НұСҚаулар нұр-Сұлтан 2020 «Назарбаев Зияткерлік мектептері»


Оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қалыптастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар Тапсырма  №



жүктеу 2.47 Mb.
Pdf просмотр
бет21/57
Дата07.11.2022
өлшемі2.47 Mb.
#23454
түріНұсқаулар
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   57
PISA Жаратылыстану ғылыми сауаттылыкты калыптастыру
22
Оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қалыптастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар
Тапсырма 

Кезең 
Сурет 
1
Қазтамақ (пеларгония) өсімдігін қараңғы шкафқа салып, 
ол жерде бірнеше күн ұстаған.
Қараңғыдағы жапырақ
2
Өсімдіктің бір жапырағына қалың қағаздан екі жағынан 
жолақ жабыстырып, жарық жерге қойған.
Жарықтағы жапырақ
3
Бір тәулік өткеннен кейін қағаз жолағы бар жапырағын 
кесіп алып, жапырақты 2-3 минутқа қайнаған суға салған; 
осыдан кейін жапырақ (және жолақтың орны да) жасыл 
қалыпта қалған.
Қайнаған судағы жапырақ
4
Жапырақты бірнеше минутқа ыстық спиртке салған. Со-
ның нәтижесінде жапырақ түссізденіп, ал спирт жасыл түс-
ке боялады.
Спирттегі жапырақ
5
Жапырақты сумен шайып, одан кейін шыны тостағанда әл-
сіз йод ерітіндісіне салады.
Жапырақты алғанда оның түрі суретте көрсетілгендей 
болған.
Йод ерітіндісіндегі жапырақ
1-сұрақ. Бұл тәжірибенің мақсаты неде? Бір жауап таңда.
A. Жапырақта болатын хлорофилл спиртте еритінін көрсету.
B. Қайнаған суда жапырақ жасыл түсін сақтайтынын көрсету.
C. Жарықта жапырақта крахмал түзілетінін көрсету.
D. Қағаз жабыстырылған жапырақ бөлігінде хлорофилл жойылатынын көрсету.
2-сұрақ. Жапырақты қараңғы шкафта 4 күн тұрғаннан кейін бірден кесіп алып, суда 
және спиртте өңдеп, йод ерітіндісіне салғанда нәтиже қандай болатын еді? Жауапты 
жақтаудың ішіне жаз.
3-сұрақ. Химик-ғалымдардың өсімдіктің неден тұратынын анықтауға мүмкіндік 
беретін әдістері бар. Өсімдіктердің жасушасында судан кейін екінші орында құрамына 
көміртек кіретін көмірсулар болады екен. 
Көміртек өсімдікке қайдан келеді? Жауаптардың бірін таңда.
A. Топырақтан. 
B. Судан. 
C. Ауадан. 
D. Күн жарығынан.
Бұл тақырыпты биология курсының аралық мазмұнды желісі ретінде, жалпы Жер 
биосферасының тіршілігі үшін фотосинтез үдерісінің іргелі маңыздылығына байланысты 
қарастыру керек. Тапсырмада фотосинтездің крахмал түзу секілді қыры қарастырылып, 
экспериментті талдау осы құбылыстың болуын дәлелдейді. Осы тапсырмалардың көмегі-
мен оқушылардың фотосинтез құбылысының аспектілерін (көмірқышқыл газын сіңіруін, 


23
Оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қалыптастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар
жарықта крахмал түзілуін) қаншалықты түсінгенін бағалауға, яғни пәндік білімді меңгеру 
деңгейіне баға беруге болады.
Бағдарламаларда фотосинтезді оқып білу басқа да тақырыптарды оқып білу секіл-
ді білімді қарапайым беру форматынан жаратылыстану-ғылыми құзыреттіліктерін қа-
лыптастыруға қайта бағдарланған. Нақты оқыту мақсатына тәуелді бұл тақырып әртүрлі 
тереңдету дәрежесі тұрғысынан 7-сыныпта «Қоректену», «Тыныс алу» және «Қозғалыс» 
тарауларында «7.1.2.2 фотосинтез үдерісіне қажетті жағдайларды зерттеу», «7.1.4.3 өсім-
діктердің тыныс алуын зерттеу», «7.1.6.3 өсімдіктердегі фотопериодизм рөлін сипаттау» 
оқу мақсаттары арқылы зерттеледі. 
Бағдарламаны жүзеге асыру барысында оқыту үдерісінде оқушылар базалық практи-
калық және зерттеушілік дағдыларын дамытады (зерттеу мәселесін қалыптастыру, сәйкес 
әдісті және құрылғыларды таңдау, деректерді жинау және өңдеу, қорытынды жасау және 
зерттеу әдістерін талқылау, зерттеу әдісінің кемшіліктері және жақсарту т.б.). Эксперимент 
барысында оқушылар өз зерттеулерін жүргізіп және жоспарлап, зерттеу сұрақтарына 
жауап тауып үйренеді. Сонымен қатар коммуникативтік және АКТ-ны қолдану дағдыла-
ры дамиды (топпен, жұппен жұмыс, рөлдік ойын, таныстырылымды, постерлерді қорғау 
т.б.). Оқу бағдарламасында қарастырылған зертханалық және практикалық жұмыстарды 
орындау оқушылардың келесі дағдылары мен біліктіліктерін дамытуға бағытталған:
нәтижелерді талқылау (зерттеу әдістерінің кемшіліктерін анықтау және 
жетілдіру жолдарын ұсыну)
қорытындыларды тұжырымдау (болжамдардың тәжірибе 
мәліметтерімен дәлелденуі/дәлелденбеуі, бақылаудың негізгі нәтижелерін 
анықтау)
мәліметтерді жазу және өңдеу (статистикалық талдауды қолдана отырып 
кесте, диаграмма түрінде)
сәйкес зерттеу әдісі мен матариалдарды таңдау, экспериментті орындау
зерттеу сұрағын/мақсатын тұжырымдау
экспериментті жоспарлау (зерттеу мақсаттарын, болжамды тұжырымдау, 
тәуелді, тәуелсіз және бақыланатын айнымалыларды анықтау)

жүктеу 2.47 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   57




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет