НұСҚаулар нұр-Сұлтан 2020 «Назарбаев Зияткерлік мектептері»


Графикке қойылатын сұрақтар мен тапсырмалар



жүктеу 2.47 Mb.
Pdf просмотр
бет19/57
Дата07.11.2022
өлшемі2.47 Mb.
#23454
түріНұсқаулар
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   57
PISA Жаратылыстану ғылыми сауаттылыкты калыптастыру
Графикке қойылатын сұрақтар мен тапсырмалар 
А. Күн астында 3 сағат тұрған өсімдіктің 7 күннен кейінгі биіктігі қандай болады? 
_________ (20 мм).
Ә. Күн астында 6 сағат тұрған өсімдіктің 7 күннен кейінгі биіктігі қандай болады? 
_________ (70 мм). 
Б. Күн астында 9 сағат тұрған өсімдіктің 10 күннен кейінгі биіктігі қандай болады? 
________(140 мм).
В. Графикті негізге ала отырып, Күн астында қанша сағат болғанда өсімдік жақсы 
өсетінін көрсет. __________(9 сағат, себебі эксперименттің 4-күні көрсеткіш 50 мм-ден 
бастап, 11-күні 160 мм-ге дейін жетті).
Тапсырманың мазмұны графиктің деректерін сипаттауға бағытталғаны өте маңызды. 
Дұрыс график құрастыру дағдыларын әртүрлі қосымша ғылыми ресурстарды пайдалану 
арқылы дамытуға болады. Әртүрлі деректерді талдау және түсіндіруді оқу бағдарламасы-
ның әрбір практикалық мақсаты қамтиды. Сол себепті бұл оқу бағдарламасының мазмұ-
ны арқылы дамитын негіз қалыптастырушы зерттеу дағдыларының бірі екенін айта кету 
керек.
2. Деректерді ұсынудың бір формасынан екіншісіне түрлендіру. Тапсырмалар-
да оқушыларға ғылыми ақпаратты берудің бір формасынан екіншісіне, мысалы, сөздік 
ақпаратты – сызбалы суретке, кесте формасын – график немесе диаграммаға және т.б. 
түрлендіру ұсынылуы тиіс.
Тапсырма 
Оқу мақсаты: 9.1.5.2 зәрдің түзілу және сүзілу үдерістерін сипаттау.
Кестеде бүйрек шумағы мен бүйрек капсуласының сұйықтықтарындағы кейбір қосы-
лыстардың концентрациясы көрсетілген.
Зат 
100 см
3
-тегі концентрациясы/грамм 
Шумаққа кіретін қан плазмасы
Бүйрек капсуласындағы сүзінді
Глюкоза
0.1
0.08
Несепнәр 
0.03
0.09
Кестеге сілтеме жасай отырып, глюкоза және несепнәр концентрациясының өзгеруі-
нің гистограммасын құрастыр.
Кілт:


21
Оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қалыптастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар
Тапсырмада кестедегі ақпаратты гистограммаға түрлендіру дағдылары бағаланады. 
Тексерілетін дағдыларды талдау және түсіндіру сұрақтарын қосу арқылы кеңейтуге болады.

жүктеу 2.47 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   57




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет