдызында  Амангелді  ауданы,  Ақкісі  ауылында 

дүниеге  келген.  Қазақ  мемлекеттік  университетінің 

журналистика  факультетін  бітірген  (1985).  1968 

жылы  Б.  майлин  атындағы  орта  мектепті  бітірісімен 

еңбек  жолын  Амангелді  ауданы  «Таң  шұғыласы» 

газетінде  әдеби  қызметкер  болып  бастаған.  1971-99 

жылдар  аралығында  Торғай  обл.  «Торғай  таңы», 

Арқалық  қ.  «Торғай»  газетінде  тілші,  бөлім  меңгерушісі,  Арқалық  қ. 

әкімдігінде тіл бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды. 2000-04 ж. ҚР 

Білім  және  ғылым  министрлігінде  аудармашы-редактор,  бөлім 

меңгерушісі  болып  істеді.  2004  жылдан  ҚР  Энергетика  және 

материалдық  ресурстар  министрлігінде  мемл.  тілді  дамыту 

басқармасының  бастығы  қызметін  атқарды.  Мектеп  қабырғасында 

жүріп  өлең  жазумен  әуестенген  Әбжан  Әбілтайдың  алғашқы 

туындылары  ауд.,  обл.,респ.  газеттерде  жарияланған.  Өлеңдері 

«Қарлығаш» (1983), (Көктем бояулары» (1988) жинақтарына енді. 2003 

ж.  «Жазушы»  баспасынан  «Жүрекжарды»  деген  атпен  жеке  жинағы 

жарық көрді. Ақын шығармашылығының жемісті бір саласы – көркем 

аударма.  Нобель  сыйлығының  лауреаты  И.Бродскийдің  екі  мың 

жолдай  өлең,  поэмаларын  (2007),  Н.В.Гогольдің  «Тарас  Бульба», 

«Шинль»,  «Күйме»  хикаяттарын  (2010),  Р.Ғамзатовтың,  Е. 

Евтушенконың, А.Вознесенскийдің, тәжік ақыны К.Насролланың өлең, 

поэмаларын  қазақ  тіліне  аударған.  2010  ж.  «Дүние  жалған»  өлеңдер 

жинағы,  «Жер  басып  жүрсем»  атты  публицист.  Мақалалар  кітабы 

жарық көрді. 

 

 



 

Байтұрсынов Ахмет 

(1873-1938) 

 1 қаңтарда Қостанай облысы, Жангелдин 

ауданы,  Сарытүбек  ауылында  дүниеге  келген. 

Ақын,  әдебиет  зерттеушісі  ғалым,  қазақ  тіл 

білімінің  атасы,  түркітанушы,  публицист, 

педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. 



 

 



1882-1884  жылдары  ауыл  мектебінде  оқыды.  1890  жылы 

Торғайдағы  екі  кластық  орыс-қазақ  училищесін,  1895  жылы 

Орынбордағы  мұғалімдер  мектебін  бітірген.  1895-1909  жылы 

Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі мектептер мен орыс-қазақ 

училищелерінде  мұғалімдік  атқарады.  1909  жылы  патша  үкіметінің 

саясатына  қарсы  наразылық  білдіргені  үшін  Семей  түрмесіне 

жабылып,  1910  жылы  жер  аударылды.  1913  жылы  Орынборда 

«Қазақ»  газетін  ұйымдастырып,  1917  жылдың  аяғына  дейін  оның 

редакторы болды.  

 

Қазақ  елінің  тәуелсіз  мемлекеттігін  армандап,  сол  жолда 



күрескен  Алаш  қозғалысы  мен  Алашорда  үкіметі  көсемдерінің  бірі 

болған ол кеңес өкіметі бел алған кезеңде халқына қызмет ету үшін 

большевиктер  жағына  шығып,  1919  жылы  24  маусымда  Қазақ 

өлкесін  басқаратын  Әскери-революциялық  комитетінің  мүшелігіне 

тағайындалады.  1922-1925  жылдары  Қазақстан  Халық  ағарту 

комиссариаты  жанындағы  ғылыми-әдеби  комиссиясының  төрағасы, 

Халық ағарту комиссары, Бүкіл ресейлік ОАК-нің, ҚР ОАК-нің, ҚР 

ОАК-нің  мүшесі,  Түркістан  Компартиясы  ОК-нің  органы «Ақ  жол» 

газетінде  қызметкер,  1925-1929  жылдары  Қазақ  Халық  ағарту 

институтында (Ташкент) және ҚазПИ-де оқытушы болды.  

 

Шығармашылық  жұмысын  өлең  жазудан  бастаған.  Ақынның 



алғашқы  өлеңдері  «Қырық  мысал»  деген  атпен  1909  жылы  Санкт-

Петербургте жарық көрді. Бұл кітабы арқылы қалың ұйқыда жатқан 

қараңғы  елге  жар  салып,  олардың  ой-санасын  оятуға  бар  жігер-

қайратын,  білімін  жұмсайды.  Ақын  Крылов  мысалдары  негізінде 

жазған  әр  туындысының  соңына  өзінің  өзекті  ойын,  айтайын  деген 

түйінді  мәселесін  халқымыздың  сол  кезеңдегі  тұрмыс-тіршілігіне, 

мінезіне, психологиясына сәйкес қосып отырған.  

 

Екінші кітабы – «Маса» (1911). Бұл кітапқа енген өлеңдерінде 



ақын  қараңғылық,  надандық,  шаруға  енжарлық,  кәсіпке  марғаулық 

сияқты  кемшілікиерді  шенейді.  Көптеген  өлеңдері  сол  кездегі 

ағартушылық  бағытпен  толғамды  ойларды  өзінше  жалғастырушы 

ретінде  көрінді.  «Қазақ  салты»,  «қазақ  қалпы»,  «Досыма  хат», 

«Жиған-терген», «тілек-батам», «Жауға түскен жан сөзі», «Бақ», т.б. 

өлеңдерінің  мазмұны  осыны  танытады.  Кітаптың ішкі  сазы  мен ой-

өрнек,  сөз  орамы  қазақ  поэзиясының  өзіндік  жаңалық,  ерекше 

өзгеріс әкелді.  

 

Халық  ауыз  әдебиетінің  үлгілерін  жинап,  жарыққа  шығаруда 



зор еңбек сіңірді. Әдебиет саласындағы алғашқы зерттеуі – «Қазақ» 

газетінің  1913  жылғы  үш  санында  шыққан  «Қазақтың  бас  ақыны» 

деген көлемді мақаласы. 

 

Қазақтың  эпостық  жыры  «Ер  Сайынды»,  алғы  сөзбен 



түсініктемелер  жазып,  1923  жылы  Мәскеуде  шығарды.  Қазақ  ауыз 

әдебиетінде молынан сақталған жоқтау жырларын арнайы жүйелеп, 

сұрыптап,  1926  жылы  «23  жоқтау»  деген  атпен  жеке  кітап  етіп 


 

жариялады.  Қазақ  әдебиеттану  ғылымы  мен  әдебиет  тарихы 



жөніндегі  тұңғыш  көлемді  еңбегі  –  «Әдебиет  танытқыш»  (1926). 

Мұнда 


көркемсөз 

өнерінің 

табиғаты, 

сыры, 


мазмұны, 

ерекшеліктері,  жанрлары,  жаңа  терминдер,  ұғымдар  жайлы  жан-

жақты зерттеулер, тұжырымдар сөз болады.  

 

Ұлы  ұстаз  тілші-ғалым  ретінде  қазақ  тілінің  табиғаты, 



өзгешеліктері, араб әліпбиінің жайы, терминдер, қазақ тілін оқыту 

әдістемесі  туралы  мақалалар  жазды.  1926  ж.  Бакуде  болған 

түркітанушылардың  Бүкілодақтық  1-съезіне  қатысып,  «Түркі 

тілдеріндегі  терминология  жайлы»  деген  тақырыпта  баяндама 

жасады.  Қазақ  балаларының  ана  тілінде  сауатын  ашуына  көп  күш 

жұмсады. Осы мақсатта «Оқу құралы» (1912), «Тіл құралы» (1914); 

ересектердің сауатын ашуға арнап «Әліпби» (1924), «Жаңа әліпби» 

(1926)  атты  оқулықтар  мен  ғылыми  еңбектер  ұсынды.  Қазақ 

фонетикасы  мен  грамматикасын  талдауда  тілдің  типологиялық 

ерекшеліктері мен өзіндік даму барысын ескеру принципін ұстады. 

Сөйтіп, қазақ тіл білімін ХХ ғасырдың бас кезінде қалыптастырып, 

оның  іргетасын  қалады.  Араб  графикасын  негізделген  қазақ 

жазуының реформаторы болды.  

ң  ажалы»  шығармаларын,  орыстың  белгілі  лирик  ақыны 

С.Я.Надсонның өлеңін қазақ тіліне аударған.  

 

А.Байтұрсынұлы  1929  жылы  сталиндік  абақты,  лагерь 



тепкісіне түсіп, 1936 жылы қайтып келгенмен, 1937 жылы тағы да 

жолсыз  жазаға  ұшырап,  1938  жылы  атылды.  Оның  ардақты  есімі 

мен  асыл  мұрасы  1989  жылы  ғана  ақталып,  халқымен  қайта 

қауышты.  Сол  жылы  «Жалын»,  «Жазушы»  баспаларынан 

кітаптары  («Ақ  жол»,  «Шығармалары»)  шықты.  Оның  атында 

көшелер,  оқу  орындары,  ҚР  ҰҒА  Тіл  білімі  институты,  әдеби-

мемориалдық мұражай Ол қалдырған бай мұраның тағы бір саласы 

–  көркем  аударма.  Ол  орыс  классиктерінің  шығармаларын  қазақ 

тіліне аударып, көркем қазынаның бұл саласын байытуға мол үлес 

қосты. И.А.Крылов мысалдарының бір тобын қазақ тіліне аударып, 

төлтума  туынды  ретінде  жинақ  етіп  бастырды.  И.И.Хемницердің 

«Ат  пен  есек»,  А.С.Пушкиннің  «Балықшы  мен  балық»,  «Алтын 

әтеш»,  «Ат»,  «Данышпан  Аликті  -үйлер  бар,  ескерткіштер 

орнатылған.  Ұлт  ұстазының  туғанына  125  жыл  толуы  егемен 

елімізде кеңінен аталып өтті. 

 

 



 

 

 

 

 

 

 



 



 

 

Бектемісов Назарбек 

 (1928-1992)                                                        

Ұстаз,  ақын,  өлкетанушы,  қоғам  қызметкері, 

КСРО  баспасөз  үздігі  Назарбек  Бектемісов 

13.10.1928, 

Жангелдин 

ауданы, 


Көкалат 

ауылында 

дүниеге 

келген. 


Қарағанды 

мемлекеттік 

педагогикалық 

институтын 

бітірген.  Еңбек  жолын  1947  жылы  Жангелдин 

ауданындағы  мектептерінде  ұстаздықтан  бастап,  он  жыл  бойы 

шәкірттерге  дәріс  берді.  1957-82  ж.  аралығында  аудандық  газетте 

бөлім  меңгерушісі,  Қостанай  облысы  «Коммунизм  жолы»  газетінің 

меншікті  тілшісі,  Қазақстан  компартиясы  жангелдин  ауданы 

комитетінің  нұсқаушысы,  «Ақшығанақ»,  «Еңбек»,  «ХХІ  партсъезд», 

«Шилі» кеңшарлары партия ұйымдарының хатшысы, аудандық газет 

редакторы қызметтерін атқарған. «қызғалдақ» жастар ән-би ансамблін 

ұйымдастырды.  Аудандық,  облыстық  ақындар  айтысына  қатысып, 

жүлде алды. Қоғамдық қызмет атқара жүріп, осы өлкеде бұрын өмір 

сүрген  Сейдахмет,  Әбіқай,  есенжол,  Жұмабай,  Сәт  ақындардың 

мұраларын  зерделей  зерттеп,  шығармаларын  күнделікті  баспасөзде 

жариялады.  Бектемісов  Назарбек  алғашқы  өлеңдер  жинағы  1979 

жылы  баспадан  жарық  көрді.  Келесі  1980  жылы  баспадан  шыққан 

«Торғай  толқындары»  кітабына  туған  өлке  тарихының  айтулы 

оқиғаларын арқау еткен. «Аталар ұшқан алтын ұя» зерттеу еңбегінде 

де  ежелден  құнарлы  Торғай  топырағынан  шыққан  айтулы 

азаматтардың  өмір  жолдары  арқылы  ел  тарихына  шолу  жасайды. 

Қоғамдық қызмет бабымен өлке аумағын көп аралаған қаламгер жер, 

су  атауларына  үңіле  назар  аударып,  олардың  тарихын  ыждағатты 

зерттеген.  Оның  «Сәтбайдың  қара  жолы»,  «Хан»,  «Жалау»,  «Тоты 

құстың  аралы»,  «Атан  басы  Ақирек»,  «Су  аяғы  құрдым»  сияқты 

ономастик. Жазбалары нақты тарихи танымдық деректерімен құнды. 

Бектемісов назарбек «Құрмет белгісі» орденімен, Қазақ КСР Жоғарғы 

Кеңесінің  Құрмет  грамотасымен  марапатталған.  Ақын  дүние 

салғаннан кейін «Назғұмыр», «Ахмет ұшқан алтын ұя» жыр кітаптары 

жарық  көрді.  2004  жылы  «найзағай  ақын,  Нараға»  деген  естеліктер 

жинағы  баспадан  шыққан.  Ақын  1992  жылы  Арқалық  қаласында 

дүниеден өткен.  

 

 



 

 

 



 

 

10 


 

 

Досанов Сәбит 

1940  жылы  12  қаңтарда  Қостанай  облысы, 

Аманкелді  ауданының  Байғабыл  ауылында  туған. 

1985-1989  жылы  КСРО  әдебиет  қоры  Қазақ 

бөлімшесінің 

директоры, 

1991-1995 

жылы 

Республикалық  Халық  шығармашылығы  және 



мәдени  қызмет  көрсету  орталығының  Бас 

директоры,  1996-1997  жылдары  мемлекеттік 

«Қайнар»  баспасының  Бас  редакторы  болып 

істеді.  Қазір 

Т.Жүргенов  атындағы 

Өнер 


академиясында  ұстаздық  қызмет  атқарып  жүр.  Африкадағы  Дүнду, 

Қазақстандағы 

Қостанай 

қалаларының, 

Ақсуат, 

Аманкелді 

аудандарының  құрметті  азаматы.  Көптеген  роман,  повесть, 

әңгімелердің  авторы.  «Қайырлы  таң»,  «жанр  тағдыры»,  «Сексен 

бестің  көктемі»,  «Адаспаңдар  адамдар»,  «Тотем  под  чадрой», 

«Тензор  степного  кургана»  атты  кітаптары  бар.  1998  жылы 

мемлекеттік  «Санат»  баспасынан  қазақ  тілінде,  ал  2003  жылы 

Мәскеудің  «Советский  писатель»  баспасынан  орыс  тілінде 

«Жиырмасыншы  ғасыр»  романы  жарық  көрді.  2002  жылы 

«Советский писатель» баспасынан таңдамалы шығармаларының бір 

томдығы жарыққа шықты. «Дауыл», «Ертең бюро» атты драмалары 

М.Әуезов  атындағы  академиялық  драма  театрында,  Атырау, 

Жезқазған, Семей, Тараз, Бішкек қалалары сахналарында қойылды.  

 

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, М.Шолохов атындағы 



халықаралық  сыйлықтың  лауреаты,  Ресей  педагогика  және 

әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. 

 

 

Дулатұлы Міржақып  



(1885-1935) 

24 


қарашада 

Қостанай 

облысы, 

жанкелдин  ауданы,  Қызбел  ауылында  туған. 

Екі жасында шешеден, он екі жасында әкеден 

жетім  қалған  жасөспірімнің  кейінгі  тәрбие 

қамқорлығы  Асқар  дейтін  оқыған  ағасының 

мойнында  болды.  1987  жылы  Торғай 

қаласындағы 

екі 


кластық 

орыс-қазақ 

мектебіне  түседі  де,  бес  жыл  оқып,  ауыл 

мұғалімі  деген  куәлік  алып  шығады.  Алты-

жеті жыл бойы ел ішінде, ауыл мектептерінде бала оқытады. 1904 ж. 

Омбы  қаласына  аттанып,  өзінің  болашақ  ұстазы  Ахмет 

Байтұрсыновпен  кездеседі.  Оған  еріп  Қарқаралыға  барады,  ондағы 

ұлттық  демократиялық  қозғалысқа  белсене  араласады.  Сол  жердегі 



 

11 


зиялы  топтың  өкілі  ретінде  қазақ  конституциялық  демократиялық 

партиясының  Оралдағы  съезіне  қатысады  да,  соның  делегаттары 

қатарында  1906  жылы  Петербургке  барады.  1907  жылы  Петербургте 

жалғыз нөмірі ғана шыққан. «Серке» газетінде «Жастарға» деген өлеңі 

басылады.  

 

Тұңғыш  өлеңдер  жинағы  1909  жылы  Қазан  қаласында  «Оян, 



қазақ!»  деген  атпен  басылып  шығады.  Қазақ  оқырмандары  арасында 

бұл  кітаптың  әсері  өте  күшті  болады.  Бұл  кітап  жас  авторға  патша 

әкімдерінің  тарапынан  қуғын-сүргін  ала  келді,  ол  тергеу 

органдарының  бақылауына  алынды,  артынша  «Оян,  қазақ!» 

кәмпескеленді.  

 

Міржақып  Қызылжарда  сот  кеңесінде  тілмәштық  қызмет 



атқарып,  мұғалімдік  қызметін  де  жалғастырады,  қазақ  балаларына 

орыс тілінен сабақ береді. Сол кезде одан біраз уақыт Мағжан да дәріс 

алады.  

 

1910  жылы  Қазандағы  Каримовтар  баспасынан  «Бақытсыз 



Жамал»  романы  жарық  көреді.  Әр  жерде  шығатын  қазақ 

басылымдарына,  әсіресе  Айқап»  журналына  үзбей  жазып  тұрады.  Ел 

тұрмысын өз көзімен көріп-білу ниетімен 1911 жылы қазақ ауылдарын 

аралап, Қызылжардан Семей облысына қарай сапарға шығады. Патша 

тыңшыларының қатты аңдуына алынған Дулатұлы мұнда полицияның 

қолына  түседі  де,  бір  жарым  жыл  қамауда  отырады.  1912  жылы 

Орынборға келіп, осындағы аз ғана топ қазақ зиялылары ақыл қосып, 

ел  санасын  оята  беру  мақсатымен,  баспасөз  қызметін  қолға  алуды 

ұйғарды.  А.  Байтұрсыновпен  бірге  қыр  өлкесінің  ағартушылық-

демократиялық  бағыттағы  тұңғыш  бейресми  басылым  –  «Қазақ» 

газетінің негізін қалайды (1913-1918). Алаш басшыларымен бірге жаңа 

құрылыс  жағына  шығып,  қалған  өмірін  түгелдей  туған  халқының 

мәдениетін  көркейту  мақсатына  арнауды  көздеген  ол  аз  уақыт  «Ақ 

жол»  газетінің  редакциясында,  одан  кейін  Семей  облысының  сот 

органдарында  қызмет  атқарған.  1922  жылы  ешбір  себепсіз  абақтыға 

жабылады.  Бірақ  бұл  әділетсіздік  ұзаққа  созылмай,  Семейден 

Орынборға  жөнелтілген  бойда  қамаудан  босатылады.  1922-1926  жж. 

Орынбордағы  Қазақтың  халыққа  білім  беру  институтында  (КИНО) 

оқытушы болып істейді. Ұстаздық қызметке қайта оралғаннан кейінгі 

кезеңде  екі  бөлімнен  тұратын  «Есеп  құралын»  әзірлеп,  Ташкент 

қаласында  бастырып  шығарады.  «Балқия  атты  төрт  перделі  пьеса 

жазды.  1924  жылы  Орынборда  екі  жылдық  «Қирағат  кітабы» 

(хрестоматиялық  оқулық),  Қызылордада  «Есеп  құралының»  жаңа 

басылымы  жарық  көрді.  1928  жылдың  аяғында  бір  топ  қазақ 

оқығандары  қатарында  тұтқынға  алынды.  1930  жылы  ОГПУ 

коллегиясының үкімі бойынша алғашында ату жазасына кесіліп, кейін 

бұл үкім бойынша алғашында ату жазасына кесіліп, кейін бұл үкім 10 

жыл абақты жазасымен алмастырылды. 1935 жылы қазанның 5-і күні 

Ақ  теңіз  –  Балтық  каналының  бойындағы  Сосновец  станциясында, 


 

12 


лагерьдің 

ауыр 


науқастан 

қайтыс 


болады. 

Дулатұлының 

«қылмысты»  ісін  жан-жақты  тексере  келіп,  Қазақ  КСР-нің 

прокуроры  1988  жылғы  қазанның  27-сі  күні  тиісінше  нарзылық 

білдірді  де,  Республика  Жоғарғы  Сотының  коллегиясы  сол  жылғы 

қарашаның төртінде оның ардақты есімін бір жола ақтады.  

 

ХХ ғасырдың бас кезігдегі қазақ мәдениеті мен әдебиетінің ірі 



өкілі  Міржақып  шығармалары  халқымен  қайта  қауышты.  Оның 

атында  көшелер,  мектептер,  туған  жерінде  мұражай  бар,  ескерткіш 

орнатылған. 

 

 



 

 

 




  1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал