Нурхожаева Арайлым



жүктеу 49.23 Kb.
Дата11.11.2022
өлшемі49.23 Kb.
#23729
5-Топ Нурхожаева Арайлым
ЕМТИХАН ТАПСЫРМАЛАРЫ, Диуани лұғат-ат түрк» еңбегiн, AS Fiowers, Семинар тапсырмалары (3)

Нурхожаева Арайлым
Қорқыт ата- (VІІІ-ІХ ғғ. ѳмір сүрген) Қорқыт Ата қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы ауданына Сырдария бойында туған. Әкесі-Қарақожа, шешесі: Мұхамед пайғамбардың замандасы. Ол туылмас бұрын, далада қатты дауыл басталып, найзағай жарқылдап, жерді қараңғылық басқан. Бірақ, сәби дүниеге келген соң, күн сәулесі түсіп, табиғат қайтадан тынышталды. Адамдар: «Бұл бала барлығымызды қатты қорқытты, сондықтан оның есімін Қорқыт деп қояйық» деп шешті дейді.Қорқыт күйлері: “Аққу”, “Ұстаз”, “Башпай”, “Қоңыр” т.б. «Қорқыт ата кітабы» – түбі бір түркі халықтарының ортақ əдеби жəдігерлерінің бірі, адамзаттың асыл мұрасы ретінде əлемдік деңгейде зерттелген туынды. Негізінен батырлық жырлардың жинағы болып табылатын бұл жазба мұраның Дрезденде жəне Ватиканда сақталған негізгі екі нұсқасы, сонымен қатар үшінші – Дрезден нұсқасының көшірмесі саналатын Берлин нұсқасы бар. Мұқият сақталған екінші нұсқа — Италиядағы Ватиканның Аростолика кітапханасында. Алғашқы нұсқа 12 жыр, яғни 12 оғыз-намеден тұрады. Олар: «Дерсеханұлы Бұқаш туралы жыр», «Байбөрі баласы Алып Бамсы», «Тоқа баласы Ержүрек Темірұлы», «Төбекөз биді өлтірген Бисат батыр», «Қазан бектің ауылын жау шапқаны туралы жыр», т.б. Қорқыттың артына қалдырған көптеген нақыл сөздері бар. Олардың көбі қазақ халқының мақал-мәтелдерімен ұқсас болып келеді. Бірінші нұсқа Дрезден корольдік кітапханасында Х.Флейшер каталогы бо‐ йынша 86-нөмірмен тіркелген, араб әріптерімен жазылған 153 парақтық қолжазба. Екінші нұсқа Ватикан кітапханасында түрікше жазбалар арасында 102-нөмірге тіркелген 107 парақ бұл жинақ екі бөлімнен тұрады. Жинақтың бірінші бөлімі парсы тілінен түрік тіліне аударылған хикаялардан тұрады. Жинақтың екінші бөлімінде «Хикайет-и Оғызнаме-и Қазан бег ве ғайры» деген атпен белгілі болған. Ал үшінші нұсқа негізінен Дрезден қолжазбасының көшірмесі болып табылады. Ол Берлин корольдік кітапханасының Вильгельм Пертч дайындап, жариялаған. 1916 жылы «Китаб-ы Деде Коркут ала лисан-и таифе-и Оғузан» деген атпен араб əліппесімен жариялаған еңбегі осы Берлин нұсқасы негізінде дайындалған. Оқиға кейіпкерлері;Бәмсі-Бейрек Қара Кѳне Қара Бодақ Дүлек Боран Дондаз Қиян Селжү Қаңлы Қанық хан Рүстем.Қорқыт ата кітабында эпос шежіре элементтері басым.Ол заманда Жанкент жабығасына қараған тайпалар Сейілхан(түркмен)және Жейілхан(қыпшақ)болып бөлінген.Батысқа кеткендер әуелі «ғұз» сосын «оғыз» аталып ұзамай «түркімен» одан соң «селжүк» атаған.Қорқыт ата өзінің еліне жұртына тағы мынандай өсиет айтқан: «Жол қиындығын көрмеген жабы мінген жігітке Кавказ арғымағын мінгізуден келер пайда жоқ.Қорқыт атадан қалған бір сөз мынандай:Тәңірге сыйынбаған адамның тілегі қабыл болмайды.Тәңір пендеснің маңдайына не жазса сол болады деген екен.Менмен тәкпппар адамды Тәңір сүймеиді.Оғыз тайпасында Қорқыт ата ең күрделі мәселелерді шешкен.Қорқыттың кеңесін алмаи оғыздар ешбір жұмысқа қол ұрмаған.Ел оның барлық өсиетін бұлжытпай орындаған.Сонымен Қорқыт жырларынан ондағы тарихи шежірелік арқауға сай үш кезеңге бөлуге болады:1.Оғыз қыпшақ ұлысының ұйымдасу кезеңін суреттеитін жырлар.2.Түркмендер мен пешенг тайпалары арасындағы 34 жылға созылған алалықты суреттеитін жырлар.3.Оғыз қыпшақ ұлысының ыдырауы кезеңін білдіретін жырлар.Оларға көбіне ішкі оғыздарға қарсы көтерген Қазаның қыр қыпшақтарынан амантақа алғай өгеи баласы-Аруз туралы жыр жатады.Қорқыт жарларының басында «Бәмсі-Байрақ» жыры тұрады.Жырдағы Қорқытың тегі-баят яғни(баян).Жырдағы көшпелі өмір суреті тотемизм шаманизм сарындарына қарасақ Қорқыт жырларның сюжеттік арқаусы көне замандарда туған болады.Баят руында Қорқыт ата деитін білікті сәуегеи адам болыпты.Тәңірі зердесіне салған соң оның барлық болжамдары айна қатесіз болған.Қорқыт бұдан басқа; «Сайдың шөбін жеген білер түздің шөбін бөкен білер;Күн мен түнің келгенінін бозторғай білер;Ұлдың кімнен туғанын ана білер» деген екен.
1916 жылы-Түрік зерттеушісі Килисли Ахмет Рыфаттың «Китабы Деде Коркут алалисан-итаифе-иОғузан» деген атпен араб əліппесімен жариялаған еңбегі осы Берлин нұсқасы негізінде дайындалған.
1938 жылы-Түркияда Килисли Рыфаттың жоғарыда аталған араб əріптерімен жарық көрген еңбегінен кейін Орхан Шаик Гөкйайдың «Дедем Коркут» атты кітабыда жарық көрді. Бұл еңбек «Қорқыт ата кітабының» Түркияда латын əріптерімен басылған алғашқы басылымы болып табылады.
1958 жылы-Мухаррем Эргин жазба ескерткіштің Дрезден нұсқасы бойынша дайындаған еңбегінің І кітабы жарық көрді.
1963 жылы-Мухаррем Эргин ІІ кітабын жариялады.
1973 жылы-О.Ш.Гөкйай «Дедем Коркудун китабы» (Қорқыт атамның кітабы) атты еңбегін жариялады.
2001 жылы-СемихТезжан мен Хендрик Бушотен «Қорқыт ата кітабының» Дрезден жəне Ватикан нұсқаларының транскрипцияларын алғаш рет жеке жариялады.
2005 жəне 2016 жылдары-Садеттин Өзчелик «Қорқыт ата кітабына» қатысты зерттеу еңбектерін жариялады.
2006 жылы-Мустафа Синан Качалин Ватикан нұсқасының транскрипциясын жариялады.
Қортынды
Осындай көркемдік байланыстардың нышының оғыз халықтарының даңқты Дастаны «Дәде Қорқыт кітабы» мен қазақ эпикалық жырларының арасынан көреміз.Бұл әлденеше зерттеулерге жүк болатын құнарлы материал.Ауыз әдебиетінде жанрларынң ішінде дастаншылық саласындағы ұқсастықтары аса елеулі. Мысалы; «Едіге батыр» «Шора батыр» «Алпамыс батыр» бірнеше халықтардың арасныда сақталып келуі түбіркелстің шеңбері кең екенін көрсетеді.Бұл халықтардың ғасырлар бойында өзара байланысты үзіліп ежелгі жақындық ауыз әдебиеті ұмытпапты.Ертедегі этникалық мәдениет қарым қатынас тардың жарқын куәләгі фальклор шығармаларында қалыпты.Қысқа баяндама немесе мақала көлемінде бұл проблеманың ұштығына шығу мүмкін емес.Сондықтан мәселенің маңызы тұстарын тұжырмдап өтумен ғана шектелуі тура келеді. Қорқыт ата жырлары стилі, кѳркемдігі тұрғысынан әртүрлі. Соған қарағанда бұл жырлар кезінде бірнеше жыраудың аузынан жазылып алынған тәрізді. Бұл еңбек келешекте ортағасырлық ѳзге де құнды жәдігерлеріміздің транскрипцияларын жасап, қазақ тіліне сай жаңашалауға түрткі болады деген үміттеміз. Қорқыт ата мәңгі өлмейтін өмір іздеуші, мәңгілік өмір үшін қайтпас күрескер сипаты. Бірақ ол өмірінің соңында өлмейтін нәрсе жоқ екен деген пікірге келеді. Енді Қорқыт ата мәңгілік өмірді қобыз сарынынан іздейді екен. Ұлы күйшіге өзі іздеген мәңгілік өмір оның өнерінде сияқты көрінеді. Ол күйлерін толласыз тартып, дүниеден өтеді. Өзі өлгенмен артында күйлері, ұлғатты сөздері қалады. Ал әдебиет тарихында деректі түрде Қорқыт ата кітабы бар. Сондықтан мыңжылдық өркениеттер мен теңдессіз мәдениеттердің ошағы болып табылатын Қазақстан тарихында ғана емес, рухани дүниесінде де ойып орын алатын Қорқыт тұлғасы мен тағылымын тану, зерттеу, насихаттау және оны мақтан ету парызымыз.
5-топ
Сұрақтар:
1.Қорқыт ата қай ғасырда өмір сүрген тұлға?
2.Қорқыт ата кітабының неше нұсқасы бар және қазіргі таңда қай жерде сақталған?
3.Қорқыт ата кітабы неше жырдан тұрады?
4.Бірінші жыр қалай аталады және қысқаша мазмұны
5.XX ғасырда жырды зерттеген ғалым кім?
6.Қорқыт ата туралы қандай аңыздар бар?
7.Ел аузында жүрген,қазіргі таңда мақал-мәтелдер айналған Қорқыт атаның қандай сөздері бар?
8.Қорқыттың қандай күйлері бар?
9.Қорқыт атаның бойындағы үш түрлі өнер
10.Қорқыт атаны зерттеген қазақ ғалымдары;

Мұстафа Сағира


Бала кезден білетініміз, Қорқыт ата — өмірде болған адам. Дей тұрғанмен, жырдағы Қорқыт — аңыз-әңгімеге толы мифтік бейне. «Қорқыт ата былай деген екен…» деп басталатын нақыл сөздер көбіне-көп халық арасындағы мақал-мәтел мен қанатты сөздерге тым ұқсас келеді. Осының өзі-ақ дана бабаның атынан қарапайым халықтың өз арман-мұңдарын, ой-тілектерін қағазға түсіріп отырғанын аңғартады.Сөзіміз дәлелді болуы үшін «Жазушы» баспасынан 1986 жылы жарық көрген «Қорқыт ата кітабы» атты жинақтағы «Қорқыттың нақыл сөздері» деген кіріспесіне назар бұрсақ.«Жазушы» баспасынан 1986 жылы жарық көрген «Қорқыт ата» кітабының мұқабасы.
«Қорқыт атадан қалған бір сөз мынадай…» деп басталатын базбір нақыл сөздерді мысалға келтіріп көрелікші:
«Тәңірісі құрамаса, ешкімнің бірі екеу болмайды»,

«Тәңірі бәндесінің пешенесіне не жазса, сол болады»,

Оның жазуынсыз адам жамандық көрмейді, ажал келіп, өлмейді»,

«Жігіт тірісінде Қаратаудай қылып, бір күн тыным көрмей дүние жияды, байды. Бірақ соның ішінен ол өзіне тиісті үлесін ғана жейді»,

«Менмен, тәкаппар адамды Тәңірі сүймейді»,

«Басқалардан өзін жоғары ұстаған адамға Тәңірі бақ бермейді»,

«Күлді қаншама үйгенмен төбе болмас»,

«Қара есектің басына жүген таққанмен-тұлпар болмас»…



Міне осылайша, бүгінгі қолданысымыздағы мақал-мәтелдерге төркіндес нақыл сөздерді «Китаби дедем Қорқуттан» көптеп табуға болады.
«Қорқыт ата кітабын» орыс ғалымы, академик В.Бартольд ондаған жылдар бойы зерттеп, аянбай, тер төгіп, орыс тіліне аударған.Ғалым Бартольдтың аудармасы негізінде «Қорқыт ата кітабын» қазақ тіліне аударған ғалымдар: филология ғылымдарының докторы, профессор Әуелбек Қоңыратбаев пен ғалым Мардан Байділдаев болатын.Ол еңбек жоғарыда айтқанымыздай, 1986 жылы жарық көрген еді. Аудармашылар сондай-ақ қазақша мағынасын саралау барысында 1950 жылы жарық көрген жыр аудармасының Баку нұсқасын да басшылыққа алғандарын өз еңбектерінде жазған екен
Ғалымдардың айтуынша, «Қорқыт ата кітабының» қос қолжазба нұсқасы бүгінгі күнге дейін сақталған екен. Оның біріншісі — Дрезден (Германия) қалалық кітапханасының сирек қолжазбалар қорында көрінеді. Біз тілге тиек етіп отырған аударма осы Дрезден нұсқасы. Ал мұқият сақталған екінші нұсқа — Италиядағы Ватиканның Аростолика кітапханасында. Алғашқы нұсқа 12 жыр, яғни 12 оғыз-намеден тұрады. Екінші қолжазба — бар болғаны 6 жырдан құралған. Филология ғылымдарының докторы, профессор Немат Келімбетовтың дәлелдеуінше, аталған шығарма «…VII-VIII ғасырларда Сырдария бойын мекен еткен оғыз-қыпшақ тайпалары арасында дүниеге келіп, сан ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа тараған-рухани қазына…» Сондай-ақ, осы ғалымның айтуынша, Қорқыттың анасы қыпшақ тайпасынан, әкесі Қарақожа оғыздарынан екен. «Міне сондықтан да Қорқыт ата қыпшақтар мен сол кезде Сырдария бойын мекендеген оғыздар арасында, екі жаққа бірдей ел ағасы атанған. Данышпан қарттың ұзақ жылдар бойы ел басқарған көсем болғанын, өз өмірінде үш хан тұсында уәзірлік қызмет атқарғанын дәлелдейтін тарихи деректер бар» дейді ғалым Немат Келімбетов «Ежелгі дәуір әдебиеті» атты еңбегінде.Ғалымның осы тұжырымына «Қорқыт ата кітабының» «Жырдың кіріспесі» деп аталатын бөлімінен дәлел келтіріп көрелік:«Баят руында Қорқыт ата дейтін білікті, сәуегей адам болыпты. Тәңірі зердесіне салған соң, оның барлық болжамдары қатесіз келген.
…Оғыз тайпаларында Қорқыт ата ең қиын деген мәселелерді шешкен. Қандай ғана қиын істе болмасын, Қорқыттың кеңесін алмай, ел ешбір жұмысқа қол ұрмаған.Ел оның барлық өсиетін, билігін Бұлжытпай орындаған», деп жырланған жыр кіріспесінде.Тайға таңба басқандай келтірілген бұл үзінді Қорқыт атаның тарихи тұлға екендігіне-бұлтартпас дәлел.
Ал Қорқыттың 12 жырдың өн бойындағы негізгі кейіпкерлердің бірі ретінде сипатталуын, бабалардан бізге мирас боп қалған осынау жазба жауһарларымызға, яғни «Қорқыт ата кітабына» Халық деген талантты ұлы аутордың қосқан шығармашылық үлесіне дәлел деп қарағанымыз жөн болар.Осынау тарихи құнды еңбекті зерттеу ісіне академик Әлкей Марғұлан мен филология ғылымдарының докторы Дандай Ысқақов та өлшеусіз үлес қосқан.Аталған шығармалардың жалпы түркі тектес халықтарға ортақ мұра екендігін түрколог ғалымдардың барлығы дерлік баса айтқан.
Дей тұрғанмен, «Қорқыт ата кітабындағы» ол батырлық баяндарда, яғни қайталанбас жырларда жиі ұшырасатын адам есімдері мен жер-су аттары аталған тарихи оқиғалардың қазіргі қазақ даласында өткендігін айғақтайды.Мысалы, сол хикаяларда Алатау, Қаратау, Қазығұрт, Қазылық тауы, Көкше теңіз, яғни Балқаш көлі, Арқа белі сияқты жер-су аттары жиі ұшырасады.
Біз жоғарыда айтқандай «Қорқыт ата кітабы» он екі жырдан тұрады. Сол қорқыт атаның бірінші жыры « Дерсеханұлы Бұқашжан туралы жыр»деп аталады Жырдың қысқаша мазмұны мынадай:
1)Баланың Бұқаш атануы Он беске толғанда сүзеген бұқамен айқасып, жеңеді;
2)Баланың өліміне себепші кімдер? Айналасындағылар әкесіне Бұқашты жамандап, елдің жауы етіп көрсетіп, жалған жала жабады;
3)Бұқаштың қайта тірілуі Анасы Бұқашты тауып алып, оның жарақатын емшегінің сүтімен жазып алады;
4)Әкесінің тұтқынға түсуі Дерсе хан елін жау шауып, хан тұтқынға түседі. Бұқаш жауды талқандап, Дерсе ханды аман – есен еліне алып қайтады. Сөйтіп, өзін өлімге қиған әкесін жау қолынан ажалдан құтқарады;
5)Әкесінің тұтқынға түсуі Дерсе хан елін жау шауып, хан тұтқынға түседі. Бұқаш жауды талқандап, Дерсе ханды аман – есен еліне алып қайтады. Сөйтіп, өзін өлімге қиған әкесін жау қолынан ажалдан құтқарады.
Жырдың тақырыбы, идеясы Анаға деген түркіхалықтарының құрметі, ұрпаққа деген сүйіспеншілігі, ұрпақ жалғастыру мәселесі, ата – ана мен балалар арысындағы парыз. Ерлік жасау, ізгілік көрсету
Ғалым Немат Келімбетовтың айтуынша, 12 жырдың біраз жырлары өзара ортақ кейіпкерлер және жалғасты сюжеттер арқылы бір-бірімен байланысып жатады.Десе де, ол жырлар оқиғаның дамуы, өрбуі тұрғысынан белгілі бір хронологиялық тәртіппен орналаспаған екен. Себебі, алдыңғы жырлардың бірінде «қайтыс болды» деп жарияланған кейіпкерлер содан кейінгі жырларда қайтадан оқиғаға араласып жүретін көрінеді.Сондықтан ғалым Немат Келімбетов «Жазушы» баспасынан 1986 жылы жарық көрген «Қорқыт ата кітабы» жинағындағы батырлық дастандарды логикалық желі тұрғысынан мынандай тәртіппен жүйелеуге ұсыныс жасаған екен. Яғни, ол жыр-баяндар 8, 1 ,3, 4, 11, 2, 5, 6, 7, 9, 10, 12 деген тәртіппен орналастырылғанда ғана жинақта хронологиялық жүйе қалыптасатын көрінеді.
Осы 12 дастандағы поэзиялық ұйқастар оның прозалық мәтінімен өзара астаса үндесіп, жырдың көркемдік қуатын күшейте түскен.Осынау батырлық 12 баянның әрқайсысы дерлік жыр ауторының Аллаға мінажат етіп, Жаратқаннан жарылқау тілеуімен аяқталып отырады.
Мысалы, «Кітаптағы» «Сыртқы оғыздардың ішкі оғыздарға қарсы бас көтеруі…» деп аталатын ең соңғы 12-ші жырдың соңғы түйінінде былай деп жырланады:«Бұл жиынға Қорқыт атам келіп, қуанышты өлең айтыпты. Дін үшін күрескен сол батырлардың ерлігін жырға қосыпты… Адам өмірі өткінші… Құдай сені өлгеніңше дініңнен айырмасын! Ақ сақалды әкеңнің барған жері жұмақ болсын! …Иманды жүзіңді көрген соң бес ауыз сөзбен дұға оқыдық. Ол дүниеде Мұхаммед саллалаху алейхиуассалам пайғамбар үшін Алла сенің күнәңді жеңіл етсін!»-деген тілекпен соңғы жыр аяқталған екен.
.Әрбір батырлық баяны бір немесе бірнеше талдау еңбектерге арқау боларлық бұл «Қорқыт ата кітабы» жинағы біздің ата-бабаларымыздың ұлттық жазба әдебиетімізге қайталанбас қаншама жауһар дүниелерді қосып кеткенін айғақтаса керек.
Чукен Елдана
Қорқыт ата шежіресі
Қорқыт Ата– түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы. Қорқыт Ата өмірде ізі, артында әдеби-музыка мұрасы қалған тарихи тұлға ретінде белгілі. Қорқыт Атаның өмір сүрген кезеңі туралы ғылымда әр түрлі болжамдар қалыптасқан. Алайда зерттеулердің көпшілігі Қорқыт Ата Сырдария бойында өмір сүрген оғыз-қыпшақ тайпалық бірлестігінде 10 ғасырдың басында дүниеге келген деген тұжырымға саяды.
Қорқыт Ата– түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы. Қорқыт Ата өмірде ізі, артында әдеби-музыка мұрасы қалған тарихи тұлға ретінде белгілі. Қорқыт Атаның өмір сүрген кезеңі туралы ғылымда әр түрлі болжамдар қалыптасқан. Алайда зерттеулердің көпшілігі Қорқыт Ата Сырдария бойында өмір сүрген оғыз-қыпшақ тайпалық бірлестігінде 10 ғасырдың басында дүниеге келген деген тұжырымға саяды.
Рашид әд-Дин “Жамиғ Ат-Тауарих” атты тарихи шежіресінде Қорқыт Атаны қайы тайпасынан шыққан десе, Әбілғазының “Түрік шежіресінде” оның тегі баят екендігі, оғыздардың елбегі болып, 95 жасқа келіп қайтыс болғандығы айтылады. Сыр жағасына жақын жерде Қорқыт атаның зираты болғанын Ә.Диваев, т.б. ғалымдар өз еңбектерінде атап өтеді. Ә.Қоңыратбаевтың зерттеулерінде Қорқыт ата 11 ғасырдың басында дүниеден өткен делінсе, Ә.Марғұланның еңбектерінде ол 7 – 8 ғасыр аралығында өмір сүрді деген пікір айтылады. Қазақ философиясы тарихында Қорқыт Ата– ел бірлігін нығайтқан кемеңгер қайраткер, түркі дүниетанымының негізін жасаған ғұлама ойшыл, әлемдік ақыл-ой мәдениетінде өзіндік орны бар философ-гуманистретінде көрінеді. Қорқыт Ата жайындағы аңыздардан оның бойындағы үш түрлі өнер ерекше айқындалады.
Рашид әд-Дин “Жамиғ Ат-Тауарих” атты тарихи шежіресінде Қорқыт Атаны қайы тайпасынан шыққан десе, Әбілғазының “Түрік шежіресінде” оның тегі баят екендігі, оғыздардың елбегі болып, 95 жасқа келіп қайтыс болғандығы айтылады. Сыр жағасына жақын жерде Қорқыт атаның зираты болғанын Ә.Диваев, т.б. ғалымдар өз еңбектерінде атап өтеді. Ә.Қоңыратбаевтың зерттеулерінде Қорқыт ата 11 ғасырдың басында дүниеден өткен делінсе, Ә.Марғұланның еңбектерінде ол 7 – 8 ғасыр аралығында өмір сүрді деген пікір айтылады. Қазақ философиясы тарихында Қорқыт Ата– ел бірлігін нығайтқан кемеңгер қайраткер, түркі дүниетанымының негізін жасаған ғұлама ойшыл, әлемдік ақыл-ой мәдениетінде өзіндік орны бар философ-гуманистретінде көрінеді. Қорқыт Ата жайындағы аңыздардан оның бойындағы үш түрлі өнер ерекше айқындалады.
Біріншіден, ол оғыз-қыпшақ ұлысынан шыққан айтулы бақсы, [[|Абыз (адам)|абыз]]. Екіншіден – күйші, қобыз сарынын алғаш туындатушы өнерпаз. Үшіншіден – әйгілі жырау, оның жырлары оғыз-қыпшақ өмірін бейнелеген әдеби-тарихи мұра. Түркі халықтарының фольклорындағы Қорқыт Ата туралы аңыз әңгімелердің бірі оның туылуына байланысты. Қорқыт – түркілердің оғыз ұлысынан шыққан асқан сәуегей, бақсы, күйшілік, жыршылық өнерлерінің атасы болып табылады.
Біріншіден, ол оғыз-қыпшақ ұлысынан шыққан айтулы бақсы. Екіншіден – күйші, қобыз сарынын алғаш туындатушы өнерпаз. Үшіншіден – әйгілі жырау, оның жырлары оғыз-қыпшақ өмірін бейнелеген әдеби-тарихи мұра. Түркі халықтарының фольклорындағы Қорқыт Ата туралы аңыз әңгімелердің бірі оның туылуына байланысты. Қорқыт – түркілердің оғыз ұлысынан шыққан асқан сәуегей, бақсы, күйшілік, жыршылық өнерлерінің атасы болып табылады.
Аңыз бойынша, анасы Қорқытты құрсағында үш жыл бойы көтеріп жүріпті. Жылына бір рет толғақ қысып отырады екен. Қорқыт дүниеге келер алдында әлемді үш күн, үш түн бойы көзге түртсе көргісіз қараңғылық басады. Сұрапыл қара дауыл соғып, ел-жұртты қорқыныш сезімі билеген. Осыған орай баланың атын “Қорқыт” деп қойған дейді. “Қорқыт” сөзінің этимол-сын Ә.Қоңыратбаев “құтты адам, құт әкелетін адам” деп көрсетсе, С.Қасқабасов “өмір сарқылды, адам өлді” деген мағынаны білдіреді деп санайды. Е.Тұрсынов түркі халықтарының фольклорына сүйене отырып, “дада, деде” деген сөздерді “насихат айтушы жырау” деп түсіндіреді. В.Жирмунский Қорқыт Атаны магиялық аспап – қобыздың иесі, шаман, абыз ретінде қарастырады.
Аңыз бойынша, анасы Қорқытты отырады екен. Қорқыт дүниеге келер алдында әлемді үш күн, үш түн бойы көзге түртсе көргісіз қараңғылық басады. Сұрапыл қара дауыл соғып, ел-жұртты қорқыныш сезімі билеген. Осыған орай баланың атын “Қорқыт” деп қойған дейді. “Қорқыт” сөзінің этимол-сын Ә.Қоңыратбаев “құтты адам, құт әкелетін адам” деп көрсетсе, С.Қасқабасов “өмір сарқылды, адам өлді” деген мағынаны білдіреді деп санайды. Е.Тұрсынов түркі халықтарының фольклорына сүйене отырып, “дада, деде” деген сөздерді “насихат айтушы жырау” деп түсіндіреді. В.Жирмунский Қорқыт Атаны магиялық аспап – қобыздың иесі, шаман, абыз ретінде қарастырады.
Біраз уақыт өткен соң бір баспақты қуып жүріп, жете алмағасын, “Өлсем де, жетемін!” дейді. Соны айтуы мұң екен, Әзірейіл келіп, “Сен өлімді еске алдың, енді өлесің!” дейді. Аңызда Қорқыт Ата өзінің жүйрік желмаясына мініп, халқы бақытты өмір сүретін жерұйықты іздеуші, ғұмыр бойы өлімге қарсы күресуші жан ретінде суреттеледі. Ел-жұртты өзінің жырымен де, күйімен де аузына қаратқан, ғұмырының соңында бірлігі ыдырай бастаған жұртының алауыздығына күйінген Қорқыт Ата мәңгілік өмір сырын іздеп дүниенің төрт бұрышын кезіп кетеді. Бірақ қайда барса да, алдынан көр қазып жатқан адамдарды жолықтырады. “Кімнің көрі?” деген сауалына “Қорқыттың көрі” деген жауап естиді. “Қайда барсаң да Қорқыттың көрі” деген сөз осыдан қалған. Ақыр аяғында жер кіндігін тапсаң, тірі қаласың деген аян естіп, туған жері – Сыр өңіріне оралады. Содан мәңгі өмір тек өнерде деген ойға келіп, қобыз аспабын ойлап шығарады. Тағы бір аңыз бойынша, өзен ортасына кілем жайып, үстінде отырып қобыз тартқанда, күй күшімен суға батпайды екен. Қорқыт Ата қобыз тартқан жылдары өлім болмаған, тек бақытты тіршілік болған дейді. Бірақ Қорқыт Ата шаршап, ұйықтап кеткен сәтінде судан кішкентай қайрақ жылан шығып, оны шағып өлтіріпті дейді.
Біраз уақыт өткен соң бір баспақты қуып жүріп, жете алмағасын, “Өлсем де, жетемін!” дейді. Соны айтуы мұң екен, Әзірейіл келіп, “Сен өлімді еске алдың, енді өлесің!” дейді. Аңызда Қорқыт Ата өзінің жүйрік желмаясына мініп, халқы бақытты өмір сүретін жерұйықты іздеуші, ғұмыр бойы өлімге қарсы күресуші жан ретінде суреттеледі. Ел-жұртты өзінің жырымен де, күйімен де аузына қаратқан, ғұмырының соңында бірлігі ыдырай бастаған жұртының алауыздығына күйінген Қорқыт Ата мәңгілік өмір сырын іздеп дүниенің төрт бұрышын кезіп кетеді. Бірақ қайда барса да, алдынан көр қазып жатқан адамдарды жолықтырады. “Кімнің көрі?” деген сауалына “Қорқыттың көрі” деген жауап естиді. “Қайда барсаң да Қорқыттың көрі” деген сөз осыдан қалған. Ақыр аяғында жер кіндігін тапсаң, тірі қаласың деген аян естіп, туған жері – Сыр өңіріне оралады. Содан мәңгі өмір тек өнерде деген ойға келіп, қобыз аспабын ойлап шығарады. Тағы бір аңыз бойынша, өзен ортасына кілем жайып, үстінде отырып қобыз тартқанда, күй күшімен суға батпайды екен. Қорқыт Ата қобыз тартқан жылдары өлім болмаған, тек бақытты тіршілік болған дейді. Бірақ Қорқыт Ата шаршап, ұйықтап кеткен сәтінде судан кішкентай қайрақ жылан шығып, оны шағып өлтіріпті дейді.
Қорқыт Ата кітабы (“Китаб-и дәдем Коркут ғали лисан таифа оғузан”) – қаһармандық эпос үлгісі, оғыз-қыпшақ дәуірінің жазба мұрасы. Ғылымда оның он екі нұсқасы мәлім: Дрезденде (12 нұсқа) және Ватиканда (6 нұсқа) сақталған. 19 ғасырда бұл жазба ескерткішті зерттеп, аудару ісімен академик В.В. Бартольд айналысып, жеке тармақтарын жариялады. Кейін бұл аударма “Деде Горгуд” (Баку, 1950), “Книга моего деда Коркута” (М.–Л., 1962) деген атпен жарық көрді

Қорқыт Ата кітабы (“Китаб-и дәдем Коркут ғали лисан таифа оғузан”) – қаһармандық эпос үлгісі, оғыз-қыпшақ дәуірінің жазба мұрасы. Ғылымда оның он екі нұсқасы мәлім: Дрезденде (12 нұсқа) және Ватиканда (6 нұсқа) сақталған. 19 ғасырда бұл жазба ескерткішті зерттеп, аудару ісімен академик В.В. Бартольд айналысып, жеке тармақтарын жариялады. Кейін бұл аударма “Деде Горгуд” (Баку, 1950), “Книга моего деда Коркута” (М.–Л., 1962) деген атпен жарық көрді.


Бейсенбекова Ақерке
Қорқыт Ата – түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы. Қорқыт Ата өмірде ізі, артында әдеби-музыка мұрасы қалған тарихи тұлға ретінде белгілі.Қорқыт атаның кеңестері далалықтардың қоғамдық өмірінде үлкен рөл атқарды, олар күні бүгінге дейін халық даналығы шоғырланған мақал мен мәтелдер ретінде қабылданады. Қорқыт атаның ана туралы нақыл сөздері: Ана — ердің серігі, батырдың бағдаршысы, ұрпақтың ұлы анасы Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман Анасыз қыз ақылға жарымас, әкесіз ұл сыйға жарымас Ниеті құрыған әйел, нысапсыз әйел, кесір әйел Ананың көңілі балада болар Ақ сүтін тоя емізсе, ана көрікті Ұлдың кімнен туғанын ана білер Қыз анадан көрмейінше үгіт алмас Қорқыт атаның тұрмыстық қажеттіліктерге Байланысты нақыл сөздері: Ер жігітке қара таудай мал бітсе, жияр, көбейтер, талап етер, бірақ Несібесінен артығын жемес Мыңғырған мал жиғанмен адам жомарт атанбас, Ондай бала ел басын құрап, үйінен дәм беруге де жарамайды Алла, алла демейінше іс өнбес, қадір тәңірі демейінше ер байымас Баба малынан не пайда, баста дәулет болмаса Қонақ келмеген қара үйдің құлағаны игі Шабуын білмеген оқалы (үкілі) қылыштан шоқпар артық Жалған сөз бұл дүниеде болмаса игі Күн жадында жұма көрікті Жол қиындығын көрмеген, жабы мінген жігітке Қап тауының арғымағын мінгізуден пайда жоқ Қорқыт атаның 4,5,6,7,8 жырлары. 4. Қазан бектің ұлы Ораз бектің тұтқын болғаны туралы жыр; 5. Дұқа Қожа ұлы Делі Домрұл туралы жыр; 6. Қаңлы Қожа ұлы Қан Тұралы туралы жыр; 7. Қазылық Қожа ұлы Йегенек туралы жыр; 8. Бисаттың Төбекөзді өлтір­гені туралы жыр; 4 жыр. Басталуы: Ұлашұлы Қазақ бек оғыз жастарының тобын жинап, шатыр тіккізіп, көңіл көтеруі. Байланысы: : Қазан бектің ақырын ойлап, баласына қарап жылауы. Баласымен бірге жеті күндік аң аулауға шығып, гәуірлерге дейін жететіндігін айтуы. Дамуы: Елге жау шабуы. Шиеленісі: Ораздың оларға қарсы шығып, тұтқындыққа ұсталуы. Шарықтау шегі: Қазан бек пен Ораздың анасының балалары үшін алаңдауы. Ораз бен әкесінің диалогы. Шешімі: Оғыздарға көмек келіп, 300 әскері шейіт болып, Оразды құтқаруы. 5 жыр. Басталуы:Домрул батырдың көпірі, сол көпірде жас жігіттің қаза болуы. Байланысы: Әзірейілді Домрулға жіберуі. Дамуы: Домрул мен Әзірейілдің әңгімесі. Шиеленісуі: Домрулдың кешірім сұрауы. Шарықтау шегі: Әйелінің Домрул үшін жан беруге дайын болуы. Шешімі: Әзірейілдің Домрулдың әке-шешесін өлтіріп, әйелі екеуіне 140 жыл сыйлауы. 6 жыр Басталуы:Қаңлының баласы Қан-Төрәліге жар іздеуі. Байланысы: Қаңлының Трапезун еліне аттануы. Дамуы: Қаңлының ұлынан асқан ерлікті талап етуі. Шиеленісі: Қан-Төрәлінің қырық жігітті ертіп жолға шығуы. Шарықтау шегі: Қан-Төрәлінің қиын сынақтардан өтуі. Шешімі: Қан-Төрәлінің шатыр тігіп, қалындықпен бірге кіруі. 7 жыр Басталуы: Қазылықтың Тагавор еліне жетуі. Байланысы: Қазалық пен Тагавордың жекпе-жекке шығуы. Қазылық жеңіліп, он алты жыл тұтқын болуы. Дамуы: Иекенектің әкесі туралы шыңдықты білуі. Шиеленісі: Иекенектің жау батырының басын алуы. Шарықтау шегі: Жаудың Қазалықты босатуы. Шешімі: Қаланы қиратып, шіркеудің орнына мешіт салып, олжаны бөліп беруі. 8 жыр Басталуы: Оғыз ханның жоғалтқан баласын табуы. Байланысы: Ханның қойшысы мен су перісінің арасындағы оқиға. Дамуы: Аруздың бала тауып алып, оны бағуы. Шиеленісі: Кемпірдің Бисаттан көмек сұрауы. Шарықтау шегі: Төбекөз бен Бисаттың соғысуы. Шешімі: Бисаттың Төбекөз дәуді өлтіруі.
Ризабек Аружан
«Қорқыт ата заманында қандай саяси және қоғамдық қызмет атқарды, тарихта болған нақтылы тұлға ма, әлде қиялдан шыққан діни, көркемдік бейне ме?» деген сұрақтарға жауап іздегенде бүгінгі күнге жеткен ауызша және жазбаша көптеген деректерді қамтуға тура келеді. Қорқытқа қатысты мәліметтерде шындықтан гөрі аңыздық сипат басым.«Қорқыт ата заманында қандай саяси және қоғамдық қызмет атқарды, тарихта болған нақтылы тұлға ма, әлде қиялдан шыққан діни, көркемдік бейне ме?» деген сұрақтарға жауап іздегенде бүгінгі күнге жеткен ауызша және жазбаша көптеген деректерді қамтуға тура келеді. Қорқытқа қатысты мәліметтерде шындықтан гөрі аңыздық сипат басым. Аңыз бойынша, анасы Қорқытты құрсағында үш жыл бойы көтеріп жүріпті. Жылына бір рет толғақ қысып отырады екен. Қорқыт дүниеге келер алдында әлемді үш күн, үш түн бойы көзге түртсе көргісіз қараңғылық басады. Сұрапыл қара дауыл соғып, ел-жұртты қорқыныш сезімі билеген. Осыған орай баланың атын “Қорқыт” деп қойған дейді. Аңыз бойынша, Қорқыт Ата ұйықтап кетіп, “егер өлімді есіңе алмасаң, мәңгі өмір сүресің” деген аян естиді. Біраз уақыт өткен соң бір баспақты қуып жүріп, жете алмағасын, “Өлсем де, жетемін!” дейді. Соны айтуы мұң екен, Әзірейіл келіп, “Сен өлімді еске алдың, енді өлесің!” дейді. Аңызда Қорқыт Ата өзінің жүйрік желмаясына мініп, халқы бақытты өмір сүретін жерұйықты іздеуші, ғұмыр бойы өлімге қарсы күресуші жан ретінде суреттеледі. Ел-жұртты өзінің жырымен де, күйімен де аузына қаратқан, ғұмырының соңында бірлігі ыдырай бастаған жұртының алауыздығына күйінген Қорқыт Ата мәңгілік өмір сырын іздеп дүниенің төрт бұрышын кезіп кетеді. Бірақ қайда барса да, алдынан көр қазып жатқан адамдарды жолықтырады. “Кімнің көрі?” деген сауалына “Қорқыттың көрі” деген жауап естиді. “Қайда барсаң да Қорқыттың көрі” деген сөз осыдан қалған. Ақыр аяғында жер кіндігін тапсаң, тірі қаласың деген аян естіп, туған жері – Сыр өңіріне оралады. Содан мәңгі өмір тек өнерде деген ойға келіп, қобыз аспабын ойлап шығарады. Тағы бір аңыз бойынша, өзен ортасына кілем жайып, үстінде отырып қобыз тартқанда, күй күшімен суға батпайды екен. Қорқыт Ата қобыз тартқан жылдары өлім болмаған, тек бақытты тіршілік болған дейді. Бірақ Қорқыт Ата шаршап, ұйықтап кеткен сәтінде судан кішкентай қайрақ жылан шығып, оны шағып өлтіріпті дейді. Аңызда ажал ашық келмей, жылан кейпінде келеді. Бұдан халықтың өлімге деген көзқарасын, “ажал айтып келмейді” деген филос. тұжырымның негізін көреміз. Қорқыт Ата туралы аңыздарда кездесетін үлкен философиялық мәселе – уақыт пен кеңістік. "Салар Қазаның үйін жаушапканы туралы" жырдың негізгі тақырыбы -оғыздардың кершітайпалармен өзара қарым-Қатынасы деуге болады.Көрші тайпалармен өзара Қарым-қатынас - оғыз- қыпшақ дауіріндегі ен көкейтесті мәселе болғанын тарихи деректер далелдейді.Сонымен бұл жырда сол дауірдің ен маңызды деген маселелерінің бірі жырланған. Бұл жырда Салар Казанның алдына қойған мақсаты іс-арекеті Қазақ,эпосынын батырларына мейлінше ұқсас болып келеді. Жырда Салар Казаның киян кескі канды шайкастар жургізу арқылы өзінің ел-жұртын жаудан қорғап баласы Оразды, айелі Берте сұлуды, анасы Шашактыны тұтқыннан босатып алады. Салар Казанның үйіне жау шапкан туралы» жыр Салар Казанның жеңісімен, той-думанмен аякталады. Н.Ә.Назарбаев 2018 жылы 21 қарашада жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында «Қазақстан – күллі түркі халықтарының қасиетті «Қара шаңырағы». Бүгінгі қазақтың сайын даласынан əлемнің əр түкпіріне тараған түркі тектес тайпалар мен халықтар басқа елдер мен өңірлердің тарихи үдерістеріне елеулі үлес қосты. Осыған байланысты, «Түркі өркениеті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін» атты жобаны қолға алу қажет. Бұл жоба аясында 2019 жылы Астанада Түркологтардың дүниежүзілік конгресін жəне əртүрлі елдер музейлерінің экспозицияларына ежелгі түркі жəдігерлері қойылатын Түркі халықтарының мəдени күндерін ұйымдастыру керек. Сондай-ақ Википедияның үлгісінде Қазақстанның модераторлығымен Түркі халықтарына ортақ туындылардың бірыңғай онлайн кітапханасын ашу да маңызды» деп жазады. Сондықтан мыңжылдық өркениеттер мен теңдессіз мәдениеттердің ошағы болып табылатын Қазақстан тарихында ғана емес, рухани дүниесінде де ойып орын алатын Қорқыт тұлғасы мен тағылымын тану, зерттеу, насихаттау және оны мақтан ету парызымыз.
5-топ Тест
1.Қорқыт өмір сүрген ғасыр
А)VI
B)XI
C)VII-VIII
2.Қорқыт жасаған аспап қалай аталады?
А)қобыз
В)домбыра
С)жетіген
3.Қорқыт ата кітабы неше жырдан тұрады?
А)7
В)15
С)12
4.Қорқыт ата кітабындағы ең алғашқы жыр қалай аталады
А)Қазан бектің ауылын жау шабуы
В)Дерсе хан ұлы Бұқаш
С)Оғыз қаған жыры
5.Қорқыт энциклопедиясы қай жылы жарық көрді?
А)1999
В)1997
С)1996
6. 2006 жылы қандай нұсқа транскрипциясын жариялады.
А) Дрезден жəне Ватикан
В) «Дедем Коркудун китабы»
C) Синан Качалин Ватикан
7. Қорқыт ата өзінің еліне жұртына қандай өсиет айтқан:
A) Тәңірге сыйынбаған адамның тілегі қабыл болмайды.
В) Жол қиындығын көрмеген жабы мінген жігітке Кавказ арғымағын мінгізуден келер пайда жоқ
C) Менмен тәкпппар адамды Тәңір сүймеиді
8. Садеттин Өзчелик қай жылы «Қорқыт ата кітабына» қатысты зерттеу еңбектерін жариялады?
А) 2005ж
В) 2006 ж
С) 2016

9. Дрезден нұсқасы бойынша дайындаған еңбегі қай жылы жарық көрді?


А) 1938
В) 1958
С) 1963
10. Батысқа кеткендерді қалай атаған?
А) түркмен
В) оғыз
С) селжүк

11.Дрезден қолжазба нұсқасының әр беті неше жолдан тұрады?


А)12
В)13
С)14
12.Ватикан нұсқасы неше беттен тұрады?
А)106
В)107
С)108
13.Жыр неше беттен тұрады?
А)160
В)155
С)153
14. Қорқыт жарларының басында
A) Бәмсі-Байрақ
B) Дедем Коркут
C ) Тоқа баласы Ержүрек Темірұлы
15. Х.Флейшер каталогы бойынша қанша нөмірін тіркеген?
A)107
B)153
C)86
16. 34 жылға созылған алалықты суреттеитін жыр?
A) Оғыз қыпшақ ұлысының ұйымдасу кезеңін суреттеитін жырлар
B) Оғыз қыпшақ ұлысының ыдырау
C) Түркмендер мен пешенг тайпалар

17. Түркияда Килисли Рыфаттың жоғарыда аталған араб əріптері қай жылы жарық көрген?


A ) 1958 жылы
B ) 1938 жылы
C ) 1916 жылы
18. Ә.Марғұланның еңбектерінде Қорқыт қанша жыл өмір сүрді деген пікір айтылған ?
A) 8 ғасыр
B ) 7 ғасыр
C )11ғасыр
19. Мухаррем Эргин ІІ кітабын қай жылы жазды?
А ) 1973
В ) 1973
С ) 1963
20. Жырдағы Қорқытың тегі?
A)Баят
B)Баян
C) Оғыз
жүктеу 49.23 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет