НұСҚаулар нұр-Сұлтан 2020 «Назарбаев Зияткерлік мектептері»


 Деректерді талдау, түсіндіру және сәйкес қорытынды жасау



жүктеу 2.47 Mb.
Pdf просмотр
бет18/57
Дата07.11.2022
өлшемі2.47 Mb.
#23454
түріНұсқаулар
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   57
PISA Жаратылыстану ғылыми сауаттылыкты калыптастыру
1. Деректерді талдау, түсіндіру және сәйкес қорытынды жасау. Бұл дағдыны ба-
ғалау тапсырмаларында қорытындыны әртүрлі формада: график, кесте, диаграмма, фо-
тосуреттер, географиялық карталар, сөздік мәтін түрінде ұсынылған деректерді талдап тү-
сіндіру негізінде қорытындыны тұжырымдау қажет. Деректер формалар үйлесімі түрінде 
берілуі мүмкін. Бұдан әрі мысалдары бар әртүрлі деректерді ұсыну мысалдары берілген.
Дөңгелек диаграмма. Бүтін 100%-ға тең болғанда пайызын көрсету 
үшін арналған. Дөңгелек диаграммалар деректерді салыстыру үшін пай-
даланылады, алайда, тәуелсіз айнымалының тәуелдіге әсерін көрсету үшін 
пайдаланылмайды. Дөңгелек диаграммалар басқа айнымалыға қатысты 
өзгерістерді көрсетпейді. Мысалы, жасушаның жасуша циклінің әрбір фа-
засында өткізетін уақытының пайызы.
Гистограмма. Деректерді салыстыру үшін арналған. Гистограммада 
ұсынылатын деректер қандай да бір басқа айнымалыларға тәуелді болуы 
міндетті емес және топтастыру, негізінен, сапалық болады (яғни, санатта-
ры, мысалы, қан тобы немесе түсі бойынша топтастырылады). Мысалы, 
бес түрлі фермент үшін орташа реакция жылдамдығын салыстыру.
Сызықты график торға түсірілген және сызықпен біріктірілген нүк-
телер тобынан құралады. Сызықты графиктер тек екі айнымалы да сандық 
болған жағдайда қолданылады. Сызықты графиктер үрдісті, мысалы, реак-
цияның уақыт бойынша өзгеруін көрсетеді. Мысалы, 1900 және 2000 жыл-
дар аралығындағы орташа температура.
Нүктелі диаграмма. Нүктелер торға белгіленген, алайда олар өзара 
қосылмаған. Сәйкестік сызығы нүктелі диаграммада трендті көрсету үшін 
салынуы мүмкін. Нүктелі диаграммалар айнымалылардың екеуі де сандық 
болғанда ғана пайдаланылады. Бұл графиктер екі айнымалы арасындағы ара-
қатынастылықты, әсіресе айнымалылардың бірін өзгерту мүмкін болмаған 
жағдайда (яғни, сипаттама зерттеулерде) көрсету үшін пайдалы болады. Мы-
салы, ферменттің әртүрлі концентрацияларындағы реакция жылдамдығы.
Негізгі мектептің оқушылары орташа деңгейдегі тест тапсырмаларын орындау бары-
сында кесте, график және диаграммалардағы ақпаратты түсіндіріп, қорытынды жасай бі-
луі керек. Сәйкесінше, олардың тапсырмаларына үдеріс немесе құбылыстың өтуі туралы 
болжамды ғылыми негіздеу дағдыларына тапсырма қосуға болады.


20
Оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қалыптастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар
Графикті талдап түсіндіру тапсырмасы келесі түрде болуы мүмкін:
Оқу мақсаты:
7.1.6.2 жарықтың өсімдіктердің өсуі мен дамуына әсерін түсіндіру;
7.1.6.3 өсімдіктердегі фотопериодизм рөлін сипаттау.
1 сағ Күн жарығы
3 сағ Күн жарығы
6 сағ Күн жарығы
9 сағ Күн жарығы
Биіктігі (мм)
Өсімдік өлшенетін күн
Бұл сызықты графикте әртүрлі уақыт кезеңінде Күн астында тұрған өсімдіктің өсуі са-
лыстырылған.

жүктеу 2.47 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   57




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет