НұСҚаулар нұр-Сұлтан 2020 «Назарбаев Зияткерлік мектептері»


болатындай дайындау керек. Қажет болған жағдайда әріптестеріңізден сіздің тап-



жүктеу 2.47 Mb.
Pdf просмотр
бет26/57
Дата07.11.2022
өлшемі2.47 Mb.
#23454
түріНұсқаулар
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   57
PISA Жаратылыстану ғылыми сауаттылыкты калыптастыру
болатындай дайындау керек. Қажет болған жағдайда әріптестеріңізден сіздің тап-
сырмаларыңызды талдауды сұраңыз.
Тасырмаларды құрастырушылар оқушылар қателік жіберуі мүмкін күрделі және 
екіұшты тұжырымдамаларды пайдалануға жол бермеуі керек. Өте ұзақ сөйлемдер, мета-
форалар мен анықтамалақ сөздерді пайдалану тілдік дағдылары осал оқушылардың қа-
теліктеріне себеп болуы ықтимал. Сонымен қатар керісінше, тест тілін мазмұн деңгейіне 
әсер ететіндей дәрежеде жеңілдетпеу керек.
9. Оқушылардың деңгейіне, әсіресе олардың тілдік дағдылары мен бұрын меңгер-
ген білімдеріне сәйкес материалды пайдалану керек. Бірінші кезекте нақты оқу-
шылар тобының қызығушылықтарына немесе тәжірибесіне қатысты материал-
дарды пайдаланбаңыз.
Көптеген ашық сұрақтары бар тапсырмаларда белгілі жағдай/мәнмәтіндегі материал-
дар пайдаланылады (мысалы, жағдаятты, мәтінді, сызбаны, мультфильм немесе жарна-
маны сипаттау). Мұндай материалдар функционалды болуы керек. Оқушылар осындай 
сұрақтарға оны мұқият оқығаннан кейін жауап беруге қабілетті болуы тиіс. Материал-
дардың мазмұны және құрылымы күнделікті өмірдегі, БАҚ немесе басқа да таныс жағ-
дайлардағы мәтіндерге, диаграммаларға ұқсас болуы керек. 
Бұдан әрі фукнционалды сауаттылық пен ғылыми тәсіл дағдыларын дамытуға бағыт-
талған және бақылау, жіктеу, өлшеу, жоспарлау, жобалау, қорытынды жасау, болжауды 
қамтитын тапсырмалар мысалдары ұсынылады.


30
Оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қалыптастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар
1-тапсырма 
Дулат жарық және қараңғы ортаның өсімдіктер-
ге әсерін анықтау үшін эксперимент жүргізді. Ол құ-
мырадағы екі өсімдіктің біреуін суретте көрсетіл-
гендей қара түсті, екіншісін мөлдір жәшікпен жауып 
қойды. Бұдан кейін ол өсімдіктерді екі апта бойы күн 
сайын бақылаған.
Эксперимент маңызды нәтижелер беру үшін Дулат келесі шаралардың қайсысын 
жүзеге асыруы керек?
(1) қораптың төменгі шеттерінің айналасында саңылаулар тесу керек.
(2) құмырадағы топырақты эксперимент басталғанға дейін тыңайтқышпен өңдеу 
қажет.
(3) жоғарыда көрсетілген құрылғыларды Күн жарығы астына орналастыру керек.
A. Тек (1). 
B. Тек (2). 
С. Тек 1- және 3-тармақтар.
D. Тек 2- және 3-тармақтар.
Ескерту
Бұл тапсырмаға жауап беру үшін оқушы артық деректерді шығарып тастап, экспе-
римент нәтижесін салыстыруы және болжауы, «тіршілік ортасы» ұғымын меңгеріп, диа-
граммадан ақпаратты ала білуі керек. Бұл кезде тек бір білік пәндік болады, басқалары 
ғылыми құзыреттілікті талап етеді. Негізгі мектеп бағдарламасының мазмұнында бұл тап-
сырма бойынша пәндік білім «7.1.6.2 жарықтың өсімдіктердің өсуі мен дамуына әсерін 
түсіндіру», «7.1.6.3 өсімдіктердегі фотопериодизм рөлін сипаттау» оқу мақсаттары арқы-
лы ашылады, ал жаратылыстану-ғылыми құзыреті «7.1.5.2 өсімдіктердегі бөліп шығару 
ерекшеліктерін зерттеу», «7.1.4.3 өсімдіктердің тыныс алуын зерттеу», «7.1.2.2 фотосинтез 
үдерісіне қажетті жағдайларды зерттеу» оқу мақсаттары бойынша практикалық жұмыс-
тарды орындау арқылы қарастырылады.

жүктеу 2.47 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   57




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет