Нуржігіт Алтынбеков 1 Қазақстан республикасы



жүктеу 8.03 Mb.
Pdf просмотр
бет28/209
Дата10.11.2022
өлшемі8.03 Mb.
#23699
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   209
Биохимия Негіздері
Нуржігіт Алтынбеков 
А. β-құрылым
Б. паралельді жинақталған түрі
В. антипаралельді жинақталған түрі
Белоктардың үшінші реттік құрылымы. Белоктың үшінші 
реттік құрылымы деп полипептидті тізбектің белгілі бір көлем- 
де кеңістікте орналасуын айтамыз. Үшінші реттік құрылымның 
пішініне қарай, белоктарды глобулярлы жəне фибрилярлы түр- 
лерге бөледі.
Белок молекуласы пішініндегі иіліп бұралу, қат-қабат қат- 
парлар, қисық бұрылыстар негізінен төмендегідей əрекеттесуге 
байланысты:
1. Амин қышқылдары қалдықтары арасындағы сутектік бай- 
ланыс.
2. Қарама-қарсы зарядтары бар бүйірлік топтардың өзара 
əрекеттесуінің электростатикалық күштері (лизин мен аргинин 
т.б.)
3. Амин қышқылдарындағы полярсыз радикалдар арасын- 
дағы гидрофобтық əрекеттесу. Белоктарда болатын амин қыш- 
қылдарының бүйірлі радикалдары судың əсерінен гидрофобтық 
ядро түзіп, глобулярлы молекуланың ортасына орналасады, ал 
гидрофильдік радикалдар глобулярлы молекуланың сыртқы бе- 
тінде орналасады. Гидрофильдік радикалдардың сумен сутектік 
байланыстар түзуі гидраттық қабат береді. Гидрофобты ілінісу 
күші əлсіз байланыс, бірақ бірнеше рет қайталанып келетіндіктен, 
барлығы қосылғанда едəуір əрекеттесу қуатын береді.
4. Белок молекуласындағы металл иондарының жəне амин 
қышқылдарындағы бүйірлік топтардың өзара əрекеттесуі (мыса- 
лы, цистеин молекулалары арасындағы – S – S – дисульфидтік 
байланыстар).
Қорытындылап айтқанда, əрбір белоктың үшінші реттік құ- 
рылымының ерекшелігі полипептидтік тізбектің құрамына кі- 
ретін амин қышқылдарының орналасу ретіне (бірінші реттік 
құрылымына) жəне амин қышқылдарының сандық мөлшеріне 
тəуелді.
Белок молекуласының үш өлшемді құрылымы өз кезегінде 
жаңа типті хабарды біріктіреді. Академик В. А. Энгельгард 
бұны интрамолекулярлы (хабар) деп атаған болатын. Белок-



жүктеу 8.03 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   209




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет