Нуржігіт Алтынбеков 1 Қазақстан республикасы



жүктеу 8.03 Mb.
Pdf просмотр
бет45/209
Дата10.11.2022
өлшемі8.03 Mb.
#23699
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   209
Биохимия Негіздері
Нуржігіт Алтынбеков 
СН

– С – СООН 
пируват 
СН

– СН + СО
2
║ 
декарбоксилаза ║
О 
О
Лиазалар класының 7 тобы бар, бұлар алмасу процесінің 
синтезі мен ыдырауын жүргізетін ферменттер.
4. Изомеразалар – молекула ішінде орнын ауыстырып, бір мо- 
лекула төңірегінде изомерге айналуын қамтамасыз ететін фермент- 
тер. Органикалық заттардың изомерлік өзгерістерін катализдейді. 
Атомдардың, атом топтарының, фосфор қышқылы қалдықтары 
мен əртүрлі радикалдардың молекулаішілік орын ауыстыруы сал- 
дарынан изомерлеу процесі өтеді. Мысалы, альдегидтердің өзара 
кетонға, цис форманың транс формаға айналуы жəне керісінше. 
Егер изомерлеу топтары молекуланың ішінде ғана орын ауы- 
стырумен жүрсе, бұл кезде фермент мутаза деп аталады. Ал ин- 
версия ассиметриялық топтарда өтсе, фермент рацемаза немесе 
эпимераза делінеді. Изомерлеу процесіне көбінесе көмірсулар, 
амин қышқылдары мен органикалық қышқылдар ұшырайды. 
Изомеразаларға: глюкоза-6-фосфатизомераза, триозофосфати- 
зомераза, ретиненизомераза, рибулозо-5-фосфатэпимераза жəне 
т.б. жатады. Изомеразалар 6 топқа бөлінеді.
5. Лигаза (синтетаза) - байланыстардың энергиясын пайдала- 
на отырып, екі молекуланың қосылуын катализдейтін ферменттер. 
Синтетаза катализдейтін реакцияларда энергия көзі ретінде АТФ 
есептелінеді. Бұған көміртегі мен оттегі молекулаларын, күкірт 
пен азот немесе қос көміртегі молекуларларының байланыстарын 
түзуші (- С – О -) (-S – N-) (-C – C-) ферменттер жатады. Мұндай 
байланыстар түзу үшін АТФ жəне басқа да макроэнергиялық 
қосылыстардың (ГТФ, ЦТФ, УТФ, т.б.) ыдырауынан шығатын 
энергия пайдаланылады, яғни жай заттардан күрделі органика- 
лық заттар синтездейтін ферменттер деуге болады. Лигазалардың 
5 тобы бар, олар алмасу процесінің анаболиттік кезеңінде қатысады.

жүктеу 8.03 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   209




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет