Нуржігіт Алтынбеков 1 Қазақстан республикасы



жүктеу 8.03 Mb.
Pdf просмотр
бет22/209
Дата10.11.2022
өлшемі8.03 Mb.
#23699
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   209
Биохимия Негіздері
3- 
cурет. Пептидтік байланыстағы атомдар аралық 
қашықтықтар (нм) жəне бұрыштар
Полипептидті тізбектің құрылысының ерекшелігі: - СО
– NН – тобындағы көміртегі мен азот атомдары шамамен бір
3–519 
33
 


34
 
Нуржігіт Алтынбеков 
жазықтықта орналасқан, ал сутегі атомы мен радикал осы жа- 
зықтыққа 109,28° бұрышпен бағытталған. Сонымен, көршілес 
амин қышқыл калдығындағы сутегі атомы мен радикалдың ор- 
наласуы қарама-қарсы. Полипептидтік тізбек құрылысындағы 
екінші бір ерекшелік – СО – NН – байланысының өзгешелігінде. 
Бұл топтағы көміртегі мен азот арасындағы байланыс өзінің 
арақашықтығы жағынан қос байланысқа жақын 0,132 нм (қос 
байланыс С = N 0,127 нм, дара байланыс – С – N - 0,149 нм). Міне 
осы жағдай белоктар мен полипептидтердің қасиетіне əсер етеді. 
Полипептидтік тізбектің тағы бір ерекше қасиеті біртектес
– СО – NН – фрагменттерден тұратын тізбек өзінің химиялық 
табиғаты жағынан əртектес бүйірлік топтармен қоршалған. 
Бүйірлік топтар R–радикалдар функционалдық жағынан алуан 
түрлі. Олардың көпшілігінің құрамында бос амин немесе карбок- 
сил топтары, гидроксилді, фенолды, амидті тағы да басқа функ- 
ционалды топтары бар. Белоктың көптеген қасиеттері, əсіресе, 
олардың кеңістікте орналасуы осы радикалдармен анықталады. 
Сонымен қатар, басқа факторлармен бірге белоктың функционал- 
ды активтілігіне əсер етеді.
Сонымен, амин қышқыл қалдықтары бір-бірімен пептидтік 
байланыс арқылы байланыса отырып, пептидтер, не белоктар 
түзеді. Əдетте, пептидтер құрамында 20-ға дейін амин қышқыл 
қалдықтары болса, онда оларды олигопептидтер деп, ал құра- 
мында амин қышқылдары 50-ге дейін болса, онда олар поли- 
пептидтер, ал 50-ден астам амин қышқылы бар жəне молекула- 
лық массасы 6 мыңнан жоғары болса, ондай полипептидтерді 
белоктарға жатқызады. Молекулалық массасы ең төмен белок
- инсулин гормоны 51 амин қышқылдарының қалдықтарынан 
тұрады.

жүктеу 8.03 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   209




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет