Нуржігіт Алтынбеков 1 Қазақстан республикасы



жүктеу 8.03 Mb.
Pdf просмотр
бет3/209
Дата10.11.2022
өлшемі8.03 Mb.
#23699
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   209
Биохимия Негіздері
КІРІСПЕ
 
 
Биохимия (биологиялық химия) – тірі ағзалардың құрамына 
кіретін химиялық табиғи заттардың құрылымын, өзгерісін жəне 
тірі материяда болатын химиялық реакцияларды молекулалық 
деңгейде зерттейтін ғылым. Сондықтан да биологиялық химия- 
ны – тіршілік химиясы деп атайды.
Биохимия үш бөлімнен тұрады:
Статикалық биохимия – ағзаның химиялық құрамына анализ 
жасайды;
Метаболиттік биохимия – ағзадағы энергия жəне зат алмасу- 
ын зерттейді;
Функционалды биохимия – тіршіліктің əртүрлі өзгерістерінің 
процестерін зерттейді.
Биохимия зерттеу түріне қарай шартты түрде жануарлар жəне 
адам биохимиясы, микроағзалар биохимиясы жəне өсімдік био- 
химиясы болып бөлінеді.
Биохимия өз бетімен ғылым болып XIX ғасырдың орта- 
сында қалыптаса бастады, ал ХХ ғасырда дербес ғылым болып 
орнықты, əсіресе, соңғы 80 жыл ішінде биохимия саласында 
көптеген жаңалықтар ашылды, ал қазіргі кезде ол молекулалық 
жəне электрондық деңгейде дамып келеді.
ХІХ ғасырдың басында К. Шееле табиғат өнімдерінен гли- 
церинді, лимон, сүт, қымыздық жəне несеп қышқылдарын бөліп 
алды. И. Руэль адамның несебінде несеп нəрін, Ю. Либих – гип- 
пур, ал А. Маргграф фосфор қышқылдарын ашты. Өт құрамынан 
холестерин табылды. А. Маргграф қант қызылшасынан сахароза- 
ны анықтады.
К. С. Кирхгоф 1814 ж. сұлы дəндерінің əсерінен крахмалдың 
қанттануы ферментативті процесс екенін жазды. XIX ғасырдың 
ортасында басқа ферменттер табылды: сілекей амилазасы
асқазан сөлі - пепсин, ұйқы безінің сөлі - трипсин жəне т.б.


5
 
Нуржігіт Алтынбеков 
ХІХ ғасырдың 50 жылдарында зерттеу əдістері бір-бірімен 
байланысты болғандықтан, физиология биохимияға жақындай 
түсті. Заттардың химиялық табиғаты жөнінде ғылымда көптеген 
мəліметтер жиналды. Ю. Либих (1839 ж.) тірі ағзалардың негізгі 
заттары – белоктарды, липидтерді, көмірсуларды, ал Шеврель 
(1832 ж.) майлардың құрылысы мен қасиеттерін зерттеді.
Метаболизм процестерін зерттеу 19 ғасырда басталды. Лавуа- 
зье еңбектерінде тыныс алу процестері зерттеліп, оттегінің рөлі 
көрсетілді. Бұл метаболизм энергетикасын зерттеуге мүмкіндік 
берді.
XIX ғасырдың екінші жартысында орыс жəне шетел универ- 
ситеттерінің медициналық факультеттерінде арнайы медицина 
кафедралары ашылды. Медициналық химия кафедраларын бі- 
рінші рет 1863 ж. Қазан университетінде А. Я. Данилевский, ал 
Мəскеу университетінде А. Д. Булыгинский ұйымдастырды.
20 ғасырда белоктар, липидтер, көмірсулар химиясы, метабо- 
лизм процестері, геном құрылысы мен функциясы зерттеліп, био- 
химияны фундаментальді ғылым қатарына қосты.
Соңғы жылдары тірі ағзаларды зерттеу əдістері көптеген қа- 
ғидалар мен фактілер жинағын толықтырды. Бұл биологияда мо- 
лекулярлы сатыда метаболиттік процестердің зерттелуіне мүм- 
кіндік берді. Метаболизм - тірі жүйені сақтау үшін ағзада өтетін 
барлық химиялық реакциялардың жиынтығы.
Биохимиядан алғашқы оқулықтар (И. Зимон, Ю. Либих, А. И. 
Ходнев) шыққаннан кейін ол ғылым ретінде өте зор қарқынмен 
жан-жақты дами бастады.
Орыс биохимиясының негізін салушы А. Я. Данилевский 
(1838-1923) болып есептеледі. А. Я. Данилевский жəне оның 
шəкірттері көптеген белоктардың құрамын, құрылысын, қа- 
сиеттерін зерттеді. Белок молекуласының полипептидтік құ- 
рылыс теориясының негізін құрды. Ферментативтік жолмен бе- 
локқа ұқсас заттарды синтездеу іске асырылды. Ферменттерді 
алу жəне тазалау əдістері ашылды. Таза күйінде амилаза жəне 
трипсин ферменттері алынды. Сондай-ақ, ферменттердің қай- 
тымды қасиеттерін жəне антиферменттерді ашу процестері де 
А. Я. Данилевскийдің еңбегімен байланысты.
1891 ж. Петербургте М. В. Ненцкий бірінші биохимиялық



жүктеу 8.03 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   209




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет