НұСҚаулар нұр-Сұлтан 2020 «Назарбаев Зияткерлік мектептері»


Сұрақ. Осы көлдің түбіне түсірілетін қысымды анықта. Түсіндірме



жүктеу 2.47 Mb.
Pdf просмотр
бет32/57
Дата07.11.2022
өлшемі2.47 Mb.
#23454
түріНұсқаулар
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   57
PISA Жаратылыстану ғылыми сауаттылыкты калыптастыру
Сұрақ. Осы көлдің түбіне түсірілетін қысымды анықта.
Түсіндірме. Тапсырма процедуралық білімдерге (мұндай тапсырмалар география-
да да кездеседі) арналғандықтан, жаратылыстану-ғылыми пәндерінің барлығына бірдей 
деңгейде қатысты. Сондықтан ол пәндерді бір топқа біріктіріп, белгілі бір пән бойынша 
шектелген сауаттылық жайында емес, керісінше, жалпы жаратылыстану-ғылыми сауат-
тылық жөнінде сөз қозғауға болады. Біздің практикамызда процедуралық білім типіне 
жататын білім, білік, құзыреттіліктер кешенін көп жағдайда «Ғылыми таным әдістері» ай-
дарына біріктіреді. Мәнмәтін (контекст) – сұрақта сипатталған проблемалық жағдаятқа
жататын тақырыптық сала. PISA-2015 зерттеулеріне сәйкес, бұл жағдаятты мынадай мән-
мәтіндерге жатқызуға болады:
табиғи ресурстар;
• қоршаған орта.
Шешуі. Сұйықтық қысымының p=ρgh формуласын қолдан.
Жауабы. 400 кПа.
6-тапсырма
9-сынып
Оқу мақсаттары: 
9.1.3.2 эксперимент нәтижесіне әсер ететін факторларды талдау және экспериментті 
жүргізуді жақсарту жолдарын ұсыну;
9.2.5.16 дыбыс сипаттамаларын дыбыс толқындарының жиілігімен және амплитуда-
сымен сәйкестендіру;
9.2.5.18 жаңғырықтың пайда болу табиғатын және оны қолдану әдістерін сипаттау.
Оқушы дыбыс импульсін алу үшін дауыс зорайтқышты қолданды және жүздеген метр 
қашықтықта орналасқан жартастан жаңғырықты естіді.
Жаңғырық үнінің биіктігі бастапқы дыбыстағыдай, бірақ дыбыс деңгейі әлдеқайда тө-
мендеу.
Дыбыстың амплитудасы мен жиілігі қалай өзгерді?
Амплитуда
Жиілік
A
төмендеді
тұрақты болып қалды
B
жоғарылады
тұрақты болып қалды
C
тұрақты болып қалды
төмендеді
D
тұрақты болып қалды
жоғарылады
Түсіндірме. «Құбылыстарды ғылыми тұрғыда түсіндіру» құзыреттілігінің «Құбылыс-
тарды түсіндіру үшін сәйкес жаратылыстану-ғылыми білімдерін қолдану» дағдысын баға-
лау үшін берілген тапсырмада мейлінше қалыпты жағдаят сипаттамасы ұсынылған, оны 
түсіндіру үшін тікелей бағдарлама материалдарын қолдануға болады. Тапсырма экспе-
римент нәтижесіне әсер ететін факторларды білуді білдіреді және оқушыдан өз білімін 
қолдана білу қабілетін талап етеді. Бұл жағдайда оқушылардың зерттеушілік дағдыларын
дамыту есту арқылы қабылдау туралы білім жүйесі арқылы қалыптасады. Осындай тип-
тегі тапсырмаларды қолдану оқушылардың лезде жауап беруіне және білімдерін қолда-
нуына түрткі болады.

жүктеу 2.47 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   57




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет