НұСҚаулар нұр-Сұлтан 2020 «Назарбаев Зияткерлік мектептері»


ГЕОГРАФИЯ БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР



жүктеу 2.47 Mb.
Pdf просмотр
бет48/57
Дата07.11.2022
өлшемі2.47 Mb.
#23454
түріНұсқаулар
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   57
PISA Жаратылыстану ғылыми сауаттылыкты калыптастыру
4.3 ГЕОГРАФИЯ БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР
1-тапсырма 
8-сынып
Оқу мақсаты:
8.3.1.1 жер бедерінің қалыптасу және таралу заңдылықтарын зерттеу.
Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап бер.
Шарын ұзындығы 154 километр болатын, ал тік 
жартастарының биіктігі 300 метрге дейін жететін 
шөгінді жыныстардан тұратын кешен болып 
табылады. Оның тарихы 12 миллион жылды құрайды. 
Шөгінді жыныстардың қабаттарында тасқа айналған 
теңіз жануарларының қалдықтары көптеп кездеседі. 
Аңғар түбімен осыдан бірнеше миллион жыл бұрын 
Іле көлін қоректендірген Шарын өзені ағып жатыр. 
Жазда ауа температурасы 35°-қа дейін көтеріліп, 
қыста -6°-қа дейін дейін төмендейді. Сол себептен 


48
Оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қалыптастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар
туристерге көктемнің соңы мен жаздың басында немесе күз мезгілінде келу ұсынылады. 
Бұл шөл зона болғанымен жартастардағы жарықтарда су болуы мүмкін. [1]
1-сұрақ. Шарын шатқалының жер бедері қалай қалыптасты?
2-сұрақ. Ауа температурасының өзгеруі және жартас жарықтарындағы су жартас-
тардың мүжіліп, бұзылуына қалай әсер етеді?
А. Суық су жылы тастарды ерітеді.
B. Су тастарды біріктіріп, қатырып тастайды.
С. Мұз тастардың беттерін тегістейді.
D. Қататын су жартастардың жарықтарында ұлғаяды.
3-сұрақ. Неліктен тасқа айналған теңіз жануарларының қалдықтары сақталған? 
Осыдан миллион жылдай бұрын қандай оқиғалар болған?
А. Ежелгі уақыттарда адамдар теңіз өнімдерін мұхиттардан осы аймаққа әкелген.
B. Ерте кездерде мұхиттар өте сұрапыл болған, ал теңіздегі тіршілік иелері алып 
толқындармен шайылып, құрлыққа шығарылған.
C. Ерте кезде бұл жерде теңіз болған, кейін ол қайта шегініп, суы тартылды.
D. Ерте замадарда кейбір теңіз жануарлары теңізде тіршілік етуге шықпас бұрын 
құрлықта тіршілік еткен.
Түсіндірме
Бұл тапсырманы орындау барысында оқушылар құбылыстарды ғылыми тұрғыда тү-
сіндіреді. Мысалы, Шарын шатқалы жер бедерінің қалыптасуы, тау жыныстарының бұ-
зылуы. Химия, физика пәндерімен байланыс жүзеге асырылады. Оқушылар судың химия-
лық және физикалық қасиеттері туралы білімдерін естеріне түсіруі қажет.
Жауаптары
1-сұрақ. Шарын шатқалының жер бедері экзогендік күштердің әсерінің нәтижесінде 
қалыптасты. Тау жыныстарындағы ұзына бойы созылған аңғарды өзен салды, ал жар-
тастардың көрікті пішіндері жел әсерінен қалыптасқан.
2-сұрақ. D. Қататын су жартас жарықтарында ұлғаяды.
3-сұрақ. C. Ерте кезде бұл жерде теңіз болған, кейін ол қайта шегініп, суы тартылды.

жүктеу 2.47 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   57




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет