Нуржігіт Алтынбеков 1 Қазақстан республикасы



жүктеу 8.03 Mb.
Pdf просмотр
бет9/209
Дата10.11.2022
өлшемі8.03 Mb.
#23699
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   209
Биохимия Негіздері
11
 
Нуржігіт Алтынбеков 
жүреді. Олар белоктардың құрылысы туралы тұқым қуалайтын 
ақпараттарды сақтайды.
Эндоплазмалық тор (ретикулум) (ЭПТ) – бұл цитоплазмадағы 
өзекшелер жəне қуыстар жүйесі түріндегі жасуша органелласы. 
Əдетте рибосомалар эндоплазмалық тордың жарғақшасына жа- 
бысады.
Лизосомалар жануар жəне саңырауқұлақ ағзаларының жасу- 
шаларында кездесетін диаметрі 0,5 мкм сопақ денешіктер. Лизо- 
сомаларда жасуша метаболизмінде пайда болған өнімдерді ыды- 
рататын ферменттер жинақталған, лизосома сұйығының рН~4,5 
шамасы гидролиздің тиянақты жүруіне себеп болады.
Пероксисома – органелла, мұнда органикалық қышқылдарды 
тотықтыратын ферменттер, каталаза, пероксидаза ферменттері 
жинақталған.
Рибосомалар – РНҚ жəне белоктардан құрылған мөлшері 20 
нм болатын жасушаның ұсақ органелласы. Рибосомаларда бело- 
ктар синтезі жүреді.
Митохондриялар – біржасушалы жəне көпжасушалы ағза- 
лардың барлық жасушаларында болатын органелла. Мито- 
хондриялардың ішінде ДНҚ, РНҚ жəне цитоплазмалық рибо- 
сомалардан өзгеше рибосомалар кездеседі. Митохондриялар 
жасушалардың энергетикалық станциясы деп аталады. Мито- 
хондриялардың саны, пішіні, мөлшері жасушаның метоболит- 
тік статусына тəуелді.
Хлоропластар – хлорофилл пигменті болатын жасыл пла- 
стидтер. Хлоропластарда фотосинтез жүреді – күн энергиясы 
АТФ жəне көмірсу молекулаларының химиялық энергиясына 
айналады.
Биологиялық мембраналар, ең алдымен, жасуша метабо- 
лизмінің биохимиялық, жасушалық жəне физиологиялық дең- 
гейдегі интеграциялық жəне дифференциялық жүйесі. Биомем- 
бранасыз АТФ-тың синтезі, гормондардың зат алмасуға əсері т.б. 
процестер жүрмейді.
Жасушалық жəне субжасушалық деңгейде мембранасыз 
ядроның, митохондрийдің, лизосомалардың, цитоплазманың өз 
қызметтерін істеуі мүмкін емес.



жүктеу 8.03 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   209




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет