Нуржігіт Алтынбеков 1 Қазақстан республикасы



жүктеу 8.03 Mb.
Pdf просмотр
бет33/209
Дата10.11.2022
өлшемі8.03 Mb.
#23699
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   209
Биохимия Негіздері
лады?
 
А) Адамкевич
4–519 
49
 


50
 
Нуржігіт Алтынбеков 
Ə) Биурет реакциясы 
Б) Фоль реакциясы
В) Ксантопротеин реакциясы 
Г) Миллон реакциясы
20. Белоктарды бір-бірінен бөлуге мүмкіндік беретін əдіс:
 
А) нейтралдау 
Ə) диализ
Б) суалту
В) электрофорез
Г) тұз ерітіндісімен тұндыру
21. Тирозинді төменде көрсетілген қандай түсті реакцияның кө- 
мегімен ашуға болады?
 
А) Фоль реакциясы 
Ə) Миллон реакциясы
Б) Адамкевич реакциясы 
В) Биурет реакциясы
Г) Ксантопротеин реакциясы


51
 
Нуржігіт Алтынбеков 
ІІІ. ФЕРМЕНТТЕР
 
 
 
3.1. 
Ферменттер туралы жалпы түсінік
 
Ферменттер деп ағзада жүретін алуан түрлі биохимиялық 
процестерге катализатор ретінде əсер ететін белоктік табиғаты 
бар қосылыстарды айтады.
Əдетте химиялық реакциялардың жүру жылдамдығын шап- 
шаңдататын заттарды катализатор деп атайды. Ал ферменттер
- өсімдіктер мен жануарлар жəне микроағзалар жасушаларынан 
бөлінетін белок тектес, ағзадағы биохимиялық реакцияларды 
шапшаңдататын қабілеті бар зат. Оның қатысуынсыз қоректік 
заттардың ағзаға сіңуі мүмкін емес. Осыған сəйкес ферменттерді 
биологиялық катализаторлар деп атайды, өйткені, олар тірі 
ағзада өтетін зат алмасу процесіне тікелей атсалысады. Фермент 
(латынның тілінде fermentum – ашу деген мағына береді) деген 
терминмен қатар əдебиетте энзим (грек тілінде –enaym, en –ішкі, 
zyme ашытқы деген мағына береді) деген сөз де қолданылады.
Ферменттерді жəне олар катализдейтін реакцияларды зерт- 
тейтін биохимия бөлімі энзимология деп аталады.
Тірі жасушада зат алмасу процесі үздіксіз жүріп жатады. 
Зат алмасу процесі дегеніміз - белгілі бір тəртіппен кезектесіп 
келіп отыратын əртүрлі химиялық реакциялардың жиынтығы. 
Мұндай реакциялар жасушадан тыс жерде өте қиындықпен жəне 
мейлінше баяу жүреді. Ол үшін қатаң шарттар (жоғары темпера- 
тура, күшті қышқылдар, сілтілер жəне т.б.) қажет. Тірі жасуша- 
да бұл реакциялардың жылдамдығы тірі жасушалардан тысқары 
жердегіден миллиондаған есе артық.
Ферменттер – ағзадағы химиялық реакциялардың жылдам- 
дығын жүздеген жəне мыңдаған есе өзгерте алатын белокты 
заттар, атап айтқанда, жекелеген қосындылардың синтезі мен 
ыдырауын, зат алмасу процестерін жəне тағы сол сияқтыларды 
шапшаңдататын заттар.
Мыңдаған жылдар бойы адам баласы шарап ашыту, ірімшік 
жасау, нан пісіру, тері илеу, сыра қайнатушылық кəсіппен



жүктеу 8.03 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   209




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет