НұСҚаулар нұр-Сұлтан 2020 «Назарбаев Зияткерлік мектептері»



жүктеу 2.47 Mb.
Pdf просмотр
бет2/57
Дата07.11.2022
өлшемі2.47 Mb.
#23454
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57
PISA Жаратылыстану ғылыми сауаттылыкты калыптастыру
    Навигация по данной странице:
  • 3-тарау.
1-тарауPISA зерттеулеріндегі жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты 
бағалау құрылымы және оның жаңартылған оқу бағдарламаларының
мазмұнымен байланысы ..................................................................................................................................5
1.1. Тапсырма мәнмәтіні ...............................................................................................................................5
1.2. PISA зерттеулеріндегі жаратылыстану-ғылыми сауаттылық құзыреттіліктері ...........7
1.3. Мәнмәтіндегі білім ..................................................................................................................................7
2-тарау. Негізгі ғылыми құзыреттіліктер мен дағдыларды дамыту арқылы 
функционалды сауаттылықты қалыптастыру ....................................................................................... 11
3-тарау. Оқу үдерісінде функционалды сауаттылықты қалыптастыру және 
бағалау бойынша тапсырмаларды қолдану жөнінде әдістемелік нұсқаулар ....................... 27
4-тарау. Физика, химия және география пәндері бойынша 
функционалды сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмалар ............................................... 32
Қорытынды ........................................................................................................................................................... 54
Қолданылған әдебиеттер мен ақпарат көздерінің тізімі ................................................................ 55


Білім беру – оқыту мен тәрбие берудің бірыңғай мақсатта бағытталған үдерісі, мең-
герген білім, біліктілік, дағдылардың, жұмыс тәжірибесінің және қалыптасатын құзырет-
тіліктің жиынтығы.
Осы сан қырлы үдерісте теориялық білімді қалыптастыру және оқушылардың прак-
тикалық дағдыларын дамыту арасындағы тепе-теңдікті сақтаудың маңызы зор. Соңғы уа-
қытта фактілерді, терминдерді, формулаларды жаттауға баса назар аударылып, білімді 
қолданбалы мәселелерді шешу үшін қолдану деңгейі төмендеп кетті. Осы жерде акаде-
мик Александр Минцтың «Білімді меңгерген, алайда оны пайдалана алмайтын оқушы 
жүзе алмайтын фаршталған балық іспеттес» деген сөздері орынды айтылған.
Оқушылардың білім жетістіктерін бағалау бойынша PISA (Programme for International 
Student Assessment) халықаралық бағдарламасы жалпы білім беру сапасының монито-
рингтік зерттеуі болып табылады. Ол «Міндетті білім алған 15 жастағы оқушы заманауи 
қоғамда толыққанды қызмет ету, яғни, әр алуан адам қызметі мен әлеуметтік қатынастар 
салаларындағы кең ауқымды мәселелерді шешу үшін қажетті білім мен білікті меңгерген 
бе?» деген сауалға жауап береді. Аталған бағдарламаны Экономикалық Ынтымақтастық 
және Даму ұйымы (OECD – Organization for Economic Cooperation and Development) жү-
зеге асырады. Зерттеу үш жылдық циклмен 2000 жылдан бастап өткізіліп келеді.
2018 жылғы зерттеу оқу сауаттылығына бағытталған және толықтай компьютерлік 
негізде, интерактивті білімді пайдалана отырып жүзеге асырылған. PISA-21 математи-
калық сауаттылықты өлшеуге бағытталатын болады, халықаралық емтихан құралының 
бірегейлігі оның білім алушылардың жас буынның жетістігін қамтамасыз етіп, ересек 
өмірде өзін толық көрсетуіне жағдай жасайтын біліктіліктерін анықтауына негіз болады.
Халықаралық сарапшылар жылдам қарқынмен дамып отырған технологиялық қо-
ғамда жаратылыстану ғылымдары мен технологияларының мектеп түлектері үшін тең-
дессіз маңызы бар екенін айтады. Осыған байланысты жаратылыстану-ғылыми сауатты-
лықты анықтауға арналған тапсырмалар модулі міндетті болып табылады.
PISA зерттеулерінің алдыңғы нәтижелері бойынша, қазақстандық мектеп оқушылары 
пәндік білімдерін еске түсіру немесе өздеріне таныс оқу жағдайларында қолдана алу дең-
гейінде меңгергені байқалған, бірақ білімдерін шынайы өмірлік жағдаяттарда қолдануда 
едәуір қиындықтар туындаған; табиғи құбылыстарды, нақты деректерді, технологиялар 
мен оларды енгізудің қоғам мен қоршаған орта үшін салдарын түсіндіруге дайындықта-
рының жетіспеушілігі байқалған; зерттеулер негізінде қорытынды жасау, проблемаларды 
шешу жолдарын ұсыну, ғылыми деректерді жетік түсіндіру және бағалау, келтірілген қо-
рытындылардың дұрыстығын бағалау білігі қалыптаспағандығы көрсетілген. 
Оқушылардың математика, жаратылыстану және оқу бойынша сауаттылық деңгейі-
нің жоғары болуын әлемнің көптеген елдері іргелі ғылымдар мен жаңа технологиялар 
саласында елдің бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіші ретінде қарастырады. 

жүктеу 2.47 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет