НұСҚаулар нұр-Сұлтан 2020 «Назарбаев Зияткерлік мектептері»


-құзыреттілік: жаратылыстану-ғылыми зерттеулерінің ерекшеліктерін түсіну



жүктеу 2.47 Mb.
Pdf просмотр
бет13/57
Дата07.11.2022
өлшемі2.47 Mb.
#23454
түріНұсқаулар
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   57
PISA Жаратылыстану ғылыми сауаттылыкты калыптастыру
2-құзыреттілік: жаратылыстану-ғылыми зерттеулерінің ерекшеліктерін түсіну
Оқу бағдарламаларына сәйкес оқушылардың метапәндік зерттеу дағдыларын дамыту 
«Жаратылыстану» пәнінен басталады. 5-сыныптың жаратылыстану бойынша оқу бағдар-


16
Оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қалыптастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар
ламасында «Ғылым әлемі» бөлімі бар. Ол оқушылардың жаратылыстану-ғылыми зерт-
теулерінің ерекшеліктерін түсінуін дамытуға бағдарланады. Аталған құзыреттілік зерттеу 
дағдыларының төрт түрін бағалайды. Төменде әрбір дағды түріне міндеттердің мазмұны 
көрсетілген.
1. Аталған зерттеудің мақсатын айқындау және тұжырымдау. 
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері оқушының практикалық жұмыстың тақырыбын 
ашатын бағытты анықтайды. Зерттеу барысын немесе зерттеушілердің әрекеттерін қыс-
қаша сипаттау бойынша осы дағдыны бағалау тапсырмаларында оның мақсатын нақты 
тұжырымдау ұсынылады. Негізгі мектеп бағдарламаларында қарастырылған әрбір прак-
тикалық жұмыс міндетті түрде зерттеу мақсатын тұжырымдауды болжайды.
Мақсатты мынадай сөздердің көмегімен тұжырымдауға болады: анықтау, талдау, зер-
делеу, зерттеу, диагностика жасау. 
Мақсаттың дұрыс қойылғанын мынадай критерийлер бойынша тексеруге болады:
• Мақсат тақырыппен тікелей байланысты болуы керек.
• Ол зерттеу тақырыбына қатысты болуы қажет.
• Мақсатты болжалды нәтиже көрсетілуі керек.
Биологиядан 9-сыныптың оқу бағдарламасындағы «Ферменттің белсенділігіне әртүр-
лі жағдайлардың (температура, рН) әсерін зерттеу» зертханалық жұмысының мақсатын 
тұжырымдауды қарастырамыз.
Зерттеу мақсатын тұжырымдауды бағалау мәселесі келесі түрде болуы мүмкін.
Оқушы сілекей ферменті амилазаны зерттеу бойынша зертханалық жұмыс жаса-
ды. Оқушы жасаған қорытынды графиктер келесі түрде болған:
Ферменттік реак-
ция жылдамдығы
Пепсин
100
Сілтілік 
фосфатаза
рН
Трипсин
V
10 20 30 40 50 60 
Температура, °С
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Сұрақ. Оқушы зерттеуінің нәтижелері бойынша оның зертханалық жұмысының 
мақсатын тұжырымда. 
__________________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________
Жұмыс мақсатының ең қарапайым тұжырымдамасы: «Фермент белсенділігіне әртүрлі 
жағдайлардың (температура, рН) әсерін зерттеу» болады. Нақты зертханалық жұмыстың 
зерттеу мақсатын фермент атауын, температура және рН диапазонын қосып тереңдетуге 
және топтауға болады.

жүктеу 2.47 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   57




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет