О. Бөкей шығармаларындағы адами құндылықтар



жүктеу 52.41 Kb.

Дата01.03.2017
өлшемі52.41 Kb.

М.Б.Шындалиева 

Филология ғылымдарының докторы, профессор 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ, Қазақстан 

 

О.Бөкей шығармаларындағы адами құндылықтар 

 

Соғыс  жылдарынан  кейінгі  аш-арық  заманда  ӛсіп-ӛнген  ұрпақ  ӛмірдің 

ащы дәмін татып, ӛнер мен ғылым, білімнің керектігін танып ӛсті. Сондықтан 

да  болар  алпыс-жетпісінші  жылдар  ӛнер  мен  ғылымның  шарықтау  шегінде 

болды.  О.Бӛкейдің  шығармашылық  жолы  1970  жылдан  басталады.  О.Бӛкей 

әдебиетімізге ӛз ӛрнегімен келген жазушы. Ол алғашқы әңгіме повестерінен-ақ 

оқушысын  бірден  баурап  әкетіп  еді.  Жазушының  ой  мен  сезімді  қатар  ӛрген 

шығармалары бірде тұңғиық ойға жетелесе, бірде ӛршілдікке тарта беретін. 

О.Бӛкей  -  әдебиет  босағасын  аттаған  күннен  бастап  ӛз  заманын,  сол 

заманда  ғұмыр  кешіп  жатқан  қарапайым  еңбек  адамдарын  шығармаларына 

арқау  еткен.  Жазушының  кейіпкерлері  -  ӛзіміз  күнделікті  кӛріп,    араласып 

жүрген  замандастарымыз.  "Жетім  бота",  "Мынау  аппақ  дүние"  повестеріндегі 

Тасжан,  Нұрлан,  Луйза  кӛркем  ӛрнектелген  бейнелер.  "Бәрі  де  майдан" 

повесіндегі Ақан мен Құмырай да адалдық пен арамдықтың, қарапайымдылық 

пен қатыгездіктің бітіспес күресін кӛрсететін типтік бейнелер. 

Оралхан    Бӛкейдің  қазақ  әдебиетінде  салып  кеткен  ӛзіндік  жолы 

Алтайды,  еңбектің  сан  түрлі  саласында  ерліктің  үлгісін  кӛрсетіп  жүрген 

адамдарын  тек  ӛзіне  ғана  сыйымды  етіп  бейнелеуінен  кӛрінеді.  Суреткер  ӛз 

кейіпкерлерінің 

сан-салалы, 

қилы-қилы 

тағдырын 

үлкенді-кішілі 

шығармаларына ӛзек ете білді. Жазушының қай шығармасын қолымызға алып 

оқысақ  та,  парақтай  бастасақ  оның  әр  бетінен  ауылдың  иісі,  ауыл  тұрмысы, 

қарапайым ауыл адамдарының тұрмыс-тіршілігінің анық кӛрініп тұрады. 

Алтайдың  табиғатын,  сол  табиғаттың  ғажып  сұлулығын  Оралхан  Бӛкей 

сүйіп,  жырлайды  және  ол  табиғат  сұлулығының  табиғи  бет-бейнесін  кӛркем 

тілмен  жазады.  Оралхан  кейіпкерлерінің  бір  ерекшелігі  –  арманшылдығы  мен 

қиялшыл,  ойшыл,  мұңды,  жан-дүниелерінде  сағынышқа  толы  аңсау  мен 

ынтығу,  күрсініс  пен  ӛкініш,  шексіз  ынтызарлық  сыр  жатады.  Бұл 

шығармаларды  оқып  отырып  олармен  бірге  бейнесін  белгісіз  бір  сағынышқа 

толы мұңға беріліп кеткеніңді ӛзің де байқамай қаласың. 

Оралхан Ұлы Отан соғысы жылдары дүниеге келген ұрпақтың ӛкілі. Сол  

кезеңнің  алапат-сойқанын  кӛзімен  кӛрмесе  де  анасының  құрсағында  жатып, 

тылдағы  ауыр  еңбектен  қабырғасы  қайысып,  күрсіне-күңірене  жүріп  күн 

кешкен қамкӛңіл жандармен бірге тыныстап, бірге қиналып дүниеге келген бұл 

ұрпақтың  да  жанына  соғыс  салған  жара  аз  болмаған  сияқты.  Осы  соғыс 

тақырыбына  арнап  жазған  "Бәрі  де  майдан"  повесі  бар.  Бұл  повестің 

тақырыбының  сонылығымен  де,  кейіпкерлерінің  тосын  тағдырымен  де 

ерекшеленетін  шығарма.  Шығарманың  негізгі  қаһарманының  бірі  –  Ақан 

қолына  мылтық  алып,  қан  майданға  қатыспаса  да,  еңбек  армиясында  болады. 

Белуардан  батпақ  кешіп,  таң  атқаннан  күн  батқанға  дейін  тыным  кӛрмей  жер 


қазып  жүрген  адамдар  қатықсыз  қара  кӛже  ішіп,  үсіген  картоп  жеген  кісілер 

ауыруға  шалдығады.  Сол  жылдар  ӛлім  -жітім  де  кӛп  болады.  Осының  бәрін 

кӛзімен кӛріп жүрген Ақан еш мойымайды. Мұнда ол соғысқа қатысқандармен 

бірдей  азап  шеккені  кӛрінеді.    Қиындықпен  келген  Ұлы  жеңіске  үлес  қосқан 

Ақан  сияқты  қазақ  азаматтарының  типтік  бейнесін  жазушы  шеберлікпен 

сомдаған деуге толық негіз бар. Ендеше неге бұның: "Еңбегім елеп ескерілмеді 

? Неге ол Жеңіс мерекесіне арналған жиналысқа шақырылмайды? "Менің кінәм 

не сонда? Бар жазығым қолыма мылтық орнына күрек ұстағаным ба? Біле-берсе 

күрек те қару ғой. Осы ғой жанға бататыны. Әйтпесе батыр атағын бермеді деп 

жүрген мен жоқ ",- деп қиналған Ақан бейнесінен шындық кейіпті кӛреміз. 

Журналистикадағы Оралхан Бӛкейдің даралығы айқындалған, ерекшелігі 

бар. Публицистің рухани әлемі сол кезеңмен бірге дамыды. Бір жағынан, жеке 

күш  жігердің  әлеуметтік,  ұжымдық  бағыт  алуы,  екінші  жағынан,  қоғамдық 

және  кәсіби  міндеттерді  атқарғандағы  жеке  бастың  соған  берілгендігі,  іштей 

шабыттануы,  осының  бәрі  шығармашылық  даралықтың  қалыптасуындағы 

пәрменді алғышарттар болды.  

Жалпы,  әдебиетімізде  соғыс  кезіндегі  қара  жұмыста  болғандар  еңбегі 

туралы  жазылған  шығармалар  жоқтың  қасы.  Кӛбіне  тікелей  соғысқа 

қатысқандарға  қарағанда  осы  бір  белгісіз  ерліктің  иелері  еленіп  -  ескеріле 

бермейді. Осынау еңбекте ерлік кӛрсеткен мыңдаған адамдардың тіршілігі қан 

майдан  қаһармандарының  тасасында  қалып  келгені  белгілі.  Сол  олқылықтың 

орнын  толтырған,  ерліктің  бағасы  біреу  ғана  екенін,  мейлі  ол  майданда 

жасалсын,  мейлі  ол  тылда  кӛрсетілсін,  ашып,  айғақтаған  бұл  повестің 

тағылымы  мол,  тәрбиесі  толайым.  Жақсылыққа  ізгілікке  деген  ұмтылыста 

жүрген, ұлы сенімді серік еткен Ақан, Алма сынды кейіпкерлер әр жүрекке жол 

табады.  Олардың  кӛрген  қиыншылықтары,  тартқан  азаптары  жігерлерін 

шыңдап, қажыр - қайраттарын арттыра түсуі кӛңілге қонады. 

Оралхан  Бӛкейді  ӛз  биігіне  шығарған,  "Бӛкеев  -  нағыз  талант"  дегізген 

шығармасы  -  "Мұзтау"  повесі.  Міне,  дәл  осы  шығармасынан  бастап  Оралхан 

Бӛкей  қоғаммен,  оның  кереғарлығымен,  адамзатқа  қасірет  әкелетін  сойқанды 

іс-әрекеттермен  тайталасқа  түседі.  О.Бӛкейдің  мәңгіге  бітпес  айтысы 

басталады.  Міне,  осы  "Мұзтаудан"  басталған  қоғам  кереғарлығымен 

Оралханның  жекпе-жегі  оның  қалған  ғұмырындағы  шығармаларының 

лейтмотивіне айналғаны рас.  

«Аршалы.  Қазақ  жерінің  күншығыстағы  сірге  жинар  пұшпағы.  Жұрты 

екі-ақ  күнде  кӛр-жерін  буып-түйіп  бел  асып,  бошалап  кеткен,  әдірем  қалған 

мекен. Мылқау шешесімен Ақтан ғана қалған. Тағы да бір Ақтанның мұңдасы, 

тіршілік иесі бар, ол арса-арсасы шыққан Шағырқасқа. Оның да терісі қанжар 

жүзіндей  боп  жұқарған,  жүдеген.  Мынау  мүлгіген  мылқау  тірліктен 

Шағырқасқа да әбден зәрезеп болған: алқа салқасы шығып жылағысы, белгісіз 

бір шулы ӛмірге күңірене кісінеп еніп кеткісі келетін. Бірақ ондай шылбыр үзер 

тентектікті  Шағырқасқаға  кім  беріпті?!  Қайта  мынау  меңіреу  тайгадағы  ӛзі 

салған, ӛзі мың сан таптаған сүрлеуімен митың-митың тапырақтағанына, тірлік 

етіп  жүргеніне  риза  болсын.  Жылқы  да  болса  ӛз  әулетінің  тым  жуастығына, 

тым  кӛмпістігіне  іштей  қан  түкіре  налитын.  Екі  аяқтылардың  еркіне  кӛндім 


дегенің, табиғат берген тәуелсіз тірлігіңнен айырылдым деген сӛз. Анау жылы 

бір тентек суға тойып алған, зәр жіберер долы Екі аяқты мұның кӛзін шұқып та 

алған.  Шағырқасқа  аталып  жүргені  сондықтан,  Шағырқасқа  екіаяқтылардың 

қолынан күніне сан рет жем алып жүрсе де оларға сауырын сипатпайтын бұғы, 

маралдардың ерлігіне қызығатын, Аршалының самырсынды бір сайында туып, 

соның  ғана  тӛсін  дүбірлетіп  келе  жатқан  Шағырқасқаның  қиялы  да  қысыр 

қалған. Аршалы кӛгінің кӛкжиегін кӛмкерген әнеу бір, қол созым жердегі түкті 

тӛбемен шектелген. Шіркін, бұғы-маралдардай тәуелсіз болсам-ау дегенді ғана 

армандайды.  Шағырқасқаның  үстіндегі  иесі  -  Ақтан  да  жалқы.  Жалғыз. 

Жартылай аң, жартылай адам. Табиғилығына түрен түспеген пенделердің соңғы 

тұяғы.  Ӛрелдегі  ӛңез  кеуделердің  Аң  атып  жүргені  де  сондықтан.  Олардың 

ойынша қулық, сұмдық, аярлық, алааяқтықты меңгермеген жан - Аң. Ақтанның 

бар  ермегі  -  ой.  Санасына  мәңгі  тыныштық  бермейді».  Оралхан  ӛзін 

шаршатқан,  санасын  сансыратқан,  жауабын  табу  қияметқайым  сандаған 

сұрақтарын  Ақан  арқылы  жарыққа  шығарады.  Ақтан  мен  Аңды  пікірталасқа 

түсіру  арқылы  жауап  іздейді.  Жақсылық  пен  Жамандықтың  қансонарда  жерді 

жапқан аппақ қылаудың бетіндегі қатар жатқан, бәсекелес қос із екендігін, жиі -

жиі  бастары  тоқайласқан  сәтте  шарпысып,  шаптығысып  тіпті,  қантӛгіске  де 

баратынын  -  қолқасына  ӛгіз  тобығы  тұрып  қалғандай  ӛксікпен  ӛреді.  Ақтан  - 

Әділетсіздік  пен  Аярлықтың  ордасы  -  күлкітоқ  қоғамнан  қашып,  Алтай 

тайгасының  тағылар  ғана  мекендейтін  түкпірінде  табиғилығын  сақтап  қалу 

үшін  жансауғалап  жүрген  қияли,  ойсоқты  адам.  Совхоз  орталығы  Ӛрелге 

зәуімен  бір  бара  қалса  жиреніш  те  лас  ӛмірден  түңіле  қашып  тауымен, 

жалғыздығымен еңіреп табысады. Бұл еркіндігі, еркелігі қаншаға созылары бір 

аллаға  ғана  аян.  Оралхан  Бӛкей  қаншама  кӛз  кӛрмес,  құлақ  естімес  меңіреуге 

лағып, маңып кеткенімен кесірлік пен кесапаттың күйік сасыған иісі іргесінен 

үріп  жатқанын,  ерте  ме,  кеш  пе  қолқасын  қан  түкірте  қабарын  болжамаған. 

Жазушы  әр  пенде  шыр  етіп  жарық  дүниеге  келген  сәттен  бастап-ақ  оның 

тағдырдан жер тоқпағы да, бастан сипар мейірімі де, бағы да, соры да ең аяғы 

тірліктің  мәресі  -  ажалы  да  соңынан  таяқ  тастам  жерде  еріп  отырарың  соның 

кӛбі  екі  аяқты  адам  бейнесінде  тапырақтап  сүмеңдейтінін  ертерек  ойламаған 

қаламгер. 

Оралхан  Бӛкей  -    адам  жатырынан  адам  болып  дүниеге  келген  екенсің, 

сол  тобырдан  қолыңды  тӛбеңе  қойып  қаншама  қашқаныңменен,  қаншама 

саяқтаңғаныңмен  сол  тобырсыз  күнің  жоқ  екенін  неге  түсінбейді  екенсің. 

Ажалдан  қашқан  Қорқыт  бабаларың  қайда  ұзап  кетіп  еді?  Адалдық  пен 

Арамдық  -  егіз  ұғым.  Ақтан  -  адалдықтың  бейнесін  сомдаса,  Кан  -  қулық, 

сұмдығына  сырық  байламайиын  арамдықтың  ӛкілі.  Кан  жетесіз  емес.  Ақтан 

секілді  ауызынан  әулиеліктің  уызы  аңқып  тұрған  он  шақты  аңқау  да  адал 

жандарды қанжығасына бӛктеріп кетеді. Тым зымиян. Тым жады. Тым уытты. 

Повесть  соңында  Арамдықтан  сілікпесі  шыға  орлық  кӛрген  Ақтан  оның  қыр 

соңына  түседі.  Арқасына  таңып  алған,  ғұмыр  бойы  жақ  ашпаған  мылқау 

шешесі тұңғыш рет ұлына:  Құлыным - ай, сол қуды қуып жете алар ма екенсің 

?-  деп  күрсінеді.  Ақтан  жетуін  жетер,  ал  оны  жеңу  үшін  ӛзі  де  арамдықпен 

тояттауы қажет -ау. 


Бұл  шығармадағы  қосалқы  бейне  есебінде  үнемі  кӛрініп  қап  отыратын 

кейіпкер  -  ӛтірікші  Асан  шал.  Бұл  кейіпкер  -  Оралханның  алмас  алдаспаны. 

Оны  әрі  ӛтірікші,  әрі  шежіреші  етіп  алуы  -  саясат.    Қоғам  кереқарлығын,  ӛз 

ұлтыңның  кеңкелес  кезеңде  іштегі  запыранды  шығару  үшін  әр  түрлі  әдеби 

тәсілдерге  бару  қажет  болды.  Міне,  Асан  сол  олқылықты  толтыруға  келген 

ӛкіл.  "Мұзтау"  повесінің  кӛтерген  ең  ауыр  жүгі  -  оның  адами  мораль  мен 

этикасының  жиынтығы  екенінде.  Оралхан  осы  шығармасында  Арамдық  пен 

Адалдықтың бетін қанжосасын шығарып, аймаңдай етеді. Адамдарды ізгілікке 

үндейді.  Етегі  тола  еңірей  отырып  "Адам"  болып  қалуға  шақырады. 

Жалпы  "Мұзтау"  повесі  -  Мұзтаудай  биікке  шыққан  шығарма.  Ол  аласаруы 

мүмкін емес!... 

Ол  -  ерлік  пен  ӛрлікке  толы  хикаят.  Оны  оқып  шыққан  соң  ӛзіңнің  де 

бойыңа шым-шымдап қуат құйылып жатқанын, моншадан шыққандай бусанып, 

сергіп  қалғаныңды  сезесің.  Күйкі  тірлігіңе  қынжыласың,  аттандап  Алтай  мен 

Алатауға шығып, алапат ерлік жасағың келеді-ай! Әсілі, Бӛкеевтің қара сӛздің 

інжу - жақұтымен ӛрілген жырларынан әмәнда ерлік рухы атқақтап, шарасына 

сыймай  асып  -  тӛгіліп  жатқан  асқақтық  лебі  ӛн  -  бойыңызды  тоқ  соққандай 

қалшылдатады-ай! 

Оралханның кеудесінен жаны ұшып кеткенімен, жазушы Оралхан Бӛкеев 

тірі.  Шығармашылық  ӛмірі  тек  ғана  ӛнермен,  соның  інжу  -  маржанымен 

кӛмкерілген Оралхан кербез жымиып, әне арамызда жүр... Олар: Нұржан ("Қар 

қызы"),  Таған  ("Атау  кере"),  Аға  ("Жылымық"),  Қиялхан  ("Жасын"),  Аман 

("Сайтан  кӛпір"),  Ақпан  ("Мұзтау"),  Жеңісхан  ("Ұйқым  келмейді"), 

қойыңызшы, тіпті, газет үшін жазылған ұсақ мақалаларының ӛзінде Орекең тұр 

тәкаппар кӛз салып. Оған кербездік жарасушы еді. Оған жұмбақтық жарасушы 

еді. Оған бәрі - бәрі жарасатын. Он алты алашқа сүйкімді еткен де, ерке еткен 

де, шашын жұлғызып, жоқтатқызған да хас таланты болатын. Ал таланты үшін; 

ол Аллаға ғана қарыздар. Ел айтады: "Оралхан Бӛкеев тіпті де ӛлмепті. Ол түз 

тағысына  -  Кербұғыға  айналып,  алтайдың  құзар  шыңдарын  гуілге  толтырып 

жүр екен".   

Ӛткен ғасырдың орта тұсында әдебиетке келіп, проза жанрында белсене 

еңбек  еткен  қаламгер  Оралхан  Бӛкей  туындыларының  кӛркемдік  сапасы, 

идеялық бітімі, әлеуметтік мәні оның тақырыптық салмағы кӛпқырлы.  Жазушы 

кӛп ізденген, ел, халықтың әдебиетін жете таныған қаламгер және сол дарыны 

сюжет құру, шығарманың композициялық, стильдік бітімін сомдау, кейіпкерлер 

жүйесін құру, кеңістік пен уақыт үндестігін бейнелеу ерекшелігінен байқалады. 

Бір байқалғаны қаламгер үлкен мәні бар, кезеңдік оқиғаны шығармасына арқау 

етіп, тарихилық сипатқа бой ұра бермейді. Керісінше, адамның жан дүниесіне 

үңіліп, ондағы сезім-күйлерге, адами асыл мұрат-мақсаттарға ден қояды. Адам 

баласының  әрқайсысына  тән  болып  келетін  құпия-жұмбақтарға  бойлайды. 

Сӛйтіп, қазіргі әдебиеттегі талдау ӛзегіне айналып жатқан адамның оқшау, дара 

болмысын ашуға тырысады. 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал