НұСҚаулар нұр-Сұлтан 2020 «Назарбаев Зияткерлік мектептері»



жүктеу 2.47 Mb.
Pdf просмотр
бет12/57
Дата07.11.2022
өлшемі2.47 Mb.
#23454
түріНұсқаулар
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   57
PISA Жаратылыстану ғылыми сауаттылыкты калыптастыру
Катализдік түрлендіргіш 
(Конвертер)
Түрлендіргішке түсетін газдар
Түрлендіргіштен шығатын газдар
Азот, N
2
Азот, N
2
Азот, N

(90%)
Көмірқышқыл газы, СО
2
Көмірқышқыл газы, СО
2
Көмірқышқыл газы, СО

(90%)
Су (бу түрінде), Н
2
О
Су (бу түрінде) Н
2
О
Көміртек монооксиді, СО
Көміртек монооксиді (10%)
Азот оксидтері NО, NО
2
Азот оксидтері NО, NО

(10%)
Газдардың өзгеруі катализдік түрлендіргіштің ішінде жүзеге асады. «Атом» және 
«молекула» сөздерін пайдаланып, жүріп жатқан үдерістерді түсіндір.


15
Оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қалыптастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар
Жаңартылған оқу бағдарламасының мазмұнында заманауи техникалық құрылғы-
лар мен технологиялардың жұмыс жасау қағидаттары бойынша білім мен дағдыларды 
дамытуға ерекше назар аударылады. Ғылыми-техникалық прогрестің негізгі идеялары 
және оның қоршаған ортаға әсері панорамалық түрде 9-сыныпта «9.3.1.4 табиғаттағы 
азот пен көміртек айналымының сызбасын құрастыру» оқу мақсаты аясында қарастыры-
лады. Одан кейін жеке техникалық құрылғылар мен технологиялар туралы білім «9.4.3.1 
инсулин өндіру мысалында биотехнологиялық үдерістің жалпы сызбасын сипаттау»; 
«9.4.3.2 биотехнологияда өндірілетін өнімдерге мысалдар келтіру», 7-сыныпта «7.4.3.2 
ірімшік және йогурт өндірісін зерттеу» оқу мақсаттары бойынша білім тереңдетіліп оқы-
тылып, толығырақ ашылады. Сонымен қатар тапсырмаларды орындау үшін оқушылар-
ға химиядан «8.3.1.4 әртүрлі жанғыш заттардың қоршаған ортаға әсерін түсіну», «8.4.3.6 
көміртек жанған кезде көміртек диоксиді мен көміртек монооксидінің түзілу жағдайла-
рын сипаттау және тірі ағзаларға иіс газының физиологиялық әсерін түсіндіру»; «8.4.3.8 
табиғаттағы көміртек айналымын құрастыру және түсіндіру», «9.3.2.3 катализатордың 
реагенттен айырмашылығын және олардың реакция жылдамдығына әсерін түсіндіру», 
«9.2.1.15 азоттың қасиеттерін және табиғаттағы азот айналымын түсіндіру», «9.4.2.1 қыш-
қыл жаңбырлардың пайда болу себептері мен экологияға тигізетін әсерін түсіндіру» оқу 
мақсаттарына сәйкес білім қажет.
Тапсырмалардың мұндай түрлері оқушылардың жауап беру кезіндегі ойлау дағдысын 
бағалауға мүмкіндік береді. Осыған байланысты оқушылардан ұсынылған сызба немесе 
мәтінмен жұмыс жасау, талдау, тірек сөздерді қолдана отырып, дәлелденген қорытынды-
ларды жүйелеу және тұжырымдау дағдылары талап етіледі. Жоғарыда көрсетілген нақ-
ты ақпарат көздерімен (сызба, диаграмма, мәтін және т.б.) жұмыс дағдыларын «7.3.1.3 
қоректік тізбекті және қоректік торларды құрастыру», «9.2.4.10 шежіре сызбасын құру», 
«8.3.1.1 экожүйелердің жалпы құрылымының сызбасын жасау», «9.3.1.1 популяция өсі-
мінің экспоненциалдық және сигмоидтік үлгілерінің қисық сызықтарының графиктерін 
талдау» және т.б. оқу мақсаттары аясында дамытуды жүзеге асыруға болады. 
Жоғарыда келтірілген мысалдардан «Құбылыстарды ғылыми тұрғыдан түсіндіру» құ-
зыреттілігі бағдарлама мазмұнындағы материалдармен тікелей байланысты екені айқын. 
Оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттары Блум таксономиясындағы етістіктерді қол-
дану арқылы құрылып, оқушылардың нақты іс-әрекеттерін болжайды, ол білімнің қа-
лыптасуына ғана емес, сонымен бірге дағдылардың дамуына да мүмкіндік береді. 
«Құбылыстарды ғылыми тұрғыдан түсіндіру» құзыреттілігі когинитивті әрекеттер: білу, 
түсіндіру, негіздеу, дәлел келтіру, салыстыру, тұжырымдау, бағалау және т.б. арқылы қа-
лыптасады. 
Келесі екі жарытылыстану-ғылыми құзыреттілігін жаңартылған бағдарламаның прак-
тикалық жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу арқылы қарастыру қолайлы болады.
Жаратылыстану-ғылыми цикл пәндері практикаға бағдарланған пәндер болып табы-
лады, сонымен бірге тәжірибелер мен зертханалық жұмыстар өткізуді қажет етеді. Оқу 
бағдарламалары практикалық қызмет арқылы ғылыми-зерттеушілік дағдыларын дамы-
туға бағытталған. Бағаланатын келесі екі құзыреттіліктің әрқайсысы зерттеушілік және 
практикалық жұмыстарды ұйымдастыру кезеңдерімен тепе-тең. Төменде «Жаратылыс-
тану-ғылыми зерттеулердің ерекшеліктерін түсіну» және «Деректерді талдап түсіндіру 
және қорытынды жасау үшін ғылыми дәлелдерді пайдалану» құзыреттіліктерін бағалау 
құрылымдары ұсынылады, сондай-ақ аталған құзыреттіліктерді қалыптастыру және да-
мыту бойынша бағдарлама тәсілдері көрсетіледі.

жүктеу 2.47 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   57




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет