Нурғалиева Б. С., Балтабекова М. К



жүктеу 53.32 Kb.

Дата10.09.2017
өлшемі53.32 Kb.

Нурғалиева Б.С., Балтабекова М.К. 

132 


Применяя  информационные  технологии  на  занятиях  музыки  и  хореографии, 

нельзя  забывать  о  том,  что  это  урок  общения  с  искусством.  Очень  важно  не 

превратить занятие музыки и хореографии в общение с компьютером. Используя 

информационные технологии необходимо использовать только те их достижения, 

которые  помогут  раскрыть,  развить  и  реализовать  способности  дошкольников. 

Применяя  информационные  технологии  на  занятиях  необходимо  помнить  о 

здоровье  сберегающих  технологиях,  т.к.  при  использовании  видеоинформации 

идет большая зрительная нагрузка. 

Использования  ИКТ  в  детском  саду  можно  сказать,  что  использование 

мультимедиа  превращает  занятия  в  живое  действие,  вызывающее  у  детей 

неподдельный интерес, увлеченность изучаемым материалом. Ребенок не только 

видит,  воспринимает,  действует,  он  переживает  эмоции.  Ведь,  как  известно, 

только то,  что заинтересовало  дошкольника и  вызвало  какой-то  эмоциональный 

отклик,  станет  его  собственным  знанием,  послужит  стимулом  к  дальнейшим 

открытиям.  

Из  всего  выше  изложенного  можно  сделать  вывод,  что  с  использованием 

информационного  подхода  на  уроках,  хореография  и  музыки  развивает 

гармоничную личность, учит эмоционально динамическому осмыслению музыки 

и движению открывает для ребенка богатый мир танца, грации, и красоты 

Таким  образом,  с  помощью  ИКТ  усиливается  информационное 

взаимодействие 

между 


субъектами 

информационно-коммуникативной 

предметной  среды,  результатом  которой  является  формирование  более 

эффективной  модели  обучения,  повышается  мотивация  к  изучению 

общественных дисциплин. 

 

 



 

УДК 373.24 

 

ҚАЗІРГІ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІ ЖАҒДАЙЫНДА 

ОТАНСҮЙГІШТІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ 

 

Нурғалиева Б.С., Балтабекова М.К. 

(орталық шығын КММ «№9 орта мектеп») 

 

 

 

Қазіргі  таңда  балаларды  отансүйгіштікке  тәрбиелеу  мәселесі  көкейтесті 

мәселелерінің бірі болып тұрғаны баршамызға мәлім. Сонымен қатар осы мәселе 

әлеуметтік  оңалту  үдерісінде,  тұлғаның  әлеуметтік  ортада  өз  орнын  табу  және 

өмір жолын таңдауда жаңа сипатқа ие болып, өзінің шешу жолдарын табу үшін 

жаңа  әдістерді  таңдауға  тура  келеді  [1, 115]  Тұлғаның  адамгершілік  қасиеттері 

мектепке  дейінгі  жаста  қалыптаса  бастайды.  Осыған  байланысты  қазіргі  білім 

беру  мекемеде  жұмыс  істейтін  мамандар  балаларды  тәрбиелеуде  азаматтық 

сезімге,  өз  Отаның  мақтан  тұту  сезімін  қалыптастыру  міндеттері  қойылады.  

Аталмыш міндеттерді шешу үшін мектепке дейінгі жастағы балаларда азаматтық-

отансүйгіштік  қасиеттерін  қалыптастыруға  бағытталған  тиімді  педагогикалық 

жүйені құру мақсатын қою қажет [2, 65] . 



Қазіргі мектепке дейінгі білім беру мекемесі 

жағдайында отансүйгіштікке тәрбиелеу 

 

133 


Бірақ, 

балаларды 

азаматтық-отансүйгіштікке 

тәрбиелеу 

бойынша 

жұмыстарды тиімді ұйымдастыруда кедергі жасайтын бірқатар проблемалар орын 

алып жатыр, олардың ішінде: 

− 

оқыту үдерісінің жеткіліксіз бағдарламалық-әдістемелік қамтылуы; 



− 

қазіргі  уақытқа  дейін  сақталған  білім  беру  мекеменің  материалдық-

техникалық базасының толық қамтылмауы; 

− 

балаларды  азаматтық-отансүйгіштікке  тәрбиелеуді  насихаттауда  БАҚ 



қызығушылығының болмауы және т.б. 

Әдістемелік  әдебиеттерде  көбінесе  отансүйгіштікке  тәрбиелеу  мәселесінің 

нақты  жұмыс  түрлеріндегі  тек  жеке  жақтары  ашылып,  осы  мәселенің  барлық 

жақтарын көрсететін жүйесі қалыптасқан жоқ. 

Қазіргі  таңда  қоғамды  қайта  қалыптастыру  кезеңінде халқымыздың ең  үздік 

рухани  дәстүрлеріне  бет  бұру  қажеттілігі  орын  алып  отыр.  Олардың  қатарына 

туыстық,  Отан  мәңгілік  түбегелі  ұғымдар  жатады.  Мектепке  дейінгі  жастан 

бастап  балалардың  жоғары  рухани  және  моралдық-психологиялық  қасиеттерін 

тәрбиелеу керек, олардың ішінде отансүйгіштік ерекше орын алады. 

Отансүйгіштік  ұғымы  жан-жақты.  Мұнда  басым  орынды  Отанға  деген 

сүйіспеншілік  алады.  «Отан»  ұғымына  өмір  сүру  жағдайы  кіреді,  атап  кеткенде 

аумақ,  климат,  табиғат,  қоғамдық  өмірдің  ұйымдастырылуы,  тіл  және  тұрмыс 

ерекшеліктері,  деген  ұғымдардан  құралады.  Патриот  болу  -  өзін  Отанның 

ажырамас бөлігі ретінде сезіну. Осы күрделі сезім балалық шақта қоршаған орта 

әлеміне деген құндылығын бағалау негіздерін қалау арқылы қалыптасады.  

Басқа  сезімдер  сияқты  отансүйгіштік  сезіміне  әр  адам  жеке  ие  болады  және 

осы  сезімді  жеке  сезеді.  Осы  қасиет  адамның  рухани  байлығымен,  сезіну 

тереңдігімен  тікелей  байланыста  болады.  Патриот  болмаған  мұғалім  баланы 

отансүйгіштікке  тәрбиелей  алмайды.  Отансүйгіштікке  тәрбиелеу  баланы  осы 

сезімге  мәжбүрлеу  емес,  керісінше  осы  сезімге  жетелеу,  баланың  сана-сезімін 

ояту.  Себебі  отынсүйгіштіктің  түбінде  тұлғаның  рухани  өзін-өзі  анықтауы 

жатады. 


Әр  мектепке  дейінгі  білім  беру  мекемеде  отансүйгіштікті  тәрбиелеу  келесі 

бағыттарда жүзеге асырылады: 

рухани-адамгершілік, 



әлеуметтік, 

эстетикалық, 



өлкетану, 

еңбек, 


интеллектуалдық, 

отбасылармен жұмыс істеу және т.б. 



Осы  жұмысты  жүзеге  асыру  үшін  отансүйгіштікке  тәрбиелеу  бағдарламасы 

шеңберінде жүйелі жұмысты ұйымдастыру қажет. Осыған орай келесі міндеттер 

кешенін орындау керек, олар: 

балаларды  өз  отбасын,  балабақшаны,  көшені,  қаланы  сүюге,  табиғатты 



аялауға тәрбиелеу; 

балаларды мемлекеттік рәміздермен таныстыру (елтаңба, ту, гимн); 



елінің, қаласының жетістіктерін мақтан ету, жауапкершілік сезімін дамыту; 

басқа  халықтарды  сыйлау,  олардың  дәстүрлерін  сыйлау  сезімін 



қалыптастыру; 

еңбекті құрметтеуге тәрбиелеу; 



адам құқықтары жөнінде бастапқы білімдерді қалыптастыру; 



Нурғалиева Б.С., Балтабекова М.К. 

 

134 



Қазақстан қалалары туралы білімдерін кеңейту. 

Осы міндеттер балалармен жұмыс істеудің барлық түрлерінде шешіледі, олар: 

ойындар, еңбек ету, тұрмыстық жағдаяттар. 

Балаларды  отансүйгіштікке  тәрбиелеу  қоғамның  қазіргі  даму  кезеңінде 

мектепке  дейінгі  білім  беру  мекемелерін  Отанға  деген  сүйіспеншілік  сезімін, 

Отанның  тарихи-мәдениет  рухани  мұрасын  тану  қызығушылығын  дамытуға 

міндеттейді. 

Өз тарихын білмеген, болашағы жоқ адам, дегендей, өз шығу тегін, халқының 

дәстүрін  білмеген  адамды  отбасын,  елін,  халқын  сүйетіндей,  басқа  халықтарды 

құрметтейтіндей тәрбиелеуге болмайды. 

Азаматтықты  тәрбиелеу  оның  кіші  еліне  деген  құрметтеуден  басталады. 

Мектепке  дейінгі  жастағы  бала  отансүйгіштікке  жолды  туыстарға,  айналасына, 

балабақшаға, қаласына деген сезімдері арқылы бастайды. 

Бүлдіршін  өзін  ел  азаматы  ретінде  сезіну  үшін  айналасындағы  жақсы 

үлгілерді көру керек. Осыған орай балабақшадан бастап мемлекеттік рәміздерге, 

халықтық салт-дәстүрлерге көзқарасы қалыптасады. әрине осы мәселені шешуде 

халық ертегілері өзінің орнын алады. 

Бүлдіршін  ертегілердің  кейіпкерлерін  үлгі  ретінде  қабылдап,  өз  жүрегінен 

өткізіп,  эмоция  арқылы  сезімін  білдіреді.  Нәтижесінде  олар  өздерін  кейіпкерге 

ұқсатып, бүлдіршін жасынан бастап адамгершілікке, отансүйгіштікке, әдептілікке 

бағытталып, балалар өздері жақсы қасиеттерге тартылады. 

Қазақ  халқының  ерекше  өз  ертегілер  әлемі  қалыптасқан.  К.Д.Ушинскийдің 

пікірі  бойынша: «...тәрбие  әлсіз  болмаймын  десе,  халықтық  болу  керек». 

К.Д.Ушинский  педагогикаға  «халықтық  педагогика»  ұғымын  енгізген. 

Зерттеушінің  пікірі  бойынша,  халықтық  салт-дәстүрлерге  үйрету,  фольклор 

арқылы  халықтың  жанын  білуге,  рухани  байлық  құндылықтарды  бағалауын 

көруге болады. 

Мектепке  дейінгі  білім  беру  мекемелерінде  кеңінен  халық  ауыз  әдебиетінің 

материалдары қолданылады. Бірақ осы әдісті бір жүйеге келтірген жөн. Мысалы, 

мақал-мәтелдерді  жай  жаттаумен  қатар  оларды  түсіндіріп,  белгілі  жағдайда 

орынды болуын көрсету керек. 

Бүлдіршіндерді  отансүйгіштікке  тәрбиелеуде  өлкетану  негіздерін  қолдануға 

болады.  Балалар  арасында  «Менің  көшем»,  «Менің  қалам»  атты  көркем  сурет 

көрмесін  ұйымдастыруға  болады.  Осында  жіберілетін  бір  қателік  балалардың 

жұмыстарын  іріктеуге  болмайды,  себебі  баланың  суреті  оның  ішкі  сезімін 

білдіреді. 

Балабақшадағы 

тәжірибеге 

келсек, 


бүлдіршіндерді 

адамгершілік-

отансүйгіштікке  тәрбиелеу  жұмыстарын  олардың  өз  туған  қаласының  тарихы, 

оның  көркем  жерлері,  мәдениеті,  қаһармандары  туралы  білімдерін 

диагностикалаудан  бастадық.  Диагностикалау  нәтижелері  бойынша  келесі 

мәліметтерге ие болдық: 

Бүлдіршіндер  1941-1945  Ұлы  Отан  соғыс  туралы  білмейді.  Ал  Ұлы  Отан 

соғысқа қатысқан жерлестеріміз туралы мүлдем бейхабар. Кейбір балалар қалада 

орнатылған  ескерткіштерінің  мағынасын  білмейді.  Өз  көшелерінің  аталуы  неге 

байланысты екені жөнінде бейхабар екен. 

Орын  алған  мәселелерді  шешу  үшін  отансүйгіштікке  тәрбиелеу  жұмысын 

келесі  тақырыптарға  бөлдік:  «Қаламыздың  тарихы»,  «Петропавл  қаласының 

көріністері», «Жерлестеріміз – халық қаһармандары». 


Қазіргі мектепке дейінгі білім беру мекемесі 

жағдайында отансүйгіштікке тәрбиелеу 

 

135 


Отансүйгіштікке тәрбиелеуде қойылған міндеттерді шешу мақстатында топта 

мәндік-дамыту  орта  қалаптастырылған.  Қалыптастырылған  орта  арқылы  туған 

өлке  тарихын  және  дәстүрлерін  тереңінен  білуге  жағдай  жасалған.  Мұнда: 

балаларға  аталған  тақырыпта  жазылған  әдебиеттер  кітапханасы,  балалармен 

жұмыс  істеуге  арналған  «Петропавл  қаласы  бойынша  экскурсия»,  «Петропавл 

қаласының тарихынан»,  «Петропавл қаласының қаһармандары» атты альбомдар. 

Ойын  бұрыштарында  аталмыш  тақырыптарда  рольдік  ойындарды  ойнатуға 

қажетті  құралдар  жиналған.  Мысалы,  ұл  балалар  үшін  әскери  ойын  құралдары, 

қыз балалар үшін әскери санитарлар құралдары. 

Жалпы әр дамыту бағыты бойынша жұмыс мазмұнын ашатын  перспективтік 

жоспар құрастырылған. 

Жұмыс мазмұның жүзеге асыруы түрлі нысандар бойынша өтеді: балалармен 

әңгіме құрастыруда, кітаптарды оқып, талқылау, Ұлы Отан соғысы туралы әңгіме 

құрастыру,  қаланың  көріністеріне  жаяу  экскурсия  жасау,  әскери-патриоттық 

ойындарды  ұйымдастыру.  Сонымен  қатар  жоспарға  Ұлы  Отан  соғыс 

ардагерлерімен  кездесулердің,  тақырыптық  көрмелердің,  мерекелік  шаралардың 

ұйымдастырылуы  енгізілген.  Мысалы,  Жетінші  мамыр  –  Халық  қаһарманының 

күні. 


Осындай түрлі жұмыстарды қолдану арқылы балаларға білім беру үдірісінің 

тиімділігіне әсер етіп, отансүйгіштік сезімге тәрбиелеуге жағымды әсер етіледі. 

Отансүйгіштікке тәрбиелеу отбасынан басталады. Бүлдіршін өз отбасының да 

тарихын  білу  керек.  Бала  өз  отбасын  мақтан  тұтса,  өзін  де  сыйлай  бастайды, 

жоғары  бағалайды.  Арнайы  отансүйгіштікке  мәжбүрлеуге  болмайды,  нәтиже 

болмайды. 

Сондықтан  бүлдіршіндерді  туған  өлкесімен  таныстыруда  ата-аналармен 

тығыз  қарым-қатынас  арқылы  жұмысты  ұйымдастыру  керек.  Осы  бағытта  да 

перспективтік  жоспар  құралған.  Жоспарға  ата-аналар  жиналыстарының, 

әңгімелердің,  кеңес  берулердің,  түрлі  шығармашылық  сайыстардың  және 

көрмелердің  ұйымдастырылуы  енгізілген.  Топта  ата-аналарға  арналған 

әдістемелік кітапхана жиналған. 

Отансүйгіштік  сезім  өзінен  өзі  пайда  болмайды.  Отансүйгіштікке  тәрбиелеу 

балаға  жастайынан  үздіксіз  мақсатталған  адамға  әсер  ету  үдерісін 

ұйымдастыруының  нәтижесі  болып  табылады.  Баланы  туған  өлкемен 

таныстырып,  туған  өлкенің  тарихи-мәдени  ерекшеліктерімен  таныстыру  арқылы 

балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеуге болады. 

Жастайынан туған өлкесіне деген сүйіспеншілік сезімі адам есінде өмір бойы 

қала береді. 

Мектепке  дейінгі  білім  мекемелерінде  рет-ретімен,  жүйелі  түрде 

ұйымдастырылған жұмыс нәтижесінде бүлдіршіндерді болашақта жауапкершілігі 

жоғары, белсенді азаматтық ұстанымы бар, туған өлкесіне қатыстығын сезінетін, 

халқын, Отаның, отбасын, сүйетін, өз азаматтық парызын әрдайым өтеуге дайын 

болатын тұлға ретінде тәрбиелеуге әкеледі. 

 

 

 



Әдебиет: 

1.

 



Новицкая, М.Ю. Наследие. Патриотическое воспитание в детском саду./ М.Ю. Новицкая. – 

М.: Линка-Пресс, 2003. – 200 б.  



2.

 

Гражданское воспитание в ДОУ. / авт.-сост. Е.А. Позднякова. – Волгоград: Учитель, 2008. 



– 

148 б. 

Document Outline

  • ТМНДО Сборник конференции 28 янв 2016 Секция №1 стр. 106-196
    • УДК 373.24




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал