Нуржігіт Алтынбеков 1 Қазақстан республикасы


 Белок молекуласының құрылымдары



жүктеу 8.03 Mb.
Pdf просмотр
бет23/209
Дата10.11.2022
өлшемі8.03 Mb.
#23699
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   209
Биохимия Негіздері
2.7. Белок молекуласының құрылымдары
 
Белок молекуласының төрт деңгейлі құрылымы жөніндегі 
түсінікті ең бірінші ұсынған Ландерстром-Ланг. Белок моле- 
куласының құрылымы басқа биополимерлерге қарағанда əлде- 
қайда күрделі. Сонымен, белок молекуласының төрт деңгейдегі 
құрылымдық ұйымдасуы болады. Олар: бірінші, екінші, үшінші, 
төртінші деңгейдегі құрылымдар.


35
 
Нуржігіт Алтынбеков 
Белоктың бірінші деңгейдегі құрылымы. Белок молекуласы- 
ның бірінші деңгейдегі құрылымы полипептидтік тізбектегі амин 
қышқылдарының реттеліп орналасуы. Бірінші деңгейдегі құ- 
рылымға тəн пептидтік байланыс ұзындығы 0,132 нм, бұл –С– 
N- байланысынан (0,149 нм) кіші, С = N қос байланысынан ұзын 
(0,127 нм) (3-сурет). Кейбір ғалымдар пептидтік байланысты 
ішінара қос байланыс, ішінара дара байланыс деген пікір айту- 
да. Л. Полинг пен Р. Кори рентген құрылымдық анализ əдісімен 
пептидтік байланыс бұрышын анықтап, полипептидтік тізбек 
бір жазықтықта орналасқанын дəлелдеді. Дара байланыстардың 
бұралу бұрыштары торсионды болып келеді де, N-С
α 
бұрышы φ, 
ал С-С
α 
бұрышы – ψ деп белгіленеді. Əр амин қышқылының өзіне 
тəн бұралу бұрышы болады, бұл белоктардың екінші құрылымын 
сипаттайды. Пептидтік тізбектегі орынбасушы топтар пептидтік 
байланысқа цис- немесе транс- жағдайында ие болуы мүмкін 
жəне транс- жағдайдағы пептидтік байланыс мықтырақ келеді, 
бұл табиғи белоктарда (полипептидтерде) көп таралған, ал цис- 
пептидтік байланыстар сиректеу кездеседі жəне көбінесе оны 
пролин қалдықтары түзеді.
Соңғы жылдары белоктар биохимиясының дамуының арқа- 
сында белоктардың бірінші құрылымы туралы мəліметтер жи- 
нақталуда, қазіргі кезде 14-тен астам белоктардың бірінші құ- 
рылымы белгілі болды.
Белок молекуласында бір немесе бірнеше тізбек болуы мүм- 
кін, мысалы рибонуклеазада 1 тізбек, инсулинде – 2, гемоглобин- 
де – 4, т.б.
Полипептидтік тізбектің екі соңы бар. Бос NH
2
-тобы бар 
соңын N - шеті деп, ал бос СООН тобы бар соңын С - шеті деп 
белгілейді. Əдетте тізбектің басын N шетінен бастайды. Ең 
бірінші өткен ғасырдың 50-ші жылдарында инсулин гормонының 
бірінші деңгейдегі құрылымын анықтаған ағылшын биохимигі 
Ф. Сенгер болды. Ол белокты 1-фтор-2,4-динитробензолмен 
(ДНФБ) өңдеген, бұл реагент белоктың бос NH
2
тобымен бай- 
ланысып, сары түсті полипептидтік 2,4 - динитро-фенилді ту- 
ындысын түзеді. Осы қосылысты қышқылмен өңдегенде оның 
құрамындағы барлық пептидтік байланыстар үзіледі, бірақ ДНФБ- 
мен N-шеткі амин қышқылының арасындағы коваленттік байла-



жүктеу 8.03 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   209




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет