НұСҚаулар нұр-Сұлтан 2020 «Назарбаев Зияткерлік мектептері»


Түсіндірме болжамдар жасау және оларды тексеру тәсілдерін ұсыну



жүктеу 2.47 Mb.
Pdf просмотр
бет15/57
Дата07.11.2022
өлшемі2.47 Mb.
#23454
түріНұсқаулар
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   57
PISA Жаратылыстану ғылыми сауаттылыкты калыптастыру
3. Түсіндірме болжамдар жасау және оларды тексеру тәсілдерін ұсыну.
Болжам – бұл екі немесе одан көп айнымалылардың байланысы туралы алдын ала 
тұжырым. Бұл зерттеудің соңында көру күтілетін нақты, тексерілетін болжау. Мысалы, 
нақты дәрілік препараттың әсерін зерделеуге арналған зерттеуде болжам зерттеушілер-
дің дәрі нақты ауру симптомдарына қандай да бір әсерін күтетініне негізделуі ықтимал.
Болжамды дұрыс тұжырымдаудың алдында эксперименттегі айнымалылардың анық-
тамаларын қысқаша көрсету керек. Айнымалы – бұл манипуляциялауға, бақылауға не-
месе практикалық жұмыста өлшеуге болатын кез келген фактор. Бағдарламада қарас-
тырылған практикалық жұмыстар оқушылардан жұмыс барысын ретті орындауды ғана 
емес, айнымалыларды анықтау, олардың өзгерістерін болжау және талдау дағдыларын 
да талап етеді. 
Айнымалылардың үш түрі бар: 
Тәуелсіз айнымалылар – бұл экспериментте манипуляциялайтын, яғни оларды өзгерте-
тін факторлар немесе шарттар. Болжам тәуелсіз айнымалының тәуелді айнымалыға тікелей 
әсер ететінін көрсетеді. Мысалы, егер температураның ашытқы ферментациясына әсері 
зерттелетін болса, онда эксперименттегі әртүрлі температура тәуелсіз айнымалы болады.
Тәуелді айнымалылар – бұл экспериментте бақыланатын немесе өлшенетін фактор-
лар. Тәуелсіз айнымалыны өзгерту арқылы, тәуелді айнымалының өзгеруі бақыланады. 
Мысалы, тәуелді айнымалы ашытқы бөлетін СО
2
газының мөлшері болуы мүмкін.
Бақыланатын (немесе тұрақты) айнымалылар. Бұл эксперимент барысында тұрақ-
ты немесе бақыланатын қалыпта ұстау мүмкін болатын айнымалылар; себебі олар сіз-
дің тәуелді айнымалыларыңызға әсер ете алады. Мысалы, егер температураның ашытқы 
ферментациясына әсері бойынша экспериментте бақыланатын айнымалылар: рН, фер-
мент және субстрат мөлшері, ферментация уақыты болады.
Айнымалылар мен болжамды тұжырымдауды «9.1.7.6 өсімдіктердің өсуі мен дамуы-
на әсер ететін заттардың әрекетін талдау» оқу мақсаты шеңберінде «Ауксин мысалында 
өсіргіш заттардың өсімдікке әсері» зертханалық жұмысын қарастырамыз.
қыналар
топырақ үлгілері
Зауыттан қашықтығы
Сынаптың кон-
центрациясы



жүктеу 2.47 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   57




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет