НұСҚаулар нұр-Сұлтан 2020 «Назарбаев Зияткерлік мектептері»



жүктеу 2.47 Mb.
Pdf просмотр
бет39/57
Дата07.11.2022
өлшемі2.47 Mb.
#23454
түріНұсқаулар
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   57
PISA Жаратылыстану ғылыми сауаттылыкты калыптастыру
Сұрақтарға жауаптар
1. Найзағай жарқылы мен күн күркіреу дыбысының арасындағы уақытты өлшеу ке-
рек. Бақылаушыдан найзағай жарқылы пайда болған жерге дейінгі қашықтық уақыт пен 
ауадағы дыбыс жылдамдығының көбейтіндісіне тең.
2. А нұсқасы. 


40
Оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қалыптастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар
3. Далада жүрген кезде күн күркіресе бір жерге отырып, оның аяқталғанын күту қа-
жет. Өйткені найзағай ең биік нысанды соғады. Сондықтан адам денсаулығына үлкен 
қауіп тудырады.
4.2 ХИМИЯ ПӘНІ БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР ҮЛГІЛЕРІ
1-тапсырма. Kip жуу
7-сынып
Оқу мақсаты: 
7.2.2.3 кейбір карбонаттар мен сұйылтылған қышқылдардың реакцияларын зерттеу, 
көмірқышқыл газына сапалы реакция жасау.
8-сынып
Оқу мақсаттары:
8.2.4.4 әртүрлі металдардың қышқыл ерітінділерімен әрекеттесуін зерттеу;
8.2.2.5 металдардың қышқылдармен реакция теңдеулерін құру
8.4.2.9 судың «кермектігін» анықтау және оны жою әдістерін түсіндіру.
Сен мырышталған қаңылтырдан жасалған ескі бакқа кір жуу ұнтағы мен сода салып, 
ақ түсті киімдерді қайнатып, жуа бастадың. Осы кезде бак түбіндегі киімде сары дақ-
тар, ал бак қабырғаларында ақ әрі ұнтақ тәрізді дақтар пайда болғанын байқадың. 
1-сұрақ. Бұлай болу себебі неде? Реакция теңдеуін жаз.
2-сұрақ. Киімдегі және бак қабырғаларындағы дақтарды қалай жоюға болады? Киім-
дерді бүлдірмеу үшін не істеу керек?
Ескерту
Сұрақтарға жауап беру үшін оқушылар деректерді талдап, эксперимент нәтижесін бол-
жауы керек. Бұл кезде пәндік білімдерге сүйеніп қана қоймай, мәтіннен ақпарат алуы, ғылы-
ми құзыреттілікті қолдана білуі керек. Негізгі мектептің оқу бағдарламасы мазмұнында осы 
тапсырма бойынша пәндік білім жаратылыстану-ғылыми құзыреттілікті дамытуға арналған 
оқу мақсаттары және практикалық жұмыстарды орындау арқылы жүзеге асырылады. 
Шешуі. Бактағы ерітінді сода гидролизінің салдарынан сілтілі ортаға ие болады:
Na₂CО
3
+ 2Н₂О = 2NaOH + СО₂ + Н₂О
Бактың мырышталған беті екідайлы (амфотерлі) оксид болып табылатын мырыш ок-
сидінің жұқа қабатымен қапталғанын және ол қышқылдарда да, сілтілерде де еритінін 
ескеру қажет:
Zn + 2NaOH + 2Н₂О = Na₂[Zn (OH)₄] + Н₂
ZnO + 2NaOH + Н₂О = Na₂[Zn (OH)₄]
1. Бак қабырғаларындағы ақ және борпылдақ дақтар – натрий цинкаты. Бұл дақты кез 
келген әлсіз қышқылда, мысалы, сұйылтылған тұз қышқылында ерітуге болады:
Na₂[Zn(OH)₄] + 4HC1 = ZnCl₂ + 4Н₂О + 2NaCl
2. Бакты ұзақ уақыт пайдаланған кезде мырыштың жұқа қабаты біртіндеп ериді де,
қаңылтырлы аймақтары жұқара түседі. Темірдің барлық қорытпалары сияқты қаңылтыр 
тот түсіне себепші Fe
2
О
3
•nН
2
О қосылыстарының түзілуімен коррозияға оңай ұшырайды. 
Киімдегі сары дақтар – тот немесе темір (ІІІ) оксиді гидраттарының іздері болып табыла-
ды. Оны лимон шырынының бірнеше тамшысын тамызу арқылы түссіздендіруге болады. 
Лимон қышқылы үш валентті темір иондарымен түссіз кешендер түзеді.

жүктеу 2.47 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   57




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет