Нуржігіт Алтынбеков 1 Қазақстан республикасы



жүктеу 8.03 Mb.
Pdf просмотр
бет39/209
Дата10.11.2022
өлшемі8.03 Mb.
#23699
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   209
Биохимия Негіздері
57
 
Нуржігіт Алтынбеков 
менттер иммобилизациясы деген термин АҚШ-та инженерлік 
энзимология саласында 1971 жылы өткен І конференцияда 
қолданылған болатын. Иммобилденген ферменттер дегеніміз – 
қатты таянышқа (полимерге, целлюлозаға, т.б.) бекіген фермент- 
тер. Ондай ферменттер ерімейтін материалмен ковалентті байла- 
нысады. Мұндай бекіген ферменттердің кеңістіктегі қозғалысы 
шектеліп, тұрақтана түседі. Ферменттер иммобилизациясы:
- ферменттердің тұрақтылығын өсіреді;
- кез келген кезде реакция жүруін тоқтатуға мүмкіндік береді;
- биокатализаторларды бірнеше рет қайта қолдануға мүмкіндік 
береді;
- реакция нəтижесінде алынған өнімде фермент қоспасы жоқ, 
таза болады;
- процесті үздіксіз жүргізуге, фермент қасиетін керекті ба- 
ғытта өзгертуге мүмкіндік береді (рН-оптимумын, температура, 
талғамдылық т.б.).
3.3. Ферменттердің химиялық құрамы мен құрылымы
 
Ферменттердің бəрі де үлкен молекулалы қосылыстар, олар- 
дың молекулалық массасы 10 мыңнан 1 миллионға дейін, тіпті 
одан да көп шамаға жетеді. Мысалы, кейбір ферменттердің 
молекулалық массасын қарастырып көрелік:
Рибонуклеаза, ұйқы безінің ферменті. ........... 12640
Химотрипсин, ұйқы безінің ферменті. ........... 23000
Пепсин, шошқа қарынының ферменті. .......... 34000
Гексокиназа, бауырдың ферменті. ..................10000
Фосфорилаза, бауырдың ферменті .................. 185000
Каталаза, бауырдың ферменті. ......................... 232000
Уреаза ................................................................... 480000
Глутаматдегидрогеназа, бауырдың ферменті. 1000000
Синтетаза............................................................ 2300000
Барлық басқа белоктар сияқты, ферменттер де химиялық 
құрамы бойынша екі топқа бөлінеді. Олар қарапайым жəне 
күрделі ферменттер.



жүктеу 8.03 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   209




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет