Нуржігіт Алтынбеков 1 Қазақстан республикасы



жүктеу 8.03 Mb.
Pdf просмотр
бет4/209
Дата10.11.2022
өлшемі8.03 Mb.
#23699
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   209
Биохимия Негіздері
6
 
Нуржігіт Алтынбеков 
лаборатория ашты. Гемнің құрылысын зерттеп, гемоглобин мен 
хлорофилдің ұқсастығын тапты. Белоктың шіруінен пайда бола- 
тын өнімдерді, бактериялардың химиялық құрамын зерттеді. В. Г. 
Гулевич бұлшық еттен карнитин, карнозинді тапты. С. С. Салаз- 
кин жануар ағзасындағы азоттық алмасуды зерттеді.
Осылай ерекше қарқынмен өсімдіктер биохимиясы да 
дами бастады. Санкт-Петербург университетінің профессоры 
А. С. Фаминцын жəне оның шəкірттері проф. Д. И. Ивановский, 
И. П. Бородин (ол əрі композитор еді) өсімдіктер биохимиясының 
дамуына орасан зор үлес қосты. Академик С. Н. Костычев 
көмірсулардың өзгеруін – бір түрден екінші түрге айналу- 
ын зерттеді, əсіресе, көмірсулар метаболизміндегі ашу, тотығу 
процестерін зерттеулерінің қорытындыларына сүйене отырып, 
əлемге əйгілі бірнеше баға жетпес ғылыми еңбектер жазды. 
К. А. Тимирязевтің фотосинтез, хлорофилл жөніндегі тамаша 
еңбегі биохимияның дамуында айрықша рөл атқарды. Академик 
В. И. Палладин өсімдіктердің тыныс алу теориясын, академик 
А. Н. Бах биологиялық тотығудың асқын оксид теориясын құрды. 
Шетелдік ғалымдардың да биохимияны дамытуға сіңірген 
еңбектері орасан зор. 1868 ж. Ф. Мишер нуклеин қышқылдарын, 
Л. Пастер тыныс алу мен ашу процестерінің көптеген реакция- 
ларын ашты. Э. Фишер ферменттердің əрекет ету механизмін
зерттеді.
Қазақстанда биохимия саласындағы іргелі ғылыми-зерттеу 
жұмыстары республикада жоғарғы оқу орындарының ұйымдас- 
тырылуымен (1928 ж.) жəне Ұлттық Ғылым академиясының 
құрылуымен байланысты. Биохимияға қатысты айтарлықтай 
зерттеу жұмыстарын медицина саласында Б. И. Ильин-Кокуев, 
П. А. Верболович, кейіннен елімізде академик Т. Ш. Шармановтың 
басшылығымен жаңадан Тамақтану институты (институт пита- 
ния) ашылып, сəбилер мен жасөспірімдердің тамақтану биохи- 
миясы жəне гигиенасына аса зор көңіл бөлініп, іргелі зерттеулер 
жүргізілді.
Өсімдіктер биохимиясы саласында Қазақ КСР Ғылым ака- 
демиясының академиктері: М. И. Горяев, Т. Б. Дарқанбаев, 
Ғ. Т. Тəшенов, М. Ə. Айтқожиннің еңбектерін ерекше атауға 
болады.



жүктеу 8.03 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   209




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет