НұСҚаулар нұр-Сұлтан 2020 «Назарбаев Зияткерлік мектептері»


Аталған мәселенің ғылыми-зерттеу тәсілін ұсыну немесе бағалау



жүктеу 2.47 Mb.
Pdf просмотр
бет14/57
Дата07.11.2022
өлшемі2.47 Mb.
#23454
түріНұсқаулар
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   57
PISA Жаратылыстану ғылыми сауаттылыкты калыптастыру
2. Аталған мәселенің ғылыми-зерттеу тәсілін ұсыну немесе бағалау.
Аталған дағдыны тексеру тапсырмаларында мәселесінің сипаттамасы бойынша оның 
шешімін табуға бағытталған зерттеу идеясын қысқаша тұжырымдау не бағалау және/
немесе осындай зерттеудің негізгі кезеңдерін сипаттау ұсынылады.
Мысалы, «7.3.1.1 жергілікті жер экожүйесінің қоршаған орта факторларының тірі ағ-
залардың тіршілік әрекеті мен таралуына әсерін зерттеу» оқыту мақсаты.
Тапсырма мысалы
Бұл сұрақ қоршаған ортаның сынаппен ластануына қатысты. 


17
Оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қалыптастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар
Сынаппен ластануды анықтау әдісі – 
бұл оның топырақтағы концентрациясын 
өлшеу. 
Ғалымдар сынаппен ластануды өл-
шеу үшін қыналарды пайдалану мүмкін-
дігін білгілері келеді.
Графикте зауыттан әртүрлі қашық-
тықтағы сынаптың топырақтағы және 
қыналардағы концентрациясы көрсетіледі.
Сұрақ. Сынаппен ластануды өлшеу 
үшін қыналарды пайдалану туралы ғалымдар қандай қорытынды жасай алады?
Сұрақта қыналарды қоршаған ортаның сынаппен ластануын өлшеу үшін биоинди-
каторлар ретінде қолдану тиімділігін бағалау талап етіледі. Оқу бағдарламасы осындай 
практикалық оқу мақсаттары арқылы қоршаған орта туралы фактілерді қарапайым анық-
таудан қоршаған ортаның әртүрлі факторларының жергілікті экожүйеге әсерін зерттеуге 
алмастырады. Осы сұраққа жауап ретінде оқушылар қыналарды ландшафт трансформа-
циясы дәрежесін анықтау әдісі ретінде пайдалану бұл жағдайда зерттеушілер биология-
лық индикатор ретінде қыналардың тұрақты түрлерін қолданғанда ғана пайдаланылуы 
мүмкін екенін көрсетуі керек. Сонымен қатар индикатор ретінде зауытқа жақын орна-
ласқан аумақта «қыналы шөлдердің» түзілуі де қолданылуы мүмкін. Бұдан кейін бұл мін-
дет химияда «9.5.1.5 қоршаған ортаның ауыр металдармен ластану көздерін атау және 
олардың ағзаларға әсерін түсіндіру» оқу мақсатына сәйкес кеңейтілуі мүмкін.

жүктеу 2.47 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   57




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет