Нуржігіт Алтынбеков 1 Қазақстан республикасы



жүктеу 8.03 Mb.
Pdf просмотр
бет34/209
Дата10.11.2022
өлшемі8.03 Mb.
#23699
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   209
Биохимия Негіздері
52
 
Нуржігіт Алтынбеков 
шұғылданғаны белгілі. Бірақ бұл процестерге ферменттердің 
тікелей қатысының барлығын білмеген еді, сол кезде ғылым, 
оның ішінде биология ғылымы өз дамуының ең төменгі сатысын- 
да тұрған болатын. Кейіннен табиғаттану ғылымдары саласында 
ашылған жаңалықтар мен қол жеткен табыстарға байланысты
биохимия саласы да біртіндеп дами бастады.
Луи Пастер спирттің ашу процесін зерттеп мынадай қоры- 
тындыға келеді: ашу процесін жүргізетін химиялық заттар емес, 
ашытқының, яғни тірі жасушалардың тіршілік əрекеті болып та- 
былады. Ол: ферменттер ашытқыдан ажырамайды, олармен бір- 
тұтас деп санады. Ашуға қатысты мұндай көзқарас 1897 жылы 
Бухнер ашқан тамаша жаңалыққа дейін ұзақ уақыт сақталып 
келді. Ол құрамында тірі жасушалар жоқ ашытқы сөлін сумен 
бөліп алады. Осы сөлдің өзі-ақ қантты тез ашытып, спиртке 
жəне көмір қышқыл газына айналдырғанын көреді. Осылайша 
қантты ыдыратып ашытатын ашытқының тірі жасушалары емес, 
керісінше олар жасап шығарған фермент (химиялық зат) екенін 
дəлелдейді. Ферменттің қантты ашытқы өнімдеріне айналдыра- 
тын катализатор екенін анықтайды.
Спиртті ашу кезіндегі катализатордың химиялық табиғатын 
анықтау ферментті процестер жөніндегі зерттеуді алға апаруға 
дем беруші үлкен күш болды жəне соның нəтижесінде көптеген 
ферменттер бөлініп алынып, зерттелді. Ферменттер əсерінің 
теориясы (Э. Фишер, 1890 ж.), ферментті реакциялардың кине- 
тикасы (Л. Михаэлис пен М. Ментен, 1913 ж.) жөніндегі жұ- 
мыстар жарық көрді. ХХ ғасырдың бас кезінде И. П. Павлов 
жəне оның əріптестері ас қорытушы ферменттердің белоктік 
табиғаты жөнінде өте маңызды мəліметтер алады. Олар иттің 
қарынындағы сөлдің активтілігі оның құрамындағы белоктарға 
байланысты екенін анықтады. Қарын сөлінде белок аз болса, онда 
пепсин де шағын мөлшерде болады. Өз мəліметтерін жəне басқа 
да ғалымдардың зерттеулерін талдай келіп, Павлов ферменттер 
дегеніміз – белоктік заттар деген қортындыға келді.
Ең алғаш таза ферментті 1926 ж. жас биохимик Дж. Сам- 
нер кристалл түрінде алды. Ол канавалия деген өсімдік дəнінен 
уреаза ферментін бөліп алып, оның кристалдарының белоктан 
тұратынын анықтайды. Бұдан кейін 1930 ж. Дж. Нортроп пепсин



жүктеу 8.03 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   209




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет