НұСҚаулар нұр-Сұлтан 2020 «Назарбаев Зияткерлік мектептері»


«Тірі ағзалар жүйелері» пән саласының биологиядан жаңартылған оқу бағдарла-



жүктеу 2.47 Mb.
Pdf просмотр
бет7/57
Дата07.11.2022
өлшемі2.47 Mb.
#23454
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   57
PISA Жаратылыстану ғылыми сауаттылыкты калыптастыру
 «Тірі ағзалар жүйелері» пән саласының биологиядан жаңартылған оқу бағдарла-
масы бөлімдеріндегі көрінісі
Оқу бағдарламасының шиыршық құрылымы барлық негізгі ұғымдар оқу бағдарла-
масында бірнеше рет қайталанады және біртіндеп тереңдетіліп беріледі деп болжайды. 
Оқушы тақырыппен алғашқы танысқаннан кейін, сыныптан сыныпқа ауысқан сайын қо-
сымша білім меңгереді, жаңадан алынған ақпарат алдыңғы сыныптарда меңгерген білім-
дерін толықтырады. Осылайша танымның кеңдігі мен тереңдігіне қол жеткізіледі.
Күтілетін нәтижелерді 7-сыныпқа арналған «Биология» пәнінің оқу бағдарламасын-
дағы «7.1А Биосфера және экожүйелер» тарауында ұсынылған мынадай оқу мақсаттары 
мысалында қарастырайық: 
PISA-ның бағаланатын бөлімдері
Пән саласы
ТІРІ АҒЗА
ЛАР ЖҮЙЕ
ЛЕРІ
Оқу бағдарламасының бөлімдері
Жасуша (мысалы, құрылымы және 
қызметтері, ДНҚ, өсімдік және жа-
нуар жасушалары)
«Жасушалық биология», «Жасуша циклі», 
«Молекулалық биология және биохимия»
Адам (денсаулық, тамақтану, ауру-
лар, көбею, асқорыту, тыныс алу жү-
йелері, және қанайналым)
«Координация және реттеу», «Қозғалыс», «Ты-
ныс алу», «Зат тасымалдау», «Көбею», «Қорек-
тену», «Өсу және даму»
Популяция (өкілдері, эволюция
биологиялық алуантүрлілік, генети-
калық вариациялар)
«Селекция негіздері және эволюялық даму», 
«Тұқымқуалаушылық және өзгергіштік заңды-
лықтары», «Биосфера, экожүйе, популяция» 
Экожүйелер (қоректік тізбек, заттар 
және энергия ағындары)
«Биосфера, экожүйе, популяция», «Адамның 
іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсері», «Тірі ағ-
залардың алуантүрлілігі»
Биосфера (экожүйелерді сақтау, тұ-
рақты даму)
«Биосфера, экожүйе, популяция», «Адамның 
іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсері», «Тірі ағ-
залардың алуантүрлілігі»


9
Оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қалыптастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар
• 7.3.1.1 жергілікті жер экожүйесінің қоршаған орта факторларының тірі ағзалардың 
тіршілік әрекеті мен таралуына әсерін зерттеу;
• 7.3.1.2 табиғи қоректік тізбектерді салыстыру;
• 7.3.1.3 қоректік тізбекті және қоректік торларды құрастыру;
• 7.3.1.4 экологиялық сукцессия үдерісін сипаттау
Жоғарыда көрсетілген күтілген нәтижелерге тиімді қол жеткізу үшін 7-сыныпқа ар-
налған оқу бағдарламасының орта мерзімді жоспарында әдістемелік нұсқаулар ұсыныл-
ған. Мысалы, «7.3.1.1 жергілікті жер экожүйесі қоршаған орта факторларының тірі ағ-
залардың тіршілік әрекеті мен таралуына әсерін зерттеу» оқу мақсаты бойынша орта 
мерзімді жоспардың бөлімі төменде келтірілген және онда оқу мақсаттарына жету үшін 
нақты ұсыныстар берілген.

жүктеу 2.47 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   57




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет