О. Бөкей шығармаларындағы психологиялық параллелизм және пейзаж Қ. О.Қамзина



жүктеу 47.4 Kb.

Дата26.01.2017
өлшемі47.4 Kb.

 

О.Бөкей шығармаларындағы  

психологиялық параллелизм және пейзаж 

 

Қ.О.Қамзина, 

ғылыми қызметкер 

 Қазақстан, Астана 

 

«Параллелизм  екі құбылысты  салыстырып қана қоймайды,  сонымен бірге біреуіне 



тән  әрекетті  екіншісіне  телиді.  Егіздеудің  негізгі  мәнін  еске  алсақ,  гүлмен,  ағашпен  т.б. 

кӛрінетін табиғат бейнесі адам ӛміріне ұқсастырылды», - деп жазады А.Н. Веселовский [1, 

90]. 

Кейіпкердің  ішкі  толғанысын,  тебіренісін  білдіру  үшін  қолданылатын 



психологиялық  параллелизмге  "Ер  Тарғын"  жырындағы  Тарғынның  монологын  мысал 

етуге  болады.  Психологиялық  параллелизмнің  әдебиетте  баяғыдан  қалыптасқан  тәсіл 

екенін  атап  кӛрсету  керек,  Ол  үшін  бұл  айшықтау  үлгісінің  табиғатына  үңілу  қажет. 

«Қызғыш  құс»  ӛлеңін  зерттеушілер  психологиялық  параллелизм  үлгісі  деп  қарастырады. 

Бұл ӛлеңде ақынның тағдыры қызғыш құспен салыстырылған: 

Кӛл қорыған сен едің, 

Сен де айырылдың кӛліңнен. 

Ел қорыған мен едім,  

Мен де айырылдым елімнен. 

 

...Сені кӛлден айырған,  



Лашын құстың тепкіні.  

Мені елден айырған, 

Хан Жәңгірдің екпіні.  

Ӛлеңде  адамдар  тіршілігіне  тән  әрекеттер  табиғатқа  кӛшірілген.  Сол  арқылы 

табиғаттағы  тіршілік  иесі  –  қызғыш  құстың  әрекеті,  тірлігі,  аянышты  халі  бейнеленеді. 

Және ақынның ӛз тағдыр-талайы, қызғыш құсқа мұң шағып, тіл қатуының астарында оны 

ӛз кӛңіл-күйінің әуенімен түйсіну сезімі жатыр. Бұл сияқты мысалдар Абай, М.Жұмабаев, 

Қ.Аманжолов т.б. ақындар шығармаларынан кездеседі. 

«Мұзтау»  повесіндегі  Ақтанның  оқшау  бітімімен  күллі  психологиясы  оны 

қоршаған  табиғатты  жанды  бейнеге  айналдыру  барысында  танылады.  Повесть 

оқиғасының мазмұнында  Ақтанның  «арғы жақтан келген» жұмбақ адаммен кездесуі бар. 

Жұмбақ  адамды  атуға  оңтайланып,  мылтығын  кезеген  Ақтан  бәрібір  оны  ата  алмайды. 

Кейіпкердің  осы  сәттегі  кӛңіл-күйін  жазушы  табиғатпен  егіздей  берген:  "Тұлан  тұтқан 

табиғат құр долылықтан түсер пайданың аздығын шамалады ма, әне ...бейшара ақыл-есін 

жиды...  "  [2,  83].  Ақтанның  әрбір  сәттегі  кӛңіл-күйін  табиғат  құбылысынан  ажыратамыз. 

«Бүгін  де  күн  бұлтты...  тек  сұрғылт  тұман  ғана  жер-кӛкгі  жалмауыздай  жалмап  алып, 

қыдиып, іргеде жатыр" [ 2, 84]. 

«Аңшы  соңғы  рет  жүрегі  сазып,  аспанға  қарады:  кӛкпеңбек  боп,  мұңсыз-қамсыз 

тӛңкеріліп  тұр  екен.  Қас  қылғандай  Алтай  да  дәл  бүгін  ұзатылар  қыздай  жасануын 

шіркіннің.  Аспаннан  жылу,  үңгірден  салқындық  білінеді»  [2,  85].  Кейіпкер  бойындағы 

бір-біріне қарама-қарсы ой-сезімдердің тайталасын табиғат арқылы бейнелеу бұл повесте 

жиі  ұшырасады.  «Таудың  алты  ай  сұлап  жатар  қысы  күшіне  біржола  енгендей,  аса  бір 

ауыр  да  тұнжыр  мінез  танытады  табиғат»  [10,  86].  Ақтан  болмысын  Мұзтау  биігімен 

ұқсастыра суреттеу оның ерекше бітімін таныта түсу үшін қажет болған сияқты. Мұзтау – 

Алтай табиғатының ерекше бітімі болса, Ақтан – тобырдан саяқ, рухы биік, ерекше тұлға, 

авторша айтсақ, «ертек адамның соңы». «...Оның қазіргі табынары да қүдайы да сонау кӛк 

тӛсіне ракетадай атылған айналайын Мүзтау еді:    Мүзтауды,  оның алып бейнесін кӛрген 

адам  бақытты  болады  деуші  еді»  [3,  86].  "Мұзтау"  повесінде  автор  Мұзтаумен  егіздей 



суретгесе  "Атау  кереде"  Таған  назарына  Мұзтау  тылсым  сипатымен  ілігеді.  3.Ахметов 

бейнелеу,  тұспалдау  тәсілдерінің  кейіптеумен  ұласып  жатқанын  атап  айтса, 

психологиялық  егіздеуді  де  осы  кейіптеумен  сабақтасқан  деп  қараймыз.  О.Бӛкей  табиғат 

құбылысын  жанды  бейнеге  айналдырып  табиғатты  кейіпкер  болмысымен  егіздей 

суреттеуге  назар  аударған.  Осы  повесттегі  егіздеу  басқа  да  шығармаларына  тән.  «Құм 

мінезінде» құмның жазушы қаламына ілігуі жайдан-жай емес. «Құм үнсіз жыласа, Бархан 

тұншыға  ызаланады,  тұншыға  назаланады.  Ақырында  құм  кӛшеді,  Бархан  буырқанады. 

Әдемі,  астарлы  параллелизм»,-  дейді  сыншы  Б.Ыбырайымов  [4,  35].  Бархан  мен  құмды 

егіздей  суреттегенде  жазушы  құмға  адамға  тән  әрекетті  дарытады.  Құмды  жанды 

кейіпкерге  айналдырып,  кейіптеу  тәсілінен  егіздеу  тәсіліне  кӛшеді.  «Құм  жылдар  бойы 

суырыла-суырыла  езіліп  қалған,  баяғыша  жер  бауырлап,  сусымай,  албаты  лағып  кӛше 

бермей байыз тауып, біржола қоныстанған Қызылқұм мінезі соңғы кезде мүлдем ӛзгертіп, 

мынау  қазақтарша  отырықтана  бастап  еді...  Сумандап  кеп,  сусылдап  кеп  суыртпақтала 

жортар  жола  жүрісі  саябырсып,  табан  аяқ  болып,  томпайып-томпайып  қалған  құмдақ 

қызыл  күрендене  топыраққа  айнала  бастаған»  [10,  18].  Құмның  осындай  кейіпте 

бейнеленуі  ұлттық  болмыс  пен  мінезді  де  танытып  ӛтеді.  Кӛшкен  құм  кӛшпенді  халық 

тарихы  мен  шежіресі  де  кірігіп,  әрекетіне  ұлттық  мінез  кірігеді.  Адамға  тән  кӛңіл-күй 

құмға  кӛшіріледі:  "Кей  күндері  мынау  шымдауыттана  бастаған  құмның  сыңсып,  әлдебір 

аянышты  үн  шығарып,  кейде  мынау  тарихтың  бар  шежіресін  қойнына  тығып,  бүк  түсіп 

жатқан  құм  ӛз-ӛзімен  ӛксігендей  демігіп,  сырылдарын  Бархан  естігендей  болушы  еді... 

Құлақ түре-түре ӛзінен басқа тірі жан естіп, ұға бермейтін сыбыр  естігендей екі кӛзін тас 

жұмып,  елестерін,  ерте  айырылған  әке-шешенің  сол  құмның  астынан  әлдиі  талып  жетіп, 

мәпелеп  тербеткендей  жабырқаңқы  жанын  жұбатқандай  болушы  еді»  [10,  20].  Жазушы 

суреттеуінде  құмның  жанды  кейіпкер  түрінде  танылуының  ӛзі  күрделі  сипатқа  ұласқан. 

Құм әрекетінің құпия сыры Бархан түйсігіне аян. «Иә, құм жылайтын, ...Иә құм сӛйлейтін, 

...иә,  құм  жырлайтын,  ...иә,  құм  толғайтын,  ...иә  құм  айтатын,  ...иә,  құдай  құм  күлетін, 

кәдімгідей  күлетін...  Қызылқұмның  тілін  тек  ӛзі  ғана  білетін  Бархан  онымен  күбір-күбір 

әңгіме  шертісер  еді»  [10,  25].  Бархан  мен  құмның  тілдесуі  адам  мен  табиғат  арасындағы 

шиеленісті  жағдайды  паш  етеді.  «Қызылқұм  –  аңызға  айналған  аңызақ  шӛл  даласының-

кейуана  жердің  мәңгілік  мойымайтын,  мәңгілік  ӛзгермейтін,  қайратты  да  қайсар  мінез-

құлқын  танытар  ұлы  елдің  бел  баласы  екен-ау».  Құмды  суреттеуде  оны  бүге-шігесіне 

дейін сӛз ету Бархан бейнесін аша түсу үшін кажет. Құмның іс-әрекеті, мінезі Барханмен 

егізделе берілуі арқылы шығарма оқиғасының мазмұнын ашып тұр. «Иә, бүгін  Қызылқұм 

мінез  кӛрсетті!  Неге  ашуланады,  ненің  ырымы  бұл?»  [29,  30].  Бархан  буырқанысының 

нышанындай  болды...  Ішкі  нала  мен  ыза,  оның  үстіне  ӛзі  жарасын  емдеп  жазған 

қарақұйрықты  Сейтқұлдың  атып,  итке  жемтікке  тастауы  Барханды  ашындырады.  Ол 

Сейтқұлға  қол  жұмсайды.  «Мәңгі  бақи  ұйықтап  келген  арыстан  ашуы»  оянады.  «Бархан 

мінез кӛрсетті», - дейді жазушы [3, 32]. Алдымен тып-тыныш жатқан құм кӛшіп, жазушы 

суреттеуінде құмның кӛшуі – мінез кӛрсетуі. Табиғат құбылысы мен адам мінезін егіздей 

беру ұлттық рухани тамырдан нәр алған  кӛркемдеу тәсілін ӛз повесіне шеберлікпен арқау 

етіп,  Құм  және  оның  кӛшуі  арқылы  Барханның  бүкіл  болмысын  танытады.  Құмның 

барлық  іс-әрекеті  адамға  тән  сипатымен  ерекшеленеді.  Оның  сӛйлеуі,  сақ-сақ  күлуі 

осыған  мысал.  «Жылдар  бойы  нығызданып,  дӛңайбат  жасап  жатып  алған  қиқар  құмның 

аяқ  астынан  ер-тоқымын  бауырына  алып  тұлауы  қайран-қаларлық...  қызыл  құмның  бой 

жасағаны шығар... енді қайтіп ашу шақыра шамырқанып, мінез кӛрсете алмайтын шығар... 

жарықтық, мәңгілікке кӛз жұмып, ӛлген шығар [3, 36]. Кейіпкердің ары қарай жалғасатын 

ішкі  ойы  құмның  құпия  сыры  туралы  тұжырымға  тіреледі.  Сол  құмның  суреттелуінен 

Бархан  болмысын,  оның  іс-әрекетінен  Бархан  мінезін  табу  қиын  емес.  Құмды  жазушы 

кӛйін тең тәсілмен суреттей отырып, Барханмен егіздейді. Кейіпкер есімінің де символдық 

мәні бар. Құм-Бархан жазушы бейнелеуінде бір-бірімен үйлесім тапқан егіз тұлға. Құмды 

жанды  кейіпкерге  айналдырып,  Барханмен  егіздейді.  Повесте  құм-саналы  рух.  Құм 

тағдыры  мен  Бархан  тағдыры  бірлікте  алынған.  Әрі  екінші  қырынан  қарасақ,  құм  деп 



отырғанымыздың  ӛзі  Барханның  ауыстырылған  (метафоралық)  бейнесі  тәріздес. 

Дегенмен, бұл повесте кейіптеуге негізделген психологиялық параллелизмнің рӛлі басым. 

Адам  мен  табиғатты  егіздей  суреттеу  «Жасын»  әңгімесінен  де  кӛрінеді.  Бас  кейіпкер  - 

Қиялхан,  оның  табиғаттағы  «сыңары»  -  қарағай.  Барханды  құммен  ішкі  ойы  арқылы 

тілдестірсе,  Қиялханды  қарағаймен  түсінде  тілдестіреді.  Қарағай  мен  Қиялханды  егіздей 

суреттегенде  ең  алдымен  сыртқы  ұқсастық  негізге  алынады  «бұлақ  жағасындағы  жалғыз 

қарағай  жеке-дара  қарауытады.  Қалың  жынысты  орманнан  оқшау  адаса  жаратылған 

қарағай  Қиялханның  қазіргі  сақ  ӛмірін  қайталағандай  болатын».  Қарағай  кейіпкердің 

түсінде  тіл  бітіп,  сӛйлеп,  оның  арман-тілегіне  бағыт  береді,  адамзат  атаулыны  табиғат, 

жаратылыс атынан жазғырады. Жалғыз қарағайға жай түсіп қирауының ишаралық сипаты 

бар. Қиялханның ӛзгелерге оғаш кӛрінер ой-арманы бәрібір күйрейді. 

Психологизм  О.  Бӛкейде  жақсылық  пен  жамандық  арасындағы  бітіспес  күрестің 

түп  тамырына  үңілу,  бүгін  мен  болашақты  кешегі  күн  кӛзімен  бағамдау  мақсатында   

кӛрінеді. Жоғары  саналы,  сезімтал  кейіпкерлер  қалай  болғанда  да  бүгінгі  күнмен, 

тіршілікпен    үйлесім  таппай  жатады.  Сондықтанда  олар  табиғатқа  жақын.  Жазушы 

туындыларын  тағы  бір  қырынан  қарауға  негіз  болатын  табиғат  суреттерінің  ӛрнектелуі. 

Жазушының  пейзаж  жасау  шеберлігіне  С.Қирабаев:  «...Суреткерлігі  еш  талас 

тудырмайды,  тіл  ӛнерін  жақсы  меңгерген...  образды  тілге,  бейнелі  суретке  бай.  Ол  адам 

психологиясын еркін, ішіне кіре суреттейді. Табиғатты Алтай табиғатын жетік біледі, оны 

да  геройларының  тағдырымен  ортақтастыра  кӛркем  бейнелейді»  [5,  529],-  дейді. 

Жазушының  суреткерлігі  туған  жер  табиғатының  суретін  шебер  бейнелеуінде 

«Алақаншықтана  басталып  сабалап  үрген  қарлы  боранда  қан  түкіртерлік  қатыгездік  бар. 

Әлемдегі затты әзірше болса да, жалмап жұтып, жоғалтып жіберген.  Айқай дүниенің бар 

билігі ӛзіне  тиген,  сол билікке масаттанған қарлы боран мың-миллион қамшысын үйіріп, 

оң  жамбасына  келгенін  бәрін  осқылып,  кӛк  айыл  долылық  қысып,  ӛзгеше  ӛкпегі  қатігез 

мінезбен  осқырынады»  [3,  529].  Аспанның  ішкі  дүниесіндегі  арпалыс  жалғыз  ұлдың 

қауіпті  сапарға  аттануы  алдындағы  қорқынышы  боранның  арпалысымен  үндесіп  тұр. 

Шалдың  санасында  екі  түрлі  ойдың  шарпысуы  ӛтеді.  Бірі  –  ұлым  сайтан  кӛпірден  аман 

ӛтер ме деген кауіпті ой да, екіншісі – сол қауіптің алдын алып тәңірге жалбарну қорымға 

барып аруаққа сыйыну. Бірінші ойдың нақты кӛрінісі боран да, екіншісі  – Аспан, екеуі де 

арпалысып келеді. Енді құйрық-сайғақ шаншылған тӛмпешікке жеткеннен кейінгі табиғат 

кӛрінісі: «Боран басылайын деді. Аспаннан адасып   келіп   қашып үлегермей  қалған   қар  

ұшқындары  ғана еріншектене қылаулайды». Тӛңірек түгел кӛрініп құлаққа Бұқтырманың 

сарыны  талып  жетті.  Табиғаттағы  бар  зат  дүр  сілкіне  сірпіліп,  азынаған  пәледен 

құтылғанына  қуанды».  Ұлыған  боранның  зәрі  сынып,  айылын  жия  бастады.  Бағанағы 

долылықтың бәрі жоқ тынши қалған, себебі  Аспан шал қорымға жетіп тәуіп етіп,  Аллаға 

сыйынып ішкі қауіптен арылып, сабырлы қалыпқа енген. Оның санасындағы боран-ойды, 

сыйынуы  арқылы  ығыстыра  бастады.  Аспанның  санасындағы  тыныштық  табиғатқа  да 

орнай  қалды.  «Мынау  аппақ  дүние»  повесінде  кӛктемнің  жайма-шуақ  кезеңі  Нұрланның 

жан дүниесіндей пәк, таза кейіпте суреттелген.  

О.Бӛкей  пейзажды  қаһарман  жанының  нәзік  қылын  шертудегі  басты  перне  етеді. 

Табиғат  суретінсіз  кейіпкердің  жан  диалектикасына  бойлай  алмайсыз.  Кейіпкерінің 

болмысын  танытып,  характерін  айқындау  үшін  ашу  О.Бӛкей  табиғатты  басты  нысанға 

алып, адам болмысымен, оның жан дүниесіндегі құбылытстармен егіздей суреттейді. 

 

Әдебиеттер тізімі 

 

1.Веселовский А.Н. Историческая поэтика. –М.:Высшая школа,  1989. – 324 с. 



2. Бӛкеев О. «Мұзтау» Повесть, эссе, новеллалар. – А.: Жазушы, 1976. – 275 б. 

3. Бӛкей О. Екі томдық таңдамалы шығармалар. Повестер. – А.: Жазушы, 1994. – 354 б. 

4. Ыбырайымов Б. Кӛркемдік кӛкжиегі. – А.: Жазушы, 198. – 356 б. 

5. Қирабаев С. Екі томдық шығармалар жинағы. – А.: Жазушы, 1992. 



 

     


 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал