Нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы Нысан пму ұс н 18. 3/40



жүктеу 346.33 Kb.

бет2/2
Дата01.02.2017
өлшемі346.33 Kb.
түріНұсқаулар
1   2

Ұсынылатын әдебиет: [8], [14] [16]

4-тақырып.  Бұқар   жырау   Қалқаманұлы.   Ақтамберді

жырау   Сарыұлы.   Тәтіғара   жырау,   Үмбетей   Тілеуұлы.   Шал

ақын Құлекеұлы.

Бұқар   жыраудың   қазақ   елінің   іргелі   жұрт   болуына

сіңірген   азаматтық,   шығармашылық   еңбегі.   Қазақтардың

Ресеймен,   Жоңғар   хандығымен   арада   болған   мемлекеттік

саясаты   кезінде   бұқар   ұстанған   принцип.   Жыраудың

Бөгембай   батыр   ерлігін   әспеттейтін   шығармалары.   Абылай

ханның ерлік жолын көрсетін туындылары. Үмбетей жырудың

Абылай   ханға   Бөгембай   өлімін   естіртетін   шығармасында

жырланатын   XVIII   ғасырлардағы   қазақтар   мен   қырғыздар

арасындағы жаугершілікті Бұқардың ешбір туындысында сөз

етпеу   себебі.   Бұқар   жырау   дипломатиясы.   Абылайдың

Ресеймен   араздасқан   тұсында   жыраудың   Қазыбек   би   мен

Қабанбай   позициясын   ұстануы.   Еділ   бойы   қалмақтарымен

арадғы   соғыстың   жай-күйінен,   Қасым   абылайұлының

деректілігінң   тарихи   жазба   ескерткіштер   мен   фольклорлық

мұралар арқылы дәйектелетіндігі.

Ақтамберді   жырау   Сарыұлы.   Қазақ   жұрытының   іргелі

халық   болуына   жеке   басының   ерлігімен,   жалынды

жырларымен   үлес   қосқан   сөз   зергерінің   шығармашылық

кредосы. Тәуке хан  тәрбиесін  көрген  Ақтамбердінің  найман

жұртының рубасы көсемі, әскербасы батыры болғандығынан

хабардар   ететін   Қ.Халидовтың   «Таурих   Хамсаның»   берер

дерегі. 

Дулат   Бабайтайұлының   «Ер   Еспембет»   дастанындағы

Ақтамберді туралы мәліметтер. Арғын мен найман елдерінің

арасындағы   араздық   кезінде   туағн   көркем   сөз   иесінің   «Уа,

қарт Бөгембай» туындысының әлеуметтік мазмұны. Автордың

«Жағалбай   деген   ел   бар»,   «Атадан   тудым   жалқы   боп»,

«Жеңіме жамау түскенін» шығармаларының ағайыннан жас

кезінде   көрген   қорлығын,   жарлылығын,   жалғыздығын

бейнелейтіндігі. Жыраудың қол бастап, сөз бастаған тұсында

өмірге   келген   «Әділ   жан   болғым   келеді»,   «Әкем   көрген

зорлықты»   туындыларынан   аңғарылатын   автордың   кісілік

келбеті.


 

Тәтіғара   жырау,   Үмбетей   Тілеуұлы.   Тәтіғара

шығармашылығы   туралы   Ш.Уәлиханов   пікірі.   «Қамыстың

басы   майда,   түбі   сайда»   ,   «Кебеже   қарын   кең   құрсақ»

жырларының   Тәтіғараның   жорық   жыршысы   болғандығын

дәлелдейтіндігі.

Үмбетей   жыраудың   Абылай   ханды   идеал   тұтқандығын

көрсетін   туындылары.   «Бөгембай   өліміне»,   «Бөгембай

батырдың өлімін Абылай ханға естірту» жырларында көрініс

беретін   Бөгембай,   Қабанбай,   Сары,   Баян,   Сағынбай

батырлардың   ерлік   бейнелері.   Бұқарға,   Жауқашарға,

Ақтамбердіге   арнап   айтылған   туындыларындағы   ел   бірлігі,

азаматтық-кісілік парасат мәселесі.

Шал   ақын   Құлекеұлы.   Ел   шежіресін   хатқа   түсіріп

жырлаған   Шал   ақын   туралы   Ш.Уәлиханов   мәліметі.   Ақын

мұрасын   жазып   алушылар   мен   зерттеушілердің   еңбегі.

Ақынның   өлеңдерін   XX   ғасырдың   басында   хатқа   түсірген

Хасен


 

Шаяхметұлының

 

Қазақ


 

университетінің

кітапханасында   сақталған   материалының   сонылығы.

Шалдың   Абылайға   айтылған   «Өлеңге   тоқтамайды   Шал

дегенің» туындысының қандай жағдайда өмірге келгендігін

дәлелдейтін   деректер.   Ақынның   діндар   автор   екендігін

көрсететін   туындылары.   Шалдың   қазақ   әдебиетіндегі

алғашқы айтыскер ақын болғандығын дәлелдейтін өлеңдері.



Ұсынылатын әдебиет: [8], [14] [16]

5-тақырып.  XIX   ғасырлардағы   қазақ   әдебиеті.   Дулат

Бабатайұлы.   Махамбет   Өтемісұлы.   Шортанбай   Қанайұлы.

Мұрат Мөңкеұлы. Сал-серілер

XIX ғасырлардағы қазақ халқы өзінің елдік өмірінде 1822

жылғы хандық құрылысты  ыдыратқан   атышулы реформаны

бастан   кешу   арқылы   бодандық   тәуелсіздіктен   отарлық

бағыныштылыққа  түсті.   Қазақстанның   солтүстігін   жайлаған

жұрт   әуелі   Қасым   Абылайұлының,   соңынан   Кенесары

Қасымұлының бастауымен Ресей патшалығына қарсы қарулы

қарсылықты   бастан   кешті.   Мұның   арты   үлкен   қанды

айқастарға ұласты. 1836-1838 жылдарда Исатай Тайманұлы

мен   Махамбет   Өтемісұлы   бастаған   ұлт-азаттық   көтерілісі,

одан   кейінгі   жанқожа   Нұрмұхамедұлы   басқаруындағы   Арал

бойы   еңбекшілернің   әлеуметтік   және   экономикалық

қысымшылықтарға   қарсы   ұзақ   жылдарға   созылған   Хиуа

хандығы   мен   Ресей   отарлаушыларына   қарсы   азаттық

жолындағы   айқастары,   Жетісу   еңбекшілерінің   Қоқан

хандығының озбырлығына қарсы қанды күресі сол дәуірдегі

қазақә   дебиетінің   басты   тақырыбы   болды.   Отарлық   езгіге


қарсы   күрес,   ел   болу,   тәуелсіз   жұрт   болуды   арман   еткен

халықтың   көзі   қарақты   қауымның   атынан   жыр   жырлаған

ауызша   дәстүрдегі,   сондай-ақ   жазба   дәстүрдегі   қазақ

ақындарының рухты шығармалары осы дәуірде өмірге келді.

Ы.Алтынсарин,   А.Құнанбаевтар   бастаған   халқымыздың

жоғары   санадағы   жазба   әдебиеті   туып,   қалыптасу

кезеңдерін   бастан   кешті.   Қысқасы,   XIX   ғасырдағы   қазақ

әдебиеті   –   қазақ   жұртының   ұлт   ретіндегі   есею,   іздену

жолынан хабардар ететін қайсарлық дәуірінің әдебиеті. Осы

дәуірде   өмірге   келген   ұлттық   әдебиетті   игеру   арқылы

журналист   мамандғын   алушы   жас   маман   өз   халқының

дүниежүзілік   өркениетпен   қалай   қауышатындығына   жауап

таппақ.

Дулат   Бабатайұлы   (1804-1846).   Өмірбаян   деректері.



Зерттелу, басылым жайы. Шығармашылық мұрасы. Махамбет

–   ұлт-азаттық   көтеріліс   күрескері.   Бостандық   жыршысы.

Махамбет   өлеңдеріндегі   азаматтық   үн.   Ақынның   көтеріліс

алдындағы,   көтеріліс   барысындағы   және   көтеріліс

жеңілгеннен кейінгі шығармалары. «Ұлы арман»,«Ереуіл атқа

ер   салмай»,«Толарсақтан   саз   кешіп»,«Еңселігім   екі

елі»,«Жәңгірге айтқаны»,«Мұнар күн», «Мен едім», «Қызғыш

құс»,   т.б.   Махамбет   өлеңдеріндегі   Исатай   батыр   бейнесі.

«Тарланым», «Тайманның ұлы Исатай», «Исатай деген ағам

бар», т.б. өлеңдері. Махамбет өлеңдерінің көркемдік сипаты.

Сөз   қолданыс   қырлары.   Өлеңүлгісі.   Ақын   толғауларының

жаугершілік заман күйі. Жауынгер мұраты түскен жыраулар

поэзиясымен   мазмұндық   түр,   өлең   үлгісі,   сөз   қолданыс

жөінен туыстығы.

Шортанбай   Қанайұлы   (1818-1881).   Өмірбаян   деректері.

Шығармашылық мұрасы. Шортанбайдың «Зар заман», «Бала

зары»,   т.б.   толғауларындағы   замана   күйі.   Ақынның

әлеуметтік,   азамттық   үні.   Үгіт-насихат,   үлгі-өнеге,   тәрбие

мәнді   толғаулары.   Шортанбай   толғауларындағы   дін   жайы.

Ақынның әдеби мұрасына күні бүгінге шейін беріліп келген

түрлі   баға.   Оның   себептері.   Шортанбай   шығармаларының

зерттелу, басылым жайы. Текстологиялық түйткілдері. Ақын

мұрасының өлең үлгісі, көркемдік қырлары.

Мұрат   Мөңкеұлы   (18?-1906).   Ақынның   заманға,

отаршылдыққа   наразылықтан   туған   жырлары.   Батырлықты,

ерлікті   көтеруі.   Ізгілікке   үндеуі.   Айттыстары.   Мұрат

мұрасының зерттелуі. Шығармаларының көркемдік қуат-күші.

Мұраттың   «Жалпыға   айтқаны»   толғауы.   «Үш   қиян»,

«Сарыарқа»   толғауларындағы   елден,   жерден   айрылу

сарыны.   «Арғымақ   сайлап   не   керек»,   «Жігітті   көркем



көрсеткен»,   «Айшықты   ала   ту   тіккен»,   «Жалп-жалп   ұшқан

жапалақ»   өлеңдері.   Жантолы   қызбен   айтысы.   «Шалгез»,

«Қазтуған»,   «Қарасай-Қази»   жырлары   туралы   зерттеулер.

Мұрат-Махамбет шығармаларын сақтаушы, жеткізуші.

 

Сал-серілер.   Әнші-лирик   ақындар   поэзиясы.   Айтулы



өнерпаздары.   Шығармашылық   мұра,   өмірбаян   деректерін

зерттеу. Сал-серілер поэзиясының ерекшелік, өзгешеліктері.

Әрі   ақын,   әрі   сазгер,   әрі   орындаушылық   өнер.   Сал-серілер,

әнші-ақындардың XIX ғасыр әдебиет тарихындағы орны.



Ұсынылатын әдебиет: [3], [21], [22], [23], [27] ,[23], 

6-тақырып.  Шоқан   Уәлиханов.   Ыбырай   Алтынсарин.

Абай   Құнанбаев.   Абайдың   ақындық   шәкірттері.   Ақылбай

Абайұлы. Мағауия Абайұлы.

Шоқан Уәлиханов (1835-1865). өмірі. Шоқантану ілімінің

туып, қалыптасуы. Шоқан-халқының жанын таныған, жоғын

іздеген   ұлы   тұлға.   Шоқан   және   шығыстанушы   ғалымдар.

Шоқанның жолсапар күнделіктері мен ғылыми жазбалары. 

Шоқанның   қазақ   өлеңінің   түр   жағынан   топтастыруы.

Қырғыздың   «Манас»   эпосына   қатысты   ғылыми

тұжырымдары.   Шоқанның   қоғамдық-әлеуметтік   қызметі.   Өз

қоғамына, сол дәуірдегі өз қандастарының тіршілік қалпына

қатысты   мәселелрге   байланысты   ой-пікірлері.   Шоқан

шығармаларының басылым жайы.

Ыбырай   Алтынсарин   (1841-1889).   Өмірбаяны.

Ағартушылық,

 

жазушылық,



 

тәрбиешілік

 

қызметі.


Шығармашылық мұрасы. Аудармалары. өлеңдері. Әңгімелері.

Публицистикасы.   Қазақ   тіршілігін,   тұрмыс-салтын   зерттеуі.

Ғылыми   зерттеулері.   Оқу   құралдары.   Ыбырай   Алтынсарин

мұрасын зерттеу. Басылым жайы.

Абай   Құнанбаев   (1845-1904).   Абайдың   ақындық

өмірбаяны.   Абайтану   кеше,   бүгін   және   келешекте.   Абай

мұрасының   зерттелу,   басылым   жайы.   Абадың   ғашықтық,

көңіл-күй,   сезім   жырлары.   Абайдың   заманға,   қоғамға,   ел

мінезіне   мін,   сын   айтқан   шығармалары.   Абай

шығармаларындағы   дін   жайы,   дүниетаным   мәселесі.

Абайдың   қарасөздері:   2,   7,   13,   25,   27,   38.   Мән-мазмұны.

Зерттелуі.   Ғылым,   оқу,   өнер   жайлы   шығармалары.   өнер,

өлең,   ән   туралы   туындылары.   Абайдың   аудармалары.

Поэмалары.   Абайдың   өлең   қүрылысы.   Абай   поэтикасының

тілі. Көркемдік шеберлігі.

Абайдың   ақындық   шәкірттері.   Ақылбай   Абайұлы   (1861-

1904).   Өмірі.   Шығармалары.   Әбдірахман   өліміне   жазған


жоқтау   өлеңі.   «Дағыстан»   («Қисса   Жүсіп»),   «Зұлыс»,

«Жармах батыр» поэмалары. Ақылбай мұрасының зерттеліп,

жариялануы.

Мағауия   Абайұлы   (1870-1904).   Өмірі.   Шығармалары.

«Медғат-Қасым»   поэмасы.   Шығармаларының   басылым,

зерттелу жайы.

XIX   ғасыр   әдебиетінің   зерттелу,   басылым   жайы.   Қазақ

сөз мұрасын зерттеу, ғылыми жүйелеудің алдағы міндеттері.



Ұсынылатын әдебиет: [10], [18] [19], [20], [27]

7-тақырып.  XX   ғасырлардағы   қазақ   әдебиеті.   XX

ғасырдың бірінші жартысындағы  қазақ әдебиеті (1900-1950).

XX ғасырдың екінші жартысындағы   қазақ әдебиеті   (1950-

2000).   XX   ғасырлардың   аса   көрнекті   ақын-жазушылары.

Жамбыл Жабаев

XX   ғасырлардағы   қазақ   әдебиетінің   басты

ерекшеліктері:   шынайылық   сипаты,   халықтығы,   танымдық,

тәрбиелік   маңызы,   өмірмен   байланысты.   Қазақ   әдебиеті

тарихының   әлемдік   әдебиеті   процесіндегі   орны,   мазмұндық

және көркемдік жетістіктері. 

Өткен   мәдени   мұраны   пайдалану   жөніндегі   түрлі

қағидалар.   Қазіргі   заманғы   қазақ   әдебиетінің   дамуы   және

өркендеуі.     Басқа   ұлт   әдебиеттерімен   шығармашылық

байланысы, қарым-қатынасы, әсер ықпалдары.

Әдеби   дәстүр   және   тақырыптық-идеялық,   көркемдік-

идеялық   ізденістер   сипаты.   Әдеби   заңдылықтар   туралы

ойлар. 

Әдеби әдістер: натурализм, сентиментализм, романтизм



және реализм.

XX ғасырдағы қазақ әдебиеті дамуының түрлі кезеңдері.

Әр   кезеңнің   жалпы   сипаттамасы.     XX   ғасырдағы   қазақ

әдебиетінің   алғашқы   кезеңі.   Әдеби   бағыттар   мен

ағымдардың әдеби процеске әсері, жанрлардың дамуы мен

түрлі   стильдер.   Ұлы   Отан   соғысы   кезіндегі   және   соғыстан

кейінгі   жылдардағы   әдебиет.   Қазақ   әдебиетінің   қазіргі

кезеңі.   Қазақ   әдебиетінің   кемелденіп   ірі   беделге   ие   болуы,

әлемдік   аренаға   шығуы.   Әдебиетке   жаңа   күштердің   келуі,

кадрлардың өсуі. Тоқырау және қайта құру шындықтарының

бейнеленуі.   Шығармашылық   бостандыққа,   поэтикаға

ұмтылуы.


XX   ғасырдың   бірінші   жартысындағы     қазақ   әдебиеті

(1900-1950).   XX   ғасырдың   басындағы   Қазақстанның   саяси-

әлеуметтік және мәдени өмірі. Ресейдің отарлау саясатының

күшеюі. Ағартушылық, демократтық қозғалыстар. М.Көпеев,



С.Торайғыров,   С.Көбеев,   Б.Өтетілеуов,   Т.Жомартбаев,

Ә.Ғалымов,   С.Дөнентаев,   Б.Күлеев,   Ш.Жәңгіров,   Қ.Қарашев,

Ш.Бөкеев,   т.б.   ақын-жазушылар   шығармашылығындағы

тақырыптық-идеялық-   көркемдік   ізденістер.   XX   ғасырдың

басындағы   түрлі   төңкерістер   мен   Совет   үкіметінің   орнауы

оның   көркем   әдебиетке   әсері,   Қазақстан   Автономиялық

Кеңес   Социалистік   Республикасының   құрылуы.   Қазақ

жазушыларынң   революцияға   және   қоғамдық   өмірге

қатынасы.

Қазақстанның   саяси-әлеуметтік-экономикалық   мәдени

даму   тарихындағы   өзерістер.   СССР   конституциясының

қабылдануы.   Ауыл   шаруашылығын   коллективтендіру.

Өндірісті   индустрияландыру.мәдени   өмір   мен   қоғамдық

гуманитарлық   дамудағы   жаңалықтардың   әдебиетегі

көріністері. Қаз АПП-тың құрылуы, оның әдебиетті идеология

құралына   айналдырмақ   болуы   (1925).   БК   (б)   П   Орталық

Комитетінің «Көркем әдебиет ұйымдарын қайта құру туралы»

1932   жылғы   23   апрельдегі   арнаулы   қаулысы.   Совет

жазушылары Одағының құрылуы. 

Совет   жазушыларның   бүкілодақтық   съезі   (1934).

М.Горькийдің   сөзі,   Совет   әдебиетінің   даму   жолдары   мен

социалистік   реализм   әдісінң   принциптерін   белгілеу.

Социалистік   реализмнің   көркем   әдебиеттің   басты   әдісне

айналуы   және   партиялық,   таптық   принциптерді

методологияға негізге айналдыру.

Революция,   азамат   соғысы   және   саси   әлеуметтік

тақырыптардың   С.Торайғыров,   С.Сейфуллин,   Б.Ізтөлин,

С.Мұқанов,   І.Жансүгіров,   Б.Майлин,   М.Әуезов   және   басқада

жазушылар   шығармаларында   игерілуі   еркшеліктері.

А.Байтұрсынов,

 

Ж.Аймауытов,



 

М.Жұмабаев

шығармашылығындағы ізденістер.

Жиырмасыншы   жылдардың   алғашқы   жартысындағы

қазақ   әдебиетіндегі   кейіпкерлер,   олардың   әлеуметтік

сипаты. Бұл жылдардағы шығармалардың идеялық мазмұны

мен   көркемдік   бітімі.   Халық   ауыз   әдебиеті   дәстүрлерімен

байланыс.   Жаңа   ізденістер.   20   жылдардың   алғашқы

жартысында   қазақ   әдебиетіне   Ш.Иманбаева,   И.Байзақов,

А.Тоқмағамбетов,   Ж.Сыздықов,   Ғ.Малдыбаев,   С.Нұржанов

сияқты   ақындардың   қосылуы.   С.Дөнетаев,   Ә.Тәңірбергенов,

М.Сералин сияқты ақын-жазушылардың шығармашылығы.

Әдебиет   майданына   жаңа   талантты   ақын-

жазушылардың   қосылуы:   ҚӘбдіқадыров,   ӨТұрманжанов,

Ғ.Мүсірепов,   Ғ.Мұстафин,   Т.Жароков,   Ә.Тәжібаев,

Ж.Тілепбергенов,   Е.Бекенов,   Ғ.Орманов,   Қ.Жұмалиев,



Ғ.Млдыбаев,   Ә.Әбішев,   Ә.Сәрсенбаев,   Ғ.Сланов,   Ж.Саин,

Д.Әбілев,   Қ.Аанжолов,   Қ.Бекқожин   т.б.   келуі.   Жамбыл,

Нұрпейіс,   Кенен,   Қйып,   Нартай   сияқты   халық  ақындарының

жырлары.   Халық   поэзиясындағы   көркемдік-идеялық

ізденістер оның кәсіби қаламгерлерге әсері.

Ұлы   Отан   соғыстың   басталуы   (1941-1945).   Майданға

шақыратын   патриоттық   өлеңдер.   Публицистика,   әңгіме,

очерктер.   Соғыс   кезіндегі   қазақ   халық   ақындарының

өлеңдері.

Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ поэзиясында Жамбыл

творчествосының   алатын   орны.   «Ленинградтық   өрендерім»,

«Москваға»,   «Алынбас   қамал»,   т.б.   өлеңдерінің   идеялқы,

көркемдік мәні.

Соғыс   кезінде   қазақ   поэзиясында   үгіттік   қуаты   мол,

жалынды өлеңдердің тууы. Т. Жароков «Жұлдыздай жанған

Москва», «Ленин қаласы», Ә.Тәжібаев «Ленинград», Д.Әбілев

«Торабында   көп   жолдың»,   Ғ.Орманов   «Ел   арманы»,

Ә.Сәрсенбаев «Туыс», т.б.

Отан   қорғаушылардың   патриоттық   бейнесінің   көрінуі

және   оны   сомдауға   бағытталған   ізденістер.   Поэзияда

лирикалық   кейіпкердің   рухани   әлемін   бейнелеу   әдіс-

тәсілдерін орныға бастауы.

Қазақ   әдебиетінің   сыны   мен   әдебиеттану   ғылымының

өркендеу   жолдары.   А.Құнанбаев   творчествосын   зерттеуші

ғалымдардың   еңбегінің   ерекше   маңызы.   М.Әуезов,

С.Мұқанов,   Ғ.Мүсірепов,   Қ.Жұмалиев,   М.Сильченко,

Б.Кенжебаев, З.Ахметовтердің еңбектері.

XX   ғасырдың   екінші   жартысындағы     қазақ   әдебиеті

(1950-2000). 

XX   ғасырдың   екінші   жартысындағы     қазақ   әдебиетінің

тарихын жүйелей оқыту мен зерттеудің басты принциптері.

Қазақ   әдебиетінің   алпысыншы   жылдардан       кейінгі   даму

сипаты туралы әдеби-эстеикалық, қоғамдық-саяси ойлардың

маңызы   мен   мәні.   Жаңа   бетбұрыс   пен   даму   процесіндегі

көлемдік,   сапалық   өзгерістер.   С.Сейфуллин,   Б.Майлин,

І.Жансүгіров   сықылды   қазақ   әдебиетінің   негізін   салушы

жазушылардың шығармаларының әдеби айналымға оралуы,

олардың творчествосының зерттеле  басталуы. Проза.   Қазақ

прозасының жанрлық байлығы мен стильдік көп қырлылығы.

Прозаның   гуманистік   мазмұнының   тереңдеуі.   Адамның

адамгершілік   және   іскерлік   қабілеттерінің   суреттелуі.   Ауыл

мен қала, өндіріс пен шаруашылық мәселелерінің көріністері.

Тоғышарлық пен тоқырау белгілері. Жұмысшы, шаруа және

интелигенция   образын   жасаудағы   ізденістер,   жетістіктер.



Тартыс сипаты мен характер ерекшелігі. Заман тынысы мен

замандас тұрғысы.

Ұлы   Отан   соғысы   тақырыбының   көркемдік   игерілуі.

Соығстағы   адам   бойындағы   ерлік   пен   ездік,   геройлық   пен

трагедиялық,   достық   пен   дұшпандық.   Соғыс   туралы

жазылған   прозалық   шығармалардың   жанрлық,   стильдік

сипаттары: әңгіме, повесть, роман, мемуар, естелік, монолог,

диалог.   Тарихи   дерек   және   творчестволық   қиял

арақатынасы. Жағдай мен характер. Тылдағы адам тағдыры.

Проза   дамуының   кейбір   бағыттары   (тенденция):

әлеуметтік-философиялық   проза.   Психологиялық   проза.

Публицистикалық   проза.   Лирикалық   проза.   Хроникалық

проза. Биографиялық проза. Документальды проза. Прозаны

бұлайша топтастырудың шарттылығы.

Образ жасаудағы ізденістер. Сөз бен істің үндестігі мен

қарама-қайшылығы   және   олардың   характер   шындығын

танытудағы ролі. Жазушының портрет жасаудағы шеберлігі.

Монолог   пен   диалог.   Образ   жасаудың   амал-тәсілдерінің

өзара байланысы. 

Психологиялық талдау мен оның түрлері мен көркемдік

қызметі. Қазіргі қазақ прозасында психологиялық талдаудың

аналитикалық   (кейіпкердің   ой-сезім   ағыны   мен

толғаныстары, ішкі монологы т.б.) және синтетикалық (іс пен

түстегі, түр мен тұлғадағы құбылулар) формалары, олардың

өзара байланысы, психологиялық парарллеизм.

Поэзия.   Тақырып   аясы,   проблематикасы.   Қазіргі   қазақ

лирикасының   басты   даму   сатылары   мен   ерекшеліктері.

Лирикадағы   адам   мен   қоршаған   орта   проблемасы.

Лирикадағы   автор   мен   кейіпкер   арақатынасы,   конфликт

және характер. Ой мен сезім. Суреттеу мен сипаттау. Мезгіл

мен   мекен.   Лирикалық   шығарманың   мағыналық-

структуралық   элементтерінің   салалса   және   сабақтаса

байланысу   жолдары.   Қазіргі   қазақ   лирикасын   жанрлық

топтастырудың   мәселелері.   Тақырыптық   тұрғыдан

топтастыру.   Суреттеу   амалдарының   ерекшеліктеріне

байланысты топтастыру. 

Қазіргі   қазақ   лирикасының   көркемдік-бейнелеуіш

құралдары. Даму перспективалары.

Поэма.   Тақырыптық-проблематикалық   ізденістері.

Патриоттық   және   интернационалдық   пафосы.   Жанрлық-

стильдік   көпқырлылығы.   Поэмадағы     тарихи   өткен   дәуір

шындығының   суртетлу   ерекешлігі.   Бүгінгі   өмір   көріністерін

бейнелудегі   ақындық   шеберлік   үлгілері.   Дәстүр   мен

жаңашылдық   арақатынасы.   Лирикалық   поэма   және   оның



ерекшеліктері.   Эпикалық   поэма   және   оның   ерекешліктері.

Поэмадағы лиризм мен драматизм. Қазіргі қазақ поэмасының

даму   перспективалары   мен   оны   зерттеудің   маңызды

мәселелері. 

Драма.   Қазіргі   қазақ   драматургиясы:   жанрлық   сипаты,

тақырып тереңдігі мен проблематикасы. Көркемдік-идеялық

ізденістері.   Лирикалық   драма   үлгілері.   Эпикалық   драма

үлгілері. Тарихи драмалық үлгілері. Комедия, оның жанрлық

ерекшеліктері.   Трагедия   туралы   қазіргі   әдеби-теориялық

ойлар.   Драмадағы   тартыс   сиапты.   Драмадағы   сөз   бен   іс.

Драма және театр. Драмадағы кейіпкер мен актер шеберлігі.

Әдебиеттану   мен   сынының   даму   ерекшеліктері.   Қазақ

әдебиеті   тарихының   алты   томдығының,   монографиялық

зерттеу   еңбектердің   жарық   көруі.   Қазіргі   заман   қазақ

әдебиеттау   ғылымы   мен   әдеби   көркем   сынының   дамуы,

салалары. Әдебиеттің теориясы мен тарихы, олардың қазіргі

жайы мен міндеттері. Әдеби көркем сынның ахуалы. Әдеби

көркем   сын   және   қазіргі   әдеби   процесс.   Әдеби   көркем

сынның міндеттері туралы теориялық және қоғамдық-саяси

ойлар.   Әдеби   шығарманы   талдау   мен   әдеби   процесті

байыптаудағы   жаңа   ізденістер   мен   табыстар.   Әдебиеттің

тарихы, теориясы, сыны саласындағы еңбектер. Қазіргі қазақ

әдебиетінің дамуындағы қоғамдық ой, парасат саралығының

көрінісі.   Адам   мен   қоғам,   жалқы   мен   жалпы   арақатынасы.

Ұлттық және интернационалдық сипаттардың ерекшеліктері

мен   бірлігі.   Дәстүр   мен   жаңашылдық.   Әдебиеттің

дамуындағы   жалғастық   сырлары,   тоқырау   мен   ілгерілеу

(прогресс).   Тарих     пен   этнография   және   қазіргі   әдеби

процесс. Қазақ әдебиетінің қазіргі дамуындағы фольклордың

атқаратын   қызметі,   маңызы   мен   мәнісі.   Қазіргі   қазақ

әдебиетінің   әлем   халықтары   әдебиетімен   байланысы

(Ш.Айтматов,   Т.Қасымбеков,   Т.Қайыпбергенов)   дамуының

басты пробелмалары.

XX   ғасырлардың   аса   көрнекті   ақын-жазушылары.

Жамбыл Жабаев (1846-1945). Жамбылдың ақындық өнерінің

қазақ   халқының   қоғамдық-рухани   өмірінің   шындығымен

тығыз   байланыстылығы.   Ақынның   алғашқы   кездегі   өлең-

жырлары.   Алғашқы   ақындық   айтыс,   сөз   қағысулары

(«Кәмшат   қызға»,   «Жаныс   ақынға»,   «Бөлек   қызбен,

Айкүміспен   қағысулары»),     қоғамдық,   әлеуметтік   өмір

шындықтары   туралы   шығармалары   («Кедей   күйің»,

«Жылқышы», «Қуғын», «Мәнке туралы», «Зілді бұйрық», т.б.).

Жамбылдың

 

Құлмамбетпен,



 

Сарыбаспен,

Досмағанбетпен,

 

Шашубаймен



 

айтыстары.

 

Ақын


шығармаларының   көркемдік   кестесі.   «Замана   ағымы»

поэмасы, оның тақырыбы мен идеясы.

Ұлы   Отан   соғысымен   байланысты   туған   шығармалары

(«Отан   әмірі»,   «Қамал   бұзған   қаһарман»,   «Ата   жаумен

айқастық»,   «Өлім   мен   өмір   белдесті»   т.б.).   Ақынынң

«Москваға»,   «Ленингардтық   өрендерім»,   «Алынбас   қамал»

атты   өлеңдерінің   мазмұны   мен   мәні.   «Өтеген   батыр»

поэмасының   тақырыбы   мен   идеясы.   Ақынынң   халықа

узындағы   аңызға   байланысты   мотивтерді   алып,   оларға

қоғамдық мән бере жырлауы. Дастанның көркемдігі, ондағы

мифтік элементтер.

«Сұраншы батыр» поэмасының тарихи негізі. Поэмадағы

ерлік,   ел   қорғау   мәселесі,   теңдікті   аңсау.   Сұраншының

ерлігін   жастарға   үлгі   тұту.   Поэамның   образдық   жүйесі.

Ж.Жабаев   творчествосын   зертетудің   қазіргі   жай-күйі   мен

маңызды мәселелері. 

Халық   поэзиясының   даму   ерекшеліктері,   жанрлық

құрамы мен поэтикалық жүйесі.



Ұсынылатын әдебиет: [3], [5] [6], [11]

8-тақырып. Шәкәрім Құдайбердиев (1858-1931)

Қазақтың   аса   көрнекті   жазушысы,   ақын,   философ.

Шәкәрім   шығармалары   XX   ғасыр   басында   баспа   арқылы

таралып,   оқырмандарын   жақсы   таныс   болды.   (XIX   ғасыр

соңында жазылған біраз өлеңдерінен басқа шығармалары XX

ғасыр   басында   ғана   жарық   көрген).     Шәкәрім   –Абайдың

немере інісі, дәстүрін жалғаушысы, ізбасары. Ол Абай мектебі

мен үлкен өмір жолынан өткен. Ірі кітапханалардағы бағалы

кітаптар мен сирек қолжазбаларды оықаған. Ірі оқымыстылар

мен қоғам қайраткерлерімен сұхбаттасқан ғұлама. Философ,

тарихшы, жазушы, композитор артына ұшан-теңіз рухани мол

мұра   қалдырған.   Тарихшы   –философтың   «Түрік,   қырғыз,

қазақ   һәм   хандар   шежіресі»,   «Мұсылмандық   шарты»   1911

жылы   Орынборда   жарық   көрді.   Бұл   кітаптар   кезінде

қоғамдық санада үлкен қозғалыс туғызды. «Қазақ айнасы»,

«Қалқаман-Мамыр»,   «Еңлік-Кебек»   семейде   жарияланды.

Шәкәрімнің   көптеген   шығармалары   бізге   қолжазба   арқылы

жетті: «Жолсыз жаза, яки кез болған іс», «Үш анық», «Ләйлі-

Мәжнүн», т.б.

Шәкәрім шығармашылығының негізгі тақырыптары мен

идеялық   бағыттары   Абай   дәстүрінен   табылады.   Абай

қозғаған әлеуметтік, философиялық тақырыптарды Шәкәрім

өзінше жалғастырады, тереңдетеді. Оның шығармаларының

олар   сан-алуан.   Онда   көңіл-күй,   табиғат   лирикаларынан



басқа   азаматтық,   философиялық   шығармалардың   да   өзге

түрі   кездеседі.   Қаламгер   көңіл   аударатын   атқырыптар   да

сан-қилы. Ақын поэзиясының ірі саласы – поэма, дастандары.

Прозалық   шығармалары   да   аз   емес.   Шығыстық   дәстүрде

жазылған   мөлтек   әңгімелермен   қатар   «Әділ   мен   Мария»

романы бар.

Шәкәрім   аудармалары   –   оның   шығармашылығының   ірі

саласы. Көркемдігі, еркіндігімен көзге түседі. Ақын негізінен

нәзиралық   тәсілдерді   басшылыққа   алады.   А.Пушкиннің

«Дубровский»   повесін,   «Боран»   атты   әңгімесін   өлеңмен

аударған,   Физулидің   «Ләйлі-Мәжүнінің»   жаңа   вариантын

жасаған.


Ұсынылатын әдебиет: [3], [5] [6], [11]

9-тақырып. Ахмет Байтұрсынов (1873-1937)

Ахмет   Байтұрсынов   –ірі   қоғам   қайраткері,   ғалым-

лингвист,   әдебиет   зерттеуші,   тюрколог,   дарынды   ақын,

аудармашы.   Творчестволық   мұрасының   ұзақ   жылдар   бойы

жөнсіз   жоққа   шығарылып   келгені,   қаламегрдің   саяси-

идеялық   көзқарасына   ғана   қатысты   емес,   қазақ   елінің

бостандығы үшін күрес, іс-әрекетіне де байланысты.

А.Байтұрсыновтың   қоғамдық-саяси,   ғылыми-әдеби

қызметі   туралы   тарихи   шындық.   Москвада,   1929   жылы

«Коммунистік   академия»   баспасыан   шыққан   «Әдебиет

энциклопедиясының»   Қ   томында   (305-306-беттер)

жарияланған.   Оның   творчествосы   туралы   М.Әуезов

ойларынның тарихи және ғылыми маңызы («Ақ жол», 1923, 4

ақпан)   бар.   Оқу   құралдарын   жасау   жолындағы   қызметі.

Аудармашылық,   журналистік   творчествосы.   «Қырық   мысал»

(1909), «Маса» (1911),   кітаптары мен мақалары («Қазақтың

бас   ақыны»).   Жиырмасыншы   жылдардағы   отандық

тюркология,   қазақ   әдебиеті   мен   мәдениетінің   тарихы   мен

теориясы   саласында   жасалған   еңбектер.   А.Байтұрсынов   –

талантты   ақын,   орыс   ақындары   мен   жазушылары

шығармаларынң көрнекті аудармашысы.

  Ахмет   Байтұрсыновтың   «Әдебиет   танытқыш»   (1926)   –

кітабында   әдебиеттаундың   ғылыми   негізі   мен

методологиялық   принциптері   қарасытырлағн,   басты

категориялары   мен   ұғымдары   айқындалған,   олардың

атаулары   термин   ретінде   негізделген.   Фольклор,   көркем

әдебиеттің тілі, өлеңтану, сондай-ақ көркем әдебиеттің тегі

мен   түрі   саласында   ұсынағн,   пайдаланған   терминдері,

оларға   берген   сипаттамалары   мен   түсініктері,   маңызы   мен

мәнін жоймай келеді.



Ұсынылатын әдебиет: [3], [5] [6], [11]

10-тақырып. Міржақып Дулатов (1885-1935)

Көрнекті   қазақ   жазушысы,   ірі   қоғам   қайраткері

М.Дулатовтың   шығармашылығы   XX   ғасыр   басындағы   қазақ

елінің саяси-әлеуметтік, қоғамдық жағдайы мен қазақстанда

өтіп   жатқан   түрлі   мақсатты   саяси   күрес,   шайқастармен

тығыз байланысты.

Қоғамдық   қызметінмұғалімдіктен   бастаған   М.Дулатов

1905 жылғы қазақ халқы атынан Ресей патшасына петиция

жаузға дейінгі аралықта саяси, идеялық күрескер деңгейіне

көтерілді.

А.Байтұрсынов   пен   М.Дулатов     арасындағы   достық

қазақстан   ммелекетінің   егемендігін   қалпына   келтіру

жолындағы   идеялардан   бастап,   нақты   іс-әрекет,   күрес

кезеңінде шыңдалған. Елдік сананы көтеру, өркениетке көз

тігу, оқу-білім, өнер мен әдебиет – мерзімді баспасөз бетінде

М.Дулатов,   А.Байтұрсынов   көп   қозғаған   тақырыптар.   Олар

шығармашылық қызметте де бірін-бірі қолдап, көмектесіп үн

қосып отырған. «Қазақ» газетін шығарудағы А.Байтұрсынов

пен М.Дулатовтың қызметі идеялық үндестіктің жемісі. 

М.Дулатов   публицистикасының   XX   ғасыр   басындағы

қоғамдықс   анада   алатын   оны   қаншалықты   зор   болса,

қаламгер   шығармашылғындағы   алатын   орны   да   аз   емес.

Нақты   уақиғаларға   қатысты   ақын   ой-сезімін   мөлдірете

жеткізетін, бейнелйтін көркем тіл, батыл байлам, іс-әрекетке

шақыратын пафос оқырманды бейтарап қалдырмаса керек. 

М.Дулатов   алғашқы   шығармасы   «Оян,   қазақ!»   атлған

өлеңдер   жинағындағы   батыл   ой   Қазақстандағы   саяси-

әлеуметтік   жағдайларды   шынайы   суреттеу,   теңсіздік   пен

қанаудың,   надандық   пен   зорлықтың   негіздерін   көрсету,   іс-

әрекет   жасауға   шақыру   патша   үкіметін   қобалжытты.   Кітап

тәркіленді, автор қудаланды.

  1910   жылы   М.Дулатовтың   екінші   кітабы   «Бақытсыз

Жамал»   романы   жарық   көрді.   Қазақ   қызы   басындағы

қайғылы   жайды   баяндайтын   шығарма   оқырманын   тапты.

Кітап 1914 жылы екінші рет баспа көрді.

М.Дулатовтың елдік сананы ояту мен қазақ мемлекетінң

егемендігі үшін күресуі, «Алаш» қозғалысына қатысуы Совет

үкіметін   де   үрейлендірді.   Қуғын   көру,   түрмеге   қамалу,

қаламгердің көркем шығармашылықпен айналысуына мүлде

мүмкіндік бермеді. Сондықтан да М.Дулатов оқу-құралдарын

жазу   және   аудармамен   айналысты   (қуғыннан   оралғаннан


кейін). Лермонтов пен Пушкиннен, Әбу Фирастан, Н.Ановтан

аударған шығармалары бар.

М.Дулатов   драматургия  саласында   да   шамасына   қарай

еңбектенген.   1922   жылы   «Балқия»   атты   4   бөлімді   пьеса

жазған.   Сол   жылы   Орынборда   көркемөнерпаздар   күшімен

қойылып, үлкен табысқа жеткен.



Ұсынылатын әдебиет: [3], [5] [6], [11]

11-тақырып. Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931)

Жүсіпбек Аймауытов – көрнекті қоғам қайраткері, ақын,

прозашы,   қазақ   романының   негізін   салушылардың   бірі,

аудармашы,   драматург,   ғалым.   Оның   психология

саласындағы   еңбектері   де   аз   емес,   ірі   монографиясы   бар.

Қоғамдық-саяси,   ғылыми-педагогтік   және   әдеби   қызметі

жөнсіз бұрмаланды. Жүсіпбек Аймауытовтың творчестволық

мұрасы   жөнінде   Қазақстан   Компартиясы   Орталық   Комитеті

комиссиясының   қорытындысы   (январь,   1989),   Жүсіпбек

Аймауытовтың   қоғамдық-   саяси,   ғылыми-педагогтік   және

әдеби   қызметі   жөннідегі   тарихи   шындықтың   қалпына

келтірілуі.

«Қартқожа»,   «Ақбілек»   романдары   мен   «Күнікейдің

жазығы»   повесі.   Тақырыбы   мен   идеясы,   жазушының   сюжет

дамыту,   образ   жасау,   композиция   құру   шеберлігі.

Романдардың   материалы   және   оның   тарихи   шындыққа

қатнасы, жазушының өмір шындығын бейнлеу жолдары.

  «Елес»,   «Әнші»   (1925)   т.б.әңгімелерінің   тақырыб   мен

проблематикасы. «Қанапия мен Шәрбану», «Мансапқорлар»,

«Ел   қорғаны»   пьесаларының   жанрлық   ерекшеліктері,

тақырыбы мен идеясы.

Аудармашылық   қызметі.   А.С.Пушкин,   Н.В.Гоголь,

Л.Н.Толстой шығармаларын аударуы.

Жүсіпбек   Аймауытовтың   әдеби   мұрасының   қазақ

әдебиеті тарихында алатын орны.

Ұсынылатын әдебиет: [13], [15] 

12-тақырып. Мағжан Жұмабаев (1893-1938)

Мағжан   Жұмабаев   –   қазақтың   көрнекті   ақыны.

Өмірбаяны,   творчестволық   жолы,   қоғамдық-саяси,

журналистік,   оқытушылық   қызметі.   Мағжан   Жұмабаев   –

лирик.   Ақын   лирикасының   жанрлық,   тақырыптық   құрамы.

Махаббат, сүйіспеншілік тақырыбына жазған өлеңдері: «Сүй,

жан   сәулем»,   «Батқан   күн,   атқан   таңның   жыры»,

«Айрылғанда»,   «Сен-сұлу»,   «Жұлдыз-жүзік,   айды   алқа   ғып

берейін», «Сүйгеніме», «Жан жарымды бір сүйейін түсімде»,


«Күміс нұрлы Ай», «Шолпы», «Сүйгенім анық», «Жас сұлуға»,

«Махаббат не?», «Тірілдім», «Гүлсімге», «Көңіл», «Жел», т.б.

Олардағы сезім мен парасат, ғашықтық  сезім мен құмарлық

сезім тайталасы. Ақын лирикасындағы ел мен жер, дала мен

қала,   өмір   мен   өлім   тақырыптары   ақындық   ізденістері.

Көркемдік   дәстүрге   қатынасы,   жаңашылдығы,   өлеңді   күйге

(музыкаға)   бөлеу   мен   дыбыстан   сурет   жасаудағы

суреткерлік даралығы, лирикаға тілге жеңіл, жүрекке жылы

тиетін үлбіреген нәзік әуез дарыту шеберлігі.

Поэмалары:   «Қорқыт»,   «Батыр   Баян»   поэмаларының

жанрлық   ерекшеліктері,   тақырыбы   мен   идеясы,   сюжеттік

желісі,   образдылығы,   ақынның   ауыз   әдебиеті   дәстүрлерін

творчестволықпен пайдаланудағы жетістіктері. Әдебиеттану

мен   әдеби-көркем   сын   саласындағы   еңбектері   «Ақан   сері»,

«Ақан   сері   сөздері»,   «Әубәкір   ақсақал   Диваев»,   «Базар

жырау»,   т.б.   Ақынынң   әдеби   шығарманы,   ақындық   өнерді

тану,   талдау   шеберлігі.   Жзау,   баяндау   мәнеріндегі   ғылыми

нақтылық пен суреттілік.

Көркем   аударма   саласындағы   еңбектері.   М.Горькийдің

«Сұңқар   жыры»,   «Жұртын   сүйген   жүрек»,   «Ана»,   «Темірді

жұмсартқан   ана»,   «Хан   мен   ұлы»   әңгімелерін   аударудағы

ұстанған   творчестволық   принципі,   аудармашылық

тапқырлығы мен шеберлігі.

Мағжан   Жұмабаев   творчествосының   қазақ   әдебиеті

тарихында алатын орны, маңызы.

Ұсынылатын әдебиет: [13], [15] 

13-тақырып. Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920)

С.Торайғыров   есімі,   шығармашылығы.   «Айқап»

журанлындағы   қызметі   кезінде   қаламгер   қазақ   қоғамы

алдында   тұрған   келелі   мәселелерге   үн   қосып,   өткір   тілді,

ойлы   мақалалар   жазды.   Шығармалары   жиырмасыншы

жылдардан жинақ, бөлек кітап түрінде шыға бастады.

С.Торайғыров   дәстүрлі   қазақ   мектептерінде   (молда,

медресе)   ғана   оқыған.   Өмір   бойы   жоғары   оқуды   армандап

өткен. Қоғамдық-әлеуметтік,  саяси  білімді өз бетімен алған

қаламгер.   Ол   араб-парсы   әдебиетін   жақсы   білген.   Ауыз

әдебиеті мен шығыс халықтарының фольклоры, әдебиетімен

жақсы таныс. «Дін», «Сарыбас», «Соқыр сопы», «Зарландым»

деген   алғашқы   шығармаларынан-ақ   С.Торайғыровтың

дүниетанымы, шеберлігі айқын көрінеді.

Қаламгер

 

ағартушы-демократтық



 

идеяларды

басшылыққа   алған.   Қазақ   халқының   ілгері   дамуына   бөгет

болып   отырған   құбылыстарды   сынайды.   Оқу,   білім,



мәдениетке

 

шақырады.



 

1917


 

жылға


 

дейінгі


шығармаларының   басты   бағыты   осы.   1917   жылғы   Октябрь

Революциясынан   кейін   С.Торайғыров   қазақ   елінің

тәуелсіздігін   аңсаған,   елдігі   үшін   күрескен   «Алаш»

қозғалысын   қолдап   өлеңдер   жазады.   С.Торайғыровтың

«Адасқан   өмір»,   «Кедей»   поэмалары   терең   ойларға   толы.

«Қамар   сұлу»,   «Кім   жазықты?»   романдары   қазақ

әдебиетіндегі   күрделі   жанрдағы   көркем   шығармалардың

алды. Ақынынң «Айтыс» аталған шығармасы қазақ қоғамдық

санасының ірі қайраткерлеріне арналған.

С.Торайғыров   негізінен   сыршыл   лирик   ақын.   Абай

поэзиясымен   дәстүрлі   байланысы   айқын.   С.Торайғыров

поэзиясындағы насихат, үгіт, арнау өлеңдері де сырлы сөз,

терең   мазмұнмен   араласып   келеді.   Идеяны   юмор,   сатираға

бөлей жеткізетін, бейнелейтін шығармалары да бар.

Жазушы   шығармаларында   қазақ   тілінің   бар   байлығын,

мақал-мәтел,   шешен   сөз   тіркестерін   шебер   қолданады.

Әдеби   тілге   ене   бастаған   жаңа   сөздерді   де   батыл

пайдаланады.   Ақын   тіліндегі   татар,   діни   кітап,   парсы-араб

тілнен енген сөздерді зерттеу қажет. С.Торайғыров   - қазақ

өлеңі   құрылысына   да   көптеген   жаңалықтар   енгізген,

дәстүрлі қазақ өлеңін жаңарта қолданған талантты ақын.

Ұсынылатын әдебиет: [3], [5] [6], [11]

14-тақырып.  Бейімбет   Майлин   (1894-1938).   Сәкен

Сейфуллин (1894-1938). Ілияс Жансүгіров (1894-1938)

Бейімбет Майлин. Творчестволық өмірбаяны. Бейімбеттің

алғашқы өлеңдері. Бейімбет поэзиясындағы еңбек адамының

бейнесі.   Мырқымбай   образы   («Мырқымбай»,   «Кедейдің

кейістігі», «Бүгін», «Әйт-шуу, ала атым», т.б).

Бейімбеттің прозалық шығармалары. Жазушының проза

саласындағы   тұңғыш   еңбегі   («Шұғаның   белгісі»,   1926).

Повестің   тақырыбы   мен   идеясы.,   тіл   көркемдігі.   Шұғаның,

Әбдірахманның   образы.   Шығарманың   сюжеті   мен

композициясы.

Жазушының   үлкен   ойды   қысқа   әңгіме   арқылы

сурететуге   шеберлігі   («Талақ»,   «Күлпаш»,   «Күлтай   болыс»

(1925   ),   «Сары   ала   тон»   (1928),   «Көк   теректің   баурында»

(1929), «Қара шелек», «Айранбай», т.б.).

Жазушының повестері («Он бес үй», «Қырманда» (1933),

әңгімелерінде   («Колхоз   қорасында»,   «Арыстанбайдың

Мұқышы» , т.б) көрініс тапқан өмір құбылыстары.

Жазушының   «Раушан-коммунист»   (1920)   повесі.

Жазушының   образ   жасау   шеберлігі.   Б.Майлиннің



драматургиясы   («Жалбыр»),   «Біздің   жігіттері»   (1936),

(«Майдан»), («Талтаңбайдың тәртібі»), («Аманкелді»).

Бейімбеттің бір-екі актылы пьесалары («Шаншар молда»,

«Ауыл   мектебі»,   «Неке   қияр»,   «Қос   қақпан»,   «Көзілдірік»,

«Жасырын жиылыс») 

«Майдан»   (1931)   Бейімбет   творчествосында   ғана   емес,

бүкіл   қазақ   драматургиясының   күрделі   де   көлемді

шығармасы.   Тақырыбы   мен   идеялық   мазмұны.   Пьесаның

оқиғасы,   тартыс   сипаты.   Досан,   Орынбай,   Махмұдовтардың

образы.   Пьесадағы   сөз   бен   іс.   Ғабит   Мүсіреповпен   бірігіп

жазған «Аманкелді» (1936),   және «Жалбыр» пьесаларында

қазақ даласындағы ұлт-азаттық қозғалысының көрінісі, қазақ

халқының өз бостандығы үшін күресі.

«Талтаңбайдың

 

тәртібі»


 

(1934)


 

–қазақ


драматургиясындағы   тұңғыш   сатиралық   шығармаларының

бірі.


Бейімбет   творчествосының   қазақ   әдебиеттануда

бағалануы.

Сәкен   Сейфуллин   (1894-1938).   Творчестволық

өмірбаяны.   Ақынның   алғашқы   өлеңдері   («Жазғы   түнде»,

«Туған   ел»,   «Сағыну»,   «Нұра»,   «Кім   басшы»,   «Жайлауда»

,т.б.). «Асау тұлпар» атты өлеңдер жинағы (1922).

Лирикалық   өлеңдері   («Сағындым»,   «Тау   ішінде»,

«Тұлпарым», «Шәйіт болған досыма», «Сыр сандық», «Ақсақ

киік» ,т.б.). Ақын поэмаларындағы, өршіл романтика сарыны

(«Аққудың   айрылуы»).   Сәкеннің   қазақ   поэзиясына   жаңа

ырғақ,   соны   ұйқастар   әкелуі.   «Көкшетау»   (1929).   Ақын

поэмаларына негіз болған өмірлік материалдар.

Жазушының прозалық шығармалары. «Тар жол, тайғақ

кешу» атты мемуарлық романы (1927). Шығарманың тарихи

маңызы, жанрлық, көркемдік-идеялық ерекшеліктері. «Айша»

атты повесть, әңгімелер жинағы.

«Біздің   тұрмыс»,   «Жемістер»,   «Жер   қазғандар»   т.б.

повестері.   Сәкен   повестерінің   тақырыбы  

  мен

проблематикасы, көркемдік ерекшеліктері.



Сәкеннің   драмалық   шығармалары   («Бақыт   жолына»,

1917), («Қызыл сұңқарлар», 1920).

Сәкен   –қазақ   әдебиеті   тарихын   зерттеуші.   Қазақ

әдебиетінің   даму   жолдары,   әдеби   мұра   жайындағы

еңбектері.

 

«Қазақ



 

әдебиеті»

 

оқулығы.


 

Сәкен


творчествосының қазақ әдебиеттну ғылымында бағалануы.

Ілияс   Жансүгіров   (1894-1938).   Өмірі   мен   творчествосы.   Алғашқы

өлеңдері.   Қазақ   поэзиясында   сюжетті   поэма   жанрының   дамуына  Ілиястың

әсері,   қосқан   зор   үлесі   («Кәнпеске»,   «Күй»,   «Дала»,   «Күйші»,   «Құлагер»



поэмалары). Ақынның поэмаларының тақырыбы, сюжеті, композициясы, тілі.

Ақынның образ жасау, мінез даралау шеберлігі. 

     

Прозалық   шығармалары.   «Жолдастар»   романы.   Романдағы   қазақ



аулының революция алдындағы өмірі. 

     


Драмалық шығармалары («Кек», «Турксиб», «Исатай-Махамбет»» атты

пьесалары).   Сауық   кештерге,   мектеп   балаларына   арнап   жазған   бір   актілі

пьесалары («Мектеп», «Колхоз тойы», «Мін де, шап» т.б.).

   


 Ілияс өлеңдерінде жастарды оқу-білімге, өнер үйренуге мәдениет пен

жаңа   өмірге   шақырады.   «Жас     бұлбұлдарға»,   «Жалпы   жасқа»,   «Жастар

ұраны», «Жазғытұрым», «Жазғы шілдеде», «Күзде» т.б. 

    


 «Жол аузында» кітабына енген әңгіме, очерктері. Фельетондар жинағы

– «Құқ». 

     

«Исатай-Махамбет»   –   жазушының   драматургиядағы   үлкен   жеңісі.



Ресей   отаршылдары   мен   қазақтың   хан,   сұлтандарының   зорлығына   қарсы

шаруалар көтерілісінің тарихи шындық тұрғысынан суреттелуі. Исатай мен

Махамбет образының шынайы жасалуы. 

    


І.Жансүгіров – көркем аудармашы. «Гаврилиада», «Евгений Онегинді»

тәржімалаған. 

    

Әдебиет   тарихына   арналған   еңбектері,   халық   ақыдарының



шығармаларын   зерттеуі,   жинап   бастыруы.   І.Жансүгіров   творчествосының

қазақ әдебиеті тарихындағы орны, маңызы. 



Ұсынылатын әдебиет: [13], [15] 

15-тақырып. Мұхтар Әуезов

Мұхтар   Әуезов   (1897-1961).   М.Әуезов   –   қазақ   әдебиетінің   классигі.

Жазушының   творчестволық   өмірбаяны.   Жазушылық   сапарын   әңгіме   мен

пьеса жазудан бастауы. 

        Әңгімелері «Қорғансыздың күні», «Қаралы сұлу», «Көксерек», «Білекке

білек»,   «   Іздер»,   «Құм   мен   Асқар»,   «Шатқалаң»,   «Бүркітші»,   «Асыл

нәсілдер»   т.б.   Олардың   тақырыбы   мен   проблематикасы,   көркемдік   әлемі,

образдар жүйесі. Эпикалық және лирикалық сипаттары. 

        Драмалық шығармалары: «Еңлік-Кебек», «Қарагөз», «Айман-Шолпан»,

«Шекарада», «Тартыс», «Тас түлек», «Ақ қайың», «Сын сағатта», « Қынаптан

қылыш»,   «Қарақыпшақ   Қобыланды»,   «Түнгі   сарын»,   т.б.   Олардың

тақырыптық,   идеялық   сипаты   мен   жанрлық   құрамы,   сюжеттік   желісі,

поэтикасы. 

     


«Абай»   пьесасы,   «Абай   жырлары»   кинофильмнің   сценарийі,   «Абай»

операсының либреттосы.   Л.Соболевпен бірігіп жазған «Абай»  трагедиясы

(1940). 

     


Проза жанрындағы алғашқы тарихи шығармаларының бірі – «Қараш-

Қараш»   оқиғасы   (1927).   Шығармадағы   қазақ   кедейлерінің   өмірі.   Повестің

тілі,   суреттілігі,   сюжеті   мен   композициясы.   «Қилы   заман»   (1928).

Шығарманың тақырыбы мен идеясы. Жанры. Шығармадағы халық өмірінің

көріністері, олардың тарихи шындыққа қатынасы. Жазушының образ жасау

шеберлігі, суреткерлік позициясы. 



     

«Абай жолы» - тарихи эпопея. Оның қазақ прозасының өсіп дамуына

әсері.   Бүкілодақтық   әдебиет   көлеміне   көтерудегі   мәні.   Романдағы

суреттелінетін   дәуір   шындығы.   Абай   образының   даму   заңдылығы.   Оның

гуманист,   азамат   ақын,   ағартушы   қайраткер,   ойшыл,   философ   бейнесінде,

Ұлжан, Әйгерім, Тоғжан, Салтанат, т.б. Құнанбай, Тәкежан, Ысқақ, Шұбар

суреттелуі. Дәркембай, Базаралы, Михайлов, т.б. бейнелері. Әйелдер бейнесі:

Зере, Майбасар, т.б. іс-әрекеті, образдары.  Жазушының шеберлігі, романның

көркемдік   ерекшелігі.   Эпопеяның   негізін   құраған   тарихи   өмір   шындығы,

этнографиялық   фактілер   және   олардың   көркемдік-эстетикалық   қызметі.

Образ   жасаудағы   ойдан   шығару,   оның   өмір   шындығына   қатынасы,

психологиялық талдау (аналитикалық, синтетикалық, лирикалық, эпикалық)

Абай жөніндегі барлық еңбектерінің жиынтығы «Абай жолы» атты сериялы

романы үшін жазушының Лениндік сыйлық алуы. 

    

М.Әуезовтің   (халық)   ауыз   әдебиеті,   әдебиет   тарихы   саласындағы



зерттеу еңбектері. М.Әуезов және абайтану проблемалары. М.Әуезовтің әлем

халықтары   әдебиеті   туралы   ойлары,   қаламгер   еңбектерінде   жазушылық,

шеберлік   проблемаларының   пайымдалуы.   Аудармалары:   Гогольдің

«Ревизоры»,   Шекспирдің   «Оттелосы»,   «Асауға   тұсауы»,   Н.Погодиннің

«Ақсүйектері»,   К.Треневтің   «Любовь   Яроваясы»,   А.Кронның   «Флот

офицері»,   А.Тургеневтің   «Дворян   ұсы»   т.б.   Жазушы   творчестовсының

зерттелуі. М.Әуезовтің көркемдің дәстүрлері және оның бүгінгі әдеби даму

үшін маңызы.



Ұсынылатын әдебиет: [13], [15] 

16-тақырып. Сәбит Мұқанов

С.Мұқанов (1900-1973). Шығармашылық өмірі. Өлеңдері. Поэмалары.

«Сұлушаш»   (1928).   Поэманың   сюжетіне   негіз   болған   материал.   Ақынның

ойдан қосуы және оның шығарманың көркемдік-идеялық жүйесіндегі орны.

Сұлушаш, Алтай, қайсар бейнелері. Поэманың көркемдік ерекшеліктері. 

       Ақынның өз заманы туралы жазған шығармалары. «Майға сәлем», «Ақ

аю», «Колхозды ауыл осындай», «Сөз Советтік Армия», «Поэзия маршалы»,

т.б.   Олардағы   ақындық   ізденістері.   Ақынның   В.Маяковскийден   үйренуі,

қазақ өлең құрылысына енгізген жаңалығы. 

       Прозалық шығармалары. «Адасқандар» (1931), «Жұмбақ жалау»(1938),

«Ботакөз».   Жазылу   тарихы.   Тақырыбы   мен   көтерген   мәселесі.   Романның

сюжеттік желісін құрған тарихи оқиғалар, оларды жинақтау мен даралаудағы

суреткерлік нысана. 

    


«Менің мектептерім», «Өмір мектебі», «Есею жылдары». Шығарманың

жанрлық   сипаты,   онда   қазақ   халқының   өмірінің   суреттелу   жолдары.

Баяндаушының өз бейнесі. Дәуір шындығы және көркемдік жинақтау.

   


«Сырдария»   романы   (1948-1951).   Тақырыбы.   Еңбек   адамдарының

бейнелері. Байжан, Айбарша, Дәулет, Сырбай, Анатолий, Самархан, Наталья,

Рахмет   сияқты   басты   кейіпкерлердің   образдары,   олардың   өсу   жолы.

Романдағы   халықтар   достығы.   Романның   көркемдігі.   Баяндау,   суреттеу,

әңгімелеу жолдары. Шығарманың тілі. 


    

  «Мөлдір   махаббат»   (1959)   романы.   Шығарма   тақырыбының   тууы.

Жазушының   өмір   шындықтарын   жинақтау   жолдары.   Бүркіт   пен   Бәтестің

махаббат тарихы, олардың еркін өмір жолындағы әрекеттері. Романның басты

кейіпкерлері және олардың прототиптері.

   


  Драмалық   шығармалары:   «Күрес   күндерінде»(1938),   «Сәкен

Сейфуллин»(   1964),   «Қашқар   қызы»(1972),   «Шоқан   Уәлиханов»   (1953).

«Аққан жұлдыз»(1967,1970).Романды тетрологиялық  деңгейде жазу туралы

автордың   ойы.   Романның   алғашқы   екі   кітабында   көрініс   тапқан   өмір

шындықтары. Шоқан Уәлиханов бейнесі. 

    


Әдебиет   сыны   мен   әдебиет   тарихын   зерттеудегі   еңбектері     «Өсу

жолдарымыз»,   «Халық   мұрасы»,   «Жарқын   жұлдыздар»,   «XVIII-XIX

ғасырдағы   қазақ   әдебиеті   тарихының   очерктері»   оқулығы.   Жазушы

творчествосының зерттелу жайы, қазақ әдебиеті тарихында алатын орны. 



Ұсынылатын әдебиет: [13], [15] 

17-тақырып. Ғабит Мүсірепов

Ғабит Мүсірепов ( 1902-1985). Жазушының творчестволық өмірбаяны.

Жиырмасыншы жылдардың аяғындағы әңгімелері («Тулаған толқында», «Қос

шалқар», «Талпақ танау,  «Үздіксіз  өсу», «Бір адам ілгері, екі адым кейін»

т.б.).

        Жазушының ана туралы әңгімелері. «Адамның анасы» (1933), «Өлімді



жеңген ана» (1933), «Ананың анасы» (1934), «Ананың арашасы»(1935), «Ана

жыры».   «Ашынған   ана»   новелласындағы   ауылдағы   озбыр   болыстардың

өктемдігі,   бас   бостандығы   үшін   күреске   көтерілген   қазақ   әйелі   –   Қапия

образы.   «Ананың   арашасы».   Мұндағы   азамат   соғысының   көріністері,

романтика   мен   реализмнің   ұштасуы.   Нағима.   Оның   ерлік   әрекеттері.   «Ер

ана»   (1942),   «Ақлима»   (1944)   атты   әңгімелері.   Ақлиманың   адамгершілік

қасиеті.   Наталья   образы.   «Ананың   анасы»   әңгімесі.   Жазушы

творчествосында ана тақырыбының алатын орны. 

     

Драмалық шығармалары. Олардың жанрлық құрамы, поэтикасы «Қыз



жібек»,   «Қозы   көрпеш-Баян   сұлу»,   «Ақан   сері-Ақтоқты»,   «Аманкелді»,т.б.

Драматургия   саласында   алғашқы   сәтті   еңбегі   –   «Қыз   Жібек»(1934)   атты

музыкалы   драмасы,   оның   кейінірек   операға   айналуы.   Пьесада   махаббат

бостандығы, гуманизм сарынының суреттелуі. 

     

«Кездеспей кеткен бір бейне» («1967») повесі. «Ұлпан» (1974) романы.



Ұлы отан соғысы тақырыбына арнап жазған «Қазақ батыры» (1945) повесі.

Автордың   оны   «Қазақ   солдаты»   (1950)   романына   айналдыруы.   Романдағы

халықтар достығының, патриоттық сезімінің суреттелуі. 

Жауынгер  өмірінің суреттері. Басты  образдар.  Қайырғали  Сарталиев,  Петр

Ушаков,   Владимир   Толстов,   Самед   Абдуллаев   т.б.   Романның   көркемдік

ерекшелігі, ұлттық және интернационалдық сипаты, көркемдеуіш-бейнелеуіш

құралдары. Романдағы пейзаж, оның көркемдік қызметі. 

  

 «Оянған өлке» (1953), «Жат қолында» (1984) романдары. 



Қазақстанда   алғаш   өндіріс   орындары   ашылып,   қазақ   кедейлерінің   өндіріс

жұмысшыларына   айналуы.   Халық   өмірі,   әлеуметтік   тартыс   көріністері.

Шығарманың эпопеялық сипаты. Орыс, қазақ жұмысшыларының тұрмысы.


Қарағанды   шахталарындағы   Успен,   Ақбұйрат   мыс   заводындағы

жұмысшылардың   өмірі,   капиталистердің   өзара   тартысы.   «Оянған   өлкенің»

саяси-әлеуметтік   табиғаты.   «Жат   қолынданың»   әлеуметтік-психологиялық

сипаты.   Сол   кездегі   қазақ   аулының   өмірі,   әлеуметтік   қарым-қатыстары,

тұрмыс-салтының   суреттелуі,   ерекшеліктері.   Басты   образдары:   Бұланбай,

Байжан,   Байшегір,   Жабай,   Сейіт,   Назыкеш,   Быковтар,   Шило,   т.б.   Роман-

дилогияның көркемдік ерекшелігі, қазақтың  әдеби тілінің, көркем ойының

соңғы табыстарын орынды пайдалануы. Әр оқиғаны, табиғат суретері мен

адамның   ой   толғаныстарын,   қарым-қатынастарын   суреттеудегі   шеберлігі,

тілі. Ғ.Мүсірепов творчествосының қазақ әдебиетіндегі орны. 



Ұсынылатын әдебиет: [13], [15] 

18-тақырып. Ғабиден Мұстафин

Ғабиден   Мұстафин   (1902-1985).   Жазушының   творчестволық

өмірбаяны.   Жазушының   1927-1929   жылдарда   жазған   әңгімелері   алғашқы

қысқа әңгімелері. «Сәрсен мен Мұқаш» (1927), «Кек», «Қан», «Қашқын», «Ер

шойын», «Шағатайдың  шатағы»,  т.б. Олардың тақырыбы мен идеясы. «Ер

Шойын» (1929) жинағындағы жаңа өмірдің көрінуі, ауылдағы күрес. 

    

  Жазушының   үлкен   эпикалық   жанр   саласындағы   шығармалары,



«Шығанақ»   романы   (1945).   Роман   тақырыбының   туу   тарихы.   Шығанақ,

Олжабек, Амантай, Жанбота, т.б. бейнелері. 

   

  «Миллионер»   романы   (1948),   ондағы   жаңа   мен   ескінің   арасындағы



тартыс.   Жомарт, Жанат, Жақып, Сатан, Есжан, Ахмет образдарының тартыс

үстінде   суреттелуі,   олардың   типтік   дәрежеге   көтерілуі.   Жақып   бойындағы

психологиялық   тартыс.   Ахметтің   жаңашылдық   қасиеті.   Романның   жазылу

тарихы. Жазушының шығармашылық ой өзегі, оның игерілу жолдары. 

 

        «Қарағанды»   романы   (1952).   Роман   тақырыбының   туу   тарихы.



Романның материалы және өмір шындығы. Жазушының өмір шындығынан

өнер   шындығын   жасау   жолдары.   Романның   басты   кейіпкерлері,   олардың

өмірлік  негіздері   (прототиптері).  Ескі  мен жаңа,  әке  мен бала  арасындағы

тартыс. «Өмір мен өлім» (1939) және «Қарағанды» романдарының сюжеттік

желісіндегі , оқиғалар қамтуындағы, образ жасаудағы кейбір ұқсастықтар. 

    


  «Дауылдан   кейін»   романы   (  1959).   Романда   суреттелетін   оқиғалар

тобы. Басты тұлғалар Аман, Шолпан. Оның образын жасаудағы жазушының

жетістігі.   Аманға   ере   шыққан   жаңа,   жас   қауым:   Ізбасар,   Сыздық,   Әлжан,

Тоқабай, Нұрғали, Таймас. Шәкен мырза, Малқар болыс, Жақып және Шегел,

т.б. іс-әрекеттері, бейнелерінің әлеуметтік сипаты.  Романның   көркемдік

ерекшеліктері,   композициялық   құрылысы.   Жазушы   шеберлігінің   жаңа

қырлары. 

     


«Көз   көрген»   (1963).   Романда   суреттелетін   оқиғалар.   Шығарманың

1900-1925   жылдар   арасындағы   қазақ   қоғамы   бастан   кешкен   дәуір

шындығына құрылған сюжеттік желілері. Ғ.Мұстафиннің жазушылық өнер

туралы   толғамдары   («Ой   әуендері).   Жазушы   творчествосының   қазақ

әдебиетіндегі орны.

Ұсынылатын әдебиет: [13], [15] 


 

19-тақырып. Қасым Аманжолов

Қасым   Аманжолов   (1911-1955).   Шығармашылық   өмірбаяны.   Ақын

өміріндегі   Орал   кезеңінің     (Оралда   тұрған   жылдары)   –   шығармашылық

лабораториясында   айрықша   мәні   бар.   Қ.Аманжолов   өмір   уақиғаларын

сырттай бейнелеуден лирикалық кейіпкер ішкі әлемі мен сезім сырларына,

ойларын бейнелеуге көшеді. Арман, махаббат жырларына көңіл қояды. 

    

  Тұңғыш өлеңдер жинағындағы ақын шеберлігінің көріністері «Өмір



сыры»   (1938).   Соғыстан   кейінгі   өлеңдері.   1955-56   жылдары   ақынның   үш

томдық «Шығармаларының толық жинағы» шығарылуы. Шығармаларының

төрт томдық жинағы (1977-80).

     


Қасым Аманжолов поэзиясындғы Отан соғысы тақырыбы. «Ұлы Отан

соғысы   туралы   жыр»,   «Байкал»,   «Орал»,   «Үстімде   сұр   шинелім»,   «Жеңіс

даусы», «Дариға сол қыз», «Қызғалдақ», «Ақын өлімі туралы аңыз»,т.б.

   


  Поэмалары:   «Жамбыл   тойында»   (1939),   «Бикеш»   (1939-44),   «Құпия

қыз» (1939), «Ақын өлімі туралы аңыз» (1943), «Біздің дастан» (1947).

    

  Аудармалары:   «Полтава»   (Пушкин),   «Маскарад»   (Лермонтов),



Низамиден,   Некрасовтан,   Шевченкодан,   Маяковскийден,   Твардовскийден

қазақшалаған   аударма   туындылары.   Қ.Аманжолов   творчествосының   қазақ

әдебиеті тарихында алатын орны. 

Ұсынылатын әдебиет: [13], [15] 

20-тақырып. Әбдіжәміл Нұрпейісов

Әбдіжәміл   Нұрпейісов.   Көрнекті   қазақ   жазушысы,   қоғам   қайраткері

Әбдіжәміл   Нұрпейісов   әдебиетке   Ұлы   Отан   соғысынан   кейінгі   жылдарда

жазылған «Курляндия» романы арқылы келуі. Кейін романды қалмгер қайта

өңдеп, «Күткен күн» деген атпен жариялауы. 

   


  Мемлекет,   халықтар   арасындағы   соғыс   сұмдығы,   өмір-өлім   туралы

тынбай   ойланған   қаламгер   өзі   куә   болған   уақиғалармен   бірге   от   кешкен

адамдар   туралы,   толғана,   толқи   жазады.   Баяндаудан   гөрі   суреттеуге   ден

қояды.   Есей,   Денисов,   Қожақ   образдарын   жазу   барысында   қаламгердің

шынайы   тірліктен   толғамы   бар   көркем   бейнеге   ұмтылуы   да   байқалады.

Ә.Нұрпейісовтің   алпысыншы,   жетпісінші   жылдардағы   қазақ   әдебиетінің

тарихында «Қан мен тер» трилогиясының алатын орны ерекше. Роман бірден

қоғамдық   санада   елеулі   серпіліс   тудырып,   әдеби   сынның,   зерттеу   мен

талқылаудың обьектісіне айналды, шет тілдерге аударылды. Кино, дармалық

сценарилерге   көшірілді.   Романдағы   Тәңірберген,   Ақбала,   Еламан,   Мөңке,

Қасен, Сүйеу, Судырақмет, қара қатын әркеттерінің жүйесіздеу жүретін бей-

берекет тұстары. 

   

  Ә.Нұрпейісовтің   Аралдағы   ел,   адамдар   туралы   «Сең»   романы



қоғамдық   сана   назарын   аударуы.   Қаламгер   трилогиясында   байқалған

көркемдік ізденістері соңғы романдарында жалғасып келеді. 

  

 Ә.Нұрпейісов шығармашылығының ірі бір саласы аударма, әдеби-сын,



публицистика. 

Ұсынылатын әдебиет: [13], [15] 

21-тақырып. Мұқағали Мақатаев

Мұқағали Мақатаев (1931-1976). Ақынның шығармашылық өмірбаяны.

Ақынның   лирикасы.   Табиғат   лирикасы.   Махаббат   лирикасы.   Философия

лиркасы.   Сурет  пен  суреттілік.  Бейне  мен  бейнелілік.  Көркемдік   бейнелеу

құралдары. Сыр мен сыршылдық. Ақын шығармаларындағы өмір мен өлім,

жарық пен қараңғы,  бақи мен жалған  туралы ойлардың  көріністері.  Ақын

шығармаларындағы Ұлы Отан соғысы жылдары шындықтарының суреттері,

жесір   мен   жетім   бейнелері.   Поэмалары:   «Өмірдастан»,   «Аққулар

ұйықтағанда», «Моцарт», «Жан азасы», т.б. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы

ел тірлігі мен адамдар рухының биік келбетінің ақын шығармашылығындағы

бейнеленуі. Жастай еңбекке араласқан бала мен майдандағы баласын күткен

кемпір-шал, жарын күткен әйелдер бейнесі. Олардың нұрлы мұраттары мен

биік   адамгершіліктерінің,   ақын   жан   дүниесіндегі   сақталған   үндерінің

өрнектері мен көркемдік жаңа ізденістер жан-жақты ашылуға тиісті. 

    

Мұқағали   Мақатаев   шығармаларындағы   табиғат   көріністері,   жыл



мезгілдерінің   бейнеленуі,   және   олардың   құрылымдық   поэтикалық

ерекшелігі.   Өлең,   дастандар   өзегіндегі   психологиялық   параллельдер.

Қарапайым ауыл, адамдар бейнесі.

   


Ақын поэзиясындағы ірі обьектінің бірі – оның поэмалары. Мұқағали

Мақатаевтың «Армысыңдар достарым», «Қарлығашым келдің бе?», «Дариға

жүрек»,   «Шуағым   менің»,   «Өмір   өзен»,   «Бәсіре»,   «Соғады   жүрек»,

«Шолпан»   ,   т.б.   өлең,   поэма,   кітаптары   мен   прозалық   шығармалары

топтастырылған.   «Қош   махаббат»   жинағы,   шығармаларының   таңдамалы

толық жинақтары жарық көрді. 

    

Мұқағали   Мақатаевтың   ақындық   даралығы   және   қазақ   әдебиеті



тарихындағы орны. 

Ұсынылатын әдебиет: [13], [15] 

Қолданылатын әдебиеттер

Негізгі:

1.

Абай энциклопедиясы. –А., 1995



2.

Ахметов З.Өлең сөздің теориясы. –А., 1973

3.

Әуезов М. Әдебеит тарихы. –А, 1991



4.

Әуезов М.Абайтанудан жарияланбаған материалдар–А, 

1968

5.

Әбдиманұлы Ө. XX ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті–А, 



1988

6.

Байтұрсынов А. Ақжол–А,1991



7.

Жолдасбеков М.Асыл арналар. –А6 1985

8.

Жұмалиев Қ. XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ әдебиеті–



А,1967

9.

Келімбетов Н. Ежелгі  дәуірдегі қазақ әдебиеті–А, 1991



10.

 Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. –А,

1974


11.

Кенжебаев Б. XX ғасыр  басындағы қазақ әдебиеті–А, 

1993

12.


Қырабайқызы А. Ежелгі әдебиет–А,1996

13.


Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті–А, 1998

14.


Мағауин М. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет–А, 1992

15.


Нұрғали Р. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры–А, 2000

16.


Сүйіншәлиев Х. XIII -XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиеті–А,

1989


17.

 Тілепов Ж. Тарих және әдебиет–А, 2001



Қосымша:

18.


Абайдың өмірі мен творчествосы. А,1964

19.


Абай. Екі томдық шығармалар жинағы. –А, 1986

20.


Абай тағылымы. –А, 1987

21.


Алдаспан. –А, 1971

22.


Бабатайұлы Дулат. –А,1991

23.


 Біржан сал Қожағұлұлы. –А,1992

24.


 Бұқар Жырау қалқаманұлы. –А,1992

25.


Дәдебаев Ж., Сағындықов Н. Қазақ әдебиеті. Ежелгі 

дәуір. –А,2002

26.

Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы.  1-Том, 2 -том. –А, 



1965

27.


Қазақ әдебиетінің тарихы.  3 -томдық. –А,1967

28.


Қыраубаева А.Ғасырлар мұрасы. –А,1996

29.


Қирабаев С.Әдебиеттегі ақтаңдақтар. –А,1995

30.


Қожа Ахмет Иассауи. Диуани хикмет. –А,1993

31.


Марғұлан Ә.Ежелгі жыр-аңыздар. –А,1985

32.


Мырзахметов М. Мұхатар Әуезов және абайтану 

проблемалары. –А,1982

33.

Нұрғалиев Р. Арқау. –А,1970



34.

Өмірәлиев Қ. Қазақ поэзиясының жанры мен стилі. . –

А,1983

35.


Сәтбаева Ш.Шоқан Уәлиханов-филолог. –А,1985

36.


 Сейфуллин С. Шығармалары том. –А,1964

Document Outline



1   2


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал