Нуржігіт Алтынбеков 1 Қазақстан республикасы



жүктеу 8.03 Mb.
Pdf просмотр
бет12/209
Дата10.11.2022
өлшемі8.03 Mb.
#23699
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   209
Биохимия Негіздері
14
 
Нуржігіт Алтынбеков 
2. Мембрана ассиметриялы. Оның сыртқы жəне ішкі қа- 
баттарының құрамы жəне ферменттік активтілігі жағынан бір- 
бірінен айырмашылығы болады. Мысалы, адам қанындағы эрит- 
роциттер мембранасының ішкі қабатында фосфатидилэтаноламин 
жəне сфингомиелин болады. Мембраналардағы тасымалдаушы 
жүйелер тек бір бағытта ғана жұмыс істейді. Мысалы, эритро- 
цит мембранасындағы Nа

/ К

- АТФ-аза насосының жұмысын 
алсақ: бұл насос Nа

- иондарын жасушадан сыртқа шығарып 
отырса, К

иондарын сыртқы ортадан ішке кіргізіп отырады, ал 
керісінше бағытта ешқашан жұмыс істей алмайды. Сонымен 
қатар, мембрананың сыртқы қабаттарында гликопротеиндердің 
құрамына кіретін олигосахаридтер тобы болса, ішкі қабатта олар 
кездеспейді.
3. Мембрананың аққыштығы – биомембрананың құрамына 
кіретін май қышқылдары мен холестеринге байланысты. Мем- 
бранадағы май қышқылдары белгілі бір тəртіппен немесе қалай 
болса солай орналасуы мүмкін. Егер де май қышқылдары қаныққан 
болса, онда липидтік қосқабаттың аққыштығы нашар, қанықпа- 
ған май қышқылдары көп болатын болса, сұйық болады. Холесте- 
рин биологиялық мембрананың кристалдануынан сақтайды. Бір 
жағынан холестерол ацилдік тізбектің тез қозғалуына кедергі жа- 
саса, екінші жағынан екі көміртек тізбектің арасына тұрып, бір- 
бірімен жабысып қалуынан сақтап, мембрананың аққыштығын 
бірқалыпта ұстап тұруға мүмкіндік береді.
4. Мембрананың өздігінен жиналуы - олигомерлік белоктар 
немесе рибосома сияқты жүреді.


15
 
Нуржігіт Алтынбеков 
ІІ. БЕЛОКТАР
 
 
 
2.1. Белоктар туралы жалпы түсінік
 
Жер жүзіндегі тірі ағзалардың негізгі құрамды бөлігі – бе- 
лок. Ф. Энгельс өзінің «Табиғат диалектикасы» еңбегінде: «Өмір 
дегеніміз – белокты денелердің тіршілік ету тəсілі» деген. Демек 
белок барлық тірінің негізі, ал олардың тіршілік ету тəсілі - өмір 
болып табылады.
Тірі ағзаның құрамына кіретін белоктар немесе протеиндер 
(protos – бірінші, алғашқы, маңызды деген грек сөзі) органикалық 
қосылыстардың 50-85% құрайды.
1871 ж. орыс химигі Н. Н. Любавин белоктар амин қышқыл- 
дарынан тұратынын анықтады.
Белоктар цитоплазма мен ядроның негізін құрайды. Олар та- 
биғатта кездесетін органикалық заттардың ішіндегі ең күрделісі. 
Белоктардың элементтік құрамы (К. Сағатов бойынша):
Көміртегі – 50-55%
Оттегі – 21-24%
Азот – 15-18%
Сутегі – 6-7%
Күкірт – 0,3-2,5%
Кейбір белоктік заттардың құрамына фосфор кіреді, аз мөл- 
шерде кейде темір, мыс, йод, хлор, бром, кальций, мырыш жəне 
т.б. элементтер де кездесуі мүмкін.
Белоктардың басқа полимерлерден өзгешелігі – олар құры- 
лысы жағынан бір-біріне ұқсас болғанымен, мүлдем басқа моно- 
мерлерден құралған.
Белоктың молекулалық массасы оның құрамындағы амин 
қышқылдарының санына байланысты. Мысалы, инсулин бело- 
гінің құрамында 51 амин қышқылдарының қалдығы бар, екі 
полипептидтік тізбектен тұрады, молекулалық массасы 5733, 
ал гемоглобиннің құрамында 574 амин қышқылдарының қал-



жүктеу 8.03 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   209




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет