НұСҚаулар нұр-Сұлтан 2020 «Назарбаев Зияткерлік мектептері»


-тапсырма. Жанды және жансыз табиғаттағы заттар



жүктеу 2.47 Mb.
Pdf просмотр
бет47/57
Дата07.11.2022
өлшемі2.47 Mb.
#23454
түріНұсқаулар
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   57
PISA Жаратылыстану ғылыми сауаттылыкты калыптастыру
8-тапсырма. Жанды және жансыз табиғаттағы заттар
7-сынып
Оқу мақсаттары:
7.1.2.3 элементтерді металдар мен бейметалдарға жіктеу;
7.4.2.4 Қазақстан қандай минералды және табиғи ресурстарға бай екенін, олардың 
кен орындарын білу;
7.5.1.1 азық-түлік өнімдерінің химиялық заттардың жиынтығы екенін түсіну;
7.5.1.2 кейбір қоректік заттарды: көмірсулар (крахмал), нәруыздар, майларды білу
және анықтай алу;
7.5.1.3 адам ағзасының құрамына кіретін элементтерді (О, С, Н, N, Ca, P, K) білу. 
9-сынып
Оқу мақсаттары:
9.5.1.1 адам ағзасының құрамына кіретін элементтерді атау (О, С, Н, N, Ca, P, K, S, Cl, 
Mg, Fe) және олардың маңызын түсіндіру;
9.5.1.3 адам ағзасындағы кальций мен темірдің рөлін түсіндіру;
9.5.1.4 азық-түлік құрамындағы көміртекті анықтау;
9.5.1.5 ауыр металдармен ластану көздерін атау және олардың ағзаға әсерін түсіндіру.
В.И. Вернадскийдің айтуынша, «биосфера – бұл тіршілік және ғарыштық сәулелену 
арқылы өңделген және өмірге бейімделген белгілі бір құрылымды орта». В.И. Вернадс-
кий геохимиялық үдерістер мен тірі ағзалар біртұтас цикл түзетінін атап көрсетті. 
Оның пікірінше, жер қыртысы мен тірі ағзалар құрамындағы химиялық элементтердің 
сапалық құрамы өте жақын. Ол бір кезде тірі ағза құрамында химиялық элементтер-
дің периодтық жүйесіндегі барлық химиялық элементтердің табылатынын болжап 
айтты. Қазіргі кезде адам ағзасында шамамен 70 химиялық элементтің болатыны дә-
лелденген. Егер сапалық арақатынаспен салыстыратын болсақ, онда жер қыртысында 
металдар, ал адам ағзасында бейметалдар басым болады. Егер элемент бойынша са-
лыстыратын болсақ, жер қыртысының негізгі массасын (98%) 8 элемент (оттек, крем-


47
Оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қалыптастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар
ний, алюминий, темір, кальций, натрий, калий, магний) құрайды, ал адам ағзасының
97% массасы 6 элементтен (көміртек, сутек, оттек, азот, фосфор, күкірт) тұрады.
1. Тірі ағзалардағы және жансыз табиғаттағы зат алмасу үдерістерінің қандай 
айырмашылықтары бар? 
2. Суретті талда. Суретте не бейнеленгенін түсіндір.
Энергетикалық алмасу
Жансыз табиғат
Жанды табиғат
Ақпарат алмасу
Зат алмасу
Түсіндірме
Тапсырманы орындау барысында оқушылар ойлау қабілеттерін, мәліметтерді талдап 
түсіндіру дағдыларын қалыптастыруға әсер ететін проблемалық жағдайларды қарасты-
рады. Белгілі шешім қабылдау үшін оқушылар мәселені өз бетімен шешу, дәлелдеу және
ғылыми көзқарас тұрғысынан бағалау дағдыларын дамытады.
Шешуі 
Барлық тірі ағзалар қоршаған ортамен зат алмасуға қабілетті: одан тіршілік әрекетінің 
қалдықтарын бөле отырып, тіршілік ету үшін қажет заттарды алады. Жансыз табиғатта 
балауыз шамның немесе алаудың жануына ұқсас үдерістерді бақылауға болады. Алай-
да жану үдерісі кезінде органикалық заттар және ауадағы оттекті сіңіріп, көмірқышқыл 
газы және басқа да заттарды бөледі. Адам жасаған көптеген механизмдердің жұмысы-
ның негізіне алмасу үдерістері алынған. Бірақ жансыз табиғаттағы алмасу үдерістерінен 
айырмашылығы: тірі ағзаларда заттардың синтезі мен ыдырау үдерістері маңызды болып 
табылады. Зат алмасу ағзаның химиялық құрамы мен құрылымының тұрақтылығын қам-
тамасыз етеді, үнемі өзгеріп тұратын қоршаған орта жағдайларында оның өсуіне, кө-
беюіне және тіршілік етуіне жауап береді.

жүктеу 2.47 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   57




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет