НұСҚаулар нұр-Сұлтан 2020 «Назарбаев Зияткерлік мектептері»



жүктеу 2.47 Mb.
Pdf просмотр
бет46/57
Дата07.11.2022
өлшемі2.47 Mb.
#23454
түріНұсқаулар
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   57
PISA Жаратылыстану ғылыми сауаттылыкты калыптастыру
7-сынып
Оқу мақсаттары:
7.1.2.3 элементтерді металдар және бейметалдарға жіктеу;
7.3.1.2 заттар жанған кезде ауаның құрамындағы оттектің жұмсалатынын білу; 
7.3.1.4 заттардың жану жағдайларын және жану реакциясы өнімдерін білу;
7.3.1.5 оңай тұтанатын, жанғыш және жанбайтын заттарға мысалдар келтіру;
7.4.2.4 Қазақстанның қандай минералды және табиғи ресурстарға бай екенін және 
олардың кен орындарын білу;
7.4.2.5 табиғи ресурстарды өндірудің қоршаған ортаға әсерін білу. 
8-сынып
Оқу мақсаттары:
8.3.1.4 әртүрлі жанғыш заттардың қоршаған ортаға тигізетін салдарын түсіну; 
8.2.1.2 бір топ элементтерінің сыртқы энергетикалық деңгейінде бірдей электрондар 
саны болатынын түсіну;
8.2.1.3 топ және период бойынша элементтердің қасиеттерінің өзгеру заңдылығын 
түсіндіру;
8.2.1.4 химиялық элементтерді периодтық кестеде орналасуы бойынша сипаттау;
8.2.1.5 химиялық қасиеттері ұқсас элементтердің бір топқа жататынын білу;
8.2.1.7 периодтық кестедегі орналасуына қарай химиялық элементтердің қасиетін 
болжау.
9-сынып 
Оқу мақсаттары: 
9.2.1.22 фосфордың аллотропиялық түрөзгерістерін салыстыру;
9.4.2.2 Қазақстандағы фосфор қосылыстарының кен орындарын атау;
9.2.1.23 фосфор және оның қосылыстарының химиялық қасиеттерін түсіндіру.
Ең алғаш фосфор сіріңкелері 1827 жылы жасалды. Мұндай сіріңкелер кез келген зат-
тың бетіне үйкеген кезде тұтанып, кейде өртке ұласып кеткен. Осылай 1867 жылы 
италиялық эрцгерцогиня Матильда сіріңкені абайсызда басып кетіп, көйлегі отқа ора-


46
Оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қалыптастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар
нып ажал құшады. Фосфор сіріңкелерін мұқият қолданбау салдарынан улану жағдай-
лары да көп орын алған. Сондықтан мұндай сіріңкелердің орнына қазіргі кезге дейін 
қолданылып келе жатқан сіріңкелер шықты. 
1. Фосфор топшасына тән қасиеттерді сипатта.
2. Қандай қасиеттерді ерекше деп таптың? Оларды мәтіндегі ақпаратпен байла-
ныстыр.
3. Алғашқы фосфор сіріңкелері өте қауіпті, ал қазіргі кездегі сіріңкелердің қауіпсіз 
болу себебін түсіндір. Оның бір себебін айтып бер.
4. Қазақстандағы фосфор кен орындарын зерделе. Әлемдік деңгейдегі фосфор өндіру 
статистикасын салыстыр. Фосфорды алу және қайта өңдеу тиімділігін негізде.
5. Фосфор өндіруге байланысты экологиялық жағдайды жақсарту үшін қандай ұсы-
ныстарың бар? Бұл елдің экономикалық әл-ауқатына қалай әсер етуі мүмкін?
Түсіндірме
Тапсырма оқушылардың жаратылыстану-ғылыми бағыттағы зерттеулердің ерекше-
ліктерін түсінуіне бағытталған: Д.И. Менделеев жасаған химиялық элементтердің пе-
риодтық жүйесіндегі фосфордың орналасуы негізінде оқушылар оның қандай химиялық 
қасиеттер көрсете алатынына болжам жасайды. Тапсырманы орындау барысында беріл-
ген сұрақтың ғылыми-зерттеу әдісін бағалау, сондай-ақ ғалымдар қолданатын экология-
лық жағдайларды жақсарту әдістерін бағалау және сипаттау дағдылары дамиды. 
Оқушылар мынадай гипотеза ұсынады: фосфор – металл/бейметалл, тотықтырғыш/
тотықсыздандырғыш, өндіру артықшылықтары мен кемшіліктері. 

жүктеу 2.47 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   57




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет