Нуржігіт Алтынбеков 1 Қазақстан республикасы



жүктеу 8.03 Mb.
Pdf просмотр
бет29/209
Дата10.11.2022
өлшемі8.03 Mb.
#23699
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   209
Биохимия Негіздері
42
 
Нуржігіт Алтынбеков 
тардың барлық биологиялық қасиеттері (каталиттік, гормондық, 
антигендік жəне т.б.) төменде көрсетілгендей, олардың үшін- 
ші реттік құрылымының тұрақтылығына байланысты, оны 
белоктың нативті конформациясы деп те атаймыз. Молекула кон- 
формациясының бұзылуына əкелетін кез келген əсер (термиялық, 
физикалық, химиялық) белоктың биологиялық қасиетін аздап не- 
месе толығымен жоюына əкеліп соғады (6-сурет).
6- 
сурет. Белок молекуласының құрылымдық деңгейлері.
Белок молекуласының төртінші деңгейдегі құрылымы. Төр- 
тінші деңгейдегі құрылым олигомерлі белоктарда болады. 
Мұндай белоктар екі немесе одан да көп полипептидтік тіз- 
бектерден тұрады. Құрамына кіретін полипептидтік тізбектер 
бірдей немесе əртүрлі болуы мүмкін. Жеке полипептидтік 
тізбектерді суббөліктер деп атайды. Суббөліктер (протомер- 
лер) бірінші, екінші, үшінші деңгейдегі құрылымдармен сипат- 
талады. Енді олардың бір-бірімен байланысып, жинақталып 
оралуы сол белоктың табиғи кеңістіктегі конформациясын, 
төртінші деңгейдегі құрылымын түзеді. Олигомерлі белоктардың 
молекулалық салмағы бір полипептидтік тізбекті белоктарға 
қарағанда əлдеқайда жоғары жəне олар күрделі қызмет атқа- 
рады (6-сурет). Төртінші деңгейдегі құрылымы бар олигомерлі 
белоктардың молекулалық салмағы 50000-нан астам болу керек. 
Өте танымал олигомерлі белок - гемоглобин. Оның белоктық 
бөлігі екі бірдей ά-жəне екі бірдей β-тізбегінен тұрады.


43
 
Нуржігіт Алтынбеков 
Жеке суббөліктердің бір-бірімен түйісіп байланысуында 
олардың құрамындағы белгілі амин қышқыл қалдықтарының 
радикал топтарының арасындағы байланыстардың маңызы зор 
болады. Олар сутектік, электростатикалық, гидрофобтық т.б. 
əрекеттесулер. Көптеген ферменттер, күрделі белоктар төртінші 
деңгейдегі құрылыммен сипатталады.

жүктеу 8.03 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   209




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет