Нуржігіт Алтынбеков 1 Қазақстан республикасы



жүктеу 8.03 Mb.
Pdf просмотр
бет168/209
Дата10.11.2022
өлшемі8.03 Mb.
#23699
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   209
Биохимия Негіздері
257
 
Нуржігіт Алтынбеков 
40-сурет. Ацетил-КоА май қышқылдарының синтезіне қатысуы
Малат митохондриде оксалоацетатқа дейін тотығады. Тотық- 
сызданған НАДФН, ацетилКоА жəне СО
2
май қышқылдарының 
синтезіне қатысады.
Май қышқылдары синтезіне қатысатын барлық ферменттер 
бірігіп, май қышқылдарының синтетазасы атты мультиферментті 
комплекс түзеді.
Жануарлар ұлпаларының синтетазасы - екі ұқсас мономер- 
лерден тұратын димер.
Ферменттің əр мономерінің алты активті орталығы жəне 
ацил-тасымалдаушы белогі (АТБ) болады. Ацил-тасымалдаушы 
белок (АТБ) құрамында фосфорилденген пантотен қышқылы (ви- 
тамин В
3
) жəне диэтиламин коваленттік байланыс арқылы АТБ 
полипептидтік тізбегіндегі амин қышқылының HS-қалдығымен 
байланысқан. Сондықтан ацил-тасымалдаушы белокты HS – АТБ


Нуржігіт Алтынбеков 
деп белгілейді. Синтетаза ферменттік жүйесінде HS – АТБ ацил 
радикалдарын бір ферменттен екінші ферментке көшіру қызметін 
атқарады.
Синтетаза ферменттік комплекс димер түрінде ғана болады. 
Мысалға, пальмитатсинтетаза ферменттік комплексінде фер- 
менттердің атқаратын қызметі əртүрлі.
Синтетаза комплексінің ферменттері:
- ацил – АТБ – трансфераза
- малонил – АТБ – трансфераза
- β – кетоацил – АТБ – синтетаза
- β – кетоацил – АТБ – редуктаза
- β – гидрокси – АТБ – дегидратаза
- еноил – АТБ – редуктаза
Цитоплазмада май қышқылы синтезінде бастапқы рөлді 
пальмитин қышқылының синтезі атқарады. (СН

– (СН
2
)
14 
– 
СООН), себебі кейінгі тізбектің өсуі немесе кемуі митохондрия- 
да өтеді. Тізбектің өсуі пальмитин қышқылы тізбегіне көміртек 
атомдарының қосылуы, ал кемуі β–тотығу нəтижесінде жүреді.
Май қышқылдарының синтезі эндоплазмалық торда элонга- 
за ферменттері қатысында жүреді. Синтетаза комплексі димер 
түрінде ғана активті болып келеді, оны қысқартып
түрінде жазады.
Май қышқылы синтезі төмендегідей биохимиялық реакция- 
лардың көмегімен жүреді (41-сурет):
1. Ацетил-КоА-ның құрамындағы ацетил тобын пальмитатсин- 
тетаза ферментімен байланыстыру:
17–519

жүктеу 8.03 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   209




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет