НұСҚаулар нұр-Сұлтан 2020 «Назарбаев Зияткерлік мектептері»


Оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қалыптастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар Айнымалылар



жүктеу 2.47 Mb.
Pdf просмотр
бет16/57
Дата07.11.2022
өлшемі2.47 Mb.
#23454
түріНұсқаулар
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   57
PISA Жаратылыстану ғылыми сауаттылыкты калыптастыру
18
Оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қалыптастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар
Айнымалылар 
Факторлар
Бақылау қалай қамтамасыз етіледі
Тәуелсіз 
Ауксин өсімдік гормонының 
әртүрлі концентрациялары
Ауксиндер концентрациясының жинағы
(100, 50, 10, 5, 1 және 0,5 мг/л)
Тәуелді 
Колеоптильдер (алғашқы жа-
сыл жапырақтар) ұзындығы
Бақылау дистилденген су болады, оған ко-
леоптильдер кесінділерінің белгілі санын 
салады.
Бақыланатын 
Температура, уақыт, колеоп-
тильдердің бастапқы ұзынды-
ғы
Температура – 24 градус,
Өскіндер өлшемі – 5 мм.
Колеоптиль өскіндерінің инкубация кезеңі 
2–2,5 сағаттан кем емес.
Осы кестеге сүйеніп, жұмыстың болжамын келесі түрде тұжырымдауға болады:
«Ауксин өсімдік гормоны концентрациясының норма шегінде артуы колеоптильдер 
ұзындығының белсенді өсуін ынталандырады».
Дұрыс болжам элементтері мынадай сұрақтардың жауаптарын қамтиды:
• Болжам берілген тақырып бойынша зерттеуге негізделген бе?
• Болжамды тексеруге бола ма?
• Болжамның тәуелді және тәуелсіз айнымалылары бар ма?
Бағдарламаның практикалық оқу мақсатына болжамды тұжырымдау тапсырмасы 
қандай болуы мүмкін екенін қарастырамыз.
Тапсырма мысалы
Оқушы жүректің жиырылу жиілігін (ЖЖЖ) 100 метрге жүгіргенге дейін және кейін 
өлшеді.
Оның зерттеу деректері кестеде берілген.
Жүгіруге дейін
Жүгіруден кейін
ЖЖЖ
76
118
Оқушы аталған зерттеуге қандай болжам ұсына алады?
Жай болжам екі: тәуелді және тәуелсіз айнымалылар арасындағы өзара байланыстың 
болжамы болып табылады. «8.1.3.11 дене жаттығуларының жүрек жұмысы мен оның қал-
пына келуіне әсері» оқу мақсаты аясында жауап «Белсенді дене жүктемесі жүректің жиі 
жиырылуына алып келеді» түрінде болады. Осы мәнмәтінде оқушыларға тапсырманы мә-
тін немесе кесте түрінде ұсынып, болжамды тұжырымдау дағдыларын тексеруге болады.
Осылайша, тапсырмаларда болжамды тұжырымдау дағдыларын көрсету үшін сипат-
талған құбылысты түсіндіретін болжамды тұжырымдау ғана емес, оларды тексерудің ық-
тимал әдістерін де көрсету ұсынылады. Болжамдар жинағы тапсырманың өзінде берілуі 
мүмкін, бұл жағдайда оқушылар тек тексеру әдістерін ғана ұсынады.

жүктеу 2.47 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   57




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет