Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының 2015 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі



жүктеу 263.95 Kb.

бет3/3
Дата15.06.2017
өлшемі263.95 Kb.
1   2   3

 

ТӨРТІНШІ БАҒЫТ – ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ КАПИТАЛДЫ ДАМЫТУ ҮШІН ҚОЛАЙЛЫ 

ЖАҒДАЙЛАР ЖАСАУ 

 

Нысаналы индикатор:  

Республикадағы  үш  тілді  (мемлекеттік,  орыс  және  ағылшын)  меңгерген  тұрғындардың 

үлесі (2014 жылға қарай - 10%, 2017 жылға қарай - 17%, 2020 жылға қарай - 20%). 

Басқарма  тапсырысымен  2015  жылы  жүргізілген  «Жамбыл  облысындағы  тілдік  ахуал:  облыс 

тұрғындарының  үш  тілді  меңгеру  деңгейі»  тақырыбындағы  әлеуметтік  талдау  қорытындысына 

сәйкес, өңірдегі мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі 2015 жылы – 95,09% (2014 

жылы  95,02%),  ағылшын  тілін  меңгергендердің  үлесі  –  8,03% (2014  жылы    –  6,9%),  ал  үш  тілді 

меңгергендердің үлесі – 8,02% (2014 жылы – 6,8 %құрап отыр (№33 слайд). 



 

№33 слайд   

0

20



40

60

80



100

Мемлекеттік 

тіл

Ағылшын тілі



Үш тілді 

меңгеру 


(қазақ, орыс, 

ағылшын)


95,02

6,9


6,8

95,09


8,03

8,02


2014 жыл

2015 жыл


 

 

Басқарма  бүгінгі  күнге  дейін  ересек  тұрғындарға  тек  мемлекеттік  тілді  меңгертуге  басымдық 



беріп  келген  болса,  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2015  жылдың  4  желтоқсандағы  №126 

19 


 

Жарлығымен  бағдарламаға  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізіліп,  Жамбыл  облысының  аумақтық 

даму  бағдарламасындағы  үштұғырлы  тіл  саясатын  дамыту  бөлімінде  ағылшын  және  үш  тілді 

меңгерген тұрғындардың үлесі деген екі көрсеткіш қосылып отыр. Осы екі нысаналы индикаторларға 

қол жеткізу үшін 2016 жылдан бастап мемлекеттік тілмен қатар, орыс және ағылшын тілдерін тегін 

үйрету курстарын көптеп ашу жоспарланды (№34 слайд).   

 

№34 слайд 

Қала мен аудан 

атауы

Мемлекеттік тілді оқыту

Орыс тілін оқыту

Ағылшын тілін оқыту

Топ саны

Тыңдаушы 

саны

Топ саны

Тыңдаушы 

саны

Топ саны

Тыңдаушы 

саны

Тараз


35

500


6

60

14



200

Байзақ


8

80

3



30

8

80



Жамбыл

10

100



3

30

8



80

Жуалы


9

90

3



30

8

80



Қордай

12

120



3

30

8



80

Меркі


8

80

3



30

8

80



Мойынқұм

3

30



3

30

5



50

Сарысу


9

90

3



30

8

80



Т.Рысқұлов

3

30



3

30

5



50

Талас


8

80

3



30

8

80



Шу

9

90



3

30

8



80

Барлығы

114

1290

36

360

88

940

 

 



Республикадағы орыс тілін меңгерген тұрғындардың үлесі  (2020 жылға қарай - 90%); 

 

2014 жылы орыс  тілі  курсында  18  ғана тыңдаушы болса, 2015  жылы  бұл көрсеткіш 117-ге 



жетіп отыр (№35 слайд).   

№35  слайд 

2015 ЖЫЛЫ ОРЫС ТІЛІН ОҚЫП-ҮЙРЕНУ  КУРСЫНДА 

ОҚЫҒАН  ТЫҢДАУШЫЛАР  ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

 

 



Республикадағы  ағылшын  тілін  меңгерген  тұрғындардың  үлесі  (2014  жылға  қарай  –  10%, 

2017 жылға қарай – 22%, 2020 жылға қарай – 25%). 

 

  

20 



 

Тілдерді 

оқыту 


орталығында 

ағылшын 

тілі 

курсында 

2014 жылы – 475 адам, 2015 жылы – 677 адам қамтылды. 2012 жылдан бері 1666 адам (мемлекеттік 

органдар мен ұйымдардың  қызметкерлері) ағылшын  тілін үйрету курсына тартылған (№36 слайд).

 

 

№36 слайд 

 

0

100



200

300


400

500


600

700


2012

2013


2014

2015


45

349


331

502


89

116


132

27

28



43

жеке кәсіпорын қызметкері

бюджеттік сала қызметкері

Мемлекеттік қызметші



ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУ ОРТАЛЫҒЫНДА АҒЫЛШЫН ТІЛІ 

КУРСЫНДА ОҚЫҒАН ТЫҢДАУШЫЛАР ТУРАЛЫ 

МӘЛІМЕТ

Барлығы: 

677

Барлығы: 

475

Барлығы: 

465

Барлығы: 

45

 

 



Тілдерді оқыту орталығы мен оның аудандық бөлімшелерінде өткізілетін әрбір сабақтың сапасы 

басқарманың  үнемі  бақылауында.  2015  жылдың  ІІ  жартыжылдығында  басқарма  қызметкерлері 

орталықтың  22  сабағына  қатысып,  талдау  жасады.  Анықталған  кемшіліктер  бойынша  жұмыстар 

жүргізілді (№37 слайд). 



№37  слайд 

0

200



400

600


800

1000


1200

Тараз


Қордай

Талас


Сарысу

Шу  


Меркі  

Байзақ 


Жамбыл 

Жуалы  


1185

327


74

90

121



28

77

276



124

259


35

50

70



85

59

49



29

41

11



20

13

20



33

20

Қазақ тілі курсы



Ағылшын тілі курсы 

Орыс тілі курсы



2015 ЖЫЛЫ ТАРАЗ ҚАЛАСЫ МЕН АУДАНДАР БОЙЫНША ҮШ ТІЛДІ 

ОҚЫТУ КУРСТАРЫНА ТАРТЫЛҒАН ТЫҢДАУШЫЛАР ТУРАЛЫ 

МӘЛІМЕТ

 

 



Этномәдени  бірлестіктер  жанындағы  қазақ  және  ана  тілдерін  оқытатын  курстармен 

қамтылған этностардың үлесі (2014 жылға қарай – 60%, 2017 жылға қарай – 70%, 2020 жылға 

қарай – 80%). 

21 


 

Қазақстанда  тұратын  барлық  этностардың  өз  ана  тілдерін  сақтай  отырып,  ұлт  бірлігін 

нығайтудың маңызды факторы ретінде саналатын мемлекеттік тілді балабақша, мектеп, жоғары оқу 

орындары, мемлекеттік қызмет және қоғамдық-саяси, әлеуметтік кәсіпкерлік саласының барлығында 

да батыл қолданысқа енгізіп, қазақстандықтардың өмірлік қажетіне айналдыру көзделген. 

Бүгінгі  таңда  жалпы  республика  көлемінде  140-тан  астам  этнос  өкілі  бар  болса,    Жамбыл 

облысында 80-нен астам өзге ұлт өкілдері тұрады. Бұл, яғни, облыс тұрғындарының  28 пайызын 

құрайды.  

Қазіргі  таңда  облыста  73  этномәдени  бірлестік  тіркелген.  Оның  26-сы  облыстық  және  47-сі 



аудандық этномәдени бірлестіктер (№38 слайд). 

№38 слайд 

Жалпы 73 

этномәдени 

бірлестік

26 облыстық

47 аудандық



 

Облыстағы этномәдени бірлестіктер (түрік, неміс, күрді, кәріс, татар) жанында ана тілін үйрету 

курстары жұмыс жасайды және өзбек тілінде оқытатын №4 орта мектеп бар.  

2014 жылы ана тілдерін  үйрету курсына 1122 адам қамтылса, 2015 жылы 2183 адам  қамтылған 

(

№39 слайд). 

№39 слайд 

0

500



1000

1500


2000

2500


1122

2183


2014 жыл

2015 жыл


 

 

2015 жылы ана тілдерін үйрету курсына қамтылғандар саны 2014 жылмен салыстырғанда  1061-



ге  артып отыр.   

 

2015 

жылдың қорытындысы бойынша басқарма тарапынан атқарылған жұмыстар нақты 

нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді.  

2015 жылы «Жамбыл облысындағы тілдік ахуал: облыс тұрғындарының үш тілді меңгеру 



деңгейі»  тақырыбында  әлеуметтік  талдау,  өңіріміздің  байырғы  атауларын,  жер-су  аттарының 

тарихын  жас  ұрпаққа  жеткізу  мақсатында    «Жер-судың  аты  –  тарихтың  хаты»  атты  облыстық 

конференция өткізілді.  

Қазақ  хандығының  550  жылдығы  мен  Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  20  жылдығы 

қарсаңында «21 ақпан – Халықаралық ана тілі күні» мен «Қазақстан халқы тілдері күні» мерекелеріне 

орай, этнос өкілдерінің арасында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын арттыру мақсатында «Ұлтым 



басқа – тілім қазақ», «Тіл – татулық тірегі», «Тілі бірдің – тілегі бір» атты облыстық форумдар 

22 


 

ұйымдастырылып, мемлекеттік тілді жетік меңгерген  этнос өкілдерінің қабылдауы өткізілді. Сондай-

ақ,  облыстағы  тіл  жанашырлары,  облыстық,  республикалық  байқау  жеңімпаздары  облыс  әкімінің 

Алғыс хатымен марапатталды. 

Ұлы  Жеңістің  70  жылдығы  қарсаңында  «Жеңістің  жаздым  жырларын»  атты  жазба 

ақындарының жабық жыр мүшәйрасы, тіл тазалығына назар аудара отырып, қазақтың асыл сөздерін 

жас ұрпақтың санасына сіңіру мақсатында облыстағы термешілер арасында «Текті  сөздің  төресі  – 



терме»  атты  термешілер  байқауы,  Ұлыстың  Ұлы  күні  Наурыз  мерекесіне  орай  этнос  өкілдері 

арасында «Наурыз – бірлік бастауы» атты облыстық форум, тілге шешен азаматтарды іздеп табуды 

көздеген дәстүрлі «Өнер алды – қызыл тіл», тіл оқыту орталығы оқытушыларының арасында «Тіл 

мерейі» облыстық байқауы өткізілді. 

 

Мектепке  дейінгі  білім  беретін  мекемелерде  тәрбиеленетін  өзге  ұлт  бүлдіршіндері 



арасында дәстүрлі «Қазақшаң қалай, балақай?», кәсіби журналистер арасында «Мемлекеттік тіл 

және  БАҚ», облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасымен бірлесе отырып денсаулық сақтау 

мекемесінің қызметкерлері арасында «Менің тілім – мәңгілік тіл»,  көркемсөз оқу шеберлерінің 



арасында Оралхан Бөкей атындағы облыстық байқауы және қазақ  және орыс тілі білгірлерінің 

«Тіл  –  парасат»,  «Ой-сана»  облыстық  байқауы және  үш  тілді  меңгерген  жастар  арасында  «Тіл  – 

тұнық ойдың кәусары»  олимпиадасы өтті.  

Нәтижесінде республикалық деңгейде өтетін байқау, олимпиадаларда облыс намысын қорғаған 

қатысушыларымыз жүлделі орындарды иеленді. Атап айтсақ, республикалық деңгейде өткен «Тіл – 

тұнық  ойдың  кәусары»  олимпиадасында  Тараз  қаласындағы  физика-математика  бағытындағы 

Назарбаев  Зияткерлік  мектебінің  оқушысы  Мұхамеджан  Асанов  Бас  жүлдені,  Оралхан  Бөкей 

атындағы  көркем  сөз  оқу  шеберлері  республикалық  байқауында    Қонысбай  Егембердиев  І  орын,  

«Жұматай  жыр  қағаны»  атты  республикалық  жыр  мүшайрасында  Хамит  Есаман  ІІІ  орын,  «Тіл 

мерейі»  республикалық  байқауында  «Мемлекеттік  тілді  оқыту  орталығының  оқытушысы  Гаухар 

Сейсенбаева І орынды жеңіп алды.  

Сонымен  қатар,  ұлттық  құндылықтар  мен  мемлекеттік  тілімізге  қамқоршы  болған  жандарды 

қолдап,  еңбектерін  бағалау  мақсатында  ұйымдастырылған  «Тіл  жанашыры»  құрмет  белгісімен 

марапаттауға  М.Х.Дулати  атындағы  Тараз  мемлекеттік  университетінің  доценті,  ф.ғ.к.,  ономаст-

ғалым,  «Асыл  мұра»  зерттеулер  орталығы  қоғамдық  бірлестігінің  төрайымы  Зиба  Абдуллақызы 

Құламанова лайық деп танылды. 

Байқап  отырсаңыздар  республикалық  байқау  жеңімпаздардың  барлығы  Тараз  қаласынан 

қатысқан  үміткерлер.  Ата-баба  дәстүрі,  салты,  ең  бастысы  –   ана тілінің қаймағы бұзылмай 

сақталған шалғай аудандар мен ауылдардан сөзге шешен, ділмар азаматтар шықпауы мүмкін емес. 

Бұл,  біріншіден  облыстық,  республикалық  байқаулардың  жариялылығы  өз  деңгейінде  емес, 

екіншіден, үміткерлерді дайындаушылар тарапынан орын алған салғырттық деп түсінемін. 

Басқарма тарапынан тіл саясатын насихаттау бағытында ұйымдастырылған шараларға ауданнан 

үміткерлер өз деңгейінде қатыстырылмайды, дайындықсыз, «қатыссақ болды» деген пікірмен келетін 

аудандар да бар. Бұл облыстық байқауға қатысатын үміткерлерді анықтау кезеңінде аудандық іріктеу 

кезеңінің өз деңгейінде өткізілмейтіндігінің айғағы.  

 

 

 

23 


 

Басқарма 2016 жылы өз жұмысын арнайы  жоспарға және төмендегідей негізгі бағыттарға 

сәйкес құруды жоспарлап отыр: 

Ағымдағы  жылы  тіл  мәселесіне  арнап  өткізетін  шараларын  алдағы  ел  Тәуелсіздігінің  25 

жылдығымен сабақтастырып өткізеді.  

1. 

Ақын Ж.Жабаевтың туылғанына 170 жыл толуына орай тіл мәдениетін көтеру, ақын 

шығармаларын  насихаттауды  жандандыру  мақсатында  «Жамбыл  оқулары»  облыстық 

байқауы өткізіледі. 

Ақпан 

2. 

Мемлекеттік  тіл  саясаты  мен  ономастика  мәселесін  насихаттауға  бағытталған  «Тіл 

сақшысы»  телебағдарламасы  түсіріліп,  жергілікті  «Қазақстан-Тараз»  телеарнасы 

арқылы айына бір рет (30 мин) көрсетіледі деп күтілуде. Аталған бағдарламада қаңтар 

айынан  бастап  жыл  аралығында  аудандар  мен  Тараз  қаласы  толық  қамтылады.  Әр 

бағдарлама бір ауданға арналады деп жоспарланып отыр. 

Жыл бойы 

3. 

Үш  тұғырлы  тіл  саясатын  насихаттау  мақсатында  үш  тілді  меңгерген  мемлекеттік 

қызметкелер арасында «Тіл шебері» облыстық байқауын өткізу жоспарлануда. 

Қыркүйек 



4. 

Қазақстан  Республикасы  Тәуелсіздігінің  25  жылдығына  орай,  «Мәңгілік  ел  – 



мәртебелі тіл» ақындар мүшәйрасын өткізіледі. 

Желтоқсан 



5. 

Жамбыл  облысын  дамытудың  2016-2020  жылдарға  арналған  бағдарламасында 

белгіленген  көрсеткіштерге  қол  жеткізу  үшін  Тілдерді  оқыту  орталығы  мен  оның 

аудандық бөлімшелерінде  ағылшын және орыс тілдерін тегін үйрететін курстар көптеп 

ашылады. 

Жыл бойы 



6. 

Қазақстан  Республикасында  мемлекеттік  тілді  білудің  «Қазтест»  бағдарламасы 

бойынша  Қазақстан  Республикасы  азаматтарының  қазақ  тілін  білу  деңгейін  бағалау 

жүйесі  бойынша  сертификат  алған  мемлекеттік  қызметшілердің  үлесін  2017  жылға 

қарай кемінде 70%-ға жеткізу көзделген.  

Осы орайда, «ҚАЗТЕСТ» сертификаттық тестілеуі жалғасын табатын болады.  

Жыл бойы 

7. 

Облыс  әкімдігінің  жастар  саясаты  мәселелері  басқармасымен  бірлесе  отырып, 

үштұғырлы  тіл  саясатын  насихаттау,  үш  тілді  меңгерген,  сауатты  жастардың  санын 

арттыру  мақсатында  50  студентті    Тілдерді  оқыту  орталығына  тарта  отырып,  қазақ, 

орыс және ағылшын тілдерін қатар меңгеруіне ықпал етіледі. 

Жыл бойы 



8. 

Облыстағы  ономастикалық  ахуалдың  заң  талаптарына  сәйкестендіру  мақсатында 

тілдерді  дамыту  басқармасы  аймақтағы  тілдің  ахуалды  бақылайтын  қоғамдық  Тіл 

инспекциясын  құруды  жоспарлап  отыр.  Тіл  инспекциясы  өңірлердегі  жекелеген 

серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар және басқа да жеке меншік нысандарындағы 

сыртқы көрнекі ақпараттарын заң талаптарына сәйкестендіру жұмыстарын жүргізеді.  

Жыл ішінде 

9. 

Бұқаралық  ақпарат  құралдарында  «Сауатсыз  жарнамалар»  атты  айдар  ашу 

жоспарлануда. 

Жыл бойы 



10. 

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ұлттық ономастика бағыттарын дамыту жолдарын 

насихаттау,  тарихи-топонимикалық  атауларға  мән  беру  мақсатында  «Жер-су  атауы  – 

елдіктің нышаны» тақырыбында облыстық конференция ұйымдастырылады. 

Желтоқсан 



11. 

2016  жылғы  ономастика  комиссиясының  жұмыс  жоспарына  сәйкес  ономастикалық 

ахуалы төмен ауданда көшпелі ономастика комиссиясының отырысы өткізіледі. 

Жыл бойы 



12. 

Өңірдегі  ономастикалық  мәселелер  жүйелендіруді  қажет  етіп  тұр.  Осы  күнге  дейін 

облыс бойынша жаңа атауға ие болған көше, ауыл, нысан т.б. атауларына мониторинг 

жасап,  талдау  жүргізіледі.  Әр  ауданға  жеке-жеке  ономастика  бойынша  тұжырымдама 

әзірленеді. 

Жыл бойы 

 

Мемлекеттік тіл саясаты аясында атқарылып жатқан іс-шараларымыздың барлығы да болашақта 



еліміздің  өркениетті  елдер  санатына  қосылуына,  мемлекетіміз  бен  ұлтымыздың  мәртебесін 

танытатын,  әлемдегі  бай  тілдердің  бірі  болып  саналатын  қазақ  тілінің  одан  әрі  өркендеуі  мен 

дамуына,  Қазақстанды  мекендейтін  барлық  халықтың  татулығы  мен  бірлігі,  ана  тілінің  дамуына 

бағытталып  отыр.  Қорыта  келгенде,  облыс  әкімдігінің  тілдерді  дамыту  басқармасы  2016  жылы 

Қазақстан Республикасының тіл туралы заңының орындалуын қадағалау мен «Тілдерді қолдану мен 

дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасын»  және  осы  бағдарламаны 

орындау  мақсатындағы облыс әкімдігінің 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын жүзеге 

асыру мақсатындағы өз жұмысын алдағы уақытта да жүйелі түрде жүргізе беретін болады. 



 

Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет. 

24 


 


1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал