О ббк 83. 3 (5 Қаз) б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



жүктеу 9.87 Kb.

бет1/37
Дата22.02.2017
өлшемі9.87 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37

УДК 821.512.122.О
ББК 83. 3 (5 Қаз)
Б 20
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі 
Ақпарат және мұрағат комитеті 
«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» 
бағдарламасы бойынша шығарылды
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
Томды құрастырып, баспаға дайындағандар: 
Ісімақова А.С., Пірәлі Г.Ж., Сәкенов С.Б., Мұстафаева К.
Жауапты редактор: Ісімақова А.С.
Жауапты шығарушы: Ойсылбай А.Т.
         Байтұрсынұлы Ахмет
Б 20 Алты  томдық  шығармалар  жинағы.  Оқу  құралы.  –  Алматы:  «Ел-
шежіре», – 2013. 
 
Т. ІІ: –384 б.
   ISBN 978-601-7317-68-3
Алаш ардагері, қоғам қайраткері, ақын, әдебиеттанушы теоретик ғалым, 
ғұлама  әдіскер  Ахмет  Байтұрсынұлының  шәкірті  Телжан  Шонанұлымен 
бірге жазған «Оқу құралы» оқырмандар қолына тұңғыш рет 2004 жылы қазақ 
әрпіне түсіріліп, ұсынылған еді. Сол кітап түпнұсқамен қайта салыстырылып, 
толықтырылды. 
Бұл хрестоматиялық еңбек бастауыш мектеп оқушыларына қазақ тарихы, 
әдебиеті  мен  қазақ  тілі,  жағырапия,  шаруа-кәсіп  және  жаратылыстану,  т.б. 
ғылым салалары бойынша санқырлы мағлұматтар береді.
«Оқу  құралы»  үш  бөлімнен  тұрады.  Бірінші  бөлім  «Әдебиет,  тұрмыс, 
еңбек»,  ал  «Ғылым»  атты  екінші  бөлім  жеткіншектер  ұғымына  қажетті 
ғылыми ақпараттармен толықтырылған. «Дүние» деп аталған үшінші бөлім 
жаратылыстану тылсымдарымен таныстырады.
Әдістемелік  тәсілі  мен  тілі  ұлттық  дүниетанымға  сәйкес  келетіндіктен 
оқулық өте қызықты оқылады. Сондықтан «Оқу құралы» мектеп оқушылары 
мен  оқытушыларына,  жоғары  оқу  орындарының  ұстаздары  мен  студент 
жастарға, жалпы оқырман қауымға арналады.
УДК 821.512.122
ББК 84 Қаз-7
ISBN 978-601-7317-68-3  
 
        © Байтұрсынұлы А. 2013
ISBN 978-601-7317-66-9  
 
        © «Ел-шежіре» ҚҚ., 2013

3
«ЖАСТАРДЫҢ ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ ТҮЗЕЛМЕЙ,
ЖҰРТ ІСІ ТҮЗЕЛМЕЙДІ»
«Ұлт  ұстазы»  аталып,  қазақ  қоғамы  мен  мәдениетінің  іл-
герілей дамуына орасан зор үлес қосқан көсемдеріміздің бірі 
Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ балаларының ана тілінде сауат 
ашуы үшін көп еңбек сіңірген қайраткер. Ол өзінің 1913 жылы 
«Қазақ» газетінде жарияланған «Қазақша оқу жайынан» атты 
мақаласында: «Біз әуелі елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден 
бастауымыз керек. Неге десек, болыстық та, билік те, халықтық 
та оқумен түзеледі... Қазақ ішіндегі неше түрлі кемшіліктің көбі 
түзелгенде, оқу ісімен түзеледі», – деп жазып, оқудың қоғамды 
өзгертуші  күш  екендігін,  әділетсіздіктің  көбі  білімсіздіктен 
туындап отырғандығын тап басып, дұрыс көрсетеді.
Ол осы мақсатта «Оқу құралы» (1912), «Тіл құралы» (1914), 
«Әліпби» (1914), «Жаңа әліппе» (1926-1928), «Баяншы» (1926) 
атты тұңғыш оқулықтар, Т.Шонан-ұлымен бірге «Оқу құралы» 
(1926-1927) деп аталатын әдістемелік оқу құралдарын жазды. 
Бұл  басылымдар  бастауыш  мектепте  оқытылатын  қазақ 
тілінде оқу, жазу, ұлт тілі, ділі, ұлт тарихы, жағырапия, шаруа-
кәсіп, жаратылыс, т.б. ғылым салалары жайынан көп мазмұнды 
мағлұматтар беріп, балаларды оқыту ісі барысында маңызды 
рөл атқарды.
Т.Шонанұлының методикалық еңбектері А.Байтұрсынұлы- 
ның «Баяншы», «Әліппе астары», «Нұсқаушы» сияқты еңбек- 
терінің  жалғасы  іспетті.  Т.Шонанұлы  «Жаңалыққа  жетекші», 
«Диаграмдар – графиктер қандай болады» деген кітаптар мен, 
«Орыстарға  қазақ  тілін  үйрету  әдісі  жайында»,  «Ересектерді 
сауаттандыру әдісі», «Дауыстап оқытудың әдісі» атты бірнеше 
ғылыми еңбектердің авторы.
Телжан  Шонанұлы  –  тіл  маманы,  әдебиетші,  тарихшы, 
дарынды педагог, әдіскер ғалым. Ол 1894 жылдың 17 желтоқ- 
санында  Торғай  облысы,  Ырғыз  оязы,  Аманкөл  болысы,  4-
ауылда (қазіргі Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Ұ.Құлымбетов 
атындағы кеңшар, Аманкөл ауылы) дүниеге келген.

4
1922-1937  жылдар  аралығында  Т.Шонанұлының  бастау- 
ыш  сыныптар  мен  жаңа  сауат  ашып  жүрген  ересектерге, 
қазақ  тілін  мемлекеттік  тіл  ретінде  оқи  бастаған  өзге  ұлт 
өкілдеріне  арналған  кітаптары  бірнеше  рет  қайта  басылған. 
Бұл  еңбектерінде  Шонанұлы  тіл  дамыту,  емле,  хрестоматия, 
қазақ  тілін  оқыту  методикасы  секілді  салаларды  қамтыған. 
1927 жылы Ахмет Байтұрсынұлымен бірігіп, 412 беттік «Оқу 
құралы» атты оқулық шығарады.
XX ғасырдың бас кезінде жарық көрген «Оқу құралы» (1926-
1927 жж. Қызылорда) – сол кезде қазаққа жөн сілтеп, жастардың 
сауатын, дүниетанымын кеңейтуге әсер еткен құнды басылым. 
Авторлар да бұл кітаптың оқушыға қажеттілігін жете түсініп, 
тілін қарапайым, мазмұнын шұрайлы беруге тырысқан.
«Оқу құралының» ғылыми құндылығы:
1)  ана  тілінде  сауат  аштыру;  2)  оқушылардың  көркемдік 
талғамын, дүниетанымын қалыптастырып, жетілдіру; 3) таби- 
ғат құбылысы мен адам тұрмысының әр қырын салыстыра оты-
рып, жасөспірімге қажетті танымдық-тәжірибелік білім беру; 
4)  оқушыны  оқыта  отырып  тәрбиелеу,  рухани  тазалық  пен  
жауапкершілікке баулу екені анық.
Мәселе  білім  беруде  ғана  емес,  оны  қабылдауға  ыңғайлы 
етіп  жүйелеуде.  Бұл  әрекеттер  оқушының  ойлау  қабілетін 
жетілдіруге бағышталған. Өйткені Алаш ғалымдары айтқандай 
басты мақсат – оқушыны білімді ақылмен қабылдауға, оны са-
насымен қорыта білуге үйрету болып табылады.
Кінәсіз  репрессияға  ұшыраған  «Оқу  құралының»  ендігі 
екінші тағдыры қалай болар екен?
Бүгінгі  ұстаздар,  әдіскерлер,  жас  ұрпаққа  бағыт-бағдар, 
білім беретін зиялы қауым А.Байтұрсынұлы мен Т.Шонанұлы 
жазған «Оқу құралының» әдістемелік ұстанымдарын меңгерсе, 
оқушыны  жалықтыратын  жансыз  оқулықтардан  арылар  едік. 
«Оқу құралы» – қазақ елінің сауатты, отансүйгіш ұрпақ өсіруіне 
әбден лайық басылым екені айқын. А.Байтұрсынұлының: «Біз 
әуелі елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз ке-
рек», – деген ойын алға тартатын кез келді деп санаймыз.
А.С. Ісімақова, 
филология ғылымдарының докторы, профессор.



6
ДӘЙЕКТЕМЕ
...бөлімі арқылы табиғат құбылыстарын қысқаша түсіндіріп, 
түрлі ырым, ертегі, өтірік нәрселерге сенуді жою, табиғаттың 
керекті заңдарын түсіндіру, пайда, зиянын ұғындыру.
Бұл  кітаптың  төрт  аяғы  тең  шықты  деген  ой  бізде  жоқ. 
Соның үшін оқу-оқыту ісімен таныс адамдар бұл кітапты екін-
ші рет басып шығарарда қай жерін қалай толтыру керек, қандай 
бөлімдер қосу керек екені жайынан жазушылардың тіке өзіне 
я  газет,  жорнал  арқылы  білдірсе  және  алғыс  айтамыз.  Және 
байқатқан  нәрселерін  есімізде  тоқып,  түзетуге  тырысамыз. 
Мұны әсіресе, бала оқытып, тәжірибе алатын мұғалімдер мен 
өшетілдердің (учитель) құлағына көбірек саламыз.
Оқу кітабының ішіне класта оқып, бір сағатта бітіруге ұзын 
соғатын  мақалалар  да  кірді.  Ондай  мақалаларды  бөліп-бөліп 
оқытуға болады, қала берді үйде оқуға болады. Ұзын мақалалар 
кіргізілгенде  мектептегі  шәкірттер  түгіл,  үйдегі  ата-анала-
ры да есте болды. Үйткені, үйде оқырлық кітап бізде әлі жоқ, 
жуырда болар деу қиын. Кітап Қазақстан Ғылым ордасының 
мақұлдаған  бірінші  сәтті  баулу  мектебінің  программасына 
үйлестіріліп жазылды.
Тағы  бір  айтарымыз:  кітаптағы  мақалаларды  пұшпағынан 
санап,  ретімен  оқытудың  керегі  жоқ.  Басқа  біліммен  байла-
ныстырып, керегінше оңды-солды, ілгері-кейін теріп оқытуға 
болады.  Сондықтан  мақалалардың  арасын  бөліп,  ықшамдап 
жіктедік. Мақалалардың жіктелген бөлігі бір ойды толық су-
реттейді. Үзілгені білінбейді.
Жазушылар.
1923 жыл, сентябрдің 10-ы. Орынбор.

Бірінші Бөлім
ӘДЕБИЕТ, ТҰРМЫС, ЕҢБЕК

8
БАЙЖАННЫҢ МОЛДАСЫ
(ескі оқу тәртібі)
Жаулығының шетіне үш тиындық қара бақыр түйіп, Байжанды 
ертіп, шешесі Жақыптікіндегі молдаға апарды.
Балалар у-шу оқып жатыр.
Көсе, арықтау қара кісі отыр. Байжан үйге кіргенде не болғанын 
білмеді...  Буыны  босады,  кісіге  қарауға  жүзі  шыдамады,  төмен 
қарады,  әжесінің  тасасына  жасырынып  тұрды.  Болбыраған  жас 
жүрегі елжіреп, буыны дірілдеп, аяғын басып тұруға шамасы әрең 
келді. Балалардың көзі Байжанда. Байжан ұялып төмен қарайды. 
Молда басын көтеріп қарады да:
– Жоғары шығыңыз, бәйбіше! – деді, молда.
Байжан  молданың  сөйлегеніне  таң  қалды.  Молда  адамша 
сөйлемейтін,  оқуша  сөйлейтін  бір  түрлі  басқа  зат  деп  білетін 
еді.  Оның  ойынша  молда  деген  ол  зор  дәрежелі  және  адамның 
ойындағысын білетін бір кісі еді.
Нұрлы күн ұясынан жаңа бас көтеріп, әлемге сәулесін түсірді. 
Елдің  көбі  қалың  ұйқыда  жатыр.  Жазғы  қысқа  таңға  ұйқысы 
қана  алмай,  ертеңгі  қоңыр  салқын  мезгілде  жұрт  рахат  пен 
тыныштықта.  Ауылдан  оқшауырақ  тігілген  кішкене  қоста  он 
шақты бала тыныштықтың сәнін бұзып, ың-жың шулап отыр.
Балалар  көздері  жасаурап,  жағының  жүні  үрпиіп,  есінеп-есі-
неп ызыңдап, ыңылдайды, әйтеуір дауыс шығарып, ән қосқанына 
мәз.  Сөзінен  жаңылып,  қалғып  бара  жатқан  баланы  төрт  өрме 
қамшымен  молдекең  арқаға  тартып  қалғанда  шошып  оянады. 
Балалар  шу  ете  қалады.  Қасқырдан  үріккен  жылқыша,  жұмыла 
шырқырап, тағы шулайды. Басында елтірі бөрік, шалбарсыз, ұзын 
желең айқара жамылып, сұстанып, жыландай ысқырып, шал мол-
да балалардың зәресін алып отыр. Бір жапырақ қағаздың кірден 
жылтыраған бетіндегі ірі жазуға қарап, сегіз жасар Байжан ілгері-
кейін  шұлғып,  «пи-қаф»,  «қаф-пи»  деп  ызыңдайды,  молданың 
көзі түсіп кеткенде, ұясынан кенеттен ұшқан торғай сияқтанып, 
қаттырақ шырылдайды. Анда-санда молда: «Оқыңдар!» – деп, есі-
неп қояды.

9
Ұйқы  басып,  маужырап  отырған  Байжан  жалыққаннан  жа- 
нындағы  балаға  сыбырлап  бірдеме  дей  беріп  еді,  жаққа  шарт 
еткізіп  молда  салып  жіберді.  Иегі  кемсеңдеп  жылайын  деп  еді, 
қамшысына  молда  қол  созған  соң,  көзінен  жасын  тиып,  «пи-
қафқа» сала бастады.
Біраздан соң ұйқысын ашу үшін Байжан қағазын бүктеп серігі-
не берді, есік алдына барып, қол қусырып: – Молдеке, қажет рау-
ма? – деді.
Жаңа келдің, хайуан, отыр! – деді молда.
Байжанның  көзі  жасаурап,  жанындағы  үлкенірек  серіктеріне 
жалт-жалт қарап, орнына қайта отырды.
Жөнеу
БІЗДІҢ МЕКТЕП
Мектебіміз  қалың  ауылдың  ортасында,  қыраңдау  биік  жер-
де.  Сырт  жағынан  ақ  балшықпен  сыланған.  Екі  бөлмеде  кла-
сымыз  болады,  бір  бөлмеде  шешінеміз.  Қалған  екі  бөлмеде 
оқытушыларымыз бен қызметші тұрады. Әр бөлмеде үш терезе-
ден, екі бөлмеге бір пештен. Әр класта екі бөлім, екі бөлімге екі 
оқытушыдан. Біздің класымызда жиырма парта бар. Бір партада екі 
баладан отырамыз. Парталар қатар-қатар қойылған, әр қатардың 
арасынан кісі жүрерлік жер қалынған. Партада отырғанда жарық 
сол  жағымыздан  түседі.  Парталардың  алдында  оқытушыға 
қойылған стол мен орындық бар. Оқытушының сол жағында қара 
тақта тұрады. Тақтаның бір жағы сызусыз, екінші жағы қызылмен 
сызулы.  Тақтаға  біз  бормен  жазамыз.  Тақтаның  артында  шкаф 
тұрады. Шкафтың ішінде кітап, қағаз, қарындаш, сия сақталады. 
Біздің қарсы алдымызда жарда көбейту мен өлшеулер сатысы ілу-
лі тұрады.
Біз  төртінші  бөлімде  оқып  жүрміз.  Ендігі  жылы  екінші 
басқыш мектепке кірмекпіз. Осы күні есеп ғылымын, жағрапияны, 
қоғам құрылысын, жаратылыс ғылымын, ана тілін оқып жүрміз. 
Бұлардан  басқа  сүгірет  (сурет)  салып  үйренеміз.  Оқытушымыз 
биыл ауыл адамдарынан жер сұрап алып, бізге бақша салғызды. 
Жаздай бақшамызды өзіміз суардық. Күз болғанда өзіміз жинадық. 
Мектептегі  балалар  жиналып  екі  жетілік  жорнал  шығарамыз. 
Жорналымызды  шәкірттерден  басқа  ата-аналарымыз  да  оқиды. 
Кейбір күндері оқытушыларымыз бізді жинап алып, кітап оқып, 
түсіндіреді.  Я  өзіміз  жиналып  оқып,  оқылған  кітап  жайында 
сөз қыламыз. Жазды күні оқытушыларымыз ертіп жүріп жердің 

10
құйқасы,  шөбі,  жандықтармен  таныстырады.  Егіншілер  сабан 
айдап  жатқан  жерге  алып  барып,  жерді  қалай,  қашан  жыртуын, 
қалай тұқым сеуіп, қалай тырмалауын көрсетеді. Биыл Марқабай 
деген жолдасымыздың өзі бір жерге тұқым сеуіп шықты.
Сабағымызды  білмей  қалсақ,  оқытушымыз  қайтадан  түсін- 
діреді. Кейіп, жазаландырмайды, кейде қасындағы жолдасына маза 
бермей, тентек болған баланы оңаша отырғызып қояды. Ата-ана-
ларымыз бен оқытушыларымызды ренжітпелік деп сабағымызды 
дұрыс оқимыз.
ЖАС ҰЛАН
Алшия мініп жас бала 
Тобылғы күрең тұлпарын. 
Қызыл туын қолға ала, 
Қондырған ерке сұңқарын.
Садағын тізіп дестеден, 
Бес қаруын асынған. 
Көмілген тұлпар кестемен, 
Шымқай қызыл асылдан.
Жайнаған ылғи қырмызы, 
Сұлу тұлға кигені. 
Оттан ыстық жұлдызы
Күн сәулесі күлгені.
Тұлпары қарап шекеден, 
Шұлғиды жерді тебініп. 
Келгендей-ақ Меккеден, 
Жұрт қоршаған төгіліп.
Түрленіп тоқсан толғанып, 
Аударды көптің назарын. 
Сұңқылдап үні қозғалып, 
Ашты тілдің базарын.
«Еңбек өнер туысым, 
Мен – табиғат баласы. 
Адалат
1
, шапағат
2
 уысым, 
Мен – әлеумет анасы».
Атылып тұлпар басқанда, 
Көп жөңкілді жарылып. 

Адалат (арабша) – әділет, адалдық.
2
 Шапағат (арабша) – арада жүрушілік, жақтаушылық

11
Шықты дауыс аспанға, 
Күй құйқылжып салынып.
Қызыл ту сонда сілкініп, 
Сау-сау төкті білімді. 
Толқыған шаршы іркіліп, 
Жинаймын деп жүгінді.
Сілтесе қамшы ұшынан
Әділдік жауды сартылдап. 
Аттаса тұяқ тұсынан, 
Тұтанды шапиқат
3
 жарқылдап.
Желігіп, зулап желіп ед, 
Түйдек-түйдек түсті еңбек.
Абдоллаұлы Кенжеғали
БҰЛ КІМ?
Бала, бала, бала! деп, 
Түнде шошып оянған. 
Түн ұйқысын төрт бөліп, 
Түнде бесік таянған. 
Аялы қолда талпытқан
Қаймақты сүттей қалқытқан, 
Суық болса жөргетіп, 
Қорғасын оқтай балқытқан. 
Айналасына ас қойып, 
Айдынды көлдей шалқытқан. 
Қолын қатты тигізбей, 
Кірлі көйлек кигізбей, 
Иісін жұпар аңқытқан.
Алтынсарыұлы Ыбырай
ТОРҒАЙ
Ағаш  арасындағы  жол.  Аңнан  қайтып  келе  жатырмын.  Итім 
алдымда  жүгіріп  келеді.  Бір  кезде  итім  алдымда  құс  барлығын 
білгендей болды. Жүрісін тежеп, ептеп басуға айналды.
Ілгері жолды қуалай қарасам, тұмсығының айналасы сарғылт, 
басына жұмсақ мамық жүн шығып келе жатқан торғайдың балапа-
ны көзіме түсті. Жел ағаш басын теңселтіп тұр. Балапан ұясынан 
3
 Шапиқат (арабша) – рақым, рақымдылық, аяушылық. (Құраст.)

12
құлап қалып, жаңа өсіп келе жатқан сүйрік қанатын жайып, қимыл 
етпестен отыр.
Итім  ептеп  басып  жуықтап  қалды.  Бір  кезде  жанындағы 
ағаштан кенет кәрі қара тамақ торғай ұшқан тастай зу етіп, тап 
иттің тұмсығының алдына келіп түсті. Жүні үрпиіп, түсі қашып, 
абдырап  сасқан,  кісі  аярлық  дауыспен  шырылдап,  ашып  тұрған 
иттің аузына қарап бір-екі рет шапшыды.
Баласын  қорғап  құтқару  үшін  жаудың  аузына  қарсы  ұмтыл- 
ды.  Құрттай  денесі  қорыққаннан  дірілдеп,  дауысы  барқырап, 
қарлығып торғай өле жаздады. Торғай өзін-өзі құрбандыққа қиды! 
Торғайға ит қандай зор дажал. Сонда да қауіпсіз биік бұтағында 
жаны төзіп отыра алмады...
Еркінен  әлдірек  күш  торғайды  жоғарыдан  төмен  лақтырып 
түсірді.
Менің  Құтпаным  тоқтап,  кейін  шегінді.  Ит  те  әлгі  күшті 
мойындады.
Мен  ұялып,  сасып  бүгежектеп  қалған  итті  шақырып  алдым. 
Торғайды сыйлап, көңілім бұзылып, жөніме жөнелдім.
Түргенұлы
ӨЗЕН
Таулардан өзен ағар сарқыраған
Айнадай сәуле беріп, жарқыраған. 
Жел соқса, ыстық соқса, бір қалыпта, 
Аралап тау мен тасты арқыраған.
Көңілің суын ішсең ашылады,
Денеңде бар дертіңді қашырады.
Өксіген оттай жанып жануарлар, 
Өзеннен рахат тауып басылады
Қынарда
4
 тілсіз тұрған тоғайлары 
Шуылдап желмен бірге бас ұрады.
Он мың мал айдап өтсең лай калмайды, 
Тасына су бармаған сай қалмайды. 
Тасыған өзен, судың қуатымен 
Көк шығып, шөп бітпеген жай қалмайды.
Ел қыстап күн көреді жаныбында, 
Дәм болар алуан-алуан балығында... 
Боқ таста, алтын таста сынамаққа, 
Сонда да аққан өзен қалыбында!
4
 Қынарда – жағасында.

13
Құдіретін міне, қызық көресің бе? 
Не нәжіс тоқтар өзен денесінде. 
Арыстан демалуга суға кірсе
Балықтар шымшып ойнар терісінде.
Алтынсарыұлы Ыбырай 
АҚ ЕДІЛДІҢ ТАСУЫ
Жазғытұры  басталған  соң-ақ,  менің  табиғатты  қатты  сүю 
сезімім  оянды.  Жазғытұрғы  лай  селдердің  өрден  төмен  төбенің 
бауырымен шулап, сылдырлап жүгіргенін қарап тұрғанда өте ра-
хаттанушы  едім.  Тағы  бір  қызық  көретін  нәрсем  –  селдің  бетін 
шыбықпен  тазарту  еді,  бірақ  мұны  маған  көп  лұқсат  етпейтін. 
Есігіміз алдынан Ақ Еділ көрініп жатады. Мен өзен қашан бұзылар 
екен деп тыншымай күттім. Ақырында сарғайып күткен күнім де 
жетті! Есекең ертеңгісін мен тұрар-тұрмастан асығып кіріп келіп, 
қуанып: «Ақ Еділ бұзылды» – деді. Көзді ашып-жұмғанша киініп, 
есік алдына ырғып шықтым. Біреуді жеп жібергендей болып қарай 
бастадым. Екі жиектің арасымен қарауытқан жалпақ көк мұз жо-
сып бара жатыр кейде сары мұз да зырғып өте шығады.
Өзенді кесе түскен қысқы жол әлдеқашан жөңкіп асып барады, 
оның үстінде бір сорлы қара сиыр есінен танып, ол шетімен бұл 
шетіне шапқылап жүр. Шабуылдап жүрген сиыр титтей жаңылып 
басса,  қасымдағы  қыз-қатындар  аяп  шу  ете  түседі.  Сиырдың 
өкіргені кұлаққа тиіп тұр. Сорлы малды мен аяй бастадым. Биік 
тік жардың сыртына бара бергенде, өзен жалтарып кетеді, жартас 
артында жол да, үстінде өңкілдеп жүгірген сиыр да тасаға түсті.
Бір  кезде  мұз  үстінде  екі  ит  көрінді,  бірақ  олардың  сас- 
қалақтап  секіргені  аяудың  орнына  қасымдағылардың  арасында 
күлкі туғызды. Жұрттың бәрі де иттер суға кетпейді я қарғып, я 
жүзіп шығар деп сенді. Мен де соған нанып кетіп, сорлы сиырды 
ұмытып, басқалармен бірге күле бастадым. Иттер жұрттың үмітін 
аяқсыз қалдырмады. Көп кешікпей жиекке өтіп шықты. Мұз әлі 
тұтас тізбекпен өтіп жатыр.
Мұз  сықырлап,  дал-дал  болып  сынып  жатыр,  араларында  су 
шалп-шалп етеді. Мұздар бірінің үстіне бірі ырғып мініседі, ірірек 
мықтылары  әлсіздерін  бүгерлеп  астына  салып  барады.  Мұздар 
сіресіп, буылған жерде бір қыры көкке көтеріліп, жөнеліп кетеді. 
Кейде соғысып кеткен екі мұз күл-талқан болып ұсатылып, асты-
на  батады.  Қобыздың  күңіренгені  сияқты  сарнап,  анық  құлаққа 
тиеді.

14
Сол  қорқынышты  зор  тамашаға  қарап  болып,  үйдегі  әжеме 
келдім  де,  көрген-білгенімді  қызғындап  айта  бастадым.  Малдан 
әкем қайтқан соң, Ақ Еділдің бұзылғанын бұрынғыдан да бетер 
қызғындап ұзағырақ сөйледім. Үйткені, неден екенін білмеймін, 
әкем ықыластырақ тыңдады.
Сол күннен бастап, Ақ Еділге дайым қарап тұратын болдым. 
Өзен арнасынан шығып, аласа жиегін жапты: теңіздей жарқырап, 
даланы шая бастады. Күнбе-күн өзен түрі өзгеріп, ақырында су 
сегіз  шақырымнан  асу  жерді  шайып,  бұлтқа  араласты.  Мінер 
жақта ұшына көз жетпейтін жарқыраған су, беті теп-тегіс, тап-таза 
шыны  сияқты.  Үйдің  тіке  қарсы  алдында  судан  басы  қылтиып, 
үрпиіп тұрған шегіршін мен емен ағаштар қарауытады, уақ аралға 
ұқсайды. Тасқын су көпке дейін қайтпады.
Ақсақұлы
ЖЕЛ ҚАЙЫҚТА
Тәуекел дарияға салсаң қайық, 
Қорықпай жүз, тұтқан жолда кетпе тайып. 
Дарияда бірде тыныштык, бірде дауыл, 
Қаңбақша кезер кемең қанат жайып. 
Абықта қалқыр кемең тыныштық тауып, 
Сұрапыл дауыл соқса қатер-қауіп. 
Тілсіз жау қара дауыл үні құрыр, 
Ескекті мықтап ұста, кетпей ауып. 
Тыныштықта құлаш керсең әнге салып, 
Гулеп сал, толқында да қаһарланып. 
Сыр берме, жел қайыққа мінгеннен соң, 
Рахатты, миқынатты

 да мойынға алып. 
Толқында, тыныштықта да өлеңдетіп, 
Дариядан қорықпай жүзіп аман өтіп. 
Әділдік, махаббаттың патшалығын, 
Көрерсің мақсатыңа барып жетіп.
Сәкен
ЖАЗҒЫТҰРЫ
Жазғытұрым қалмайды қыстың сызы
Масатыдай құлпырар жердің жүзі. 
Жан-жануар, адамзат анталаса, 

Миқынат (арабша) – азап, қиыншылық, ауыртпалық (құраст.)

1
Ата-анадай елжірер күннің көзі.
Жаздың көркі енеді жыл құсымен, 
Жайраңдасып жас күлер құрбысымен. 
Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал, 
Жалбаңдасар өзінің тұрғысымен.
Қырдағы ел ойдағы елмен араласып, 
Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып. 
Шаруа қуған жастардың мойны босап
Сыбырласып, сырласып, мауқын басып.
Түйе боздап, қой қоздап, қора шу-шу, 
Көбелекпен, құспенен сайда ду-ду, 
Гүл мен ағаш майысып қарағанда, 
Сыбдыр қағып, бұраңдап ағады су.
Көл жағалай, мамырлап қу менен қаз
Жұмыртқа іздеп, жүгіріп балалар мәз. 
Ұшқыр атпен жүгіртіп тастағанда, 
Жарқ-жұрқ етіп ілінер көк дауылпаз. 
Құс қатарлап байлаған қанжығаға, 
Қыз бұраңдап, жабысып қылады наз.
Жазға жақсы киінер қыз, келіншек, 
Жер жүзіне өң берер гүл бәйшешек, 
Қырда торғай сайраса, сайда бұлбұл, 
Тастағы үнін қосар байғыз, көкек. 
Жаңа пұлмен жамырап саудагерлер, 
Диқаншылар жер жыртып, егін егер. 
Шаруаның біреуі екеу болып, 
Жаңа төлмен көбейіп дәулет өнер.
Безендіріп жер жүзін Тәңірім шебер
Мейірбандық дүниеге нұрын төгер. 
Анамыздай жер иіп емізгенде, 
Бейне әкеңдей үстіңе аспан төнер.
Мал семірер, ақ пенен ас көбейер, 
Адамзаттың кеңілі өсіп, көтерілер.
Қара тастан басқаның бәрі жадырап, 
Бір сараңнан басқаның бейілі енер.
Ай жұлдызға жылы жел хабар беріп, 
Жан-жануар қуанар тойға елеріп.
Азалы, ақ көрпесін сілке тастап
Жер күлімдер өзіне шырай беріп. 
Күн күйеуін жер көксеп ала қыстай, 
Біреуіне біреуі қосылыспай. 

16
Көңілі күн лебіне тойғаннан соң, 
Жер толқысып, түрленер тотықұстай.
Адам тіктеп көре алмас күннің көзін, 
Сүйіп, жылып тұрады жан лебізін. 
Қызыл арай, сары алтын шатырына, 
Күннің кешке кіргенін көрді көзім.
Абай


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал